Асауов Темірбек Тыйылұлы
Алматы менеджмент Университеті магистранты, Қазақстан
Түпқараған
ауданында туризмді дамыту - өңірдің индустриалды-инновациялық дамуының негізгі нысаны ретінде
Түпқараған ауданы – теңіз және мұнай
операцияларын қолдайтын
жоғары көлемді қайта өңделген және
жөнелтілген жүктерімен, дамыған
инфрақұрылымымен,балық өнеркәсібі, яғни оны
өндіру және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, жеңіл
өнеркәсібі интенсивті негізде дамыған, туристік
қызметтерді жоғары деңгейде көрсететін негіз болып табылатын болады. Бүгінде
жергілікті басқару органдарының қызметінің басты
стратегиялық мақсаты болып
аудан тұрғындарының әл-ауқаты
деңгейін және тұрмыс сапасын көтеру табылады. Оны
жоғарлату облыс экономикасын тұрақты дамытуды қамтамасыз
ететін, ауданның жоғары бәсекеге қабілетті бизнес
түрлерін дамытудың негізінде жүзеге асырылады. Осылайша,
тұрмыс сапасы және жоғары стандарттар өңірлік
бәсекеге қабілеттілік болып табылады.
Сонымен қатар инновациялық өндірістер құру
және әрекеттегі кәсіпорындарды аумақтық
өндірістік кластерлер – транспорттық-логистикалық,
ауылшаруашылық, балық, құрылыс кластерлері
құрылымына жылдамдатып жаңғырту аса маңызды
міндет болып отыр. АӨК
дамыту азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканы
әртараптандыру және халықтың
жұмысбастылығын жоғарлату факторы болып табылады.
Қазіргі
уақытта ауылдық аумақтарды дамыту бойынша іс-шаралар
қолданыстағы мемлекеттік, салалық
бағдарламалардың және облыстардың аумақтарын
дамыту бағдарламаларының шеңберінде іске асырылуда. Бұл
тұрғыда Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласын
әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2015 жылдарға
арналған кешенді жоспары қабылданды [39]. Аталған
жоспардың негізгі мәндеттері:
- Форт-Шевченко қаласын тұрақты жұмыс жасайтын
кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты
оңтайландыру;
- Қала экономикасын әртараптандыру және шағын, орта бизнесті дамыту,
еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру;
- Қаланың
әлеуметтік
және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.
Ауданда басты
мақсатты жүзеге асырудың басты нәтижесі болып
халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейін
қамтамасыз ететін, денсаулық сақтаудағы тұрмыс
сапасының жоғары стандарттары, әлеуметтік қызмет
көрсету, білім, мәдениет, спорт, транспорттық,
тұрмыстық инфрақұрылымын дамыту және жайлы
тұрғын-үй, баланстандырылған және бәсекеге
қабілеттілік табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру
құралдары болып жеке салаларды дамыту үшін тиімді
әкімшілік ету және жағдай жасау, сонымен қатар
эксперттер жоғары өсу қарқынын болжаған салаларды
дамыту үшін ұйымдастырылған –экономикалық алғы
шарттарын жақсарту табылады.
Бәсекеге қабілетті
және баланстандырылған экономиканы құруда
әкімшіліктің тізбекті және мақсатқа
бағытталған саясаты, дамудың басымдылығына қарай
шоғырландырылуы тиіс. Басымдылықты бағалау стратегиялық
талдау және сарапшылар қорытындысының негізінде
жүргізілді. Осылайша, Түпқараған ауданы аумағын
дамыту Бағдарламасының басымдылығы төменде анықталған.
Кесте 14 - Түпқараған
ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың
басымдылықтары
|
Басымдылықтар |
Дамытудың
нәтижелері |
|
I басымдылығы |
Халықтың
өмірлік деңгейін жоғарлату |
|
II басымдылығы |
Мұнай
операцияларын, теңіз флотының құрылысы бойынша
кәсіпорындарды қолдау базасын дамыту; |
|
III басымдылығы |
Аудан
экономикасының ғылымды қажетсіну салаларын дамыту: мұнайгаз машинасын жасау, металл және ағаш
өңдеу, құрылыс өнеркәсібі; |
|
IV басымдылығы |
Тіршілікті
қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту: Халық
денсаулығы үшін, тұрақты өсуді қамтамасыз
ету және ауылшаруашылық ұдайы өндірісі үшін
қолайлы экологиялық ортамен қамтамасыз ету; Халықты және
экономиканың болашақ қажеттіліктерін қамтамасыз
ететін көлемде су, электр энергиясын, газ өндіру; |
|
V
басымдылығы |
АӨК жаңа
технологиялар енгізу және ауылшаруашылық өнімдерін
өткізу нарығын дамыту және азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; |
|
VI басымдылығы |
Тарихи-археологиялық,
экстремалды, жағажай, серуендеу
туризмін дамыту |
|
VII басымдылығы |
Балық,
азық-түлік және жеңіл өнеркәсібін дамыту |
|
Е с к е р т п
е - Форт-Шевченко қаласын
әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013-2015 жылдарға
арналған кешенді жоспарының негізінде құрастырылды. |
|
Бұл орайда ауданды дамытудың алтыншы басымдылығы –
туризмді дамытуға аса орынды болып табылады. Өйткені
Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко
қаласы – тарихи-археологиялық сипатқа ие, сондай-ақ
Каспий теңізінің жағажайлары серуендеу туризмін
дамытуға өте қолайлы орталық.
Әлемдiк қауымдастықтың ғаламдану
жағдайында елдiң жоғары бәсекеге қабiлеттiлiгiн
жекелеген фирмалар (мейлi үлкен және технологиялық
дамыған болсын) емес, кластердiң бiр бiрiне тығыз
экономикалық қарым-қатынастағы шаруашылық
субъектiлерi қамтамасыз етедi.
Тупқараған
ауданының туристік әлеуетіне сәйкес және
экономикалық құрылымды ауқымды әртараптандыру
мақсатымен қазіргі заманға сай туристік индустрияны дамыту
мәселесі өзекті болып табылады. Каспий теңізінің
жағажайлары Тупқараған ауданына туристерді тартатын негізгі
фактор. Каспий теңізінде үлкен сұраныс жағажай
туризміне басым. Каспий теңізінде жаңа тартымды курорттық
демалыс аймағын құру Қазақстан, Ресей және
халықаралық туристтерді тартады. Курорттық демалыс аймағын
құруға қолайлы жағдайлардың бірі – Каспий
теңізі аумағында бәсекелестердің болмауы.
Мамандардың пікірі бойынша, Каспий теңізінің барлық
қазақстандық жағалауында жағажай туризмін
орнықты дамытуға ең жақсы табиғи жағдайлар бар. Өңірде туристік кластерді
дамыту аймақтың, тұтастай республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуын, бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етпек.
Кластерлiк
дамудың концепциясын әлем мойындады. Ал дамыған
елдердiң тәжiрибесi экономика дамуына кластердiң
артықшылығын көрсетуде. Кластердi қарастырудың
мемлекеттiң өндiрiстiк саясатының құрамын
ең қағидатты түрде өзгерту мүмкiндiгi бар.
Бұндай жағдайда үкiметтiк қолдау жекелеген
кәсiпорындар мен салаларға емес, жеткiзушiлер мен
тұтынушылар, соңғы тұтынушы мен өндiрушiлер,
өндiрушiердiң өз араларындағы және
Үкiметтiк институттарда және тағы басқа
қарым-қатынастарды дамытуға бағытталуы тиiс.
Қазақстанда
үлкен өндiрiстiк корпорациялар негiзiнде шағын бизнес пен
желiлiк құрылымдағы кластерлiк құрылымдарды
құрудың алғышарттары қалыптасқандығы
белгiлi.
Қазақстан
кең ауқымды өндiрiс жиынтықтарын, бай минералды-шикiзат
базасын, ауылшаруашылық жерлерiнiң үлкен аумағын
және халықтың төмен тарихи урбанизациясын иелене
отырып, дамудың бiрнеше аймақтық кластерiн
қалыптастыруды қажет етедi. Сондай-ақ, Қазақстанның
тарихи жоспарында ондай жұмыстар жүргiзiлген.
М.
Портердың ойынша Қазақстан Республикасы бәсекеге
қабiлеттiлiктi күшейту үшiн «кластерлiк көзқарас»
қажет, оның iшiнде «әлеуметтiк деңгейдегi» ел болу
үшiн «экономиканың күштi салаларын анықтау керек». М.
Потердiң айтқаны: - «қазiргi уақытта бiз
кластердiң бiрiншi топтамасын анықтауға тырысу үшiн
экономикалық зерттеуге кiрiстiк және сосын экономиканың
әрi қарай дамуы үшiн жеке сектормен тығыз
қатынаста жұмыс iстеймiз».
Экономикадағы
150 сектордағы жағдайды талдағаннан кейiн шетелдiк
консултанттар жарты жылдың iшiнде тек iшiнде 23 сала назар аударуға
болады деген пiкiрге келген. Ең жақсысы – тек тоғыз.
Үкiмет назарына iлiккендер қатары – 7 болды. Оларда «пилотты»
кластер құрылады: металлургия (Орталық
Қазақстан), мұнай-газ машиналарын жасау (Батыс
Қазақстан), текстильдi (Оңтүстiк Қазақстан),
тамақ өнеркәсібі (ауылшаруашылық облыстары),
құрылыс материалдарын өндiру (Алматы облысы), туризм (Алматы
облысы, Маңғыстау облысы), көлiк және логистика
(көлiктiк қызмет көрсету орталықтары).
Біздің еліміздің туристік әлуеті Евразияның
дәл орталығында орналасқан, және туризмнің
барлық түрлері дамыту үшін мол түрлілігімен
айрықшаланады, бірегей мүмкіндіктерге ие: танымдық,
көңіл көтеру, этникалық, экологиялық, сауықтыру,
жасөспірімдік, спорттық, аң аулау, жылқы, шытырман
оқиғалы туризм түрлері. Туристерге 700-ден астам маршруттар
Қазақстанның барлық территориясы бойынша
ұсынылады. Туристер арасында танымал сұранысқа ие
болған аң аулаудың ұлттық әдісі, оның
ішінде бүркітпен және алғыр сұңқармен,
жүйрік тазымен аңға шығу. Республиканың әр
аймағында туристерді тартуға өзіндік ерекшелік
жағдайлары бар. Ал Батыс Қазақстан (Ақтөбе,
Атырау, Маңғыстау облыстары) – Жайық, Орал Каспий
теңізі бассейнінде Еуропа және Азия континентінің қиылысында
орналасқан. Мұнда ғаламшардың екінші терең
нүктесі болып саналатын теңіз деңгейінен 132 м төмен
Қарақия ойпаты, «Кендірлі»
халықаралық курорты, әйгілі әк жартастары
орналасқан. Балық аулаумен әуестендірушілерге балық
аулауға бай Форт-Шевченко қаласының жағажайлары,
спорттың су түрлерін дамытуға қолайлы жайлар бар. Ежелгі Маңғышлақ
және Үстірттің қорық ескерткіштері,
қазақ жырымен байланысты
тарихи орындар ғылыми
маңыздылыққа ие.
Түпқараған
ауданы осылардың ішіндегі бірі әрі бірегейі экотуризмді
дамытудың барлық алғы шарттарына ие. Бұл - тарихы
тереңде жатқан мәдени ескерткіштер, археологиялық
қазбалар, табиғаты тамаша жерлер, алтын жағалаулар, осы
заманғы демалыс аймақтары мен мұражайлар. Сондай-ақ
аң мен құстың, өсімдіктер дүниесінің
Маңғыстауда кездесетін аса сирек түрлері, құмды
шөлдер, борлы таулар, сорлар мен тақырлар да туристерді магнитше
тартатын жәйлар. Экологиялық туризм ғылыми-танымдық
ізденіс үстіндегі саяхатшылардың басын біріктіретін туризм
түрі. Мақсаты - табиғаты көркем жаңа жерлермен
танысу, өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеу.
Аймақтағы туристік қызметке тікелей
қадағалау жүргізетін мекеме - бұл облыстық спорт
пен туризм басқармасы. Бүгінде Маңғыстау облысында
«Евротур» туристік фирмасы, «Мұнайтур», «Кенет», «Турист-фирмасы»
және «Каспиан Трефикс» атты
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істеуде. Алайда, олар ішкі
туризмнен ғөрі туризмнің сыртқа шығу
үрдісін дамытуда. Бұл мемлекет қазынасына табыс
түсірмейді, керісінше елімізден капиталды сыртқа
шығаруға жағдай жасайды. Маңғыстау жері
туризмнің ішінде экотуризмді дамыту үшін аса тиімді болып отыр.
Біздің зерттеу объектіміз болып табылатын
Түпқараған ауданының әлеуметтік мәселелерін
шешуде, атап айтсақ, жұмыссыздық деңгейін
қысқартуда, әлеуметтік және өндірістік
(көлік) инфрақұрылымдарын дамытуда туризмнің кластерлік
үлгісін құру аса маңызды. Өйткені
Түпқараған ауданы туристік кешенді дамыту үшін
өте қолайлы аумақ болып табылады.
Біздің ойымызша, бір жағынан алғанда
адам денсаулығына айырықша ықпал етер, екіншіден,
танымдық өрісті кеңейтер маңызы бар экотуризмді
дамытуды шындап қолға алсақ ұтылмас едік.
Үшіншіден, экотуризм экономикалық тұрғыдан тиімді.
Өйткені өңірдің жол инфрақұрылымы
жақсарып, басқа салалардың дамуына ықпал тигізеді,
сондай-ақ келуші туристер легі көбейген сайын, жергілікті
халық жұмыс қамтылып, сауда айналымы жақсармақ.
Туризм
саласындағы кластерлiк үлгінің артықшылығы, ол
туризмнiң дамуына тiкелей және жанама әсер ететiн
экономиканың 32 саласын қарастырады. Елiмiзде туристiк саланы
кластерлiк үлгімен дамытудың нақты бағдарламаларын
жүзеге асыру бiршама жағдайларға байланысты. Өңірдегі туризмді дамытуға кедергі келтіріп,
қолбайлау болып отырған төмендегідей факторларды да атап
көрсетуге болады:
- ішке кіру,
яғни туризмді дамыту жөніндегі атқарылған
істердің мардымсыздығы;
- қаражат
базасының жеткілікті деңгейде болмауы;
- инфрақұрылымның
және туристік қызмет көрсетудің деңгейінің
халықаралық стандартқа сай келмеуі;
- аймақтағы
туристік және
азық-түлік өнімдері бағаларының тым жоғары
болуы;
- ел
қолданысындағы салық тәртібінің
қатаңдығы;
- отандық
өнімдерді дүниежүзілік рынкқа шығару үшін
маркетингтік стратегияның болмауы және т.б.
Туристiк
қызметтердiң сапасын жоғарылатудың келесi негiзгi
шарттарын бөлiп көрсетуге болады:
Туризмдi
дамытуға кедергi жасайтын негiзгi проблемалар:
1.
Құнды және тартымды экскурсиялық объектiлерге немесе
әсем ландшафттарға апаратын автомобиль жолдары
жай-күйiнiң нашарлығы немесе ондай жолдардың
мүлдем жоқтығы. Нәтижесiнде, өңiрдiң
көптеген объектiлерiне көпшiлiкке арналган iшкi
көпкүндiк туризмнiң қол жетпес арманы болуы.
2. Тiкелей
объектiлер жинақталған жерлерге немесе маршруттардың
тораптық нүктелерiнде орналасуға жағдайдың
(мүмкiндiктiң) жоқтығы, Нәтижесiнде, iшкi
туризмде жолының ұзақтығы 400 км. болатын және
жол шығыны анағұрлым жоғары бiр күндiк маршруттар
көптеп кездеседi. Бұл жерде тынығуға мүмкiндiк
жоқ, жол шаршатады, сондықтан көптеген туристердiң
есiнде сапар жағымсыз жағымен қалып қояды.
3.
Экскурсиялық объектiлер жай-күйiнiң нашарлығы, атап
айтсақ ыңғайлы көру алаңдарының,
ақпараттық қалқандардың, бейiмделген және
қауiпсiз жалғыз аяқ жолдардың, әсiресе ауа-райы
бұзылған (жаңбыр, қатты жел, ыстық күн)
жағдайда тынығатын жерлердiң жоқтығы.
4.
Шалғайдағы аудандардың жергiлiктi тұрғындары
арасында қызмет көрсететiн бiлiктi қызметкерлердiң,
гид-жолсерiктердiң, экскурсоводтардың, аудармашылардың, орналасқан
жерлерде (қонақ күтетiн және аңшылар
үйлерi, кемпингтер) жүргiзушiлер мен қызмет көрсететiн
персоналдың жоқтығы.
5.
Шалғайдағы аудандарда байланыс құралдарының
және маршруттың жүрiп өтуiн бақылау,
сондай-ақ шұғыл жағдайда жедел-жәрдем
көрсету үшiн сенiмдi мобильдiк байланыс жасау
мүмкiндiгiнiң жоқтығы.
6.
Ауылдық, әсiресе шалғайдағы аудандардың
жергiлiктi тұрғындары маршруттарға қызмет
көрсетуге қатыспайды, экономикалық тиiмдiлiк алуға
тырыспайды және шын мәнiнде туризмдi дамытуға
мүдделiлiк танытпайды.
7. Облыстан
бастап ауданға дейiнгi жергiлiктi билiк органдары, негiзiнен көп
жағдайда барлық маршруттарға турфирмалар қызмет
көрсетiп, салық қала бюджетiне төленетiн
болғандықтан туризмнен және облыс аумағында
орналасқан жолдар мен объектiлердiң пайдаланылуынан табыс алмайды.
Туристiк
индустрияны дамытудың негiзгi проблемаларының бiрi —
қаржыландыру, Осьгған байланысты мемлекеттiк және жеке
менеджменттiң сай деңгейiн қалыптастыру қажеттiлiгi
туындайды және жүргiзiлетiн шаралар келесi жағдайларды
қамтамасыз етуi тиiс:
–
орталық және аймақтық деңгейдегi билiк
қызметiн нақты түзетулермен қамтамасыз ету;
–
жеке инициативалардың дамуына ықпал жасау;
–
саланың ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру;
–
сыртқы және iшкi рыноктарда қазақстандық
туристiк өнiмдi алға жылжытудың тиiмдi жүйесiн
өңдеу;
–
инвестициялау және салық салу мәселелерiнде қажеттi
нормативтi құқықтық актiлердi қабылдау;
Мемлекет экономикасына туризмнiң қолайлы ықпал жасауы, ел
экономикасын қызмет көрсету экономикасына айналдырмай, елде жан-жақты
дамыған жағдайда орын алады. Басқаша айтқанда,
туризмнiң экономикалық тиiмдiлiгi оның елде әлеуметтiк
- экономикалық кешендегi
басқа қалалармен өзара байланыста болуымен және олармен
қатарлас дамуына тәуелдi. Халықаралық туристердiң
келуiнiң белсендi және турақты өсуi, туризмнiң
даму уақытынан бастап, оның кең қолданысқа ие
болгандығын көрсетедi. Туризмнiң дамуы елдiң
экономикасына және бәсекеге қабiлеттiлiгiне әсер
етуiмен байланысты.
Туристік салада өзара байланыс жасаушы кәсіпорындар мен
рыноктық институттар негізінде біздің ойымызша
Түпқараған ауданында туристік кешенді дамыту
өңірде төмендегі
салалардың дамуына септігін тигізбек (26-сурет).
Үлгіде
экономикалық құрылымды құру логикасы бойынша
кластерлер iрi кәсiпорынды дiңгек ретiнде пайдалану арқылы
немесе дербес шағын кәсiпорындардың интеграциясы жолымен
құрылады. Бiздiң ойымызша, туристiк кластерге қатысу
шағын және орта бизнес кәсiпорындары iшiнен нақты
экономикалық көрсеткiштер бойынша басымдықтарға ие
болған кәсiпорындар негiзiнде кластерлiк өнiмнiң
өндiрiлуi тиiмдi және бәсекелiк қатынастар
сақталады.
Сурет 26 - Өңірдегі туризмді дамытудың алғышарттары
Жоғарыда
аталғандарды ескере отырып, Түпқараған ауданының
әлеуметтік-экономикалық жағдайын сауықтыру үшін
туристік курорт кешенінің негізінде аймақтық туристік
кластерді құрып дамыту ұсынылады. Өңір
экономикасын кластерлік жүйе арқылы дамыту – бұл
өңірдегі халықтың әл-ауқатын көтеруде
және жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуында оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1
ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!». 28 қантар, 2011
ж.
2
ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол». 11 қараша, 2014 ж.
3
Чепурных Н.В., Мерзлов А.В., Антипов А.Н. Устойчивое развитие сельской
местности в России: Концепция и рекомендации. – Москва – Иркутск, 2000. – 86
с.
4
Государственная программа развития сельских территорий на 2004-2010 гг.:
указ Президента Республики Казахстан. – 2003. – № 1149.
5
Абалкин Л. Экономические реалии и абстрактные
схемы (о концептуальных основах монетаристской программы финансовой
стабильности) // Вопросы экономики. – 1996. –
№ 12. – С.4-19.