ШЫҒАРМА ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ
Молдабек Құлахмет-п.ғ.д.,профессор,Исламбекова Гүлдана Қасымбековна №51 жалпы орта мектептің мұғалімі Шымкент қ., Қазахстан

       Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген. Сонымен қатар ЖОО-дың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек делінген.

       Шығарма жазуға үйретуде, алдымен, мынадай дайындық кезеңдер мен жаттығулар ұйымдастырылады:

1.     Ойын дұрыс қарап, дұрыс байланыстыра білу;

2.     Сөзді тыңдап, сұрыптай білу;

3.     Тақырыпқа байланысты материал жинау;

4.     Тақырыпқа сәйкес жай күрделі жоспар жасау;

5.     Кіріспе, қорытынды жазуға үйрету;

6.     Тақырып бойынша, ойын реттеп жаза білуге үйрету т.б.

VI-VШ сыныптарда шығармалар тақырыбына қарай баяндау, хабарлау, суреттеу, мінездеу түрінде жазылатындығына белгілі: Мысалы, *Шекарашы*, *Ауылға барғанда*, *Өзен жағасында*, *Менің қуанышым*, *Халықтар достығы* т.б. әрине, ығарма жазу жұмысы әр оқушының білімі мен сөз байлығына, талабына, қабілетіне байланысты. Тәжірибемізде Ү-ІХ сыныптарда әдебиет және қазақ тілі сабақтарында шығарма жазуға даярлық жұмысын былай топтастыруға болады.

І.Көргені мен білгені бойынша шығарма жазуға даярлау. Балалар үшін ең жеңілі — осы көрген-білгені жайлы шығарма жазу, Өйткені оқушы өз көрген-білгенін, өз басынан өткен оқиғаны есіне түгел сақтайды. Шығарманың мазмұнын басынан аяғына дейін ойланады оның жоспарын жасауға талаптанады, өзінің ой желісін тиянақтайды, сөз сөйлемдер құрастыру жолдарын қарастырады. Мысалы, 5 сыныпта қазақ тілі сабағында (*Сөйлем және оның түрлері* деген тақырыпта өту кезінде) өздері бастарынан өткізген оқиғалар бойынша *Найзағай* деген тақырыпқа шығарма жазды. Сұрақ-жауап әдісі бойынша әуелі дайындықтар жүргізіледі. Бұдан кейін өз көргендеріне сүйене отырып жазуға кірісті.

Оқушы Т. Шығармасын былайша жазған:

 *Күн жексенбі еді. Ауылдың жанында тоғай бар. Асан, Мұрат, Айнаш үшеуіміз жидек теруге тоғайға келдік. Жидек өте көп екен, біз жидекті тойғанымызша жедік. Әлден уақытта қатты жел тұрып, аспанды қара бұлт қаптады. Күн күркіреді. Жаңбыр жауа бастады, найзағай жарқырады, күннің күркіреуі, әсіресе, Мұраттың зәресін алды. Біз қорқып ағаштың астына тығылдық. Әлден уақытта күн толастай бергенде, біз үйге қарай жүгіре жөнелдік.*

Осы   сияқты   V   сыныпта   оқушылар   өздерінің   көрген-білгендері жайлы*Анама хат*, *Демалыс күні*, *Ардақты шопан* т.б. тақырыптарға бірінші шағын шығарма жаздыр.

2.Көріп отырғаны бойынша шығарма, жаздыруға даярлық. Сурет, картиналар бойынша жазылатын бұл шығарма жұмысын, көбінесе, 5-8 сыныптарда грамматика сабағында жүргіземіз. Ондағы мақсат біріншіден, граматиканы     әдебиетпен     ұштастыра жүргізу    болса, екіншіден, оқушылардың тілін дамыту.

VI сыныпта зат есімдер тақырыбын өтуге байланысты Жамбылдың балалар арасында отырған суреті бойынша шығарма жаздырдық. Оқушылар суреттен әбден анықтап қарап алды. Осыдан кейін сұрақ-жауап әдісі бойынша дайъшдық жүргізіледі.

І.Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

          2.Балалар кімге келді? Суретте отырған кім?

З.Жамбылдың қолында не бар? Ол туралы не айтып отыр?

4.Жамбылдың арнайы балаларға қандай өлеңдерін білесіңдер?

         5.Балалар қалай тыңдап отыр?

Балалар суретке лайық ат қойды. Арнайы сұраулар арқылы суреттің мазмұнын талдап болғаннан кейін оқушылар шығарма жазуға кірісті. Оқушы Г. Шығармасын былай жазған.Ақын үйіне барғанда.Бірінші   мамыр   мерекесі   жақындап   қалған   болатын, біздің сыныптың оқушылары осы мерекге дайындық жүргізіп жатқан еді. Бір уақытта Марат тұрып: - Ау балалар, Жамбыл атаны  ертеңгі  мерекемен       құтықтап, концертімізге шақырайық?         деді.     Бұған     бәріміз     де     қосылдық. Дайындықтан кейін Жамбыл атаның үйіне бардық. Ата үйде екен.   Рұқсат сұрап,  атаның бөлмесіне кіріп,  сәлем  бердік. Жамбыл   ата  бізді  қуанышпен  қарсы   алды,   сыйлап   өзінің құрметті   қонағы   етті.   Қолына   домбырасын   алып,   өзінің алаларға*, *Отанның ұлдары* деген өлеңдерін айтып берді. Біз оның өлеңін    бар ынтамызбен,  сүйіспеншілік сезіммен құмарта тыңдадық.

Бұл шығарманы тыңдауда зат есімге байланысты берілген тапсырма да дұрыс орындалады. Мұнымен қатар оқушылар суреттегі бейнелерді ұғынып, ой-қиялын белсенді іске қосып, өздігінен жұмыс істейді. Осы сияқты жазба жұмыстары сын есім тақырыбын өткеннен кейін де, қайталау тақырыбында жүргізіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е.Аманов. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А.1986.

2. А.Айғабылов. Қазақ тілінің лексикологиясы. А.2004.

3. Назарбаев Н.Ә., “Тарих толқынында” Алматы. Атамұра 1999.

4.Уәйісова Г.И., Әміров Р.С., Жұмабаева Ә.Е Қазақ тілі 2-сынып Алматы, Атамұра, 2002.

5.Молдабек Қ. Қатысым әдісі: теориясы мен әдістемесі Шымкент: Жебе,2011.

-280