Айтманбетова Р.К.

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата

 

ҰЙЫМДАРДА ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазақстанның салауатты экономикалық  өрлеу стратегиясы мықты, тұрақты нарықтық экономиканы  қалыптастыру, дамыған  30  елдің  қатарына қосылу  болып табылады. Бұл стратегияны  жүзеге  асыру  үшін  Қазақстан  отандық кісіпорындардың тұрақты экономикалық  дамуынсыз, ішкі тексерусіз, сапалы өнім шығарып,  қаржылық  жағдайды  жүйелі  түрде  жоспарлаусыз,  шет ел  тәжірибесіз  жедел экономикалық  өрлеу  мен  жаңартуға  қол  жеткізу  керек  тігін  көз  алдымызға елестету қиын. Елдің экономикасын  басқару  құралына аса қажетті  әр  түрлі кәсіпкерлік саладағы шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін ұйымдастыру,   жоспарлау,  тексеру  жоғары  нәтижеге алып келеді. 

Қазіргі кезде  отандық  кәсіпорындар  мен  серіктестіктер  үшін  өнімнің  өзіндік  құнын төмендету - бұл  пайданы  жоғарлатудың  және саланың  рентабельділігін көтерудің  маңызды  резерві  болып  саналады. Сондықтан, қазіргі кезде отандық  бухгалтерлік  есептің тәжірибесінде өндірістік шығындардың құрамын нақты анықтау, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау,  кәсіпорын  қызметінің  қаржылық  нәтижесін  жүйелі  түрде ұйымдастыру  басты  мәселелердің  бірі  болып  табылады.

­Өндіріс  шығындарын  жүйелі есептеу  кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін зор табысқа кенелтеді.  Кәсіпорынның алға қойған басты міндеттерін анықтауға өндіріс шығындар есебі   келесідей мүмкіндікте  береді: жеке  өнім  түрлерін  және өндіріс  тиімділігін анықтауға;  ішкішаруашылық  есепті  нақты  жүргізуге; өзіндік  құнды  төмендету қорларын анықтауға; өнімге баға белгілеуге; өндірісте  жаңа  өнім  түрлерін өндіруге немесе сатуға тиімсіз ескірген үлгілерді  өндірістен  шығаруға  шешім  қабылдауға;  мемлекет  көлемінде ұлттық  табысты есептеуге; қажет болған жағдайда жаңа техника, технологияны  қолдануға  негіз   болады.

Өнімнің   өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік қызмет нәтижесінің басты көрсеткіші болып саналады. Берілген  көрсеткіш – пайданы басқарудың негізгі құралы болып табылады, ал пайда — коммерциялық кәсіпорын жұмысының  басты  мақсаты болып табылады. Өзіндік  құн  құрамын   дұрыс есептеу  үшін  өндірістік  шығындарды  анықтаудың  ролі   зор. Нақты  өзіндік құнға  дұрыс  баға  бермей, тиімді  әрі  дұрыс  басқару  мүмкін  емес. Өндірістік шығындарды анықтау -  көп  салалы  процесс,  материалдарды  сатып алудан – дайын  өнімді өткізуге  дейінгі  барлық  шаруашылық  қызметтің     аспектілерін қамтиды.

Қазіргі жағдайда өзіндік  құн кәсіпорынның  өндірістік-шаруашылық  қызметінде  ең  маңызды көрсеткіш болып   саналады.  Бұл   көрсеткішті есептеу  жоспардың   орындалуына   баға беру  үшін   және  кәсіпорын   қызметінің әртүрлі  көрсеткіштерін дұрыс анықтау үшін қажет: өндірістің және жеке өнім түрінің рентабельділігін анықтайды; ішкі шаруашылық есептілікті жүргізу; өнімнің өзіндік құнын төмендету   резервтерін  анықтау;  өнімге   баға   белгілеу; өндіріске   жаңа    өнім түрін  енгізіп  және  өндірістен  ескірген  өнім  түрін  шығарып   шешім қабылдау  үшін  маңызды.

Өнімнің  өзіндік  құнын  басқару   жүйесінің  негізгі   элементтері  болып болжау мен жоспарлау; шығындарды мөлшерлеу; калькуляция және есеп жүргізу;  өзіндік   құнға  бақылау  және талдау жасау болып табылады. Бұлардың  барлығы  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады.

Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.  Сонымен  экономикалық  шығындар – бухгалерлік  және  балама шығындардан  тұрады.

                        Бухгалтерлік  шығындар = нақты  шығындар.

    Экономикалық  шығындар = бухгалтерлік  шығындар + балама шығындар

         Қысқа  мерзім  кезеңінде  өндірістің  жалпы,  тұрақты  және айнымалы  шығындары  анықталады. 

         Жалпы  шығындар (ТС) – бұл  өндіріске  кеткен  барлық  шығындар  және  тұрақты, айнымалы  шығындардан  тұрады.

         Тұрақты  шығындар (ҒС) - өнім шығару  көлемінің өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  шығындар. Бұларға  салықтар,  жалға  беру,  төлемдер,  сақтандыру,  амортизация  және  т.б.

         Айнымалы  шығындар (VС) – бұлар  өнім  көлемі  өзгерсе  бірге  өзгеретін  шығындар.  Олар  шикізатқа,  жалақыға,  энегияға,  транпортқа,  материалдарға  кеткен  шығындар.

Нақты бір кәсіпорынның өндіріске  жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:

1) Кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қамтамасыз ету;

2) Болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін норматифті және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;

3) Дайын өнімді бағалау және қаржылық  нәтижелерді  есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;

4) Құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;

5) Ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.

Шығындарды есептеу тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруды жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақытаралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процесстерін оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлстігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Бірақ мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіру немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын үлгілеу үшін ақпараттар дайындайды [4, 49 б].

   Өндіріс шығындарын есептеу үшін, 8110 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

Өндіріске жұмсалған барлық шығыңдарды қорытындылап (шолу) үшін 8110-"'Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 8111 - "Материалдар", 8112 - "Өндіріс жұмысшыларының енбекақысы", 8113- "Енбек ақыдан аударылатын аударымдар",  8114  "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.

№2 «Қорлар» ҚЕХС сәйкес ұйымдар өнімнің өзіндік құнына енетін шығындардың құрамын анықтайды. Өндірістік өзіндік құнға жалпы және әкәмшәләк шығындар, дайын өнімді сату бойынша шығындар, сыйақы төлеу шығындар енгізілмейді. Бұл шығындар кезең шығындар ретінде есептеліп, есепті мезімнің соңында 5510 «Есепті жылдың пайдасы» шотының дебетіне шығарылады.

Өнімнің (жұмыс пен қызметтің) өзіндік құнына төмендегі шығындар қосылады:

-   өнімді, жұмыс пен қызметті өндіруге өндіруге тікелей байланысты шығындар;

-   өндірістің жаңа түрлерін дайындпуға және игеруге шығындар, жобалау, конструкторлау, жаңа өнімді өндірудің технологиясын өңдеу және т.б шығындарды жатқызады.

Өндіріс шығындары есебінің маңызды сипаттамасын  қорытындылай келе, тағы да оның негізгі бағытын айта кетеміз, ол өндірістік қызметті бақылау және оны жүзеге асыру үшін шығындарды басқару.

Барлық есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарастырылады:

1)     өндірістік қызмет процесіндегі пайда болу мезгіліне қарай алғашқы шығындардың  бейнеленуі;

2)     өндірістік шығындар туралы мәлімет қызмет түрін, өндіріске, құрылымның бөлімшелеріне, шығындардың пайда болу орындарына, жауаптылық орталығына, өнімдерге, жұмысшыларға қарай оқшаулау;

3)     өндірістік шығындарды пайда болу уақытына және өзіндік құнға қосылуына қарай, сонымен қатар басқа да муақыт кезеңдері-тарихи, өткен шығындар, есепті кезең және болашақ кезең шығындарына қарай оқшаулау;

4)     кәсіпорынның жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында бөлу: жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын және сатылған өнімнің өзіндік құнына қосу жолымен өтеу;

5)     қызмет көрсетуші (көмекші) өндірісінің өндірістік шығындарын оның аяқталмаған және дайын өнімдері арасында бөліп, шығындарды өндірістік бөлімшелері қызмет көрсетуші өндірісінің өнімдерін, жұмысшылары мен қызмттерін тұтынушылары бойынша қайта бөлу;

6)     аяқталмаған өндірісті және өндіріс процесінде алынған қалдықтарды анықтап, бағалау және тауарлы өнімнің  барлық көлемі мен жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтау.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1) Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С.  Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. I кітап. Алматы, «Нұр-Пресс», 2008, 328 бет

2) Қабылова Н.Қ. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқулық.- Астана: Фолиант, 2008, 368 бет.

3) Нұрсейітов Е.О. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп. Оқулық. – Алматы: LEM,  2009-428 бет.