ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҰЛЫ
ШЫҒЫС АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, МӘДЕНИ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ
ЕРЕЖЕПОВА Р.Г.
Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік
Технологиялар және ИнжинирингУниверситеті
"Қазақстан тарихы және Әлеуметтік Гуманитарлық пәндер"
кафедрасы
Шығыс – бұл әлі де болса адамзатты өзінің құпияларымен және өзіндік ерекшеліктерімен
қызықтырып келе жатқан бөлек дүние. Бұл әлемнің тарихы, мәдениеті мен философиясының
орны бөлек, оларды тудырған тұлғалар да қайталанбас туындылырдың авторлары.
Шығыс ағартушыларының мәдени, философиялық сарындағы тоғысқан еңбектері мен трактаттары адамды, жас ұрпақты қалыптастырып, білім берудегі қызметі орасан зор. Шығыс әлемінің бір ерекшелігі сол- ол адам мен табиғатты біріктіріп, үйлесімде дамығанын көздейді. Шығыс ағартушыларының білім берудегі негізі қағидаларын көне Қытай мәдениетінен, ортағасырлық ислам және қазақ мәдениеттерінен қарастыруды жөн көрдік.
Шығыс әлемінің ерекшелігі – Шығыс бір-бірінен сусындап, нәр алаып отыратын дүние. Шығыс ағартушыларының білім берудегі негізгі қозғаған мәселелері білім, тәрбие, ақыл-ой, этикаға негізделген еді, Ұлы Шығыс ағартушыларының аталған қызметтері арқылы біз оларды өз дәуірлерімен қарастырамыз.
Шығыс әлемінде Қытай мәдениетінің дамуында б. з. б. 551-479ж.ж. өмір сүрген Конфуцийдің атқарған рөлі ерекше. Оның ұстанған жолы әділеттілік, табиғатты сүю, әдет-ғұрыпты сыйлау, сақтау Конфуцийдің «Лунь Юй» еңбегінде жинақталған.Соның ішінде басты назар этикаға, адамгершілік, білім мәселелеріне аударылады.
Білім, этика, тәрбие туралы ол өз шығармасының І тарауында Бекзат кісі дегеніміз кім деген сауалға жауап іздейді, сонда ол -«Бекзат кісі үш жағдайда үрейді сезінеді: көк аспан қаһарына ұшырағанда, ұлы адамдар алдында және ділмәр даналардың сөзін есітерде іштей жиырылады»[1,140].
Кун-цзы айтты: - «Кім туа біткен білімдерді иеленсе, ол бәрнен де
жоғары, одан кейінгіге қиыншылыққа ұрынып, ілімге
кіріскендер жатады. Кім қиыншылыққа ұрынса да, ілімді
білуге талпынбаса, халық оларды ұсақ-түйек топқа
жатқызады»[2,142].
Конфуцзы білім, этика
тәрбие ұғымдарын бір-бірімен ұштастыра білген
және басты назар этикаға, адамгершілік мәселелеріне аударады.
Мысалы, «Жаңаны білу үшін ескіні зерттеу», «Ойлаусыз оқу
-бекер іс, оқымай ойлану-бос әрекет, өзіңе
қаламайтынжы басқаға жасама»
деген болатын. Конфуцзы: -оқып, білгеніңді дер кезінде
үйрету – қуаныш деген осы емес пе.
Жас бүлдіршіндер үйде ата-аналарын құрметтеуі тиіс, түзде үлкендерді сыйлауы, сөзінде әділ, адамдарды шексіз сүюі, сөйтіп, адамсүйгіштерге жақындауы абзал-ақ.. Егер парыздарын осылайша орындағандардың ынта-ықылас басылмаса, оны Вэнь –мәдениеттті оқуға жұмсауы қажет-ақ [3,293].
Шығыс ағартушыларының ішінде «Аристотельден кейінгі ұстаз» атауына ие болған ислам әлемінде алдыңғы орында тұрған Әл-Фарабиге тоқталатын болсақ, ол артында қалдырған рухани қазына 130-ға жуық екені белгілі. Соның ішіндегі бірнеше трактаты білім, тәрбие философияға арналған. Әл-Фараби туралы кезінде өзінің замандасы Захириддин әл-Байхақий оның білім-ғылым жөніндегі пікірлерін алға тартады.
«Кімде –кім хикмат(философия, даналық) білімін оқып-үйренуге кіріспек болса, онда ол ең алдымен жас буын болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейрімді, таза, адал болуы , азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбің тіршілікті ойламауы қажет. Хикмат білімін оқып-үйренуге кіріспек болған адам білімді де, ғалымдарды құрмет тұтатын кісі болуы шарт. Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек, әрі оны мал-дүние табу құралы етіп, жібермеуі қажет. Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол көзбояушы саналады. Кімде-кім өз дәрежесінен жоғары көтермек болса, адамның өсу жолына тосқауыл қойылады. Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды» [4,169].
Әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты адам бойындағы білім, мейрімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте өмір сүруі керек деп біледі. Ғалымның философия, логика, эстетика, этика салалары бойынша жазған барлық зерттеулерінде ұрпақ тәрбиесі ең басты орын алады. Әл-Фараби баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мынадай үш шартты күні бұрын дәйектеп алу қажет екендігін айтады: бірінші-ынта-ықыласы, білімге құштарлығы, екінші –ұстаздың шеберлігі, ар-ождан тазалығы, үшінші-сабақ процессінің алатын орны.
Ғалым баланың дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің бір-біріне ықпал әсері зор екенін көрсетеді [5,33].
Ш. Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, ағартушы, ориенталист. Ол қоғамдық құбылыстарды ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге, прогресске шақырды. Халық мүддесін іс жүзінде қорғау үшін 1862 жылы Шоқан Атбасар округінде аға сұлтан болуға әрекет жасайды. Сол кезде Ф. М. Достоевскийге жазған хатында ол осы әрекетін айта келіп, «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді.
Сондағы ең алдымен көздегенім мен өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екендігін көрсету еді», деп жазды [6,150].
Ш. Уәлиханов Шығыстың өткен тарихының құлдырауын мұсылман діндарларының реакциялық сарындағы қызметімен байланыстырады. Мұсылмандық қағидаларға сүйенген мұсылман діндарларының соқыр сенімдері айналадағы жаңалықтарға қарсы шығып, Шығыстың дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді деп түсіндірді ағартушы.
Бұрынырақ исламның кең жайылған уақытына қарамастан, Шығыстың кейбір елдерінде, тіпті Орта Азияда мәдениеттің айтарлықтай прогрессін байқауға болады, «бұқаралық инквизицияның» күштеуінен адамдар көне мәдени түбірлерінен бас тартып, оларды қирата бастады. Самарқандтың, Ташкенттің, Ферғананың, Хиуаның, Бұқараның кітапханалары, Самарқандтың обсерваториясы діни біліміне басқа білімдерді шеттеткен, татар вандализмінің және бұқар вандализмінің инквизициясынан қирағанын өкінішпен айтады[7,325-326].
Ағартушылық принципін ұстанған Ш. Уәлиханов әлеуметтік прогресстің қол жеткізуденгі мәнін білімнен іздейді. «Тек қана шынайы білім күмәннен арылтатын рух және сол ғана адамды өмірді бағалауға үйретеді» [8,614].
Ш. Уәлиханов халық ағарту ісінде діндарлардың таза білім мен ғылымға кері әсерін тигізетінін айтып, сынға алады.
«Азияда білім алу дінмен байланысты,-деп атап өтеді ағартушы, оны игеру үшін мектептерде оқудың, оқулықтар мен кітаптарды ақтарудың керегі жоқ. Мұндай білімді алу үшін Құрандағы араб тестерін жаттап, схоластикалық ілімдерді есте сақтаса болғаны»[9,102].
Өз халқының білімді сіңіру, игерту мақсатында ол патшалық Ресейден Қазақстандағы Ислам дініне шек қойып, оған қару ретінде округтерде татар мектептерінің орнына орыс мектептерін ашса ғана бәре де, белгілі болатанын айтады[10,71].
«Ғылым мен білімнің маңыздылығы сол»- деп жазады ағартушы, ол ми мен жүйкенің дамуына ықпал етеді немесе ағза өз бойына қуат алып өспейді. Мәдениет ағзаны белгісіз білімдер арқылы жақсарта алмайды»-деп антропологиялық материализм принциптері арқылы көрсеткісі келеді[11 ,614].
Ш. Уәлиханов сияқты Ы. Алтынсарин ағартушылық идеясының жақтаушысы болды.
Ыбырай Орынборда оқып жүрген кезінен бастап, Шығысты зерттеуші белгілі В. Григорьевтен дәріс алды. Елге оралған соң халықтан қаржы жинап, мектеп үйін салуға кірісті. Оны ашудағы мақсат-тілегін Ыбырай былай деп айтты: «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда ауылшаруашылық академияларда білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»[12,51].
Бала оқытып, тәрбиелеу жұмысында ол дүниежүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыққа алды. 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясында» көптеген әңгімелермен өлеңдер жазып, балаларды білімге шақырды.
«Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде ол: «Сиса көйлек үстінде, тоқуменен табылған, сауысқанның тамаға шоқуменен табылған. өнер-білім бәрі де оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық, оқығанда көңілге ықыласпен тоқылық»,- деп жазды»[13 ,52].
«Таза бұлақ» әңгімесінде Ыбырай адамгершіліктің маңызды мәселелерін үш жолаушының бұлақ басында сусындап отырып, тастағы жазуды оқып, соны әрқайсысы талдағаны арқылы халық санасына қозғау салады. «Ей, жолаушы болсаң осы таза бұлақтай бол»,- деп халықты адалдыққа, еңбек сүйгіштікке шақырып, зиянды кертартпа әдеттерден аулақ болуды уағыздайды»[14 ,306].
Ол философиялық тұрғыдан ақыл-ой мен танымды жоғары қойды. Осы екі категория арқылы білімге жол ашылады, бірақ білім, құдай дарытатын емес сиқырлы күш емес, бізді қоршаған әлем екенін айтады. 1883ж. 15 қарашада Торғай қаласында мектептің ашылуында сөйлеген сөзінде «Табиғи ақыл-ойды тек қана билейтін және одан әрі қарай дамытатын білім болмақ», -деп, ерекше атап көрсетті»[15 ,20].
Ол дүниетанымы бойынша материалист болды. Ол мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы шықты. Өзі ашқан мектептерде оқу процесін осы тұрғыдын жүргізді. Ыбырай өз заманындағы алдыңғы қатарлы ойшыл, ағартушы, демократ болды.
Абай Құнанбаев –қазақ халқының көрнекті ойшылы, ақын, ағартушысы.Абай өлеңдері әрқашанда есті, тәрбиелік мәні зор болып табылды. Өзі айтқандай «мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні терең.
Абай өз қоғамының ойшылы, философы. Алдымен ол өз халқына өлеңдері , қара сөздері арқылы үнемі ой салып, оның көзін ашуға, надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырып,
мәдениетті болуға шақырды.
«Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», -деп келеді де, Абай «Өсек, өтірік, мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз, талап, еңбек,терең ой, қанағат-рақым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз»,-деп өсиет айтқан болатын.
Абайдың дүниетанымында дүниенің объетивтік заңдылығы бар екенін мойындайды. Сондықтан ғылымды меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды»[16 ,119].
Таным тұрғысынан Абай сананың, ақылдың рөлін жоғары бағалады. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс. Абай өзінің әйгілі «Қара сөздерінде» ғылым-білімге, тәлім-тірбиеге қатысты философиялық толғаулары арқылы «Отыз жетінші сөзінде «Адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват»,- деп жазды. Олай болса адамды адам етіп, тәрбиелейтін оның ортасы, достары болмақ.Былайша айтқанда адамның жақсы не, жаман болуы Құдайдан емес, тәрбиеден екенін мойындайды»[17 ,135].
«Қырық төртінші сөзінде» Абай: адам баласының ең жаманы-талапсыздық деп көрсетеді.
«Қырық үшінші сөзінде» Абай: «Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса-жарамайды. Өлшеуін білмек бір керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі
Ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады», дейді»[18 ,162].
Оның тағы бір ойы: «Көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал», -деген(«Отыз жетінші сөзі») Абай шығармаларында, әсіресе қырық бес қара сөзден тұрған оның ғақлияларында қазіргі жастарға арнаған талай философиялық ойлары мен толғаулары айтылған.
Оның ой-пікірі- адамзатты прогресске шақырумен түйінделеді, ақыл-парасатты дәріптеді. «Отыз сегізінші сөзінде» Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі-надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық» дейді[19, 207].
Жоғарыда аталған Шығыстың ұлы ойшылдарының келер ұрпаққа қалдырған өсиеттері заманы әртүрлі болса да, бір арнада тоғысқан. Ол-ақыл-ой, білім,парасаттылық, тәрбие.
Олардың біздің қазіргі білім жүйеміздегі білім берудегі маңыздылығы орасан зор, себебі қазіргі дамыған қоғам заманында бәсекеге қабілетті болашақ маман үшін осылардың барлығы қажет-ақ.
Түйіндеме
Статьяда фәлсафа тарихындағы ұлы Шығыс ағартушыларының тарихи, мәдени, философиялық негіздегі қалдырып кеткен келер ұрпақты біліммен, ақыл-оймен тәрбиелеудегі тұжырымдарына және қазіргі кездегі білім берудегі рөліне назар
аударылады.
Резюме
В данной статье говорится о трудах восточных мыслителей. Об их философских, эстетических взглядах на общество.
Symmary
This article about great East scientists. About
treir works of history, culture, and philosophy.
And about
role of education a at contemporaneous time.
Пайдаланылған әдебиеттер:
29 қаңтар.