Садыбекова
Л.С., студент Осман Айгүл
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Жануарлар
әлеміне мұнай кәсіпшілігінің техногенді әсерін
бағалау
Үстүрт мемлекеттік
табиғи қорық (223,3 мың. га) және облыстық
Акимиатының (242,4 мың. га) коммуналдық меншігіндегі ормандар
және жануарлар әлемін (Бейнеу және Самск) қорғау
бойынша 2 мемлекеттік мекеме облыс аумағында жатыр .
Ландшафттың
табиғи және антропонедік күрделі өзгеруі
Маңғыстау облысының аймағы үшін тән сипат.
Аймақтың физика-географиялық жағдайы жануарлар
әлемінің әралуандылығын қалыптастырады.
Жануарлар
әлемінің қазіргі құрамы мен жағдайына
көп жылдық антропогендік факторлардың әсерінің
салдары болып табылады (мал шаруашылығы, малға азық дайындау,
құрылыс материалдарын өңдеу жұмыстары,
аңшылық және т.б.). Осы факторлардың көбісі
бұрын әсер еткенімен, қазіргі мұнай өндіру
барысымен салыстырғанда жануарлар әлеміне елеулі әсер
етпейді. Адамдардың жасаған техносфера ортасында жануарлардың
кейбір түрлерінің саны мен құрамы
тұрақтанып және тұрақты тепе-теңдікте
тұр. Жалпы, Маңғыстау мұнай орындарының
жерлеріндегі жануарлар әлемі антропофильді және антропотолерантты
түрлерімен күрделеніп отыр деп есептуге болады. Қоршаған
орта компоненттерінің ластануын әртүрлі жануарлар бірдей
қабылдамайды. Құстар класы үшін атмосфералық
ауаның қатты ластануы өте қауіпті, ал су жануарлары мен
балықтар үшін су ортасының ластануы қауіпті.
Сондықтан әр түрлер үшін табиғи компоненттерінің
ластануының өте қауіпті нұсқалары қаралып,
әрі көрсетілген. Дегенмен, мұнай кәсіпшілігі
аудандарында популяциялардың құрылымы мен динамикасы
өзгеруде. Кейбір жануарлардың түрлері орын ауыстырып,
олардың орнына синантропты түрлері қоныстануда [1].
Мұнай-газ
өндіруші кешенінің табиғи ортаның даласына әсері
секілді, жануарлардың тобының әртүріне де әсері
ерекше. Мұнай-газ кешенінің әсеріне сүт қоректі
жануарлар біршама тәуелді емес. Олар тіршілік ортасының
күрделі жағдайына жоғары бейімделуімен сипатталады.
Сондықтан да, олардың өміріне қауіп және
азықтық қорына зиян келмесе, олар мұнай өндіру
жерлерінде тұрақтанып немесе орын ауыстыруы мүмкін.
Мұндай жануарлар қатарына қасқыр, қарақал,
қарсақ, түлкі және ірі сүт қоректілер
–муфлон, киік, жейран және т.б. Бұл аймақта мұнай
өндіру ауданының қарқынды игерілуімен бұл
жануарлардың саны көп емес.
Жоғарыда
аталған жануарлар тобына мұнай өндірудің әсері,
тіршілік ортасының табиғи өсімдіктерінің тікелей
жойылуы және су тоғандары мен топырақтардың қатты
ластануы себепші болып отыр. Аймақтағы барлық жерлердің
мұнай өндіру барысында бүлінген жерлердің ауданы
табиғи бүлінбеген тіршілік ауданымен салыстырғанда өте
аз. Сондықтан да, жалпы жер үсті экожүйесінің жануарлар
әлемінің саны мен тығыздығын есепке алу
қиынға соғады. Тұзданған сулар мен
топырақтар теріс әсер етуші негізгі фактор болып табылады, себебі
топырақ және су тоғандарымен байланысты жануарлар үлкен
зиянды әсерді сезінеді [2].
Мұнай-газ
өндіруші кешендері су жануарлары, әсіресе Каспий
итбалықтарына елеулі әсерін тигізуде. Бұл су қойнаулары
мен топырақ жамылғысының мұнай өнімдерімен,
әрі кәсіптік ақаба суларымен, әрі атмосфераға
зиянды заттардың шығарылуымен байланысты болып отыр. Шектен тыс
мұнаймен ластану жағдайында итбалықтар ортаның
әртүрлі өзгеру факторларына бейімделушілік қабілетін
және жұқпалы ауруларға қарсы
тұрақтылығын жоғалтуда. Сондай-ақ,
ихтиофауналарға шамадан тыс әсер етеді. Біріншіден бұл –
мұнаймен, магний, кальций және хлор иондарымен теңіз
суының ластануы болып отыр. Сулардың минералдануының
жоғарлауы балықтарға қатты қысым ретінде
әсер етеді.
Сондықтан да, мұнай
кәсіпшілігі жерлерінде адамдардың тұру мүмкіндігін
болжау үшін, халықтың денсаулығын және
табиғи ортаны, сондай-ақ құрлықтағыдай,
теңізде де жаңа мұнай, газ орындарын пайдалануда кешенді
зерттеу және бағалау қажет.
Жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау
бойынша негізгі шаралар оны осы аймақтарда табиғи жағдайда
сақтау болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Изтилеуова М.Б., Дубинчин П.П., Надиров
Н.К. Исследование участков техногенного радиоактивного загрязнения на
нефтепромыслах // Нефть и газ – 2000, №2 – С 100-109.
2. Изтелеуова М.Б.
Современные проблемы нефтяной экологий // Нефть и газ – 2002, №1- С 48-51.