Есбол Г.Ш

А.Байтұрсын атындағы Қостанай Мемлекеттік Университет

Ахмет Байтұрсынұлының имандылық тағлымдары

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы»

Бауыржан Момышұлы

XX ғасырдың 90-шы жылдары ғаламдағы көптеген елдер қоғамды жетілдірудің яғни бұқараның көңілінен шығатын бірден-бір тиімдісі деп демократиялық жолды таңдады, КСРО төңірегінде де жариялық, сөз бостандығы деген ұранмен жаңа заманға қадам басты. 1988 жылы қазақ қоғамы да ұмытыла бастаған рухани қазынамызбен қауышуға мүмкіндік алдық. Бұл ұлттық тарихымызда қайта жаңғыру кезеңі ретінде есте қалмақ. Сонау сталиндік тоталитарлық кейін кеңестік жүйе «сорпаның майын сүзіп алсаң, суы қалады» қағидасымен ұлттық тарихымызды естен шығаруға кеңес адамын тәрбиелеп, құлдық етуге ғана бар күштерін жұмсады. «Аққа-құдай жақ» дегендей жазығсыз қырылған ұлтжанды кемеңгерлерімізбен қайта табысып жатырмыз. Соның бірі XX ғасырдың 37 жылдарында құрбан болып кеткен аяулы арысымыз А.Байтұрсынұлы «Жүргіншілер мен иттер» мысалында қоғамдық қарым-қатынастар турасында:

Кеш мезгіл келе жатты екі кісі,

Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі. [1]

(Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы,1991.-45 бет.)

Мұнда, адамдар арасындағы татулық, қауымдағы ортақ істің жанданып, болашаққа деген ұмтылысын көрсетсе:

Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан,

Бөлінді екеуінің әңгімесі. [1]

Жер шарындағы Ирак, Палестина, бүгінгі Украинада кезінде тұрақтылық болып жатқанда сырттан көреалмаушылық, саяси-экономикалық мүддені көздеген күштердің туыстас елдердің арасына түсіп арандату жолына түскенін байқап отырмыз.

Бүгінгі ғаламдасу заманында нарықтық экономикалық қарым-қатынас үстемдік алып отыр. А.Байтұрсынұлы сол кездің өзінде:

Тағы да бір сөз айтар келді ретім,

Жаратқан түрлі мінез құдіретім,

Біреудің малын, яки бағын күндеп,

Күншілдер жоқ па шулап итше үретін? [1]

Ахаң қандай да болмасын алмағайып кезеңдерде жаман қылықтан арылып «бір жидеден бас, бір жеңнен қол шығару» керек екенін:

Күндесіп, шуылдасып, қылсын өсек,

Етпелік сөйлеп жүр деп сөзін есеп.

Иттердей үріп-үріп тарап кеткен,

Қояды шулап-шулап үндемесек. [1]

Ахаңның ғибратынан көретініміз қазіргі тіршілікте дауласқаннан гөрі тіл табысу мен ұстамды болу «ынтымақ-елдің ырысы» қағидасын берік ұстануымыз маңыздырақ болып тұр. Сондықтан да келешек ұрпақ байлыққа ғана ұмтылмай барлық істерде адамгершілікке жүгінсе өмірдің мән-мағынасы болар еді. XXI ғ Қазақстан 50 елдің қатарына қосылды. Әлі де талай белестерден көрінетінімізге үлкен сеніммен қараймын. Елбасы Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Біз асқақ сезімге бөліне отырып ұлттық әрекетшілдігімізге қатысты ғасыр басында Алаш қайраткерлері бастап берген жолнұсқалар ғасыр соңында жалғасын тапты деп айта аламыз» [2] (Назарбаев Н. Тарих толқынында.-Алматы: Атамұра, 1999.-22 бет).

 

Қолдынылған әдебиеттер

1 Байтұрсынов А. Ақ жол. -Алматы,1991.-45 б.

2 Назарбаев Н. Тарих толқынында.-Алматы: Атамұра, 1999.-22 бет.