Тарих магистрі Ермаханова Р.Б.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазақ тарихында
Әбілқайыр ханның алатын орны.
Қазақ елі көп жылдар бойы
бодандық құрсауында болып, енді егемендік алған
тұста алдына әлемдегі өркениетті халықтар санатына
қосылу мақсатын қойып отырған ұлт үшін
өзінің өткенін білу, төл тарихынан тағылым алып,
оның сабақтарын ескеру – болашақ мақсаттарға
жеткізетін негізгі фактор. Қазақстанның ХVШ-ХІХ
ғасырлардағы тарихы бірқатар объективті себептерге байланысты
жеткілікті зерттелмей келгені белгілі.
Тарихтың
өзекті арнасы - жеке тұлғалардың, тарихи
қайраткерлердің туған еліне, халқына сіңірген
еңбегін қоғамдық-саяси және әлеуметтік
тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Мемлекеттік билік кімнің қолында болатыны
қоғам үшін өте маңызды. Қазақ хандығының
негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей, ұлт
маңдайының бағына біткен Қасым, Есім, Тәуке,
Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар елдің іргесін бекемдеп,
шаңырағын нығайту жолындағы алмағайып
заманның қиын-қыстау сәттерінде ұдайы жеке
бастарының қадір-қасиеттері мен үлгі өнеге бола білді.
Ғасырлар бойы қазақ халқы
өз күшімен ғана тәуелсіздігін және жерін
сақтап келді. XVII ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың
бірінші жартысында Қазақ хандығының саяси жағдайы
қиын болатын. Қазақ қоғамының
әлеуметтік-саяси жағдайының әлсіреуіне ықпал
еткен мән-жайлардың бірі - көршілес елдердің
қазақ халқының жеріне көз салуында еді. Өз
кезегінде қазақ қоғамының саяси жағдайын
Ш.Уәлиханов былай деп мәлімдеген болатын: "ХVП-ХVШ
ғасырлар аралығы қазақ қоғамының
тағдырында сұмдық қиын кездер болды. Жайық
орыс-казактары, Еділ бойының қалмақтары,
башқұрттар мен жоңғарлар
бірінен кейін бірі қазақ халқына шабуыл жасап, олардың малын
айдап, қазақтарды тұтқынға алды"
Өзінің жеке әскери дарындылығы
мен қолбасшылық шеберлігімен көзге түскен
Әбілқайыр осы кезеңде қазақ хандары мен
сұлтандарының әскери шерулеріне жастайынан белсене
қатысқан жауынгер. Жай ғана қазақ әскери
жасағының жауынгері болған ол, 16-17 жасында
қазақ жасағының әскери басқарушыларының бірі болды.
Әбілқайыр - қазақ
халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың
бірі. Әбілқайыр Қажысұлтанұлы сияқты ірі
саяси тұлғаның қызметі кеңестік тарихымызда
жалаң, бір жақты баяндалды. Оған дәлел кеңестік
жүйенің алғашқы
жылдарында оны тарихшылар "сатқын", "авантюрист" деп
жөнсіз айыптаса, ал Кеңес үкіметінің кейінгі
жылдарында "дана билеуші", "ұлы орыс халқына
өз еркімен қосылудың негізгі ұйытқысы" деп
асыра мадақтады. Демек, бұндай жағдай аталған
тақырыпты шынайы, сындарлы, яғни жаңаша зерттеу
қажеттігін айқындай түседі.
Қайткенде де, өз заманының перзенті
Әбілқайыр Шығыс халықтарының тарихында ірі
саясаткер, мемлекет қайраткері, күшті әскери қолбасшы
ретінде елеулі орын алды.
Халқының қиын-қыстау тарихында
дипломат-мәмілегер, данышпан қолбасшы өз ұлтының
бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай
күш салысқан ірі мемлекеттік
тұлға ретінде танылды.
Бүгінде Қазақстан тәуелсіз ел
атанып, өзінің тарихын жаңаша көзқараспен жазып
жатқанда, оларды бұрынғы қате, сыңаржақ
пікірлерден арылтуымыз қажет.
Әбілқайыр хан билігіне, 1748 жылға дейін
әлімұлы, байұлы, жетіру ұрпақтарынан басқа
арғындардың, уақтардың, керейлердің бір
бөлігі кірді. Олар Батыс Қазақстан өңірлерінде,
Сырдария өзенінің оңтүстік-батыс жағалауымен
Ембі, Жайық өзендерінің бойында қоныс еткен.
Бірақ-та негізінен Әбілқайыр ханның бабалары ертеден Ташкент, Түркістан, Сайрам
қалаларымен соларға тиесілі ауылдарды басқарған.
Ғасырлар бойы ұлан-ғайыр
қазақ даласында данышпан қайраткер тұлғалар
қазақ халқының тарихына орасан зор үлес
қосты. Жоғарғы мемлекет билігіне байланысты әр хандардың
өзіне тән әскери дарындылық, қырандық
саясаткерлік және дана мәмілегерлік қасиеттерін бойларына сіңірген олар, геосаяси стратег
ретінде халқының
және мемлекеттің тағдырын шеше алды.
Әбілқайыр
– батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы,
саясатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы
мол тарихи күрделі тұлға ретінде бағаланады.
Қазақ халқының хандарына
сай Әбілқайырдың да жеке мөрі болған, онда
"Мұхаммед Қазы Бахадүр Әбілқайыр
хан" деп жазылған. "Бахадүр"
деген лауазым тек жаужүрек сардарлығымен мәлім болған және
өзінің әскери жетістіктерімен даңққа
бөленген ардақты тұлғаларға ғана берілген.
Олай болса Әбілқайыр мемлекеттік лауазымды істерде үлкен орын
алған. Оның батырлығы туралы Е. Бекмаханов: "1730 жылы
Кіші жүз қазақтары мен жоңғар басқыншыларының аса ірі
шайқасында Бөкенбай, Есет және Әбілқайыр
хан өздерінің батылдылығымен ерекше көзге түсіп,
халық оларды батыр деп атап кетті",- деп жазды.
Әбілқайыр - қазақ
халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың
бірі. Ғылыми ортаға танымал зерттеулерде Әбілқайырды екі бағытта суреттеп бағалайды. Кейбір
зерттеушілер оны "сатқын", "алаяқ" деп
бағаласа, ал, екіншілері оны "ұлы хан", "дана
билеуші", "халық мүддесін қорғаушы" деп
мақтады.
Қайткенде
де, өз заманының перзенті Әбілқайыр Шығыс
халықтарының тарихында ірі саясаткер, мемлекет қайраткері,
күшті әскери қолбасшы ретінде елеулі орын алды.
Халқының қиын — қыстау тарихында
дипломат-мәмілегер, данышпан қолбасшы, өз ұлтының
бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай
күш салысқан ірі мемлекеттік
тұлға ретінде танылды.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих
толқынында.- Алматы: Атамұра, 1999
2. Карібаев Б.Б.
Қазақ хандығының ұүрылу тархы. Алматы 2014
3. Қазақстан тархы.
Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том Алматы 2002