Қайшылық туралы ойшылдар көзқарастарға шолу

Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

 

Қайшылық идеясы туындаған сәттен бастап қайшылық болуы мүмкін емес деген қағида да туындады. Антисфен (б.д.д. 444-366жж.), Сократтың оқушысы, киниктер мектебінің негізін қалаушы, қайшылықтың болуы мүмкін емес деген. Аристотельдің сөзіне сүйенсек, ол жалған сөйлем ешкімге де қатысты емес деп ойлады деген тұжырым айтады. «сондықтан... тек қана біреу туралы біреумен ғана өзіне тән сөзден басқа ешқайсысымен де белгілене алмайды». Осыдан барып қайшылық жоқ деген түсінік туындады, олай болса тіптен жалған сөйлем де мүмкін болмас [1;178].

Платон «Софист» диалогында Гераклиттің қарсылық диалектикасына негіздеме берген, «хотя небытие – противопложность бытия, но оно не существует, хотя с другой стороны, «само иное, как причастное бытию, существует благодаря этой причастности... вследствие же того, что оно есть иное по отношению к бытию, оно – совершенно ясно – необходимо должно быть небытием». Екінші жағынан басқаға қатысты болатын болмыс басқа текке өзгеше болмақ, барлығына да өзгеше бола тұра, ол әрқайсысына жеке тұрып та ортақ болмас, солайша қандай да жағдай болмасын болмыс өмір сүре алмайды, «... бытие бесспорно не существует, и все остальное, каждое в отдельности и все во совокупности, многими способами не существует, многими же – нет» [2;С.384-385]. Осылайша, әр жеке дүние басқаға қатысты өзінің табиғатына орай өзгеше емес, өзге идеясына қатысты болуы нәтижесінде өзгеше. Платон іргелі бес түрді бөліп алған: болмыс, тыныштық, қозғалыс, ұқсас және өзге, соның ішіндегі соңғы екі жұп бірінен-біріне ауысып отыратын өзара байланысқан түсінік. Формальдық түрде болмысқа болымсыздықты қосатын болсақ,  қайшы және бір мезгілде қайшы емес жұп туындайды. Осы тектес қайшылықты Платон тілдік ойын арқылы құрастырып, шешімін тапқан, ол кезде жұпты екі түрлі қырынан қарастырған. Қайшылықты түсіну үшін қайшылық көзі деп санайтын және біркезде қайшылықты шешудің құралы болатын түсінікті түсінудің маңызы зор. Қозғалыс дегеніміз болмысқа қарағанда өзгешелік, «не ясно ли, однако, что движение на самом деле есть и небытие, и бытие, так как оно причестно бытию. Небытие, таким образом, необходимо, имеется как в движении, так и во всех родах».

Нәрседе өзгеріс болып жататындықтан, ол ешқашан өзіне-өзі тепе-тең болмайды және ішінара қайшылықты түрде өмір сүреді. Сан мен сапа арасындағы қайшылық - жалпы заң көрінісінің бірі ғана, осы жалпы заң бойынша барлық зат пен құбылысқа ішкі қайшылық тән, ал бұл қайшылық олардың дамуының қайнар көзі мен қозғаушы күшін құрайды.

Дамудың екі концепциясы әсіресе нақ осы қайшылық туралы мәселеде бір-біріне ерекше қарама-қарсы тұрады. Мұны философияның бүкіл тарихынан байқауға болады, бұл қазіргі заманғы философияға да тән.

Аристотель антик заманындағы ойшылдың бұл мәселеге көзқарасын мынадай сөзбен сипаттап берді: «...дүниеде бар зат және мән қарсылықтан тұратынын жұрттың бәрі мойындайды; ең болмағанда жұрттың бәрі дүниенің бастамасын қарсылықты деп жариялайды мәселен, біреу (мұнда) тақ пен жұпты, екіншілер - жылы мен суықты, үшіншілер - шектілік пен шексіздікті, төртіншілер - махаббат пен өшпенділікті көрсетеді. Ежелгі грек диалектигі Гераклит қайшылық проблемасын сол заман тұрғысынан алғанда анағұрлым терең қарастыра білді. Барлық нәрсе өтіп, өзгеріп отыратындықтан, - деп санады ол, - зат табиғаты да олардың қайшылығынан тұрады және бар нәрсе қарсылық күресінің нәтижесінде жүзеге асады».

Дүниеге метафизикалық көзқарас үстем болған ұзақ уақыттың бойында заттың қайшылықты мәні және қайшылықтың дамудағы рөлі туралы мәселе дұрыс шешілмеді, дегенмен кейбір жеке философ бұл мәселеде терең мазмұнды идея айтты. Қайшылық туралы диалектикалық ілімді талдап жасауда Гегель орасан зор еңбек сіңірді, бірақ оның бұл проблемаға деген көзқарасы идеализмге толы болды. Сөйтіп, тек марксизм ғана Гегель философиясының шектеулігін жойып, қайшылықтың ғылыми теориясын жасап бере бідді.

Батыстың қазіргі заманғы көптеген философы құбылыстың диалектикалық қайшы мәнін үзілді-кесілді теріске шығарады. Олар тек біздің ойымыз ғана қайшы болуы мүмкін, ал шынайы дүние затында еш қайшылық болмайды деп пайымдайды.

Ой қайшылығы не «логикалық қайшылық» бар екені сөзсіз, олар - логикалық дәйексіздік, логикалық қатенің салдары. Біз дәл қазір бір зат туралы бір мезгілде және бір тұрғыда бірін-бірі теріске шығаратын екі пікір айтатын болсақ (мысалы, «Бұл үстел дөңгелек» және «Бұл үстел дөңгелек емес» десек), онда мұндай ой қайшылығына жол беруге болмайды. Ғылыми теорияда мұңдай қайшылықтың орын алуы ол теорияның ақиқат еместігін не әлі де болса шикі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, көп жағдайда бұл ой қайшылығының қалқасында құбылыстың өзінің объективтік қайшылығы жатуы, бірақ олар әлі ашылмаған, танып білінбеген болуы мүмкін. Диалектика қарсыласы міне сол диалектикалық қайшылықты ойлаудағы логикалық қайшылықпен шатастыруға, алмастыруға әрекет жасайды.

Абсолют түрде тепе-тең келетін зат, құбылыс дүниеде жоқ. Біз кейде қайсыбір объектіні өзара салыстыра келе оларды ұқсас, тепе-тең деп айтатын болсақ, онда бұл ұқсастықтың өзі олардың бір-бірінен әйтеуір бір айырмашылығы бар екенін, бірдей емес екенін көрсетеді, әйтпесе оларды салыстырудың ешқандай мағынасы болмайды. Демек, бұл екі затты жай ғана сырттай салыстырғанның өзі-ақ тепе-теңдік пен айырмашылық бірлігін ашып береді: әрбір зат бір мезгілде басқа нәрсемен әрі тепе-тең, әрі одан өзгеше. Міне, осы аса қарапайым мағынада алғанның өзінде-ақ тепе-теңдік абстрактілі емес, нақты, басқаша айтқанда, онда айырмашылықтың да, тепе-теңдіктің де жағы бар.

Нәрседе бар айырмашылық басқа нәрсемен салыстыру айырмашылығы ретінде ғана көрінбейді, сондай-ақ өзіне өзінің қатысы жөніндегі айырмашылық түрінде де көрінеді, яғни біз белгілі бір нәрсені үздіксіз қозғалыс, даму тұрғысынан ол нәрсе бойындағы айырмашылық болады. Мысалы, тірі жәндік басқа тірі жәндікпен әрі ұқсас, әрі ұқсас еместігінен ғана тепе-теңдік пен айырмашылық бірлігі болмайды, сонымен қатар ол өзінің тіршілік үрдесін жүзеге асыра отырып, өзін-өзі теріске шығарады, яғни қарапайым тілмен айтқанда, өзінің ақырына, ажалына қарай дамиды.

Диалектикалық теорияның нәрсе бір мезгілде өмір сүреді, әрі өмір сүрмейді деген тұжырымдауын тек мынадай мағынада ғана түсіну керек: нәрсе тұрақтылық пен өзгергіштік, оң мен теріс және т.б. бірлігі болады. Ал мұның өзі - әр нәрсе, әр құбылыс қарсылықтың бірлігі деген сөз. Бұл ұғымның мәні ең алдымен мынада: барлық объектіге ішкі қарсы жақ, тенденция тән. Ішкі қарсылық - кез келген объекті мен процесс құрылымына тән, ажырамас қасиет. Мұнымен қатар әр объекті не объекті тобының өзіне тән ерекше қайшылығы болады, ал оларды нақты таңдап қана ашамыз.

Бірақ қарсылық бірлігі жайындағы ұғым құбылыстың ішкі қайшылығын мойындауымен ғана шектелмейді. Қарсылық арасындағы байланыс пен өзара әрекет сипаты, құрылымын ескерудің аса зор маңызы бар. Бұл байланыстың мәні мынада: тұтас нәрсенің әр жағы оған қарсы басқа жағы болғандықтан ғана өмір сүре алады. Объектінің қос қыры қарсылық арасындағы сыртқы қатынасты білдірмейді. Бүтін дамуындағы қарсы жақ, қасиет, тенденцияның бірін-бірі өзара керек етуі, өзара бір-біріне өтуі - қарсылықтың қандай бірлігінің болса да аса маңызды белгісі.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

 

1.     Аристотель.,Поэтика/Пер.М.Гаспарова//Аристотель.Сочинения: В 4-х т. Т4. М.: Мысль, 1984

2.     Кант И., Критика чистого разума. – Соч. в 6 томах. Том 5 – М.: Мысль. 1964. - 800с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік зерттеу негізіндегі қайшылықты мәдени қыры

Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

 

Қарсылықтың өзара шарттастығы - диалектикалық қайшылық ерекшелігінің тек бір қыры ғана. Ажыратуға болмайтын екінші бір қыры - бірін-бірі жоққа шырғауы. Бір тұтастық жағы қарсылық болғандықтан, олар тек өзара байланыс күйінде емес, бір-бірін жоққа шығару, алшақтау күйінде де болады. Бұл жағдай қарсылық күресі деген ұғыммен тұжырымдалады.

Сонымен, диалектикалық қайшылықтың мәнін қарсылық бірін-бірі қостаған және жоққа шығарған кездегі қарым-қатынас және байланыс деп танимыз, ал арасындағы күрес - дамудың қозғаушы күші, қайнар көзі. Біз қарастырған заңның қарсылық бірлігі мен күресі деп аталуы да осыдан.

Бұл заң диалектикалық дамудың аса маңызды ерекшелігін ашып береді: қозғалыс, даму - өзіндік қозғалыс, өзіндік даму ретінде жүзеге асады. Өзіндік қозғалыс, өзіндік даму деген ұғымның ең алдымен терең материалистік мәні бар. Ол - дүние белгісіз бір сыртқы себептің салдарынан дамымай, өз заңы, материяның қозғалыс заңымен дамиды деген сөз. Диалектикалық мән құбылыс дамуының қайнар көз, қозғаушы күш, ішкі қайшылығын іздеу қажеттілігін танытады. Ерте заманда табиғат процесіне әсер етуші тұрақты фактор ретінде табиғаттан тыс қүдіретті күштің қаңдайын болса да жоққа шығаратын кейбір материалистердің өзі де материяны қозғалысқа келтірген белгісіз бір құпия «алғашқы қозғаушыны» мойындауға мәжбүр болды.

Табиғат дамуы қозғалыс, даму сипатында болады деген диалектикалық ілім буржуазияның қазіргі заманғы көптеген философы заттың қайшылығы мәні туралы қағидаға не себепті қарсы өршелене шабуыл жасайтынын айқын түсіндіріп береді. Дамуды осылайша түсінген кезде табиғаттан тыс «жоғары» тұрған «мистикалық жасампаз күшке» орын қалмайды. Мәселен, неотомизм философиясы өкілінің бірі Х.Огарман маркстік әдіске қарсы бағытталған «Материалистік диалектика» деген кітабында табиғатта болып жататын елеусіз өзгерісті ғана емес, сондай-ақ күрделі өзгерісті де өзіндік қозғалыс принципі негізінде түсіндіру дұрыс емес деп санайды. Кітап авторының метафизикалық концепциясы бойынша, өлі мен тірі материя, материалдық және материалдық емес (психика) дүние - бір-бірімен қосылмайтын қарсылық; олар тұңғиықпен бөлінген және олардың арасында табиғи өткел жоқ.

И. Кант қарсылық екі заттың біреуі жағымды боп екіншісін жойғанда жүзеге асады. Оған тән сипат: (1) бір-біріне қайшы анықтама бір субъектіге жатуы тиіс; (2) осы екі анықтаманың біреуі контрадиктор қарсылыққа жатпайды; (3) анықтама келесі анықтама меңзейтінді ғана жоққа шығара алады; (4) предикат екеуі де жағымды болуы шарт [1;85с.]. И. Кант қарсылықтың байланысына ерекше тоқталған. «Критика чистого разума» атты еңбегінде И.Кант ақиқаты бірдей іргелі қайшылықтың негіздемесін берген. Ол таза парасаттың төрт антиномиясы: (1) Трансцедент (латын. шектен тыс; танылмаған, тәжірибеден тыс) идеяның алғашқы қайшылығы: Тезис: Дүниенің уақыттық бастауы бар, ол кеңістікпен де шектелген. Антитезис: Дүниенің уақыттық бастамасы да, кеңістіктік шекарасы да жоқ; ол уақытта да, кеңістікте де шексіз [1;С.404-405]. (2) трансцедент идеяның екінші қайшылығы: Тезис: Дүниедегі барлық күрделі субстанция (субстанция – филос. барлық зат пен құбылыстың бастапқы негізі, мәні деп қаралатын материя) қарапайым бөлшектен тұрады, шынын айтқанда тек қарапайым, не қарапайымнан құрылған күрделі ғана өмір сүреді. Антитезис: Дүниеде күрделі заттың ешқайсысы қарапайым бөлшектен тұрмайды, шынын айтқанда дүниеде жалпы қарапайым зат жоқ [1;С.410-411]. (3) Транцедент идеяның үшінші қайшылығы. Тезис: Дүниедегі бар құбылысты шығаруға болатын табиғат заңының себебі жалғыз себеп емес. Құбылысты түсіндіру үшін еркін себептің де болғаны абзал.  Антитзеис: Ешқандай еркіндік жоқ, дүниеде барлығы да табиғат заңына бағынышты [1;С.418-419]. (4) Транцедант идеяның төртінші қайшылығы. Тезис: Дүние - не оның бөлігі, не оның себебі болатын сөзсіз қажетті мән. Антитезис: Сөзсіз қажетті мән еш жерде оның себебі ретінде – не дүниеде, не дүниеден тыс жоқ [1;С.424-425]. Осылайша И.Кант үшін қайшылық логикалық дүниедегідей емес, нақты дүниеде сөзсіз ғана емес, қажетті құбылыс.

И.Фихте философиясында қайшылықтан гөрі қарсылыққа ерекше назар аударылған[2].

Ф. Шеллинг алғашқы ақиқат қайшылықтан туындаған деген болатын. Абсолюттік еркіндік пен абсолюттік қажеттілік тепе-тең. Шынайы реализм – субъектив идеализм, ал обектив идеализм – субъектив реализм. Субъект пен объект тепе-тең болғанда бұл қайшылық өзінен-өзі жойылады. Бір-бірін жоққа шығаратын принцип, барлық қайшы жүйе тепе-тең болатын абсолют дәлелденеді [3;225с.].

IX ғасырда өмір сүрген әл-Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаты математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаты). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрік ойшылдарының қатарына Ахмет Югнаки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Қазан төнкерісіне дейін бұларды қазақ зиялылары жақсы білген, сонымен қатар көшпенділер деген атта қалған. Қазақтардың жоғары қала мәдениетінің болғанын айғақтайды. Ойшылдардың көбі араб парсы мистикалық философиясында болған. Қазақ топырағына араб парсы мәдениеті Шығыс поэзиясы арқылы таныған. Фир Дау Си бастап Науаи деген ақындар бәрі суфизм ықпалында болды сондықтан өнер, поэзияға жақын. Қазақ халқы исламның ортодокциялық жағына ден қоймай оның философиясын қабылдаған, философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емес өзінің төл санасына жататын құбылыс. Айталық «тәуба» философиялық ұғым ол қандай құбылыстың болса да рухани өлшемі. Бұл ұғым адам қуанышының да қайғысын да шегі барын білдіреді, барға қанағат ету керек. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психолог – сына әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңді, халық дүниетанымының ерекшелігі оның тұрмысынан аңғарылуы заңды дүние. Сондықтан араб–парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі салты ерекшелігіне сай қабылдаған.

VIII – IX ғасыр Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді.  Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ «Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ». Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жыры өте маңызды. Кітаби Қорқыт 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі еліне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі нұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрезден (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған.

Қорқыттың нақыл сөзінде қазақ мақалына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт–сана табиғат және қоғамға деген көзқарасы көрініп тұр.

Қар қанша қалың жауғанмен//Көктемнен қалмас.//Ескі темір біз болмас,//Ескі дұшпан дос болмас.//Атасыз ұл ақылға жарымас,//Анасыз қыз жасауға жарымас.//Ажал келмей кісі өлмес,//Өлген адам тірілмес.т.б. қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру сол арқылы өмірге мәңгілік ету идеясы оның философиясының ірге тасын қалайды.

Түрлі кезең және әртүрлі халықтың қайшылыққа берген бағасын тұжырымдай келе көзқарас мол екеніне көз жеткіздік. Дегенмен бар пікірді үш бағытқа бөлуге болады: (1) Қайшылықсыз заң әрекеті сөзсіз болмыстың бар саласына жатады (Аристотель және оны қолдаушылар көзқарасы); (2) Қайшылықсыз заң Абсолют не ортақ Құдайдан тыс өмір сүреді; (3) Қайшылықсыз заң логика, табиғатта да абсолютсіз. Әртүрлі түрдегі қайшылық қажетті, ол түрлі форма, диалектикалық көзқарас, сондай-ақ көпмағыналы логика заңдылығын негіздеуде де бейнеленген.

Тіл білімінің антропоцентристік парадигмаға өзгеруі нәтижесіндегі сипаттағы пән пайда болу үрдісі байқалады. Лингвистикалық философия, психология, әлеуметтік және мәдениет ғылымының аспектісі негізінде, ең бастысы – тілдік құбылыс адам, оның ойлауы және практикалық қызметімен ұштастыра зерттелуден басталады. Осындай пәнаралық ғылымның бірі – жиырмасыншы ғасырдың 90-жылында тіл мен мәдениеттің өзара байланысының идеясы негізінде пайда болған «...тілде көрініс тапқан және бекітілген мәдениет көріністерін зерттейтін» жаңа ғылым – лингвомәдениеттану [4;9с.].

Бұл сайып келгенде, тілге де, мәдениетке де тән кумулятиция қызметі – бір жағынан, кез-келген ұлттық мәдени ерекшелігі бейнелесе, екінші жағынан, мәдениет тілдік концептінің пайда болуына тікелей ықпал ететіндігін көрсетеді.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.     Кант И., Критика чистого разума. – Соч. в 6 томах. Том 5 – М.: Мысль. 1964. - 800с.

2.     Фихте И., Сочинения в двух томах. Т.1/СПб.: Мифрил, 1993. -687с.

3.     Шеллинг Ф., Сочинения в 2 томах. Т.1- М.: Мысль, 1987. -637с.

4.     Маслова В., Лингвокультурология М.: 2001. -203с.

 

 

Қайшылықтың мәденттанымдық қыры мен тынысы

 

Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

 

Лингвомәдениеттану пәнаралық ғылым болғанымен, оның сипаты екі ғылымның жай ғана қосындысы щеңберінен шығар өзінің күрделі ерекшелігімен дараланады. Қазіргі таңда тіл білімінің лингвомәдениеттану саласы қандай да болмасын жаңа ғылымға оның пайда болу алғышарты, дербес жаңа ғылыми сала болып қалыптасу кезеңін өткізуде. Лингвомәдениеттану алғышарттары Е. Гумбольдттың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясын Э. Сепир мен Б. Уорфтың «тілдік ықтималдылық болжамымен» ұштасып жатыр. Сонымен қатар, бұған этнолингвистиканың өзіндік ықпалын баса айтуымыз қажет. Атап айтқанда, қазақ біліміндегі ұлт мәдениеті тілдік белгі астарын зерттеген Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздықов, Е. Жанпейісов, Ә. Ахметов т.б. еңбектерін қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдениеттану ғылымының пайда болуының алғышартын осылай түсінсек қателеспейміз.

Осы тұста «лингвомәдениеттану этнолингвистика - айырмашлығы неде?» деген орынды сұрақ туындайды. Осыған байланысты ғалымдар арасында әртүрлі пікір бар екенін айтып өткен жөн. Оларға шолу жасай отырып, бұл мәселеге байланысты мен мәдениеттің  өзара қатынасын қазіргі заман мәдени-ұлттық сана-сезім тұрғысынан қарастырып және оның тілдегі көрінісін зерттеп, сипаттау [1;15с.]. Бұл сайып келгенде мәдениет пен тілдің тарихи табиғатының тарихылығымен тікелей байланысты.

Тілдік белгілердің ішкі формасында көрініс тапқан, «мәдениет ықпалы негізінде қалыптасқан дүниетаным, ұрпақтан-ұрпаққа беріле отырып, этнос, ұлт, халықтың дүниені мәдениет ұстанымы арқылы танып білу процесінде қалыптасқан ұжымдық түсінігін қазіргі заманға жеткізеді» [1;16с.].

Лингвомәдениеттану «мәдениет пен тілдің өзара қатынасының тілдегі көрінісін зерттейді және бұл үрдісті тілдік және тілдік емес (мәдени) мазмұнды біртұтас бірлікте, біртұтас құрылым ретінде кешенді әдістеме көмегімен және де қазіргі заманның басты бағыты мен мәдени ұстанымына сәйкес зерттейтін қосынды (синтезирующий) түрдегі кешенді ғылым» болып табылады [2;С.36-37.]. Лингвомәдениеттанудың басқа тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін ғылым салаларынан тағы бір ерекшелігі — оның кез келген нысанды зерттеуде тілдік және мәдени контексті тең қарастыруы. Қазіргі уақытта лингвомәдениеттанудың диахроникалық, салыстырмалы, салғастырмалы және лингвомәдени лексикография салалары айкындалды. Соңғысы «белгілі бір тіл мен мәдениеттің байланысын практикалық мақсатта атап айтқанда, шетел тілін оқыту әдістемесі мен аударматануды зерттейтін этнолингвистиканың қолданбалы бөлігі — елтанумен» [3;40с.] тығыз байланысты. Аударматанудың (қазақ-орыс тілдері бойынша) лингвомәдени аспектісін зерттеген А.Аддашева «этнолингвистика мен елтануға қарағанда лингвомәдениеттанудың ауқымы өте кең» деп анықтайды. [4;122б.].

Сонымен, жоғарыдағы шолу негізінде лингвомәдениеттану мен этно-лингвистиканы кең көлемде, яғни тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерт-теу бағытына байланысты бір саладағы ғылым деп тұжырым жасауымызға әбден болады. Ал нақты түрде қарастырсақ, этнолингвистика мен лингвомәде-ниеттанудың өзіндік ерекшелігі: (1) этнолингвистикалық зерттеу белгілі бір этнос не этномәдени аймақтық шеңберде болса, лингвомәдениеттану салыстыр-малы және салғастырмалы түрде зерттеуге негізделген; (2) этнолигвистикалық зерттеуде түрлі ритуал формасын қайта жаңғырту жұмысы мақсат етіледі; (3) этнолингвистикада мәдениеттің материалдық жағына көбірек көңіл бөлінсе, лингвомәдениеттануда рухани жағы, яғни дүниетаным негізі, діл, ұлттық психология, ұлттық рухани моральдық құндылық айқындалады; (4) этнолинг-вистикалық зерттеу нысаны негізінен мәдениеттің фольклор үлгісінде көрініс тапқан дүние, яғни ретроспективалық бағытта болса, лингвомәдениеттануда тарихи  және қазіргі замандағы ұлт өкілі, яғни мәдениет пен тіл иелерінің құндылықты танудағы өзгерістерді де зерттейді; (5) этнолингвистикалық ізденісте тілдік материалға көбірек көңіл бөлінсе, лингвомәдениеттануда тілдік және мәдени контексте тең қарастырылады; (6) этнолингвистикалық зерттеулерде тілдік, атап айтқанда этимологиялық әдістеме басым қолданылса лингвомәдениеттануда танымдық лингвистика, ассоциативтік психология т.б. саланың озық әдістемесі, кешенді түрі өзіндік қолданыс табады; (7) лингвомәдениеттану ғылымының қазіргі кезде түрлі саласы мен өзіндік терминдік аппараты («концепт», «мәдени коннотация», «лингвомәдени құзырет», «прототип», т.б. айқындалды.

Әдістеме ішіндегі лингвомәдени сараптамаға келсек, оның этимологиялық сараптамамен пара-пар келмейді. Лингвомәдени сараптама-ның мақсаты – «тілдік бірліктің шығу түрін айқындау емес, әртүрлі типтегі, яғни әдеби, діни, саяси және дискурс ықпалымен пайда болған қайшы тұрақты бірлікте түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарты мен жағдаятын анықтау болып табылады [5;133с.].

Әрине, бұдан лингвомәдени сараптама этимологиялық сараптамадан мүлдем бас тартады деген жаңсақ пікір туындамауы қажет. Кез келген ұлттық реңкте тілдік бірліктің түп негізін анықтауда этимологиялық сараптама әсер етер жағдайда міндетті түрде қолданылады.

Лингвомәдениеттану пәнін айқындау пікірінен – ізденіс нысанына байланысты азды-көпті айырмашылық байқалады. В. Телия лингвомәдениет-тану пәні деп бір ұлттың ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдениетке тән әмбебеап сипаттағы мәдени ақпарат деп түсінсе, В.Маслова оны тек бір ғана ұлтқа тән мәдени ақпарат деп қарастырады. Ғылыми ізденісте лингвомәде-ниеттану пәнін бір ұлтқа тән ұлттық мәдени ерекше ақпаратпен қатар, әртүрлі мәдениетке де тән әмбебап ақпарат деп санайды [6], біз де сол пікірді қолдаймыз. Өйткені ізденіс барысы мен нәтижесі оның шынайылығы мен дұрыстығын толығымен дәлелдейді. Бұл тұжырым ізденіс барысында дәйектелінеді.

Сонымен, лингвомәдениеттану пәні «адамзатқа мифология, аңыз, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, фольклор және діни дискурс, поэтикалық әрі прозалық мәтін, фразеология, метафора, символ мен паремияда тапқан архетиптік, прототиптік сана нәтижелерін қорытындылау және мәдениетке символдық, эталондық, образдық метафоралы мән қабылдаған тілдік бірлік болып табылады» [7;36с.].

Лингвомәдениеттанудың жоғарыда атап кеткен бағыты салғастырмалы лингвомәдениеттану өзінің жаңадан қалыптасу кезеңінде екендігін осы сала мәселесі бойынша (іргелі) ғылыми еңбектің бірен-сарандығы дәлелдемек. Ғылыми ізденістің мақсаты – қазақ тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы типологиялық лингвомәдени бағытының негізін айқындау.

Түркі және үндіеуропа тілдерін әртүрлі этникалық мәдени контексі негізінде салыстырмалы және салғастырмалы зерттеудің өзектілігін қазіргі таңда бұндай сипаттағы ғылыми ізденістің аздығы айғақтайды. Мұндай салыстырмалы және салғастырмалы лингвомәдени ғылыми ізденіс тілде көрініс табу ұлттық мәдени құбылысты тереңірек танып білуге мүмкіндік береді. Әрине бұл бағыттың өз ішінде де  тіл мен мәдениеттің байланысы мәселесі көрініс тапқан белгілі бір этникалық социумда қабылданған және белгілі бір ұлттық болмыстың берілетін сөйлеу этикеті т.б. салалары бар.

Лингвомәдениеттанудың өзіндік негізгі ұстанымынан туындайтын басты ғылыми ұғымының болуы шарт. Сондай-ақ ұғымның бірі – тілдік тұлға феномені. Алғашқы идеясын ұсынған неміс ғалымы Й. Вейсгербер. Кейін бұл идея В. Виноградов, А. Леонтьев, В.Карасик, В.Шаховский және басқа да ғалым еңбегінде одан әрі дамытылды. Зерттеуде Ю.Караулов тұжырымдаған орыс тілді тілдік тұлға теориясының жалпы теориялық ұстанымын негізге аламыз. Ғалым «қоршаған ортаны терең де, дәл бейнелеуі мен белгілі бір мақсаттағы бағыты және тілдік құрылымдық күрделілігімен өзгешеленетін сөйлеу мәтінін жасау және түсіну қабілеттілік жиынтығы тілдік тұлғаны білдіреді» [6] деген анықтама береді.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.        Телия В., Первоочередные задачи и методологические проблемы исследо-вания фразеологического состава языка в контексте культуры. –М.: 1999. С.13-24

2.        Воробьев В., Лингвокультурология (теория и методы). –М.: 1997.

3.        Карлинский А., Лингвострановедческий принцип обучения иностранным языка//«Язык и культура: лингводидактический аспект». Материалы международной научно-методической конференции. Алматы, 1998

4.        Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. (казахско-русские языки) Алматы, 1998

5.        Брагина Н.Г. Фрагмент лингвокультуро-логического лексикона (базовые понятия)//Фразеология в контекстке культуры. –М.: 1999. С.131-137.

6.        Ислам А.,Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы: 2004.

7.        Маслова В., Лингвокультурология М.: 2001. -203с.