Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу мемлекеттік саясаттың  рөлі

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Сайымова М.Д.,Имангали Т. 4 курс студенті

 

 

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.

Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.

2014 жылғы 1 шілде жағдайында Ақтөбе облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған барлығы 84 келісімшарт негізінде 56 жер қойнауын пайдаланушы әрекет етеді, соның ішінде: барлауға арналған келісімшарттар ; өндіруге арналған келісімшарттар – 40; барлау және өндіруге арналған келісімшарттар – 39.

 Ақтөбе облысы аумағында 30 келісімшарты бойынша 22 көмірсутегі шикізаты (әрі қарай - КСШ) жер қойнауын пайдаланушы әрекет етеді, соның ішінде: көмірсутегі шикізатын өндіруге арналған келісімшарттар – 13, барлауға – 13, бірлесіп барлау және өндіру – 3, газды өндіруге – 1. Пайдалы қатты қазбалардың (әрі қарай - ПҚҚ) жер қойнауын пайдалану құқығына 39 келісімшарт бойынша 20 компания ие, оның ішінде өндіруге арналған – 20, барлауға – 18. Шикізат түрлері бойынша өндіру келісімшарттары келесідей бөлінеді: құрамында алтын бар рудасы – 1, мыс және цинк – 3, мыс – 2, хром – 2, шлак – 1, темір рудасы – 1, никель-кобальт – 7, фосфориттер – 1, титан-цирконий – 1, бокситтер -1; барлау келісімшарттары: мыс-цинк – 6, алтын – 4, калий тұздары – 1, титан-цирконий – 1, мыс – 2, марганец – 2, темір рудасы – 2 .

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша есеп кезеңінде 181 тексеріс жүргізілді, оның ішінде басқа бақылаушы органдармен бірігіп жүргізілгені – 4. Табиғат пайдаланушылардың хаты бойынша 179 тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында 40 табиғат қорғау заңдылықтарының талаптарын бұзу анықталып, оларды жою үшін 9 нұсқама берілді. 4 нұсқама орындалды. Табиғат қорғау заңдылығын бұзғаны үшін 27 табиғат пайдаланушыларға 73691,847 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ 188014,539 мың теңге көлемінде 13 талап ұсынылды.

ҚР стратегиялық құжаттарында көрсетілген экологиялық саясатты орындай отырып, атмосфералық ауаның жағдайын бақылау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде, өйткені атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуының жылдан жылға жоғарылауы - Ақтөбе облысының маңызды экологиялық проблемаларының бірі болып отыр. Егер 2013жылдың жарты жылдығында шығарылған зиянды заттардың көлемі 78,8 мың тонна болса, 2014 жылда 66,2 мың тонна болып отыр [22].

 

 

                                                                                                             Кесте 2. Шығарындылар көлемінің жылдар бойынша көрсеткіші

 

Ластану туралы мәлімет

2013

1- жарты жылдығы

2014

1- жарты жылдығы

Газ жағу нәтижесіндегі шығарындылар көлемі, мың тонна

35,3

45,5

Тазартусыз атмосфералық ауаға шығарылған өнеркәсіптік шығарындылар көлемі, мың тонна

56,6

58,6

Апаттык лактырыс , мың тонна

-

0,005

 

 

 

                                                                                                               Кесте 3. Ақтөбе облысы бойынша стационарлық көздерден шығарындыларының көлемі

 

Ластану туралы мәлімет

 2013 жылдың жарты жылдығы

 2014 жылдың I жарты жылдығы

 

Атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың саны, мың тн.

78,8

66,2

Газ шығарындылары көлемі, мың тонна

45,5

35,2

Тазартусыз атмосфералық ауаға шығарылған өнеркәсіптік шығарындылар көлемі, мың тонна

58,6

56,6

Соның ішінде қауіпті төгінділер

0,005

-

Күкіртті ангидрид шығарындыларының көлемі, мың тонна

12,4

10,4

Атмосфералық ауаға шығарылған азот диоксидінің көлемі, мың тонна

4,96

3,45

Атмосфералық ауаға шығарылған қатты бөлшектер көлемі, мың тонна

3,87

3,12

Атмосфералық ауаға шығарылған улы газдар көлемі, мың тонна

18,1

16,8

Басқа заттар шығарындылардың көлемі

39,47

32,43

 

Облыс бойынша 2014 жылы ауаны ластауға рұқсаты бар 2102 мекеме бар. Рұқсат етілген көлем 292,8 мың тонна, 2014 ж. « жартысындағы шығарындылар көлемі 66,2 мың т. оның ішінде мекеме 2365,3 т(кесте 4).

                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                             Кесте 4.

Шығарындылар көлемінің салыстырмалы көрсеткіші

 

Облыс

 Есептік кезең

 Өткен жылғы кезең

Ақтөбе облысы

66,2

56,4

78,8

54,3

 

 122,6

 133,1

 

 

 Экологиялық заңдылықтың бұзылуының негізгі себептері мыналар болып табылады:

1.   Кәсіпорындардың уақытылы нормативтік және рұқсаты алмауы.

2.   Жобаларда көретілген межелерді сақтамауында.

3.   Технологиялық тәртіпті сақтамауында, шаңтазартқыш қондырғыларды уақытылы пайдаланбауында.

Ақтөбе облысының статистикалық есебінің мәліметтері бойынша ластаушы заттар шығарындыларының көздері 8609 құрайды, оның 4451 ұйымдастырылған, 596 тазарту құрылғыларымен жабдықталған, 159 жабдықталуы тиіс, соның ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 945 шығарынды көзі бар, оның – 469 ұйымдастырылған; «ҚазақОйл Актөбе» ЖШС– 313, ұйымдастырылғаны – 150; «ТҰК Казхром» АҚ АФЗ - 717, ұйымдастырылғаны – 237; «ТҰК Казхром» АҚ ДТКБК – 278, ұйымдастырылғаны – 152; «АХҚЗ» АҚ – 176, оның ішінде: ұйымдастырылғаны – 144; «Ақтөбе ЖАҚ ИОА» МГБ – шығарынды көздері – 688, оның – 597 ұйымдастырылған.

Ақтөбе облысының ауа бассейнін ластаушы ірі кәсіпорындары:

- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ  - 27,792 мың тн. немесе 41,98 %

- «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС - 11,6 мың тн. немесе 17,5 %

- «Актөбе ЖАҚ ИОА» МГБ - 5,4 мың тн. немесе 8 %

- «ТҰК Казхром» АҚ АФЗ - 4,6 мың тн. немесе 6,9 %

Тағы да бір шешім қабылдауды қажет етіп отырған проблемалардың бірі- алауларда ілеспе мұнай газдарының жағылуы [23].

2013 жылдың 1 жартыжылдығында ілеспе мұнай газын пайдалану көлемі – 1842,366 млн. м3, ал ілеспе мұнай газын пайдалану көлемінің ұлғаюына байланысты 2014 жылы - 1240,2 млн. м3 құрады. 2014 жылдың 1 жартыжылдығында жағылған газ көлемі - 280,555 млн. м3 құраса, 2013 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда ол – 10,695 млн. м3 төмен.

2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында 9 -суретте көрсетілгендей, табиғатты қорғау шараларына жергілікті бюджеттен 12 178,3 млн теңге, республикалық бюджеттен аталған шараларға қоршаған ортаға арналған бағдарламаға 8117,7 млн теңге бөлінген.

 

Ағымдағы жылы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсы өткізілді,осы мақсатта, Ақтөбе облысы әкімдігінің 18.11.2013 жылғы №357 қаулысымен кең таралған пайдалы қазбалары бар,конкурсқа шығарылуға тиісті жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілді. Барлық 18 учаске бойынша жеңімпаздар анықталды.

 Өтінімдердің келіп түсуіне қарай жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының құрылысы кезінде жұмыс жасап жатырған шаруашылық субъектілермен тікелей келіссөздер жүргізу негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі.

 Сонымен қатар, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (әрі қарай - Басқарма) ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарын және теміржолды салуда (реконструкциялау) және жөндеуде қолданылатын кең таралған пайдалы қазбаны өндіруге мердігерлік ұйымдардың өтінімдерін уақытылы қарастыру және рұқсатты бекітілген тәртіпте беруді қамтамасыз етуде, қазіргі таңдабарлауға 4, өндіруге 1 рұқсат берілді. Басқарма тұрақты түрде бақылаушы органдармен бірге заңды орындауын және келісімшарттар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бөлігінде жұмыстарды жүргізеді. 2014 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша, жер қойнауын пайдаланушыларға міндеттемелердің бұзылғандығы жөнінде 97 хабарлама жіберілді, осы жұмыс нәтижесінде 13 келісімшарт біржақты тәртіпте бұйрық негізінде бұзылды.

17. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті , http:// ecokomitet.kz/

18. Экологиялық саясат , http://kk.m.wikipedia.kz/

19.Қазақстан Республикасының 2004-2015жылдарға арналған  экологиялық қауіпсіздігі  тұжырымдамасы туралы , http://adilet.zan.kz/

20. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі  мен оны оңалтудың құқықтық шаралары , http:// group-global.org/ kk/

21. Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ММ-нің жалпы ережесі

22. Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігі , http://www.stat.kz/

23.Ақтөбе қаласының ауа бассейніне өнеркәсіптердің зиянды әсері http://bilim.time.kz/

24. Ақтөбе экологиялық инспекциясының бақылау және құқық олдану қызметі бойынша 2014 ж. 1- жартыжылдығы ақпараттық аналитикалық есебі