ҚазҰУ Халықаралық
қатынастар факультеті Халықаралық
құқық кафедрасының доценті,заң
ғылымдарының кандидаты Даркенбаев Асхат
4-курс студенті
Дүйсебекова Гүлжайна
Еңбекші мигранттардың
мәртебесіне қатысты
халықаралық құқықтық
құжаттарды мемлекеттердің имплементациялау мәселелері
Қазіргі кезде
әлемнің барлық елдері жұмыс күшінің импорты
мен экспорты процестеріне іс жүзінде белсенді ықпал етеді. Ең алдымен, заңнаманы тиімді қамтамасыз
ету және миграциялық саясатты дұрыс жүргізу миграциялық
процестердің теріс салдарын төмендетуге, халық
ахуалының сапасын көтеруге және өсу
қарқынының тұрақтылығын
сақтауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Осыдан мемлекеттің миграциялық саясаты мен миграция
қарқындылығының арасында тығыз өзара
байланысты аңғаруға болады. Батыс елдерінің
миграциялық заңнамасы, біріншіден, өз елдерінің
экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуді көздейді.
Сонымен қатар бұл елдердің миграциялық саясаты саяси
үрдістермен тығыз байланысты болғандықтан,
Қазақстан Республикасының көші-қон
заңнамасын қарастыруда Қазақстанның да
эмиграциясының қарқындылығы шетел елдерінің
миграциялық саясатына тәуелді болатынын көре аламыз.
Миграцияны
көп қабылдайтын елдер, оның ішінде Австрия, Германия,
Ұлыбритания, Канада, Франция және Солтүстік Еуропа елдері
соңғы онжылдықта өз заңнамасын өзгертіп,
оны қатаң түрде қолдана бастады, ал басқалары,
мысалы, Нидерланды мемлекеті болашақта бұл шараларды
қабылдауды жоспарлап отыр. Заңнамалық өзгертулерді
орындау бұл елдерде баспанаға қол жеткізуді көздеп
жүрген тұлғалар санын екі-үш жыл ішінде
айтарлықтай азайтуға әкелетін фактор болып табылады.
Мәселен, Батыс Европада баспана іздеп жүргендердің саны 1992
жылы 0,7 млнды құраса, 1994 жылы 0,3 млнға дейін 2 есе
төмендеген болатын [1, 18 б.].
1990
жылғы Еңбекші мигранттар мен олардың отбасы
мүшелерінің құқықтарын қорғау
жөніндегі Халықаралық конвенциясы осы салада ауқымды
құқықтық құжат болып табылады.
Конвенция 2003
жылы 1 шілдеде өз күшіне еніп, 21
рет ратификацияланған болатын. Кейбір елдер аталған Конвенцияға
қосылу және мигранттардың құқықтары
жөнінде мәселелер уәкілетті құрылымдарда
белсенділікпен талқылануда. Мәселен, Қырғызстанда. Ал
көпшілік елдерде бұл мәселе туралы әлі сөз
қозғалмады.
Бүгінгі
күнге дейін аталмыш Конвенцияны ратификациялаған елдердің
көбісі мигранттардың шығу елі болып табылады. Мысалы,
Мексика, Марокко және Филиппин елдерінің азаматтары өзге елге
жұмыс іздеуге көп кеткеннен кейін, олардың еңбекші
мигрант ретінде саналуы көптеп орын алуда. Аталған Конвенция
− осы елдер үшін шет мемлекеттің аумағында жүрген
өз азаматтарын қорғаудың бірден-бір маңызды
құралы. Мәселен, Филиппин елі өзге мемлекетте филиппин
жұмыскерлеріне қатаң жүгіну жағдайлары көп
болғандықтан, осы Конвенцияны ратификациялаған болатын.
Сонымен қатар, ратификациялаған елдердің көпшілігі
транзит және тағайындау елі болып есептеледі.
Шетелдік
еңбек күшін көп мөлшерде қабылдайтын
елдердің ешқайсысы Конвенцияға қол қойған
жоқ, ратификациялаған да жоқ.
Халықаралық еңбек ұйымының
(ХЕҰ) конвенцияларының ратификациялану көлемі еңбек
заңнамасының деңгейі, өркениеттілік,
демократиялық және
мемлекеттің әлеуметтік-еңбек қатынастарын
бақылау деңгейімен сипатталады. Салыстыру үшін мүше
елдердің парламенттері ратификациялаған ХЕҰ-ның
Конвенцияларының санын мысалға келтірсек болады: Испания – 116,
Франция – 110, Италия – 101, Норвегия – 92, Уругвай – 83, Бельгия – 82,
Болгария – 80 [2] .
ХЕҰ-ның
конвенциялары ұйым мүшелерімен ратификациялауға жататын, осы
елдердің тәжірибесінде және заңнамасында
орындалуға жататын көпжақты халықаралық шартты
білдіреді. ХЕҰ-ның Жарғысының 22-бабына сай,
ХЕҰ-ның конвенцияларын ратификациялаған мемлекеттер
нормативтік құқықтық актілер
қабылдауға міндетті, сонымен бірге ратификацияланған конвенцияларды тиімді қолдануға
қабылданған шаралар туралы ХЕҰ-на тұрақты
түрде баяндамасын ұсынуға міндетті. Аталмыш баяндамалар
конвенцияның маңыздылығына байланысты 2-4 жылда 1 рет
ұсынылады. Егер конвенция ратификацияланбаса, бәрібір мемлекет
ратификацияланбаған конвенцияға қатысты тәжірибе мен
ұлттық заңнаманың жағдайы туралы, оған
күш беру үшін қабылданатын шаралар туралы ХЕҰ-ның
Әкімшілік кеңесін ақпараттандыруы тиіс.
Бүгінгі таңда
Конвенцияларға қосылу және оның нормалары мен
бастауларының таралуына қарсы әрекет ететін
факторлардың күші артуда. Олар мемлекеттің экономикалық
және саяси режимдеріне, әрекет етуші қоғамдық
институттарға қатысты туындайды. Қосылуға негізгі
кедергілердің арасынан келесі себептер кешенін бөлсек болады:
1.
Экономикалық (конвенция талаптарын қамтамасыз етуде
қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, әлеуметтік-экономикалық
даму деңгейінің төмендігі, көлеңкелі
экономикалық қатынастар мен сыбайлас жемқорлықтың
ұлғаюын білдіретін арзан еңбекке деген үлкен сұраныс);
2.
Құқықтық (ұлттық заңнаманы
реформалаудағы қиындықтар);
3.
Институционалдық (конвенция нормаларын сапалы орындауда қажетті
институттар тапшылығы, көлеңкелі тәжірибе мен
институттардың таралуы, мемлекеттер арасында және ведомстволар
арасында әрекеттерді үйлестіру деңгейінің төмендігі);
4.
Моральды-этикалық (қоғамда мигранттарға
қатысты мәдени, діни, нәсілдік және басқа
айырмашылықтардың заңдылығын мойындамау,
азаматтардың құқықтық санасының
төмендігі);
5.
Саяси ( саяси еркінің болмауы);
6.
Әлеуметтік (қажетті мамандардың тапшылығы,
қоғамдық пікірдің қалыптаспауы). [3]
Сарапшыларға сұрау
салынғаннан кейін тағы да қатаң жағдай
анықталды. Көптеген елдердің саясаты Конвенцияны алғаш
болып ратификациялауды қаламайды,
себебі бұл өзге елдердің осы қадамды жасағаннан
кейінгі салдарды анықтауға кедергі келтіреді. Сондықтан,
халықаралық қауымдастықтың күш-жігері
аталмыш салада мемлекеттер ынтымақтастығы мен Конвенцияны
ратификациялаған елдердің оң тәжірибесін
айқындауға бағытталуы тиіс.
Осы себептердің
барлығы өзара әрекеттесіп, көптеген мемлекеттік
ведомстволар, халықаралық және үкіметаралық емес
ұйымдар, бизнес, ғалымдардың қатысуымен мәселені
тиімді шешу жолын қарастыруды талап етеді. Осылайша,
халықаралық Конвенцияларға қосылу және
еңбекші мигранттардың қорғалуын арттыру жөніндегі
ұлттық іс-шаралар мен бағдарламаларды құру
қажеттілігі туындайды. Мигранттардың
құқықтық сауаттылығын жетілдіру
мақсатында шаралар, өз құқықтарын
қорғау мүмкіндігі туралы хабарландыру, сондай-ақ
елдің миграция және еңбек саласында заңнама
жөніндегі жалпы мағлұмат беру шаралары аса назар аудартады.
Сонымен қатар, бір жағынан, миграцияның заңды
мүмкіндіктерін кеңейту, ал екінші жағынан
көлеңкелі элементпен күресу қажет. Тәжірибе жүзінде көлеңкелі тетіктер
миграциялық үрдістерді басқарудың ресми жүйесі
мен сыбайлас жемқорлық нысанындағы жұмыстылықпен
бірге өрбіп жатыр. Сол себепті Конвенцияға қосылу
мәселесін гуманитарлық ұстанымда ғана емес,
экономикалық жағынан да
қарастыру көзделген. Қазіргі таңда көптеген елдердің
сарапшыларының пікірінше, бұл салдар әлі зерттелмеген
және ол әзірге түсініксіз.
Қазақстан бір
уақытта репициент және донор елдердің қатарынан
табылады. Қазіргі таңда елімізде еңбекке ресми емес берілген
рұқсат негізінде 300 мыңға жуық мигранттар
жұмыс істейді. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметі
бойынша 2012 жылы елімізде уақытша жұмыс істеп жүрген
мигранттардың саны 20,8 мыңды құрады, ал жеке істері
бойынша республикаға 528,6 мың адам келген [4, 8 б.].
Қазақстан
адам құқықтары бойынша барлық негізгі
халықаралық құжаттарды ратификацияласа да, сонымен
бірге бірқатар ұлттық заңдарды қабылдаса да,
тіркелмеген мигранттар арасында құқықтардың
бұзылу жағдайлары көптеп кездеседі. Мигранттар
қатаң эксплуатацияға тартылып, еңбекті
қорғау талаптары мен қауіпсіздік ережелері сақталмайды,
әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етілмейді.
Енді
қорытындылайтын болсақ, барлық елдерде тәжірибе
тұрғысында Конвенция мен оған қосылудың
маңыздылығын түсінетін, берілген Конвенцияға
қосылудың міндеттілігі мен еріктілігін жариялайтын саяси және
мемлекеттік күштер бар. Бұл күштерді Конвенция мен
мигранттарды қорғау мүддесіне пайдалану керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Зайончковская
Ж.А. Трудовая миграция: плюсов больше, чем минусов // Человек и труд. – 2001.-
№11. – C. 18-20.
2.
Раковская В.С., Ионикан Н.В. Нормативный уровень
существования модели системы социально-трудовых отношений с учетом влияния
миграционных процессов
// Современные проблемы науки и образования. – 2013. – № 2
3.
Контрактор Зайончковская Ж.А.// Защита
прав трудящихся-мигрантов
в странах ЦВЕ и СНГ и перспективы присоединения к конвенции
ООН 1990 г.// Отчет для ЮНЕСКО–
с. 11-12
4. Сагындыков А. Ожидает ли Казахстан приток мигрантов?//Капитал.kz. – 2013. – 26 сентября (№35). – С.8