Маханова Гүлдана
Жаңабайқызы
Қызылорда көпсалалы
гуманитарлық-техникалық колледжі, Қазақстан
Модульдік
оқыту технологиясының элементтерін
арнаулы
оқу орындарында қолдану
Оқу
процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту
технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен
сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап
отырған педагогика ғылымының маңызды
міндеттерінің бірі.
Соңғы
он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны
дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен
жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға
үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып
жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан
қарастыруды талап етуде.
Осы уақытқа дейін арнаулы оқу
орындарында оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға
орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект – субъектілік
қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі
дәстүрлі оқытуға негізделді.
Ғалым Е.Ө.Жұматаеваның
пікірінше дәстүрлі оқыту жүйесінің негізгі
кемшіліктері:
-
пікірдің қажеті жоқ, оған уақыт кетеді;
-
күрделі оқу материалын мұғалімнің
жеңілдетіп түсіндіруі;
-
фактілерге жүгініп, білімді жинақтап қабылдауға
мән берілмейді.
Ендеше
мұндай олқылықтың орнын толтырып, білім сапасын
арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы –
бұл оқу процесіне тұлғаға
бағдарланған технологияларды енгізу деп ойлаймын.
Қазіргі
кезде арнайы оқу орындарында жаңа технологияны пайдаланудың
тиімді жолдары сөз болып жүр. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың
ұжымдық оқыту әдісі, профессор Ж.Қараевтың
білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың
«Модульдік оқыту технологиясы», т.б.
Бұл
технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп
тәжірибеден жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Жаңа
технологияны күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін
әр оқытушы өзінің алдында отырған
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік
мақсат-мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай
таңдап алады. Жаңа
технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына
сүйіспеншілігі мен алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше
орын алады. Мен өз оқушыларыма М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту
технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, өмірдің әр түрлі
қызықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы
тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген.
Модульдік оқытудағы негізгі мақсат -оқушының
өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу
материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы
жұмыс істеуге үйрету.
Осыдан келіп
оқытушының жұмысында және оқу процесінің
құрылымында өзгерістер болды. Атап айтсақ, білімді
толық меңгерту әдістемесінде оқытушының
жұмысы мынадай жүйеде құрылады (М.М.Жанпейісова
бойынша):
1.
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;
2.
Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы
оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;
3.
Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі
(сызба, график, кесте және т.б.);
4.
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде
беру;
5.
Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін
бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде
оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
6.
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу
материалын меңгерту;
7.
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат,
бақылау жұмысы, т.б.) жүргізу.
Бұл
технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты
және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік
туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден,
диалог (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады.
Модульдік
оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу моделі
ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны
табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан
және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан
тұрады.
Модульдік
оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз
бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың
әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін
қамтамасыз етеді.
Алға
қойған келелі мәселем - оқытудың жаңа
элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту.
Бұл
технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету
мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының,
белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік
(стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.
Модельде 3
деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы,
шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.
3
деңгей - мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық
оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей - бұған
қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді - өзіндік
пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен
дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай
алады. Бағалау: 3 деңгей – «3», 2 деңгей – «4», 1
деңгей – «5» деген бағаның тапсырмасы. Бұл
технологиямен 2007-2008 оқу жылының жартысынан бастап жұмыс
істеудемін. Бір жыл ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта алмаймын,
бірақ оқытушының ынтасы, жұмыс істеуге деген
құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге
жеткізетінін байқадым. Оқушылардың тапсырманы өз бетімен орындауы – шығармашылық
жұмыстың бастамасы. Сонымен қатар, топ
оқушыларының қай пәнге икемді екенін байқап,
әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушылар 1 деңгейді орындауға еліктеп,
сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге
отыратын болды. Бір байқағаным, шығармашылық қабілет ол
баланың табиғатында болуы мүмкін ғой. Сондықтан
да менің міндетім – оқушының бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы оқытушының
басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесін
көрсету арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамыта
алады. Егер қабілетті оқушы жұмысын уақытынан ерте
аяқтайтын дәрежеге жетсе, басқа оқушыларға
тексеруге уақыт беремін. Ол оқушылардың өзіне деген
сенімін қалыптастырады, оқытушының сенімінен шыға
алатынына көзі жететін болады.
Мен
сабағымда оқушыны біліммен, іскерлікпен, дағдымен
қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық
қабілеттерін де дамыттым. Сабағымда
модульдік оқыта-үйрету ойынының әзірге кейбір түрлерін
пайдаланамын. Соның бірі – мәтін бөліктері. Топ
оқушылары 4-ке бөлінеді.
1 топ - «Кіріспе».
Бұл топқа монитор жайлы жалпы мәліметтер беріледі.
2 топ - «Негізгі
ой». Бұл топ монитордың негізгі түрлері жайлы жалпы айтып
өтеді.
3 топ - «Қорытынды».
Бұл топ монитордың денсаулыққа зиянын айтып өтеді.
4 топ - «Толықтыру». Тұл топ әрбір топтан кейін сөз алып,
толықтырып отырады.
Мәтін
бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастаймыз. Ойыннан соң,
мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен
салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты
айтқанын арқылы жеңімпазды анықтаймыз.
Осылай
өткізген сабағымның нәтижесін атап өтейін:
- сабақтың
мақсаты айқын болады;
- таным үрдісі дамиды (зейін, жады);
- сөздік қоры дамиды (жазбаша,
ауызша);
- сызба-кесте құра алады;
- сабақ тезис, жоспар түрінде баяндалады;
- өзгені тыңдай біледі;
- тәртіп бұзушылық
болмайды;
- білім стандартына сай білім алу
керектігін түсінетін оқушылар саны көбейеді;
- қорқыныш, мазасыздық
сезімі жойылады;
- уақытты тиімді пайдалана біледі – оқушының білім деңгейін біліп отырамыз, оқушы да біліп отырады;
- сабақтан жағымды әсер
алып қанағаттанады;
- білім сапасы мен оқу материалын 100 % меңгертуге болады;
- оқу материалы есте жақсы
сақталады;
- сабақ ойын арқылы
болғандықтан, оқушылар
шаршамайды.
Осы модульдік
технологиясын қолданған уақытта менің
оқушыларымның пән бойынша білім сапасы 71%-ке көтеріліп, 100%
үлгерім сапасын көрсетіп жүргенін қуанышпен айта
аламын.
Зер
сала қарасақ, оқушынынң білімді меңгеру
деңгейі талдаудан бастап, жинақтау мен бағалауда
жоғарылай түседі. Технологияның да негізгі ерекшелігі осында.
Оқушы бітімін шығармашылық деңгейде
жетелеуде мәселе қойып оқытудың алар орны да ерекше.
Сондықтан да мен әріптестерімді
түгел осы модульдік технологияны өздері меңгеріп, пәнді
оқытуда қолдануға шақырамын, осы істе
шығармашылық табыстар тілеймін!
Қорыта
айтқанда, модульдік оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу
моделі ақпараттардың аяқталған блогынан,
бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының
нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің
мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік
оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз
бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың
әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін
қамтамасыз етеді.
Алға
қойған мәселем - оқытудың жаңа элементтерін
пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту.
Бұл
технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету
мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының,
белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік
(стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.
Модельде 3
деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы,
шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.
3
деңгей - мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық
оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей - бұған
қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді - өзіндік
пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен
дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай
алады. Бағалау: 3 деңгей –
«3», 2 деңгей - «4», 1
деңгей - «5» деген бағаның тапсырмасы. Бұл
технологиямен 2007-2008 оқу жылының жартысынан бастап жұмыс істеудемін. Бір жыл ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта
алмаймын, бірақ оқытушының ынтасы,
жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру
жүйесінде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Оқушылардың тапсырманы
өз бетімен орындауы – шығармашылық
жұмыстың бастамасы. Сонымен қатар, топ оқушыларының қай пәнге икемді екенін
байқап, әрі қарай дамытуға көп көмегін
тигізеді. Оқушылар 1 деңгейді орындауға еліктеп,
сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге
отыратын болды. Бір байқағаным, шығармашылық қабілет ол оқушының
табиғатында болуы мүмкін ғой. Сондықтан да менің
міндетім – оқушының бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Әдебиеттер:
1.
Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
2.
Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде
әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.
3.
Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану
әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.