Алтынбекова Арайлым
Абдраймовна
Жаңа технологиялар колледжі, Шымкент қ.
«Шет
тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану»
Егемен еліміздің халықаралық
ынтымақтастық ауқымының ұлғаюы, шет
тілдерінің әлеуметтік тұрғыдағы мағынасының
кеңеюі тіл үйренудің дамуына негіз толықтай болды.
Отандық білім беру жүйесінде бұл салада тіл
үйренушілермен ұйымдастырушыларға да тілді үйреніп,
меңгеруіне қолайлы жағдайлар жасалынды. Кез келген шет тілін
үйренуші өздері оқып, үйреніп, меңгерейін деп
жатқан сол ұлттың тілімен қатар мәдениеті мен
тарихынан хабардар болуға жан-жақты дайындалуы тиіс. Шет тілдерін
оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану
оқушылардың басқа тілде қарым-қатынас жасауына,
оның қырын жан-жақты ашуына бірегей мүмкіндік береді.
Тіл үйренуші шет тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп
отырған елінің мәдени мұраларымен, тарихымен,
ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен,
өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды
жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстан әлемдегі
барынша бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену
үшін әлемдік жоғары инновациялық технологияларды білім
деңгейін көтеру мақсатында қолдануда. Қазір
барлық оқу орындарында дәрісті қызықты етіп,
жаңа технологиямен жабдықтап өткізудің озық
міндеті тұр.
«Интернет» деген термин ағылшын
тілінің «international net» деген сөзінен шыққан,
қазақ тіліне аударғанда «халықаралық байланыс»
деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл
үйренуші тіл өкілімен тікелей байланысқа түсе алады,
шет тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы
қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи
тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде
қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды
түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап
беруге дағдыланады. Интернет жүйесінің келесі
ақпараттық қоры мен ресурстарын шет тілі сабағында
пайдалану бірден-бір тиімді болады.
«Инновация»,
«интерактивті» термин сөздері қазіргі біздің оқу
үрдісімізге кеңінен енді. «Интерактивті» сөзін қазіргі
кезде «интербелсенді» деп те аударылып жүр. Әдіскер зерттеуші
И.А.Зимняя интерактивті әдіс-тәсілдер жөнінде былай деді:
«Интерактивные методики способствуют интенсификации процесса лған
обучения. Они позволяют сделать знания более доступными, анализировать учебную
информацию, творчески подходить к усвоению научного материала. Важным
компонентом интерактивных методов обучения является создание комфортных
условий, в которых обучающийся чувствует свою успешность, интеллектуальную
состоятельность, что делает процесс обучения более продуктивным [1,8].
Бұл
дегеніміз, тіл үйрету сабақтарында оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын ояту. Ал шет тілдерін
оқыту, коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік,
жетілдіру секілді төрт мақсатты көздейді. Осы аталған
мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат басты,
маңызды, жетекші рөлді атқарады да, қалған
үшеуі коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге
асырылады. Қазіргі талап - оқушыларды ойландыру, іздендіру, сол
арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы
міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын
кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой
қабілеті шынықса , білім қоры да артып, сапалы және
тиянақты болады.
Мысалы, «Тыныс белгісін қой» тапсырмасы:
Тыныс белгісі қойылмаған 30-50
сөзден құралған мәтін даярланып,
оқушыларға үлестіріледі. Олар мәтіндегі
сөйлемдердің аражігін айырып, тиісті орынға тыныс белгілерін
қояды.
Мысалы, «Where did you put it?»
When
uncle Peter came to their house, mother said I`m sorry I have no
cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and
soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his
mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered
from the rat-trap.
Берілген мәтінге тиісті тыныс белгілерін
қою арқылы да оқушы сауаттылыққа үйренеді.
Қазіргі заманауи интерактивтік және инновациялық
технологияларды қолданудың мақсаты мен міндеті
қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр
оқушының тілдік қабілетін толық ашу; сөздік
қорын молайту, аударма және түсіндірме сөздіктерін
пайдалана алу; ең бастысы тіл үйренушінің танымдық
қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Техникалық погресс пен ғылыми ақпараттардың
көлемінің ұлғаюы, оқу үрдісін жетілдіре
түсу үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдалану
өте тиімді. Бұны мақал-мәтелдер, тұрақты
тіркестер арқылы да оқытуымызға болады.
«Мақал - сөздің
көркі» тақырыбы.
Берілген мақал-мәтелдерді қазақ тілінен орыс тіліне,
орыс тілінен ағылшын тіліне аудару қажеттігі туындайды. Мысалы:
1.В
гостях хорошо, а дома лучше
2.East
or West, Home is best
3.No
news is good news
4.Не
все золото, что блестит
5.A
friend in need is a friend indeed
6.Better late, than never
7.Bad news travels fast
Тапсырма: «Сөз құрастыр.
Знаешь ли, перевод?»
Make as many words as you can out of the word: SPORTSMEN
(Port, sport, men, or,
ten, nose, pot, past, most, on, no, not, pen, top, rest)
Тілді
меңгеру, сөйлеу дәрістерінде оқушылар
оқуға, тыңдауға, сөйлеуге қойылатын
талаптарға сай, жеңіл мәтіндермен жұмыстар
жүргізілсе, тапсырманы орындау қиынға соқпайды. Тілді
үйретуде ойын элементтерін кеңінен, көбірек
қолданған дұрыс. Оның себебі, оқушылар материалды
тез меңгереді, ең бастысы, меңгерген тақырып есінде
ұзақ уақытқа дейін сақталады. Себебі ойлау,
пайымдау, түсіну, ұғыну оқушының ойлап,
тұжырымдауының «жемісі». Тілді жылдам, әрі тез
меңгертудің тағы бір жолы оқушыларға
күнделікті телеарналардан тыңдаған жаңалықтарын
меңгеріп жатқан тілінде ұжымға сөйлетіп,
айтқызу. Оқушы өзі көрген жаңалықты
сыныптастарына үйреніп жатқан тілі арқылы жеткізсе,
сөздік қоры артады. Оқушы жаңалықтан естігенді,
суреттен көргенді «миында бағамдап», сыртқа тілдік қоры
арқылы шығарады.
Мысалы, «Берілген сөйлемді толықтыр»
тапсырмасы.
Жеке атау
сөздерден құралған сөздер беріп, оларға
тиісті қосымшаларды қойып сөйлем құратамыз.
Мысалы: Omar…. Ales were watch…TV…8 o'clock. My friend
came home…9 o' clock yesterday evening. His mother was cook the
kitchen. Оқушы
өзі сөйлем құрайтын болғандықтан
мүмкіндігінше әрекет жасайды.
Тілді
меңгертуде интернет өнімдерін қолданудың
мүмкіндіктері де үлкен. Оқушылар интернет желісі арқылы
өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға,
олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдердегі құрбыларымен
хат алмасып тұруларына болады. Қазіргі кездегі шет тілін игеруге
қойылатын талап - шет тілінде іс-жүзінде сөйлей алуға
үйрету, оны күнделікті өмірде қолдана білу.
Ақпаратты технологияларды қолдану интернеттің үлкен
мүмкіндіктерін оқыту құралы ретінде ашады.
Әлеуметтік-мәдени компетенцияның тиімді жолдарын іздестіруде
зерттеушілер арасында бұрын болмаған үлкен
мүмкіндіктері бар компьютерлік технологиялар үлкен
қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, виртуалды
кеңістікке, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын
Интернетке ену көптеген зерттеуші-әдіскерлермен аталған
компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде
қарастырылады.
Қоғамның қазіргі даму
кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңа
технологиямен «қаруландыру» мәселесін нақты қойды.
Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн - жас
ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік
негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Осы заманғы кез келген
оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде
технологияның бар мүмкіндіктерін шығармашылықпен
пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқытушының
шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа
даярлығынан басталады, яғни, өтілетін сабақтың
жоспарын құру, оны өткізу, оқушылардың
қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация,
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды
пайдалану. Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер
оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық
белсенділігін арттыруға, шығармашылығын
қалыптастыруға, кез-келген мәселе жөнінде өз
пікірінің қалыптасуына ықпал етеді. Осы жаңа
әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық
талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын
терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі ескерілуі тиіс.
Мысалы, «Әңгімені құра» тақырыбы:
Белгілі бір оқиға мен
мәліметке байланысты суретті оқушыларға үлестіріп
береміз, кейде сынып тақтасына суреттің үлкейтілген
түрін ілеміз. Берілген суреттің астына сұрақтар
жазылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру
арқылы әңгіме құрауы тиіс.
Оқытушы: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the
morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why
is she staying in bed?
Мысалы: «Әңгімені
аяқта» тақырыбы:
Тиісті тақырыпқа
жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем
жазылып қойылады. Оқушы сол әңгімені өзі
аяқтауы керек.
Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?
Pupil: The sun.
Teacher: The sun. Why do you think so?
Pupil…
Шет тілін жаңаша
оқыту соңғы жылдары жоғары
қарқынға ие болуда. Оқытушының
сабақты жобалаудағы жауапкершілігі оқушылардың
шет
тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіндіктер
туғызды.
Мысалы: «Адасқан сөздер»
тапсырмасы: Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол
сөздерді орны‑орнына қойып, сөйлем құрайды,
оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.
Оқытушы: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to
show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone
was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.
Мысалы: «Тақырыбын тап»
тапсырмасы:Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар
жазылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді
және әңгімеге тақырып қояды. Оқытушы: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?
Олар аз ғана
уақытта жаңа технологияның көмегімен
үлкен жетістіктерге жетті.
Оқудың дәстүрлі үрдісіне жаңа
технологияның дәстүрлі формаларын мысалы, тренинг,
дөңгелек үстел, пресс-конференцияларды жетілдіруге
мүмкіндік берді. Оқытушылардың біліктілігі
олардың педогогикалық қарым-
қатынаста жағдаят жасауында көрінеді, онда
оқытушылар таңдау және бақылау
мүмкіндігіне ие болады. Білім беру үрдісін
ақпараттандыруда төмендегідей педагогикалық міндеттерді
толықтай шешуге болады:
1.Білім беруде көлемді
ақпаратқа қол жеткізе алу, яғни, білім алу
мотивациясының жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеуі;
өзін-өзі бақылауы.
2.Жеке тұлғаны
(тұғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие,
зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту,
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру) жетілдіру.
3.Әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру
(компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман
дайындау).
4.Оқу-тәрбие жұмысын (білім
берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық
әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық
байланыстарды тереңдету) жетілдіру.
Бұл әрекет, психолог мамандар
көрсеткендей, оқушылардың ойлау процесін тежейді. Мысалы,
дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы
өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушымен сөйлесу барысында тек
соған сүйенуін талап етеді, яғни, өз ойын айтуда
тұлғаға еркіндік берілмейді. Оқушы мәселені
түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай,
мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу
мүмкіндігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны
тұжырымдау және қызықты пікірлер айту қабілетіне
ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой,
құнды пікір айту өте маңызды және ол міндетті
түрде қорытындыланып, көрініске ие болса, оның
нәтижесі жоғары болмақ. Шет тілін оқыту
технологиясының тиімділігінің көрсеткіштерін төмендегіше
саралауымызға болады:
-
Оқушылардың
моральдық психологиялық, интелектуалдық
және жас ерекшеліктерін ескеру;
-
Оқуға жағымды көңіл
күй қалыптастыру;
-
Оқушылардың есте сақтау
қабілеті мен шығармашылық деңгейін көтеру
арқылы белсенділігін арттыру және оқуды игеруге
мультимедиялық және техникалық технологияларды кең
тұрғыдан іске қосу.
Оқушылар әртүрлі
ақпарат көздерін, ресурстарды пайдалану арқылы
компьютерлік технологияның көмегімен
өздерінің дербес ізденуі арқылы тілді игеруге
деген кәсіби шеберліктерін шыңдайды. Жаңа
ақпараттық технологияға негізделген түрлі
ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу де сауаттылықты
талап етеді. Олар: компьютерлік
оқу бағдарламалары, электронды оқулықтар,
лабораториялық жаттығулар, тест жүйесі. Ал
электронды кітапханалар білім саласында тезірек дамиды.
Жоғары оқу орындарында көбіне-көп
электрондық почталар жиі пайдаланылады. Қазіргі
кезде аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу,
виртуалды аудиторлық тақта, тақырыптық
ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу,
көпжақты конференциялар өткізу кеңінен
таралған. Бұның барлығы көпшілікке белгілі
компьютерлік видеоконференц байланыстың әдістемесіне
жатқызылады. Әсіресе, интернет желісін, теледидар
каналдарындағы тікелей көрсетілімдер, қазіргі заманауи
технологияларды кеңінен қолданатын оқу
жүйелерінің алатын орындары ерекше. Оқушы мен
оқытушының ғылыми-зерттеу, ізденушілік,
оқу-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын
жетілдірудің құралы ретінде Интернет жүйесін
пайдаланудың маңызы ерекше. Себебі, қазіргі таңда
ғылым мен техниканың даму қарқыны
оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа
технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең
көлемде қолдануды қажет етуде [2,138].
Шет тілі пәндерін оқыту
үрдісінде күнделікті сабақта видео-аудио
қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану
айтарлықтай нәтижелер беруде. Мұндай қондырғылар
тілді үйренушілердің қызығушылықтарын арттырып,
зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей
қалған сәттерін қайта қарап, тыңдауға
және алған мағлұматтарын пысықтап,
нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың
өздері де алынған ақпаратты дисктерге, бейнетаспаға
көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай
жұмыс жасай алады [3,452].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на
иностранном языке. М.: Просвещение, 2005. - 357 б.
2.Кусаинова Л.К. Интернет в учебном
процессе // Білім кілті. - Алматы, 2006. №3.
3.Байгушева К. Интернет - технологии в образовании шаги
навстречу // Высшая школа Казахстана. 2002. № 4.