ИСАХМЕТОВА А.Н., ҚАЛТАЕВА  П.С.

 Шымкент қ, Қазақстан

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕР

 

         Зейнетақы саласында орын алған мәселелердің көлемі зейнетақымен қамтамасыздандырудың жаңа үлгісін құруды, оның теориялық базасын нығайтуды, әлеуметтік серіктестіктерді, жұмыс берушіні, жұмыскерді, мемлекетті, азаматтарды міндетті өкілеттіліктерді бекітуді талап етеді. Ең алдымен, зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру нарықтық өзгерістерді нақты қарастыратын теориялық тұрғыны ескеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Зейнетақылық қайта құруды талдай отырып, жаңа бағытты жасаудың қажеттілігін байқауға болады.

Зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда азаматтардың зейнетақы жүйесінің қай бөлігіне жататыны және қандай мөлшерде зейнетақы тағайындалатыны туралы түсініксіздігі тұрғындардың арасында жаңа ақпараттармен қамту қажеттілігін айқындайды. Себебі, кеңес одағы кезінен қалыптасып қалған пікірлер зейнетақымен тек мемлекет тарапынан қамтамасыз ету түсініктері әлі де болса орын алуда. Сондықтан зейнеткерлерді төмендегі көрсетілген сурет бойынша санаттарға жіктеу арқылы түсініктер зейнетақы төлеу жүйесі үшін тиімді болады (сурет-1).

Әрекеттегі зейнетақымен қамтамасыз етуді жаңғыртудың мүмкіндігінше тиімді жолы өзіндік жауапкершілік пен ерікті өзара түсінушіліктің бірігуімен тұратын жаңа қатынастағы зейнеткерлік технологияны жасап шығару болып табылады [1].

Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа үлгісі зейнетақымен қамтамасыз етудегі зейнетақылық қатынастардың негізгі субъектілерінің теңеспелі қатысуын ұсынады. Зейнетақымен қаржыландыру міндетті түрде келесі экономикалық тетік бойынша: жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақылық жарналардың арнайы есебі мен жұмыс берушілердің өзінің жалдамалы жұмыскерлері үшін төлеген зейнетақылық жарналарының арнайы емес есебі бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өзімен жүзеге асырылады.

Қазақстандағы болашақ зейнеткерлерді жалғыз жеке жинақтау тетігіне арқа сүйенген зейнетақымен қамтамсыз ету барлық мүмкіндіктерді шектейді және барынша тәуелділігі жоғары іс-шара болып табылады. Осыған орай зейнетақымен қамтамасыз етудің  үлгісін таңдау әсіресе жауапты болып табылады. Бұл жағдайда аз қамтылған азаматтар мен тұрмысы төмендердің мүмкіндігінше көбірек санын қамту қабілеті маңызды өлшемі болып табылады.

 

 

 

 

 

Зейнеткерлер

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ескерту: Автормен құрастырылған

Сурет 1 - Тұрғындарға зейнетақы төлеу жүйесі

 

Мұндағы: А санатты зейнетақы = Базалық (Б)+ ынтымақтық (Ы)

Б санатты зейнетақы = Базалық (Б) + ынтымақтық (Ы) + жинақтаушы (Ж)

С санатты зейнетақы = Базалық (Б) + жинақтаушы (Ж)

Зейнетақымен қамтамасыз етуді нақты басқару сәйкесінше әлеуметтік серіктестік дамығанда ғана мұмкін болады, ал орындалатын бағдарламалардың тиімділігі мемлекеттік институттардың (биліктің барлық деңгейлері мен тармақтарының), қоғамдық ұйымдардың және кәсіпкерлік құрылымдардың бірлескен іс-әрекеттерімен анықталады.

Қаржыландыру көзі болып жұмыс беруші немесе жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскер бірдей негізде табылады. Жалдамалы жұмыскерлерді міндетті кәсіби зейнетақылық сақтандыру жұмыс берушіге жүктеледі. Міндетті жедел кәсіби зейнетақыға ұсынылатын жұмыскерлердің тізімі үкіметпен емес, ҚР «Әлеуметтік серіктестік туралы» заңын сақтай отырып, салалық кәсіподақпен және жалдамалы жұмысшылардың өкілетті өкілдігімен анықталуы тиіс.

Әлеуметтiк сақтандыру негiзi болып жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақылық жинақтарды сақтандыру саналады.

       Қаржы нарығының элементтерiнiң бiрi экономикалық категориялар арасында ерекше орын алатын сақтандыру болып табылады.

       Сақтандыру нарығы – бұл ерекше әлеуметтiк-экономикалық орта, сату-алу нысаны ретiнде сақтандыру құқығы болып табылатын экономикалық қатынастардың белгiлi бiр саласы және оған ұсыныс пен сұраныс қалыптасады.

       Сақтандыру азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттiк мүлiктiк көзқарастарын қорғайтын бүтiн кешен. Қоғамның экономикалық және әлеуметтiк жүйелерiнiң қажеттi элементi болып табылады.

       Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу сақтандыру мiндеттемелерiне қатысушыларға мемлекеттiң әсерiн бiлдiредi және бiрнеше бағыттар бойынша жүргiзiледi:

        Олардың бiрi әлеуметтiк көзқарастарды қорғауды сақтандыру жүйесiнiң қалыптасуына мемлекеттiң тiкелей қатысуы болып табылады, ол үшiн мыналар қажет:

-     халықтың белгiлi бiр топтарына әлеуметтiк қорғау кепiлдемесiн беру және бюджеттiк қаржыландырудың есебiнен мiндеттi мемлекеттiк сақтандырулар жүргiзу;

-     инвестицияларды қорғау (оның iшiнде шетелдiктi де), экспорттық несиелердi сақтандыру үшiн коммерциялық емес тәуекелдiлiктердi сақтандыруда мемлекеттiң қатысуының негіздері мен тәртiбiн анықтау;

-     азаматтардың ұзақ мерзiмдi өмiрлерiн сақтандыру және зейнеткерлiк сақтандыру келiсiм-шарттары бойынша жеке сақтандырушы ұйымдардың өз мiндеттерiн орындау барысында шамасының жоқтығының орнын толықтыратын мақсатты резервтер құру қажет [2].

Зейнетақылық жинақтауларды сақтандыру қаржылық шығындардың тәуекелiнен пайда болады.

Қазақстанда орын алып отырған экономикалық тұрақсыздық жағдайында зейнетақылық сақтандыруды дамыту мәселесi өзектi болып саналады.

Сақтандыру келiсiм-шартын бекiту кезiнде сақтандырушыға инвестициялау нәтижесiнде күрделi пайызды аудару жолымен айтарлықтай ұлғайған қажеттi соманы бiртiндеп жинақтау мүмкiндiгi берiледi. Егер зейнетақыны “арзандау” алу жайында әңгiме болса,онда зейнетақылық келiсiм-шартты ертерек жаста, яғни сақтандырушы жарна жанұя үшiн онша ауыр болмайтындай бекiту қажет. Одан басқа, егер материалды мүмкiндiктер бар болса, онда зейнетақылық келiсiм-шартта көрсетiлген соманың бәрiн бiрден төлеп, айтарлықтай жеңiлдiктер алуға болады.

Сақтандыруды дамытудың ең негiзгi себебi өзгермелi нарықтық қатынастар жағдайында адамдардың психологиясының өзгеруi болып саналады. Бұрыңғы, мемлекетпен кепiлденген зейнетақыға қосымша қандай да күрделi емес, жауапкершiлiгi аздау жұмыстарды қосымша iздеп, жауап беру сияқты қағидалар әрекет етуiн тоқтатады. Кәсiпорындар мен ұйымдар өз ақшаларын есептеудi үйренiп алып, онша қажет емес қызметтерден шешiмдi түрде бас тартатын болды. Жұмыссыздық жиi кездесетiн құбылыстар кездесіп тұрады және зейнеткерлiк жастағы тұлғаларға жұмысқа орналасу мүмкіншілігі азаяды. Сонымен қатар, мемлекеттiк зейнетақы көлемi өте қарапайым өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз ететiндей ғана жағдайда. Мұндай жағдайда өз қарттығын жеткiлiктi қамтамасыз етудің және экономикалық тәуелсiздiктi қамтудың жалғыз ғана мүмкiндiгi ол, қосымша зейнетақыны сақтандырудың келiсiм-шарты болып табылады.

 

Әдебиеттер

1. Баймуратов О. Қазақстан қаржы нарығы // Экономика – 2007.212-213б

2.Карагусова Г. Пенсионная система Республики Казахстан: опыт реформирования//Экономист.- 2003.- № 11.- С. 99-103