Мадиева Н.С., Кожабеков С.С.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
АҚША
ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
1 (IAS)
«Қаржы есептілігін ұсыну» Халықаралық
қаржылық есептіліктің стандартына сәйкес
қаржылық есептіліктің толық жиынтығы
кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай
жөніндегі есептілікті, кезең ішіндегі жиынтық табыс
жөніндегі есептілікті, кезең ішіндегі үлес өзгерістері
жөніндегі есептілікті, кезең ішіндегі ақша
қаражатының қозғалысы жөніндегі есептілікті
және қосымша ұсынылатын ақпаратты қамтиды .
Заңнамаға
және халықаралық қаржылық есептіліктің
стандарттарына сүйене отырып, ұйымдардың жалпы
мақсаттағы қаржылық есептілігінің толық
жиынтығының ажырамас бөлігі болып ақша
қаражатының қозғалысы туралы есептілігі табылады.
Ақша
қозғалысына арналған қорытынды есепте қалыпты
өндірістік және қаржылық жағдайда
қалыптасқан ақша қаражаты мен сыртқы
көздерден алынған ақша қаражаты арасындағы
өзгерістерді дәлме-дәл ажыратылып көрсетілуі керек.
Ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
ақша қозғалысы есебін жүргізуге арналған
жекелеген шоттардағы мәліметтер негізінде жасалынып, есепті
кезеңнің басындағы және аяғындағы
қалған ақшаның қалдығымен салыстырылып
көрсетіледі.
Кәсіпорынның
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді
дайындау кезінде негізгі төрт кезеңді қамту керек:
1. Операциялық
қызметтен түскен ақша қаражаттарының ағынын
анықтау.
2. Инвестициялық
қызметтің ақша қаражаттарының ағынын
анықтау.
3. Қаржылық
қызметтің ақша қаражаттарының ағынын
анықтау.
4. Алғашқы
үш кезеңде алынған ақпаратты есептілікке түсіру.
Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді
дайындаудағы алғашқы қадам - операциялық
қызметтің ақшалай қаражаттарының ағынын
анықтау. Кезең ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі
есептілік ұйымның табысын немесе залалын көрсеткенімен,
ақша қаражаттарының түсуін немесе жұмсалуын
сипаттай алмайды. Оның себебі кезең ішіндегі жиынтық табыс
жөніндегі есептіліктің есептеу қағидасына негізделіп
жасалуы. Табыс ақшаның алынған-алынбағанына,
шығыстар ақшаның төленген-төленбегеніне
қарамастан тіркеледі. Нәтижесінде операциялық
қызметтің ақша қаражаттарының ағынын
анықтау үшін кезең ішіндегі жиынтық табыс
жөніндегі есептіліктегі сандарды есептеу әдісінен кассалық
әдіске алмастыру қажет. Ол үшін алынған табыстарды
сатудан түскен ақшаға шығыстарды төленген
ақшаға түзету керек. Оны 1-суреттен көре аламыз.


Сурет
1 - Есептеу әдісі мен кассалық әдіс негізіндегі есептің
өзара байланыс
Кезең
ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі есептілікті есептеу әдісінен
кассалық әдіске алмастыру екі әдіспен жүргізіледі: тікелей
және жанама.
Тікелей
әдіс бойынша кезең ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі
есептіліктің әрбір бабы есептеу әдісінен кассалық
түзетіледі.
Жанама
әдістің тікелей әдістен айырмашылығы пайда кезең
ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі есептіліктің әрбір
бабының түзетілуін емес, тек операциялық
қызметтің ақша қаражаттарының
ағынының таза пайдаға келтіруге қажеттіліктерін ғана
түзетуді қажет етеді.
Кезең
ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі есептілікті есептеу әдісінен
кассалық әдіске алмастыру екі әдіспен жүргізілетінін
атап өттік, осылардың барлығын «Астаналық сервистік
компания» ЖШС нақты мәліметтеріне сүйене отырып,
көрсетейік.
Ақша
қаражаттары қозғалысы есебін құру үшін
салыстырмалы балансты құруымыз керек. Оны 1-ші кестеден
көруге болады. Бұл есеп кезең ішіндегі актив, міндеттеме
және меншікті капиталдың өзгерісін көрсетеді.
Кесте 1 «Астаналық сервистік компания» ЖШС 2011 жылға
салыстырмалы бухгалтерлік балансы, мың
тг
|
Активтер |
Есепті кезең соңында |
Есепті кезең басында |
Ұлғаю (+) Азаю (-) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Ақша қаражаттары және олардың баламалары |
255087 |
178466 |
76621 |
|
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
15107 |
10483 |
4624 |
|
ТМҚ |
23202 |
8108 |
15094 |
|
Негізгі құралдар |
145095 |
64954 |
80141 |
|
Міндеттемелер |
Есепті кезең соңында |
Есепті кезең басында |
Ұлғаю (+) Азаю (-) |
|
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
0 |
2907 |
-2907 |
|
Салық бойынша міндеттемелер |
-2504 |
-6648 |
-4144 |
|
Жарғылық капитал |
91 |
91 |
0 |
|
Бөлінбеген пайда |
440903 |
265661 |
175242 |
Біріншіден,
2011 жылда «Астаналық сервистік компания» ЖШС операциялық
қызметтінен түскен ақша қаражаттары ағымын
тікелей әдіспен есептейміз. Кейбір шығындар ақша
қаражаттарының жұмсалуына әкелмейді, ал кейбір табыстар
ақша қаражаттары түсіміне әкелмейді, сондықтан
есептеу әдісі бойынша таза табысты операциялық қызметтен
түсетін таза ақша қаражаттарын анықтау үшін
түзету қажет. Кезең ішіндегі жиынтық табыс
жөніндегі есептілікке анализ жасау қажет және оның
мәліметтерін есептеу әдісінен кассалық әдіске алмастыру
керек. «Астаналық сервистік компания» ЖШС-нің кезең ішіндегі
жиынтық табыс жөніндегі есептілігі, салыстырмалы бухгалтерлік
балансы және айналмалы-сальдолық ведомосі негізінде 2-ші кестені
құрамыз.
Кесте
2 Кезең ішіндегі жиынтық табыс жөніндегі есептілік
мәліметтерін есептеу әдісінен кассалық әдіске алмастыру
кестесі, мың тг
|
Көрсеткіштер атауы |
Есептеу әдісі |
Түзетулер атауы |
Түзе ту |
Кассалық әдіс |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Табыс |
12211852 |
Қысқа мерзімді дебиторлық
берешектің ұлғаюы Қысқа мерзімді кредиторлық
берешектің азаюы |
- 4624 |
12207228 |
|
Әкімшілік шығыстар |
1025055 |
|
|
1025055 |
|
Өзге де шығыстар |
21674 |
|
|
198 |
|
Табысқа салынатын салық |
4735 |
Салықтар бойынша міндеттемелердің
ұлғаюы Кейінге қалдырылған салықтар
бойынша міндеттемелердің ұлғаюы |
4144 |
8879 |
Енді алынған
кассалық әдіс бойынша алынған әрбір
көрсеткіштерді талдаймыз, яғни бұл көрсеткіш ақша
қаражаттарының түсуіне немесе жұмсалуына
әкелгенін анықтаймыз. Алынған көрсеткіштерді ақша
қаражаттары қозғалысы туралы есептілікке апарамыз.
Екіншіден,
2011 жылдағы «Астаналық сервистік компания» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі операциялық қызметтінен түскен ақша
қаражаттары ағымын жоғарыда келтірілген мәліметтерге
сүйене отырып, жанама әдіспен есептейміз.
Жанама
әдісті қолдана отырып, есептеу жүргізген кезде тікелей
әдісті қолдана отырып жүргізілген түзетулер қайта
қайталанады. Ертеректе айтып өткендей жанама әдісті
қолдану кезіндегі ұлғайтылған және
азайтылған түзетулерінің сомалары әр бап бойынша
жеке-жеке көрсетілмейді, ол таза пайданың сомасына қатысты
өзгеріп отырады. Осылардың барлығы оны тікелей әдістен
ерекшелейді. Операциялық қызметтен ақша
қаражаттарының жағдайын есептеуге қажетті таза пайда
сомасының түзетулері төменде көрсетілген 3-ші кестеде
берілген.
Кесте 3 Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының
жағдайын есептеуге қажетті таза пайданы түзетулері
|
Көрсеткіштер |
Таза пайда |
|
|
Таза пайда сомасынан алынады |
Таза пайда сомасына қосылады |
|
|
1 |
2 |
3 |
|
Қысқа мерзімді
активтер: -
Алынуға жататын шоттар -
ТМҚ -
Болашақ кезең
шығыстары |
Азаяды Азаяды Азаяды |
Ұлғаяды Ұлғаяды Ұлғаяды |
|
Қысқа мерзімді
міндеттемелер -
Төленуге тиіс шоттар -
Есептелген берешек -
Салық бойынша берешек |
Ұлғаяды Ұлғаяды Ұлғаяды |
Азаяды Азаяды Азаяды |
Бұдан басқа, таза пайда негізгі құралдардың
және материалдық емес активтердің амотизациялық
шығындары сомасына түзетілуі керек, сондай-ақ негізгі емес
қызметтің табыстары мен залалдары сомасына, оны 4-ші кестеден
көруге болады.
Кесте 4 Операциялық қызметтен ақша
қаражаттарының жағдайын есептеуге қажетті таза пайданы
түзетулері
|
Көрсеткіштер |
Таза
пайда |
|
1 |
2 |
|
Негізгі
құралдар мен материалдық емес активтердің
амортизациялық шығындары |
Қосылады |
|
Негізгі
емес қызметтен өзге залалдар |
Қосылады |
|
Негізгі
емес қызметтен өзге пайдалар |
Алынады |
Осы 4-ші кестедегі түзетулерді қолдана отырып, қажетті
соманы аламыз. «Астаналық сервистік компания» ЖШС 2011 жылғы таза
пайдасының сомасы 76620 мың теңгені
құраған. Салыстырмалы бухгалтерлік есепті қолдана
отырып, ақша қаражаттары қозғалысын жанама
әдіспен анықтаймыз. Алынған ақпараттарды ақша
қаражаттары қозғалыс туралы есепке ендіреміз.
Тікелей және жанама әдістермен есептелген операциялық
қызметтен ақша қаражаттарының
қозғалысының таза сомасы бір бірімен тең болуы
қажет. Біздің жағдайда ол сома +76620 мың теңгеге
тең.
Жанама әдісті қолдану барысында таза
табыс немесе шеккен зиянның ағымдағы активтер және
міндеттемелер өзгерісіне тигізетін әсерін, ақшалай емес
операцияларды, сондай-ақ инвестициялық және
қаржылық қызметтер нәтижелерін өткен
кезеңдермен салыстыру мен реттеп отыру үшін де қажет.
Бұл әдіс қаржылық
жағдай жөніндегі есептілік пен кезең ішіндегі жиынтық
табыс жөніндегі есептіліктегі ақпараттарға негізделген.
Жанама әдіс қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі
жөніндегі қорытындының әрбір жекелеген баптарын реттеу
үшін қолданылмайды. Осы әдіске байланысты таза табыс (шеккен
зиян) сомасы осы есепті кезеңдегі өзгерген сомаларды, өткен
есепті кезеңдердегі өзгерген сомалармен өзара салыстырып
отыру үшін де қажет.
Жоғарыда келтірілген екі кестенің
мазмұнын сипаттай келе, біздер тікелей әдіс ақшаның
жалпы ағынын төлеушілік қаражат түрінде
көрсететіндігін, ал жанама әдіс ұйымдардың
қаржылық ресурстары жөніндегі мәліметтерді және
бұлардың қозғалысын ақша ағыны
түрінде көрсетілетіндігін зерделедік. Қорытындылай келе,
біздің негізгі мақсатымыз кәсіпорын субьектілеріне
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сай ақша
қаражаттары қозғалысы есептілігін құрудың
тиімді әдісін анықтап, көрсету болып табылатынын айтып
өткіміз келеді. Көріп отырғандай есептің тікелей немесе
жанама әдісін қолдану ұқсас нәтижеге
әкеледі. Осы екі әдіс бойынша құрастырылған
ақша қаражаттары қозғалысы есебінің бір
ғана айырмашылығы бар, ол операциондық қызмет нәтижесінде пайда болған ақша
қаражаттары бөлімінде енгізілетін соманың көлемі.
Әр бір кәсіпорын қызмет жасайтын салаласының
ерекшеліктерін ескере отырып, ақша қаражаттары
қозғалысы туралы есептілігін құрастырудың тиімді
деп санайтын әдісін қолдануға құқылы.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша
кәсіпорындарға ақша қаражаттарының
қозғалысының ағындарын көрсету үшін тікелей
әдісті қолдану ұсынылған, өз кезегімізде біз
жоғарыда жасалған зерттеулерге сүйене отырып,
құрылыс, өндіріс саласында қызмет ететін
кәсіпорын субьектілеріне жанама әдісті қолдану
анағұрлым тиімдірек болады деген ұйғарымға
келдік. Нақтырақ тоқталатын болсақ, айналымнан тыс активтерге
үлкен салым жасайтын, яғни осыған орай амортизациялық
аударымдары жоғары болатын кәсіпорын субьектілеріне жанама
әдіс бойынша есептілік құруды ұсынғанды жөн
көріп отырмыз. Себебі, зерттелініп отырған кәсіпорын
құрылыс саласында қызмет етуімен қатар әр жыл
сайын өзінің техникалық базасын жаңартып,
ұлғайтып отырады. Осыған орай, «Астаналық сервистік
компания» ЖШС 2011 жылғы амортизациялық аударымдарымдарының
сомасы 17153 мың теңгені құраған. Бұл шын
мәнінде жоғары көрсеткіш болып табылады. Осы мәліметтерге
сүйене отырып, ұсынысымызды негіздедік.