Нурманалиева Г.А., Биназарова А.Н.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БАНКТІҢ НЕСИЕ ПОРТФЕЛІНІҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ

 

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуеклді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

-  несиелік қызметті ұйымдастыру;

-  лимиттер белгілеу;

-  несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

-  несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

-  несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

-  несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзыретті бөлу – несиелерді авторизациялау;

-  несиелік мониторинг;

-  несиелік портфельді басқару;

-  проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

  Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды. 

  Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

  Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

-  қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

-  несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;

-  маржа деңгейіне;

-  несиелік тәуекл дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

-  банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

  Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуеклді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.

  Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

  Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

  Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:

-           нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

-           несиелік рейтингпне байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуеклді талдау формасын жасау;

-           әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

-           төменгі тәуекл деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;

-           жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

-           несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

  Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуеклдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

  Проблемалық несиелерге:

-  несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

-  сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

-  несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

  Сондай – ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

-  қарыз алушының қызметін қайта құру;

-  несиені қайтару кестесін өзгерту;

-  пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі – несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындысынан құралады.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру қүұралдары мен әдістерін, сондай- ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.

  Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары. Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

  Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

-           нұсқаулық емес, яғни дерективті нұсқауларды қамтиды;

-           несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

-           нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

-           оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады.

         Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуеклді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

-           несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;

-           несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс- әрекеттерін;

-           сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің тұрғысынан қарастыруға болады. Ал басқа мағынада – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипттайды. Несиелік саясат, банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті сапалағын;

-           ішкі бақылау қағидаларын.