Есбол Ғ.Ш.
А.Байтұрсын
атындағы Қостанай Мемлекеттік Университет
А.Байтұрсынұлы – ұлттық сананы оятушы ұлы
тұлға
А.Байтұрсынұлы
1911 жылы қазақ халқының өзіндігін сақтап
қалуына, сол үшін күресуіне дем беретін «Маса» жинағын
бұқараға ұсынады
Бұл ертеден еркіндікті
аңсаған бас бостандығын сыйлаған
ата-бабаларымыздың сара жолын насихаттайтын білген адамға жігер
беретін таптырмас шығарама болатын. Кезінде үнді ойшылы Р.Тагор:
«Егер тұлғаның ұлтына берері болмаса, адмзат тарихында
ешқашанда кешірілмейді» дегендей А.Байтұрсынұлы «Жиған-терген»
атты еңбегінде:
Қазағым,
елім,
Қайкайып
белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қанауда
жаның,
Аш көзіңді
оянып. (1)
(Байтұрсынов А.
Ақ жол. Алматы. 1991.-79 б.)
А.Байтұрсынұлы 1905 – 1907
жылдары Ресей патшалығында езгіге
қарсы бас бостандығыны үшін күрескен
халықтың күш жігерін алға тартады. Оны
өзінің «Маса» жинағында:
Байқасақ,
жезде,
Бауыздар
кезде,
Үн шығару бар емес пе?!
Үндемей
өлсек,
Сүйекпен
көмсек,
Кейіңгілер демес пе?!
Лақ
құрлы бақырмай,
Өлген
екен апырма-ай! (2)
(Байтұрсынов А. Маса.Қазан, 1922, 49б.)
Бұл жолдардан
А.Байтұрсынұлының отаршылдық бұғаудан
босанып еркіндікке жеткізетін күш халықтың намысын ояту деп
білді.
Үндінің атақты акыны
Р.Тагор: «Ұлт өзіңдегі бар ең
тәуірің...бәріне ортақ болатын игілікке
айналдыруға міндетті» деп айтқанындай А.Байтұрсынұлы
төменгі толғауында:
Жолда
бар өзге.
Жоба
бар сөзге,
Жүрекке дөп
ойға жөн.
Өткен ғасырдағы
номадтар өркениетінің мұраларындағы өміршең
құндылықтарды бойға сіңіріп, әлемдік
тарихта өркендеу мен жаңару үрдісі болатынын ұмытпай,
енді өткенге жалтақтамай заманына қарай бет бұрыс
қадам жасауды тілейді.
А.Байтұрсынұлының
«Ғылым» атты шығармасында:
Сондықтан
заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай
жүрміз әман.
Күн сайын
өзгеріліп, өнер артып,
Бәрі де бара
жатыр алға таман.
Сол кездегі қазақ
халқының өнерден кенде қалып, бұрынғы
сарыңмен жайбырақат өмір сүріп жатқанына ашынады.
«Екі көзін-шырағың, екі аяғын-пырағың» дегендей
Ахаң жамағат жан-жағыңа қара, дүниеде не
болып жатқаның барлап, өнерден мақұрым
қалмай бар нәрсені игеріп халықтың игілігіне жаратылуын
құп көреді.
А.Байтұрсынұлының
20 ғасырдың басындағы қиын – қыстау кезеңде
өнер мен ғылымды дәріптеп көрегендігін көрсетті.
Қазақтың ұлттық санасының серпілісіне
баға жетпес үлес қосқаның болашақ
ұрпақ мәңгі жадында сақтап, үлгі
тұтуы абзал.
Қолданысқа ие
болған әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Ақ жол.
Алматы. 1991.-79 б.
2. Байтұрсынов А.
Маса.Қазан, 1922, 49б.