Садыбекова Л.С., студент Конгратова М.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті
Мұнай
өндірудің жер үсті және жер асты суларына әсері
Су
көздерінің ластауына, санитарлық-эпидемиологиялық
ахуалдың нашарлауына, сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық
жағдайының қанағаттанғысыздығына байланысты
халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті
мәселе болып отыр.
Маңғыстау
облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аса
күрделі, себебі аймақ жартылай шөл далада орналасқан,
су қорлары шектелген. Облыстың табиғи байлығын игеру
экономиканың қарқынды дамуы үшін жеткілікті
жағдай жасау сапалы суды көп қажет етеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы, сумен
жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайының
қанағаттанғысыздығы, сондай-ақ су көздерінің
біртіндеп ластануы мен минералдануы бұл мәселені қиындата
түсуде . Аймақтағы жер үсті су қорларына өзендер мен
Каспий теңізі жатады.
Облыс
аумағында өзендер желісі тұрақты емес. Үлкен
аудандарды қоса алғанда тұрғылықты
ағындардың бары 74 млн м3 құрайды, ал
сортаңды жерлердегі ағын су пайдаланыла алмайды [1].
Каспий
теңізі - әлемдегі ең ірі тұзды көл (ауданы 376,0
мың км3, су көлемі – 78 мың км3).
Каспий теңізінің минералдылығы 14 г/л құрайды.
Солтүстігінің үлкен бөлігі және
шығысының жарты жағалауы Қазақстанға
қарайды. Аймақтағы жағалау сызығының
ұзындығы 600 км құрайды.
Теңіздің
су шаруашылық балансы: өзен ағыстарының кірісі,
басқа аймақтардан келетін сулардың және
қайтармалы сулар, шаруашылық кірісі есебінен құралады. Теңіз суы «МАЭК - Казатомпром»
ЖШС пайдаланылғаннан кейін, тазартусыз
Каспий теңізіне кеме компанияларымен жіберіледі. Бұл сулар
нормативті –таза сулар санатына жатады. ЖЭО-1,2, ЖЭС жылу күші
қондырғысын салқындату және дистиллята дайындау
үшін зауыттың тұшытқыш қондырғыларында буланған
тұздықтар нәтижесінде, сондай-ақ негізгі қозғалтқыштарды,
дизель – генераторларды салқындатудан кейін, кондиционерлердің
салқындату жүйесін, буксир және танкер флотының
тұщытқыш қондырғыларынан кейін тасталатын сулар пайда
болады [2] .
Каспий
теңізі облысты суымен қамтамассыз етуде негізгі су көзі болып
табылады. Облыс орталығында теңіз суының шамамен 95%
көлемінен ауыз су дайындауға пайдаланылады. Судың біраз
көлемі «МАЭК - Казатомпром» ЖШС технологиялық
құрылғысын және басқа нысандарды суыту үшін
пайдаланылады. Мұнайшылар теңіз суын басқа, мұнаймен
шығатын ілеспе суын да пайдаланады, әрі оларды қабатты
қысымды ұстау үшін кері жібереді.
Қаламқас
АҚ «ММГ» нысаны шағын ауданында булану алқабы
орналасқан. Қуаттылығы 1500 м3/тәу болатын
ақаба суларын кешенді тазарту құрылымы (КТҚ) 2008 жылдың екінші жартысында іске
қосылды. КТҚ Каспий теңізі кемеріне дейін шамамен 10 км
арақашықтықта орналасқан. «Мұнай» туралы
Жарлыққа сәйкес Каспий теңізі жағалауы бойында
жағадан құрлыққа қарай 5 км созылған
сақтандыру зонасы бөлінген. Екі көрсеткіш бойынша
жобалық тазарту деңгейі 95 %, нақты тиімділігі 13
көрсеткіш бойынша 60%. Осы нысан арқылы 2011 жылы бірінші жарты
жылдықта 20,8 тонна түпкі тұнба құрылды
және ҚРҚ полигонына шығарылды. 2012 жылы бірінші жарты
жылдықта 4,5 тонна түпкі тұнба құрылды және
ҚРҚ полигонына шығарылды.
Жер қойнауын пайдаланушылар
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезiнде: қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер
қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi
жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және
қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жер асты су объектiлерiне шектi жол
берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға;
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген
өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын
сулардың химиялық құрамын анықтауды
қамтамасыз етуге; қоршаған ортаны қорғау, су
қорын пайдалану және қорғау саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы
заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ
жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы
және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы
шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi .
Су
объектілерін қорғау жөніндегі талаптардың
орындалмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану
арқылы жүзеге асырылады Сумен жабдықтау
жағдайларының нашарлауын болғызбау мақсатымен
қорғалуға тиіс, зиянды қауіпті химиялық
және зиянды заттармен және олардың қоспаларымен
табиғи және техногендік ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық
және басқа ластанудан қорғалуға тиіс.
Гидрогеологиялық
қызметтері тарапынан үздіксіз мониторинг жүргізілмеуі
салдарынан аймақтағы су ресурстарының, әсіресе
мұнай кәсіпшілігі жерлеріндегі жер асты суларының ластану
масштабы күрделеніп отыр, әрі жер асты суы сапасының өзгеруін
және жүйелі түрде бақылануы тиіс негізгі су таситын
құрылым кешенін бақылау скважина желісі де жоқ.
Мұнай өнімдерімен жоғары бетке шыққан грунт
сулары мен жердің бетінің ластану масштабына қарай отырып жер
асты суларының ластануы өте үлкен деп қорытынды
жасауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Асанбаев И.К., Шимшиков Б.Е. Экологическая оценка почвенного покрова
районов нефтедобычи Прикаспийского региона // Материалы международной
научно-практической конференции «Проблемы устойчивого развития экосистем
Прикаспийского региона».-Алматы, 2004.-с.93-94
2.
Лебедева А.Н., Лаврик О.Л. Природоохранное
законодательство развитых стран. Защита окружающей среды от загрязнения: методы
контроля и регулирования. Ч.2. Новосибирск, 1992.-С.360.