Молдазимова А.Е,  Қалмаханова.А.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ –  ҰЛТТЫҢ ТАҒДЫРЫ

 

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесінде шешендік, өнерпаздық, тәрбиеге баса назар аударады. Қытайда ата-ана мен мектеп баланы төзімділлікке, іскерлікке, ептілікке тәрбиелейді екен. Ал қазақ мектебі қандай тұжырымдама ұстанады.Әзірге беймәлім. Дей тұрғанымен бізде халықтық тәрбиенің бай тәжірибесі бар. Көшпенді халық балаларын төзімді, епті, сезімталдыққа баулыған. Демек, Қытайдағы сияқты белгілі бір бағыттар ұстану бізде де қалыптасқан. Мұнда,сөз өнері мен саз өнері ерекше құрал ретінде пайдаланылған. «Музыка нақтылы ойды айқын жеткізу жағынан поэзиямен, сөздің мағыналығымен таласа алмайды, алайда адамның көңіл күйін, сезімін кейде тіпті поэзиядан да әсерлі, нәзік білдіре алады» дейді ғалым З.Ахметов. Музыканың адам тәрбиесіндегі орнына ежелден мән беріліп келген. Ғұлама Әл- Фараби «Музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын,адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Музыка мен ән адамды эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» дегені мәлім. Өнерге құмар халық өмірге де сондай құмар болады. Өйткені, кең байтақ жерге сезімтал, епті, төзімділіктің басымдығының арқасында ие болдық. Ал қазіргі көзқарас мүлде басқа арнаға ауып, кірме мәдениет арқылы ұлттық құндылық бұзылды,тіпті өнер адамдарына сенімсіздік күдіктерді ұялатты» Ән салу таңғажайып өнер» Ол ең ұлы өнердің бірінен саналауға тұрарлық.Ән адамның жан сезімін оятып,жұректің ең нәзік қылын қорғайды»деп А.Светников бекер айтпаған. Өнер адам тәрбиесіне тікелей әсер етпесе де оның елестету қиялын тербеп, сезімталдыған оятады. Ата-бабалардан қалған жақсы өнегенің барлығы дерлік өнермен байланысты болады. Ақын, сазгер, батыр, би, шешен, әнші, күйші, биші,бәрі-бәрі тікелей өнерді білді, ұстанды. Неге? Өйткені, бір адам бірнеше өнерді меңгеру арқылы оның күш- қуаты мен ақыл- ойының күші артты. Әр өнердің бөлек- бөлек энергиясы адамға құятын нұр секілді,сол себепті кез келген қазақ домбыра өнерін  меңгеруге тырысты. Домбыра өнері белгілі бір философиялық- психологиялық қуат берді. Бүгінгі білім ордасында осы үрдіс басымдықта сақталмаған. Оны ойластырып енгізуге ұмтылмаған. Демек,ата бабаның аманат етіп қалдырған мұралараын ұрпақ тәрбиесінде пайдалану іс- жүзінде емес сөз жұзінде қалған.Өнерлі ұрпақ тәрбиеге икемді келеді. Өнерсіз ұрпақты тәрбиелеу асау ат секілді.Тіл, тарих пен өнерге қазіргі жас ұрпақ  жұтан.

    Домбыра рухына иеленбей өскен бала жат қылығын байқатады, «құлаққа ілінетін күй- сезім күйі тіршіліктің суреті, әңгімесі аз болса да ішкі өмірдің сыры көп, адамды өз ішіне үңілететін мұң мен шердің сарыны бар»  дейді М.Әуезов. Демек, өнер атауылының бірнеше түрінің қалыптасуында оның осы қоғамдық қажеттілігі ықпал етсе керек. Мысалы,ән, күй, жыр,  терме,айтыс,толғау,желдірме,қысса, дастан, мұның бәрі ізгілікті тәрбие қуатын арттыруға бағытталады. Өйткені әр саланыың өзінің сезімге әсер ететін тұстары бар. Мәселен,өлеңнің сөзі ақыл мен ойға толы, ол елестету қиялын жетілдіреді.Өлең сөзді әуен реттеп, көркемдеу  санаға жетіп, іштегі сезім түйсігіне әсер етеді. Сөйтіп адам сезімін реттеген өнер төзімді болуға шақырады.Төзімділік пайда болған жерде  ептілік пайда болады. Өнер тек сезімді, төзімділікті тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен қатар ол бірлік пен біріктіруші күшке әсер етеді. Бір сөзбен айтар болсақ «Өнер –тазалық көзі»Музыка адамның адамгершілік қасиетіне елеулі әсер ете алады, сондықтан, жастар тәрбиесін ізгілендіруде оның мүмкіндіктерін кең пайдаланған жөн. Қазақ мінезі домбыра өнерімен шыңдалған.Өйткені, оның үні ізгі үйлестікке шақырады. Домбыра өнері- тәрбиенің басты құралы.Бұл жөнінде Д.Кішібеков «Қазақ халқының менталитетін айтқанда,оның басты ерекшілігі-ол тәрбиелік қасиетҚазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы,мақал-мәлелдері ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы,жұмбақтары мен жаңылтпаштары айналып келгенде тірелетіні тәрбиелік мәселе.

  Олар адамгершілікке, көпшілікке,азаматыққа баулыған деп,тұжырымдаған. Домбыра өнері- ұлт менталитетінің айнасы. Құрманғазы, Абай, Махамбеттерді мақтан етіп айтамыз да олардың рухани өсиет нақыл күйлеріне келгенде шорқақпыз. Мәселен, «Бес ғасыр жырлайды» кітабынан жарыса айтатын адамдарды бүгін кездестіру өте қиын.Ал ертеректегі адамдардың кез келгені осы кітап ішіндегі жинақталған өлеңдерді ауызша жатқа айтатын және оны өзінің өмірінің белестерінде пайдалана білетін.Қәзіргі көп білуге ұмтылу, көп пәндердің қалыптасуы адамдардың біліктілігіне қайшы болып жүр. Себебі, бір нәрсені анықтап біле алмаған оқушы-жастар сағат сайын айтылытын әр түрлі ақпаратты үлгеріп бойына сіңіре алмайды. Мектептегі эстетикалық-музыкалық тәрбие үрдісінде музыканы өнердің басқа тұрлерімен және әдебиетпен біртұтас байланыстыра оқытқан тиімді. Музыканың көркемдік сипаты мен оның  өмірбаяны тәрізді музыка туралы әңгіме біріктірілгенде ғана музыка пәні шын мәніндегі оқу пәні бола алады. Халқымыздың ұлттық музыка аспаптары, соның ішінде домбыра, қобыз музыка мен әдебиетті байланыстырушы қызмет атқарып келеді. Фольклордың синкреттік сипатының ғасырлар бойы сақталып жетуіне ұйтқы, тұлғаның жан-жақты ізгілікті дамуына тәрбиелік негіз болды. Музыка мен әдебиет үйлесімі барлық ұлттық мәдениеттерге тән. Қазақ халқындағы музыка мен поэзияның тұтастығы - халық тұрмысына сіңген, ұлттық ерекшелік деңгейіндегі құбылыс. Мәселен, күй аңызын күйшілік өнерден бөліп қарауға болмайды. Олардың бәрі дәстүрлі өнеріміздің біртұтас эстетикалық-эмоциялық әсерге бөлейтін төлтұма қасиеті саналады. Сондай-ақ, ән арқылы халықтың саз, театр, сөз өнері бірінен-бірі ажырамай, тұтас күйінде кейінгі ұрпаққа жеткізілген, және де жеткізіледе береді. Мектеп жасындағы балалардың музыканы түсінуі үшін оған алдын-ала қызығуын оятатын әдебиеттік материалдарды қолданудың психологиялық мәні үлкен. Көркемдік-эстетикалық қызығу құрамына енетін, музыкаға қызығу мен әдебиетке қызығу сипаттары, негізінен, өзара ортақ. Олар бір-біріне ықпал ете қалыптасып,дамиды. Сөйтіп,шәкірт ойында оқытушы ұсынған әдеби материалдардан музыка туралы жалпы түсінік түзеліп, ол ендігі жерде оймен, санамен, неғұрлым терең сезіммен қабылдауға логикалық тұрғыдан дайын күйге енеді. Адамның ақыл-ойын  дамытудың   көптеген міндеттерін атқаратын музыканы қабылдауды жақсарту үшін әдеби материалдарды қолдану психологиялық тұрғыдан негізделген. Қазақ халқының музыкалық фольклоры мен әдеби фольклорының өзара өріле, бірлестікте өмір сүруінің негізгі көздерінің бірі олардың тәлім-тәрбиелік, танымдық мәні мен мақсатында. Музыка мен сөз үйлесімінде халықтық педагогиканың мазмұны жинақталған. Сондықтан осынау тұтастықты халық негізгі тәлімдік құрал ретінде қолданған. Жасұрпақ тәрбиесінің осылайша музыка мен сөз бірлігімен жүзеге асырылуы  арқасында ғасырлар бойы қазақ халқының менталиттетік болмысы сақталып, нығайтылып, жоғары эстетикалық- этикалық деңгейде дамып отырды. Қазақтардың тұрмысы,мәдениеті,әншілік, домбырашылық, күйшілік, артистік, шешендік, айтқыштық өнер түрлерін қатар меңгеруді талап етеді. Музыка мен әдебиет байланысын қолдану синкреттілік, кіріктірлігіштік, қарама- қатынастылық, көп құрылымдылық, дәстүр тұрақтылығы, қолдану мақсаттылығы сияқты шарттар мен көркемдік бейнелі ойлау жүйесін қалыптастыру, көркемөнердің ортақ заңдылықтарын негізге алу, өнер тілін меңгеру, жас шамасы мен қабілет- бейім ерекшіліктеріне тікелей бағытталу сияқты ұстанымдарға негізделіп, жеке тұлғаны қалыптастырудағы танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарға жетуге бағытталады.Өнерпаз халық таза, сезімтал келеді. Ал би- шешені бар халық дана, ойшыл болады.Демек, біз қайсар, сезімтал, даналық қағидаларын ұстап тәлім- тәрбие беруіміз керек жастарға.Өйткені, бұл үш қасиет ата- бабамызда болған. Осы үш бағытты тәлім- тәрбие бізді тығырықтан алып шығады.Ұлттық  тұжырымдаманы өзіміздің бойымыздан дарыған қасиеттерді басты көз ретінде алып жасауымыз керек. Адам жаны дұрыс қалыптаспай қоғам жөнделмейді.Қаншама ән мен күй, эпостар мен поэмалар, жырлар, тағы басқа да рухани қазыналар біздің санамыздан тыс қала берген деп өкінеді Ә.Нысанбаев. Домбыра өнерімен айтылып,тартылған дүниелер тәрбие ісінде пайдаланудан қалып барады.Оның орнына кірме қыдырма тәрбие сананы билеп-төстеді. Адамның ішкі әлемінде әсер ететін нәрсе, бірішіден, ауқаттануы, екіншіден, естіген сөзі мен әуені, үшінші, көргені, төртінші, үйренгенін істеуі, бесінші, жұмыс, оқу, жазу, т.б. сияқты ортаның әрекеттері жатады. Ал қоғамның ішкі әлеміне жататындар біріншіден,оның жері,екінші, тілі,үшінші-тарихы,тұрмыс-тіршілігі, төртінші-өнер адамдары, бесінші-дана ақылды ойшылдары жатады. Өкінішке орай, осының барлығы тұтас қолға алынбай жатыр. Мұның басты себебі, жанағы үш бағытты ұстанған тұжырымдаманың жоқтығынан деуге болады. Қорыта келе айтар болсақ,ендеше, ұрпақ тәрбиесі- ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәрбиесін өз жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алмақ. Тұған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай, жүрегіңе құя білуің шарт. Тұған жерді сүйю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл, сеілді, өз- өзіміз бен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік. Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсеңде, қайта соғар, сағынышыңды басар темір қазығың- тұған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өткені  өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес. Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді  ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес деп  айтқан ақын М.Шаханов.  Өз мүддесін өзі қолдап, өз есесін өзі түгендеп, атаның алғысын, ананың ақ сүтін ақтай алған перзенттен қатардың азаматы шыға алмақ. Халқының көңілінен шығып, қауымның үмітін ақтап, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ете алған перзенттен Отанның азаматы шыға алмақ. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі- ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәрбиесін өз жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алмақ.

 

Әдебиеттер:

1.     Ж.Наурызбаев. Ұлттық мектептерінің ұлы мұраты . А,. 1995 83- бет.

2.     А.Жұбанов. Құрманғазы Сағырбаев. А,.1978  «Жалын» бспасы1995.44 бет

3.   Асылбекова, М. П. Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру [Электрондық ресурс]: 20080428 : автореферат дис.... пед. ғылым. канд.: 13.00.01: 13.00.01 / М. П. Асылбекова; Еуразия ұлттық ун-ті.- Қарағанды: ЕҰУ басп., 2008.- 24 б

4.     Абдукаримова Г.Т. Педагогика мен психологияның ұлттық құндылықтары [Электрондық ресурс]. том2: Мәтін / Г.Т. Абдукаримова.- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011.- 2б. //

5.     «Сапалы білім беру - Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалалар жинағы 2011 жылғы 13 мамыр).Шағыр Қайырбек «Тәрбие құралы» Алматы 2003 ж.