Капсалямова Э.Н., Ертаева М.С
С.Ж.Асфендияров
атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Фармацевт
– технолог модулі
Отандық шикізат сортаңды цистанхе негізінде жаңа
дәрілік қалып алу жолдары
Сортаңды Цистанхе дәрілік өсімдік
шикізатынан құрғақ экстракт алу технологиясы
өңделіп, потенциалды дәрілік зат болып табылатын,
стандартталған жаңа өнім алынды. Сортаңды Цистанхе
дәрілік өсімдік шикізатынан (Cistanche salsa) алынған
құрғақ экстракт ҚР МФ және ҚР ДС
және ӘД Министрлігінің нормативті құжаттарына сай
стандартталды.
Түйінді
сөздер: сортаңды Цистанхе, құрғақ
экстракт, стандартталған жаңа өнім.
Кіріспе. Қазақстан – әртүрлі аурулар
түрін емдеуде қолданылатын
кең спектрлі әсерге ие дәрілік өсімдік шикізаттарына
бай. Соның ішінде
сортаңды Цистанхе дәрілік өсімдік шикізатына (Cistanche salsa) назар аударуға болады, бұл
өсімдікте биологиялық белсенді заттардың комплексі бар, олардың ішінде флаваноидтар, иридоидтар, полифенольды қосылыстар. Бұл комплекс қабынуға
қарсы, жараны жазатын, спазмолитикалық, антисептикалық әсерге
ие.Қазақстан Республикасында бұл өсімдік жеткілікті
кең таралған[1-3].
Мақсаты. Отандық дәрілік өсімдік шикізаты сортаңды
Цистанхеден (Cistanche salsa) құрғақ экстракт
алу.
Әдістер мен материалдар. Шикізат ретінде сортаңды Цистанхе Cistanche
salsa столондары алынды.
Кептірілген Cistanche salsa столондары оптимальді өлшемге
дейін 0.001 – 2.000 мм кескішпен
ұсақталынды.
Құрғақ Цистанхе
экстрактісі өнімінің өндірісі келесі технологиялық
сатылардан тұрады: контейнерлер дайындау, ингридиенттер дайындау,
экстракттар дайындау, құйып алынған
сұйықтықтарды араластыру, тұндыру және экстрактты
фильтрлеу, қоюландыру (вакуумды буландыру), қоюланған
экстракттарды вакуумды кептіру/сублимационды кептіру, орау және
таңбалау.
Технологиялық үрдістің
алдында өндірісте қолданылатын барлық ингредиенттер мен
материалдар нормативті құжаттарға сай стандартизациядан
өтті. Регламенттелген шикізат көлемін экстракторға салып
үстінен регламенттелген экстрагент (50 % этил спирті) көлемін
құйып 5 күн бойы үнемі араластыра отырып 25±2 0С температурада
тұндырылды. Регламенттелген экстрагентті (50 % этил спирті) 5 күн
бойы құйып алып, қайта құйып тұрдық.
Алынған 2 экстрактты құйып алып, үшінші порция
экстрагентті құйып тұрдық. Экстракция стадиясында
алынған шротты қалдықтар қабылдағышына салып
отырдық.
Араластырғышта 3 экстрактты қосып
4-5 сағ бойы араластырдық. Араластыру уақыты біткен соң
экстрактты тұндырғышқа құйдық. 8-10 0С температурада 3
күн бойы тұндырдық. Тұнбаның бетіндегі сұйықтықты
құйып алдық, ал тұнбаны қалдық
қабылдағышқа салдық. Экстрактты арнайы қос сатылы
мәжбүрлі фильтр арқылы фильтрледік. Фильтрленген экстрактты
жинағышта жинап ротационды буландырғышта қоюландырдық.
1 –әдіс вакуум кептіргіш шкафта 40 0С
температурада, 2 – әдіс сублимационды кептіру әдісін
қолдандық. Өнімнің шығуы 8 – 10 % кем емес.
Алынған құрғақ экстракт ауа өткізбейтін
контейнерге қатталынды. Экстракт құрғақ,
жарық түспейтін жерде, 2-8 0С
сақталынады.
Құрғақ
экстракттың стандартизациясы ЕФ, ҚР МФ, ҚР Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі нормативті
құжаттарына (19 қараша 2009 года № 754 «Дәрілік
заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі
нормативтік- техникалық құжатты жасау, келісу және
сараптау ережесін бекіту туралы» бұйрығы) сәйкес міндетті
түрдегі көрсеткіштер: анықтама, идентификация, ерігіштігі,
мөлдірлігі, түсі, органикалық еріткіштер қалдығы,
кептірген кездегі массасын жоғалту, ауыр металлдар, микробиологиялық
тазалығы, сандық анықтауы жүргізілді.
Құрғақ
экстракттың құрамындағы биологиялық активті
заттардың сандық анықтауы мен идентификациясы ЖЭСХ
фармакопеялық әдіспен анықталды.
Қорытынды
Сортаңды Цистанхе дәрілік
өсімдік шикізатынан құрғақ экстракт алу
технологиясы өңделіп, потенциалды дәрілік зат болып
табылатын, стандартталған жаңа өнім алынды. Сортаңды
Цистанхе дәрілік өсімдік шикізатынан (Cistanche salsa)
алынған құрғақ экстракт ҚР МФ және
ҚР ДС және ӘД Министрлігінің нормативті
құжаттарына сай стандартталды.
Әдебиеттер:
1 Грудзинская Л.М., Гемеджиева
Н.Г. Список лекарственных растений Казахстана. – Алматы, 2012. – 139 с.
2 Исабаев С.О.
Эколого-биологические особенности цистанхе сомнительной (Cistanche ambigua
Hoffmgy et Link) саксаульных лесов пустыни Моинкум: Автореф. … канд. биол.
наук. – Алматы, 2010. – 22 с.
3 Капсалямова Э.Н. Разработка
состава и технологии лекарственной формы на основе полифенольных соединений
Cistanche salsa (C.A. Mey.) G. Beck: автореф. …канд. фарм. наук. – Алматы,
2010. – С. 24.
Резюме
Капсалямова Э.Н., Ертаева М.С
ПУТИ
ПОЛУЧЕНИЯ НОВЫХ ЛЕКАРСТВЕННЫХ ФОРМ НА ОСНОВЕ ОТЕЧЕСТВЕННОГО СЫРЬЯ ЦИСТАНХЕ СОЛОНЧАКОВОЙ
Казахский
национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиарова
Разработана технология получения сухого экстракта из
лекарственного растительного сырья Цистанхе солончаковой. Получен потенциальный
стандартизированная активная субстанция – сухой экстракт. Сухой экстракт из
Цистанхе солончаковой (Cistanche salsa)
стандартизирован в соответствии с требованиями ГФ РК и нормативных документов
МЗ и СР РК.
Ключевые
слова: Цистанхе солончаковая, сухой экстракт,
стандартизированный новый продукт.
Summary
Kapsalyamova E.N.,
Ertaeva M.S
WAYS OF OBTAINING NEW DRUG FORMS BASED ON LOCAL RAW MATERIALSOF
CISTANCHE SALSA
The technology of dry extract obtaining
from medicinal herbsCistanche salsa had been developed. We got potential standardized
active substance - a dry extract. Dry extract of raw Cistanche salsa is standardized in accordance
with the requirements of the Global Fund of Kazakhstan and regulatory documents of ministry of Health of Kazakhstan.
Keywords: cistanche salsa,
dry extract, standardized new product.