Экономические науки
САҒЫНАЕВА М.С.- экономика
ғылымдарының магистрі
ҚОРҚЫТ – АТА
АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КӘСІПОРЫННЫҢ
МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ МЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН
ТАЛДАУ
Өнімді
өндіруге, оның өзіндік құнын төмендетуге,
рентабельділігіне және табыстың өсуіне байланысты
жоспарлардың орындалуының негізгі шарты кәсіпорынды
қажетті сапа мен ассортименттегі шикізаттар мен материалдармен
толық және уақытылы қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорынның
шикізаттар және материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі сатып алынған шикізаттың
нақты мөлшерін жоспарлы қажеттілікпен салыстыру арқылы
анықталады.
Сондай-ақ
жеткізу келісім-шарттарының орындалуы, жеткізушілерден келіп түскен
материалдардың сапасы, олардың стандарттарға, техникалық
және келісім-шарт шарттарына
сәйкес келуі тексеріледі. Ал келісім-шарт бұзылуы жағдайында
жеткізушілерге кінарат-талап (претензия) ұсынылады.
Кәсіпорынға мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген және
кооперацияланған жеткізілімдердің орындалуын тексеруге ерекше
мән беріледі.
Ерекше мәнге
қоймадағы шикізаттар мен материалдардың қорлары да ие
болады. Негізінен қорлар ағымдағы, мерзімдік және
сақтандырылған болып бөлінеді. Шикізаттар мен материалдардың
ағымдағы қорларының мөлшері (Зсм) і
материал жеткізілімінің межелдемелі уақыты (күн есебімен) мен
орташа тәуліктік шығынына (Рсут) тәуелді:
Зсм = Ип * Рсут.
(1)
Талдау
барысында шикізаттар мен материалдардың ең маңызды
түрлерінің нақты қор мөлшерін нормативті
мөлшермен сәйкестігін тексереді. Осы мақсатпен заттай
материалдардың нақты бар болуы және олардың орташа
тәуліктік шығыны туралы мәліметтер негізінде күн
есебімен материалдардың нақты қамтамасыз етілуі есептеп, оны
нормативтікпен салыстырады.
Тексеруді
сондай-ақ шикізаттар мен материалдардың артық және
қажетсіз қорларын анықтау үшін жүргізеді. Оны
қойма есебінің мәліметтері бойынша табыс пен шығынды
салыстыру жолымен белгілеуге болады. Егер кейбір материалдар бір немесе бірнеше
жыл ішінде шығындалмаса, онда оларды өтімсіздер тобына
жатқызып, жалпы құнын есептейді.
Қорларды
басқару – жұмыстың ең маңызды, әрі
жауапты бөлігі[17,266б].. Кәсіпорын қызметінің
барлық ақырғы нәтижелері осы қорлардың
оңтайлылығына тәуелді болады. Қорларды тиімді
басқару капиталдың айналымдылығын жеделдетуге және
оның табыстылығын жоғарылатуға, қорларды
сақтауға кететін ағымдағы шығындарды
азайтуға, ағымдағы шаруашылық айналымынан
капиталдың бөлігін – оны басқа активтерге қайта
инвестициялай отырып босату болып табылады.
Қорларды
басқару өнері – бұл [17, 268б]:
- Тауарлы-материалдық
құндылықтардың қор құрылымын
және жалпы көлемін оңтайландыру;
- Оларға
қызмет көрсетуі бойынша шығындарды барынша азайту;
- Тауарлы-материалдық
қорлардың қозғалысын тиімді бақылауды
қамтамасыз ету.
Шетелде
ағымдағы қорларды оңтайландыру үшін бірнеше
үлгілер қолданылады. Оның ішінде ең жоғары
таратылымға экономикалық негізделген тапсырыс үлгісі (EOQ моделі)
ие болды.
Бұл
үлгінің есеп айырысу механизмі кәсіпорындағы
қорларды сақтау және сатып алу бойынша жиынтық
шығындарды барынша азайтуға негізделген. Бұл шығындар
екі топқа бөлінеді:
- тауарларды
қабылдау мен тасымалдау шығындарын қосқандағы
тауарларды жеткізу шығындарының сомасы;
- кәсіпорын
қоймасындағы тауарларды сақтау шығындарының
сомасы (қоймалық үй-жайлар мен жабдықтарды ұстау,
қызметкерлер еңбекақысы, қорларға салынған
капиталға қызмет көрсетуге байланысты қаржылық
шығындар және т. б.).
Материалдардың
жеткізілімі азырақ, ал тапсырыс топтамасы көбірек жүргізілген
сайын материалдар жеткізіліміне байланысты шығындар сомасы төмендей
түседі. Оны келесідей формула бойынша анықтауға болады:
, (2)
мұндағы
Zзм – материалдар жеткізіліміне
байланысты шығындар;
VПП
– берілген шикізат немесе материалға өндірістік
қажеттілігінің жылдық көлемі;
РПП – бір топтама жеткізілімінің орташа
өлшемі;
Црз – бір тапсырысты орналастырудың
орташа құны.
Формуладан
көріп отырғанымыздай, VПП мен Црз өзгермесе де,
РПП-нің өсуі шығындар сомасын азайтады және керісінше.
Яғни кәсіпорынға шикізаттарды үлкен топтамалармен
жеткізу пайдалырақ.
Бірақ
бір топтаманың үлкен көлемі сәйкесінше тауарларды
қоймаға сақтауға байланысты шығындардың
өсуіне әсерін тигізеді. Себебі бұл жағдайда
қорлардың күндер есебімен мөлшері ұлғаяды.
Егер, мысалы, материал айына бір рет сатып алынатын болса, онда оны
сақтаудың орташа кезеңі 15 күнді құрайды,
ал егер екі айда бір рет болса, онда 30 күнді және тағы сол
сияқтыларды құрайды.
Осы
тәуелділікті есепке ала отырып, тауарларды сақтау бойынша
шығындар сомасы (Zхр.т.) қоймада келесідей түрде
анықталуы мүмкін:
, (3)
мұндағы
Схр – талданатын кезеңдегі бір тауарды сақтау
құны.
Бұдан
Схр өзгермеген жағдайда қоймадағы тауарларды
сақтауға байланысты шығындар сомасы бір топтама
жеткізілімінің орташа көлемі төмендеген жағдайда
барынша азаяды.
EOQ
үлгісі шығындардың жалпы сомасы ең төмен
деңгейге жететіндей етіп, шығындардың екі тобы
арасындағы пропорциясын оңтайландыруға мүмкіндік
береді.
EOQ-дің математикалық
үлгісі төмендегі формуламен анықталады:
, (4)
мұндағы
EOQ – жеткізілім топтамасының оңтайлы орташа мөлшері.
Бұдан
өндірістік қорлардың оңтайлы орташа мөлшерін
былайша анықтауға болады:
, (5)
Қорларға
қызмет көрсетуге байланысты кәсіпорын шығындары
шикізаттың орташа қоры мен жеткізілімнің орташа
топтамасының осындай мөлшерінде ең төменгі
деңгейде болады.
Нарықтық
қатынастары дамыған елдерде қорлар қозғалысын
бақылау жүйелерінің арасында ABC-талдау, XYZ-талдау
және логистика кең қолданысқа ие болған.
ABC-талдау
кәсіпорында басқарушылық мәселелер, процестер,
материалдар, жеткізушілер, өнім топтары, өткізу нарықтары,
клиенттер категориялары аймағындағы басымдылықтары және
шешуші мезетін анықтау үшін қолданылады[18,201б].
Қорлар
қозғалысын бақылау жүйесінде қорлардың
барлық түрі олардың шығындалу жиілігі, мөлшері
және құнына, сондай-ақ олардың жетіспеушілігі
жағдайындағы кері зардаптарына байланысты үш топқа
бөлінеді:
А
категориясы – тапсырыстың жалғаспалы циклі бар ең
қымбат тұратын қорлар түрлері. Олар жетіспеушілік
жағдайында күрделі қаржылық зардабын
туғызатындығына байланысты тұрақты мониторингтің
жүргізілуін талап етеді. Бұнда олардың қозғалысына
күнделікті бақылау қажет.
В
категориясы – ақырғы қаржылық нәтижелерді
қалыптастыру мен үздіксіз операциялық процесті
қамтамасыз етуде төменірек мәнге ие тауарлы-материалдық
қорлар жатады. Бұл топтың қорлары айына бір рет
бақыланады.
С
категориясы – төмен бағалы барлық қалған
тауарлы-материалдық қорлар. Олар ақырғы
қаржылық нәтижелерді қалыптастыруда маңызды
рөлге ие болмайды. Олардың қозғалысын бақылау бір
тоқсанда бір рет жүргізіледі.
АВС-талдау
тауарлы-материалдық қорлардың ең басым топтарының
қозғалысын бақылайды.
XYZ-талдауында материалдар олардың
тұтыну құрылымына сәйкес бөлінеді:
Х тобы – тұтынуы
тұрақты сипатқа ие материалдар;
Ү тобы – мерзімдік
материалдар;
Z
тобы – сирек қолданылатын материалдар.
Мұндай
қорлар классификациясы сатып алу және жинақтау
аймағында шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
Логистика кеңістік
және уақыттағы тауарлық ағындарды
оңтайландыру үшін қолданылады. Ол «жеткізуші –
кәсіпорын – сатып алушы» барлық тізбегі бойынша тауарлардың
қозғалысын үйлестіреді және қажетті материалдар
мен өнімдер уақытылы, қажетті жерде, қажетті
мөлшерде және қажетті сапада ұсынылатынына кепілдік
береді. Нәтижесінде қорларға капитал табуды жалғастыру
мен жинақтауға шығындар қысқартылады. Бұл
кәсіпорынның тиімді қалыптасуының жоғарылауы мен
оның айналымдылығын жеделдетуге көмектеседі.
Қорытындылағанда
төмендегі көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты
өндіріс өнімінің әрбір түріне арту (кему)
мөлшері анықталады:
.
сатып
алынған шикізаттар мен материалдардың көлемі (КЗ);
.
шикізаттар
мен материалдардың ауыспалы қалдықтары (Ост);
.
шикізаттардың
төмен сапалылығынан, материалдарды ауыстырудан және
басқа да факторлардан пайда болған нормативтен тыс
қалдықтары (Отх);
.
бір
өнімге кеткен шикізаттың үлестік шығыны (УР).
Бұл жағдайда
өнімді шығарудың келесі үлгісі қолданылады:
(6)
Бұл
факторлардың өнім шығаруға әсерін тізбекті орнату
немесе кестедегі мәліметтер бойынша абсолютті айырмашылық
әдісімен анықтауға болады.
Кесте
1
Абсолютті
айырмашылық әдісі бойынша өнім шығаруға
факторлардың әсер ету есебі
Фактор |
Есептеу алгоритмі |
Сатып алынған материалдар көлемі |
(КЗ1 – КЗ0)
/ УР0 |
Ауыспалы қалдықтардың
ауытқуы |
- (Ост1 –
Ост0) / УР0 |
Материалдың жоспардан тыс
қалдықтары |
- (Отх1 –
Отх0) / УР0 |
Бір өнімге кеткен мата
шығынының ауытқуы |
- (УР1 – УР0)
* VВП1 УР0 |
Ескерту - [18, 210б] әдебиетінен
алынған |
Осы факторлық
үлгі арқылы шикізат көлемін жоғарылату, бір
өнімге кететін шығындар мен қалдықтарды азайту есебінен
өнім шығаруды арттыру резервтерін де анықтауға
мүмкіндік береді.
Бұйым
конструкциясын жеңілдету, өндіріс техникасы мен технологиясын
жетілдіру, сапалы шикізат дайындау және оны сақтау мен тасымалдауда
ысырабын азайту, ақау өнімнің болуын болдырмау,
қалдықтарды минимальді қысқарту,
қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және тағы
да басқа жолдармен бір өнім өндіруге кеткен шикізаттың
шығынын азайтуға болады.
Материалдық
ресурстарды пайдаланудың тиімділігін сипаттау үшін
қорытындылаушы және жеке көрсеткіштер жүйесі
қолданылады.
Қорытындылаушы
көрсеткіштер – бұл бір
теңгеге шаққандағы материалдық
шығындардың пайдасы, материал қайтарымдылығы, материал
сыйымдылығы, материалдық шығындар мен өндіріс
көлемінің өсу темпі ара қатынасының коэффициенті,
өнімнің өзіндік құнындағы материалдық
шығындардың үлес салмағы, материалдық
шығындар коэффициенті болып табылады.
Бір теңгеге
шаққандағы материалдық шығындардың пайдасы – материалдық ресурстарды
пайдаланудың тиімділігінің ең қорытындылаушы
көрсеткіштерінің бірі болып табылады; негізгі қызметтен
түскен табыс сомасын материалдық шығындар сомасына бөлу
арқылы анықталады.
Материал
қайтарымдылығы өндірілген
өнім құнын материалдық шығындар сомасына
бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш
материалдардың қайтарымын, яғни тұтынылған
материалдық ресурстардың (шикізаттар, материалдар, отын, энергия
және тағы басқалары) әрбір теңгеге
шаққандағы өндірілген өнім мөлшерін
сипаттайды. Өнімнің материал сыйымдылығы материалдық шығындар сомасының өндірілген
өнім құнына қатынасы арқылы анықталады. Ол
материалдық шығындардың қаншасы қажет екенін
немесе бір өнімді өндіруге нақты қаншасы кететінін
көрсетеді.
Материалдық
шығындар мен өндіріс көлемінің өсу темпі ара
қатынасының коэффициенті өнімнің
жалпы өндірістік индексінің материалдық шығындар
индексіне қатынасымен анықталады; ол салыстырмалы түрде
материал қайтарымдылығының динамикасын сипаттайды және
оның өсу факторларын бірге ашады. Өнімнің өзіндік
құнындағы материалдық шығындардың
үлес салмағы –
материалдық шығындар сомасының өндірілген
өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы
бойынша есептеледі; бұл көрсеткіштің динамикасы
өнімнің материал сыйымдылығының өзгерісімен сипатталады.
Материалдық
шығындар коэффициенті материалдық
шығындардың нақты сомасының жоспарланып есептелген
шығарылған өнімнің нақтылы мөлшеріне
қатынасы бойынша танылады. Ол өндіріс процесінде
материалдардың қаншалықты үнемді
пайдаланылатындығын, белгіленген нормалармен салыстырғанда
артық шығындалудың болған-болмағандығын
көрсетеді. Егер коэффициент 1-ден
көп болса, онда бұл өнім өндірісіне материалдық
ресурстардың артық шығындалғандығын
дәлелдейді және керісінше, 1-ден төмен болса, онда
материалдық ресурстар үнемді қолданылған.
Талдау
барысында материалдарды пайдаланудың тиімділік
көрсеткіштерінің нақты деңгейін жоспарлы
деңгеймен салыстырады, оның динамикасы мен өзгеру себептерін,
сондай-ақ өнім өндірісі көлеміне әсерін
зерттейді. Жалпы материал сыйымдылығы өнім шығару
көлемі мен оның өндірісіне кеткен материалдық
шығындар сомасына тәуелді. Ал өнім шығару көлемі
құндық тұлғалануда (ВП) өндірілген
өнім мөлшері (VВП), оның құрамы (Уді)
және босату бағаларының деңгейі (ЦП) есебінен
өзгеруі мүмкін. Материалдық шығындар сомасы да
өндірілген өнім мөлшеріне, оның құрамына,
бір өнімге кеткен материалдар шығынына (УР), материалдар
құнына (ЦМ) тәуелді.
Тікелей материал
шығындары (МЗ)
Сурет 1. Материал сыйымдылығының факторлы
талдауының құрылымдық-логикалық моделі
Қорытындылай
келе, жалпы материал сыйымдылығы өндірілген өнімнің
мөлшеріне, оның құрылымына, бір өнімге кеткен
материалдар шығынының нормаларына, материалдық ресурстар бағасына,
өнімнің босату бағаларына тәуелді.
Материалдар
сыйымдылығының факторлы үлгісін келесі түрде
көрсетуге болады:
, (7)
Шикізаттар
мен материалдардың ағымдағы қорының шамасы
жабдықтау интервалынан және 1-ші түрдегі материалдардың
орташа тәуліктік шығындарына тәуелді болады.
Шетел
елдерінде ағымдағы қорлардың ықшамдаулары
үшін ең үлкен таратулар арасында экономикалық
қисынды тапсырыс үлгісін алған үлгілер қатары
қолданылады[19,309б].
Осы
үлгіні есепке алу үшін кәсіпорында сатып алу және
сақтау бойынша жиынтық шығындардың төмендетілуіне
негізделген.
EOQ
математикалық үлгісімкелесі формуламен өрнектеледі:
EOQ = (8)
Мұндағы
EOQ – жабдықтаушы партияның ұтымды орташа көлемі;
VПП
– осы шикізат немесе материалдардың өндірістік
қажеттілігінің жылдық көлемі;
Цкр
– бір тапсырысты оранластырудың орташа құны;
Сск
– тауар бірлігін сақтау құны.
Осындай
формуланы қолдана отырып, өндірістік қордың
ұтымды орташа өлщемін агнықтауға болады (ПЗұтм):
ПЗұтм = (9)
Жеткізу және сақтау бойынша
шығындардың ең төменгі сомасы мына формула бойынша
анықталады:
(10)
Жабдықтаулар
ұтымды партиядан кез келген ауытқу осы шығындарының
қсуін шаұырады.
Өнімнің
материалдар сыйымдылығы – бұл шығарылған бір
өнімге шикізаттардың, материалдардың және басқа
да материалдық ресурстардың шығындары. Материал сыйымдылығының
төмендеуі үлкен көлемде сол материалдық ресурстардан
шығарылған өнім алуын, өнімнің және
шығынның өзіндік құнының төмендеуін
білдіреді.
Жалпы
материалдар сыйымдылығы өндірілген өнімнің
көлеміне (VВПжал), оның құрылымына (УДi), бір
өнімге материалдар шығынының нормасына (Урi),
материалдық ресурстарының бағасына (ЦМi), өнімге
жіберілген бағаларына (ЦПi) тәуелді болады[20,155б].
Материалдар сыйымдылығына осы факторлардың әсерімен
келесі факторлы үлгі түрін ұсынуға болады:
ME = (11)
Қажетті мәліметтерді алу үшін және
өнімнің материалдар сыйымдылығына талдауда 9-кестеде
көрсетілген мысалды ұсынамын.
Ол жоғарыдағы келтірілген барлық көрстекіштерді
ұйымның 2012 жылдың ішінде атқарға, өнім
шығарға мәліметтері негізінде алынады. Бәздәі
кәсіпорынымыз мақта бұйымдардын матрац, жастық
және басқа да көрпешелерді тігеді.
Кесте 2
Өнімнің материал сыйымдылығын талдау үшін
бастапқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіш |
Матрац бұйымы |
Өзгерісі 2012/2011 |
|
Өткен
кезең |
Есепті кезең |
|||
|
Өндіріс көлемі, тонна |
8260 |
8440 |
+180 |
|
1 т бағасы, теңге |
200000 |
220000 |
+20000 |
|
Бір өнімге Х материалының
шығыны: |
|
|
|
|
- массасы, кг |
2 |
2,5 |
+0,5 |
|
-бағасы, теңге |
460 |
480 |
+20,0 |
|
Бір өнімге Х материалының
шығыны: |
|
|
|
|
- массасы, кг |
2 |
2 |
- |
|
-бағасы, теңге |
350 |
375 |
+25,0 |
Ескерту
–
ұйымның есептемелерінен алынған (закройный цех) |
2-кестедегі
мәліметтерді қолдана отырып, осы факторлардың ықпалын
тізбекті ауыстыру арқылы анықтаймыз.3- кестеде есеп айырысу
алгоритмін ұсынамыз.
Кесте 3 Тауарлардың сыйымдылықты есептеу алгоритмі
№ |
Көрсеткіш |
Есеп айрысу алгоритмі |
Мағынасы |
Сомасы, теңге |
1 |
Өнімнің
өндірісіне материалдардың шығындары: |
|||
1.1 |
Негізгі кезең |
|
[8260х(2*460)+(2х350)] |
7599900 |
1.2 |
Негізгі құрылымының
сақталуы кезінде қайта есептелінген нақты өнім
өндірудегі негізгі кезең |
|
[8440х(2*460)+(2х350)] |
7765550 |
1.3 |
Іс жүзінде негізгі бағалар бойынша |
|
[8440х(2,5*460)+(2,5х350)] |
9706700 |
1.4 |
Іс жүзінде есепті кезең |
|
[8440х(2,5*480)+(2х375)] |
10128750 |
2 |
Жалпы өнім
өндіру құны: |
|||
2.1 |
Негізгі кезең |
|
8260х200000 |
1652000 |
2.2 |
Іс жүзінде негізгі бағалар бойынша |
|
8440х200000 |
1688000 |
2.3 |
Іс жүзінде есепті кезең |
|
8440х220000 |
1856800 |
Ескерту
– 10
кесте мәліметтері негізінде алынған |
4-кестеде
матрац өнімінің материал сыйымдылығын факторлы талдауды
есептейік.
Кесте 5
Матрац
өнімінің материал сыйымдылығын факторлы талдау
№ |
Көрсеткіштер |
Материал
сыйымдылығы есебі |
Материал
сыйымдылығының деңгейі, теңге |
1 |
|
|
4,6 |
2 |
|
|
4,6 |
3 |
|
|
5,8 |
4 |
|
|
5,4 |
Ескерту
– 10
кесте мәліметтері негізінде алынған |
6 кестеден көрініп
тұр, яғни А өнімінің материал сыйымдылығы 1,0 теңгеге
көбейген, оның ішінде өзгерістер есебінен:
Кесте 7
Материал
өнімінің сыйымдылық деңгейінің өзгерісі
1) Шығарылған өнімнің
көлемі |
4,6 - 4,6 =
0 теңге |
2) шикізаттың меншікті шығыны |
5,8 – 5,6 = +1.2 теңге |
3) Өнімге жіберілетін бағалар |
5,5 – 5,8 = -0,2 теңге |
Барлығы |
+1,0 теңге |
Ескерту – 11
кесте мәліметтерінен алынған |
Осы жағдайда,
өнімнің материал сыйымдылығының өсуіне бекітілген
мөлшермен салыстыру бойынша кейбір материалдарды ұтымды пайдалануды
керек екенін қорытнды жасауға болады.
Алайда активтерді талдай
отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы
неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ
кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі
құралдарының жағдайын және кәсіпорын
мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау
қажет. Ол үшін, ең
алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының
көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы
оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші
әдістеме бойынша оның құнына негізгі
құралдардың, өндірістік қорлардың,
аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және
бордақылаудағы малдар құндары қосылады.
Содан кейін жалпы
материал сыйымдылығының құрамды бөліктері
ретіндегі жеке материал сыйымдылығы көрсеткіштерін (шикізат
сыйымдылығы, отын сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы) талдау
қажет.
Кесте 8
«Вита» ЖШС-дегі тауарлы-материалдық қорлардың
құрылымын талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2011 жыл |
2012 жыл |
Өзгерісі 2012/2011 |
|
+/- |
% |
||||
1 |
Шикізаттар мен материалдар |
988 |
1050 |
+62 |
+5,9 |
2 |
Отын |
258 |
305 |
+47,0 |
+15,4 |
3 |
Ыдыс және ыдыс материалдары |
106 |
117 |
+11,0 |
+9,4 |
4 |
Қосалқы бөлшектер |
582 |
730 |
+148 |
+20,3 |
5 |
Басқадай материалдар |
273,6 |
106,8 |
-166,8 |
-156,2 |
6 |
Тауарлар |
2715,8 |
2582,7 |
+101,2 |
+4,4 |
|
Барлығы |
4923,4 |
4891,5 |
-31,9 |
-0,7 |
Ескерту – кәсіпорынның бухгалтерлік
балансынан алынған |
Берілген кестеден
шикізаттар мен материалдар 2011 жылы 988
мың теңге болса, 2012 жылы ол 1050
мың теңгеге жеткен. 2012 жылы 2011
жылмен салыстырғанда 62 мың теңгеге
жоғары, яғни 5,9 %-ға жоғары
болған. Ал отын 2011 жылмен
салыстырғанда 2012 жылы 47,0 мың теңгеге
көбірек
пайдаланылған. 2011 жылы – 106 мың теңге,
2010
жылы – 117 мың теңгеге тең. Ыдыс және ыдыс
материалдарында 2012 жылы 11 мың теңгеге өскен.
Қосалқы
бөлшектер 2011 жылы 582 мың теңге болса, 2012 жылы 730
мың теңгеге тең болды. Олардың ауытқуы 148
мың теңгеге, яғни 20,3%-ға көп болды. Сонымен
қатар басқадай материалдардың көрсеткіші 2012 жылы 2011
жылмен салыстырғанда 166,8 мың теңгеге немесе 56,2
пайызға аазйғанын байқауға болады.
Материалдардың
мөлшері мен қоса кәсіпорында тауарлардың мөлшері
2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 101,2 мың теңгеге немесе
4,4 пайызға өскен. Олардың сомалары 2011 жылы 2715,8
мың теңгеге, 2012 жыы 2582,7 мың теңгеге тең.
Осыларды
жинақтай келе тауарлы-материалдық қорлардың
барлығын есептегенде 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 31,9
мың теңгеге, пайыз бойынша 0,7 %-ға төмен болып отыр.