Қазақстан Республикасында табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың экономикалық механизмін жетілдіру жолдары 

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Сайымова М.Д., PhD, Төлекбай Ж.4 курс студенті

 

Экономикалық нәтиже - табиғат ресурстарының, қоғамдық еңбектің үнемделуі, ысыраптың азаюы немесе жойылуы, табиғат ресурстарынан алынатын өнімдердің артуы, сапасының жақсаруы, еңбек өнім-ділігінің артуы, шығындардың, оның ішінде табиғат қорғау шығындарының үнемделуі.

Табиғат қорғау бағдарламаларында басты стратегиялық бағыттар айқындалады. Олардың қатарында:

1.денсаулыққа, зкологияға зардапсыз ортаны сақтау, халықтың әлеуметтік, психологиялық амандығын қорғау;

2.бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық даму үшін табиғатты ұтымды, сарқылтпай пайдалану;

3.табиғаттың қалпына келу және оны пайдалану теңдестігін сақтау;

4.жеке аймақтардың және әлемдік деңгейде биосфералық теңдестіктерді сақтау.

 Осы   мақсаттарға   жету   үшін   басты   міндеттер белгіленеді. Олар:

1.табиғат қорғау шараларын ұдайы жүзеге асыру, табиғат ресурстарын үнемдеу, экологиялық талаптарды қатаң сақтау, өнеркәсіпті кешенді, қалдықсыз және аз қалдықты технологияға көшіру, қалдықтарды ұтымды пайдалану, қалпына келетін табиғат ресурстарын ұлғаймалы ұдайы қалпына келтіру (өсіру), т.б.;

2.бірыңғай табиғат қорғау заңдар жүйесін құрып, нормалар мен стандарттар жүйесін жетілдіру,     өндірісті орналастыруды, табиғат пайдалануды, оның  қорын   молайтуды   экологиялық  негізде жүзеге асыру;

3.табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық механизмі мен тетіктерін жетілдіру;

4.табиғи ортаның жай-күйін бақылаудың бірыңғай автоматты жүйесін құру;

5.экологиялық білімдерді жетілдіріп, халықтың, қоғамдық ұйымдардың табиғат қорғау белсенділігін арттыру;

6.халықаралық келісімдер негізінде барлық мемлекеттермен, ұйымдармен бірлесіп табиғат қорғау жұмыстарын дәйекті жүргізу.

Табиғат пайдаланудағы жаңа экономикалық тетiктер баға белгiлеу жүйесiне экологиялық сипаттамаларды енгiзудi, табиғат пайдаланудың ақылылық жүйесiн жетiлдiрудi және мiндеттi экологиялық сақтандыруды көздейдi. Табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi қаржы ынталандыруын құрумен, сондай-ақ табиғат қорғау-қызметiндегi қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгiзумен айқындалады. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесiн көздейтiн табиғат пайдаланудың экономикалық тетiгi көмегiмен жүргiзiлуi тиiс.

Басқару жүйесінің функционалдық құрылымы төтенше жағдайларға байланысты, сонымен қатар оның себеп-салдарын жою бойынша мәселелерді қамту тиіс. Бұл үшін  мұнай құбыры және оның инфрақұрылым объектілерінің құрылысы барысында қоршаған табиғи ортаға мүмкін болатын зиян алдын-ала бағалау бойынша жеті негізгі көрсеткіштерді есептеу қажет. Сайып келгенде, ауылшаруашылығы ресурстарына, жануарлар әлеміне, ауылшаруашылық емес жер ресуртарына, атмосфераға (құрылыс кезеңі), қалдықтарды орналастыру бойынша (құрылыс кезеңі) орман ресурстарына, су ресурстарына зияны[1].

Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру қызметін атқарады. Табиғатқа зиян келтірушілер: жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы төлемдер арқылы "ластаушы - төлейді" принципі жүзеге асырылады. Бұл төлемдерді кейде экологиялық төлемдер деп те атайды. Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлемнің негізі табиғат  ресурстарына   меншік,   иелік құқығы болып табылады. Меншік құқығы осы төлем арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің құқығын басқа   табиғат   пайдаланушыларға   жалға немесе иелікке беру  арқылы олардан төлем ақы алады. Табйғат ресурстары жалпы халықтық  иелікте  болғанда, иелік құқығын, олардың атынан мемлекет атқарады. Табиғат пайдалану құқығын алушылар мемлекеттік бюджетке ақы төлейді. Осыған орай, табиғатты пайдалану механизмін келесі суретте көрсетілген .

Төлемдердің бұл түрінің мөлшері шығындарға   немесе   табысқа   онша байланысты емес, негізінен екі жақтың келісімі бойынша анықталады.

Теориялық тұрғыдан меншік иелері төлемдер арқылы өздерінің (жалпыхалықтық меншік болғанда халықтың) әлеуметтік жағдайларын қаржыландыруға   тырысады.   Сондықтан   төлем   негізі әлеуметтік шығындар деп алуға болады.

Негізіне ІЖӨ дамуы фонындаантропогендік жүктілікті азайту жәнетұрғындардың өмір сұру сапасын энергияүнемдеуші инновациялық технологиялар,экожүйені сақтау мен өнімділігін жоғарлатуесебінен жақсарту кіретін экология-экономикалық балансты сақтау қағидатықойылуы қажет.

Бұл қағидатты іске асыру үшін қоршағанортаның жай күйін және табиғатты пайдалану көлемін экологиялық нормалау негізінде,табиғи қорларды пайдаланудың шекті рұқсатетілген деңгейі мен нақты аумақтарды шектірұқсат етілген ластаудың концентрациясынэкожүйелік анықтау тәсілдемесі қажет [2].

Аймақтардың, облыстардың үйлесімсіздіктіңнегізгі көрсеткіштерінің бірі территориалдықжүктеме тығыздығы болып келеді.

Аймақтардың ЖІӨ теңестіру үшін ең алдымен өндірістік қуат пен өндірістік күш (еңбекресурстарын) арасындағы арақатынасынқайта қарастыру, тиімді және энергияүнемдеуші технологияларды, антропогендікжүктемеге сәйкес өнеркәсіптік және тұрғыннысандарының құрылысы кезінде аймақтардыоңтайлы реттеуді қоса алғанда, ресурс әлеуетінтиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет.

Өндірістік қатынасты теңдестіру мақсатында,ресурстарды алудың шекті рұқсатетілген деңгейін қоршаған ортаға келтірілгензалалдың құны өтемақысымен нормалаунегізінде қор әлеуетінің сақтық қорыныңҰлттық Кадастрын құру орынды болар еді. Бұл үшін аумақтың қазіргі жай-күйі менолардың ресурстық әлеуетін бағалау жүргізілуі және антропогендік әсер етудеңгейі анықталу қажет. Бұдан басқа,үдемелі индустриалдық дамумен байланысты экожүйенің өзгеру қарқыны ментрендін және аумақтың ресурстық әлеуетінжоғалтуды анықтау бойынша іс-шараларқарастыру маңызды [6]. Аймақтардың орнықтыэкономикалық дамуы үшін табиғи әлеуеттіңсақтық қорын қалыптастыру бойынша негізгіқадамдарын белгілеу. Аумақтың экология-экономикалық балансын қамтамасыз етуүшін құқықтық реттеу жүйесін әзірлеугеынтагерлікті көрсету.

Тез қарқынды Үдемелі индустриалды дамукезінде сондай-ақ экономиканың жоғары концентрациялы аймағының, ресурстардың тапшылығының (адамдар, жер қойнауы, энергия, су және т. б.) және экологиялық қауіптіліктіңтуындауын болдырмауда аймақтың игерілутығыздығын ескеру қажет.

Жалпы, табиғи әлеуетті және олардың кепілдісақтық қорын (жер, су, биологиялық ресурстарды)қалыптастыру үшін дәстүрлі даму үлгісі кезіндеэкономикадағы қажеттіліктер мен инвестициялайтын территорияның ресурстық мүмкіндіктеріарасындағы балансты сақтамағанда оңдаған миллиард долларды құрайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Қазақстан Республикасында өнімнің (тауарлардың) және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдалану. Қаңтар-желтоқсан 2013 ж. ҚР Статистика Агенттігі, Астана, 2014

2.     2015 жылға дейінгі Мыңжылдықтың даму мақсаттары бойынша индикаторлардың серпінділік қатарлары. Орман алқаптары басқан жерлер. ҚР Статистика Агенттігі, Астана, 2014