Педагогика
магистрант Джунисова И.Б., п.ғ.к., доцент Нурабаева Л.С.
Тараз инновациялық гуманитарлық університеті, Тараз
қаласы
Әдіснамалық
мәдениетті қалыптастыруда студенттердің өзін-өзі
тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру жұмыстары
Тараз
инновациялық гуманитарлық университеті базасында 2013-2015 жылдар
аралығында студенттердің әдіснамалық мәдениетін
қалыптастыруға арналған
тәжірибелік-эксперименттің нәтижесі студенттің өз
алдына білім игеруін өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы
білімнің маңыздылығын түсініп, қажетті
іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға
мүмкіндік беретінін анықтауға жадай жасады.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында құрылған
өзін-өзі тану әрекеттері оқу-тәрбие
үдерісіне елеулі өзгерістер әкелді. Олардың негізгілері
ретінде атауға болатындары: өзін-өзі тану барысында
өзін-өзі шыңдауға талпыныс, сезімдік-эмоциялық
жағдайын бағалау және түрлі жағдайларда өз
бетімен шешім қабылдай алу дағдылары қалыптасты.
Өзін-өзі тану сабағы барысында құр мәлімет
алумен шектелмей өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы
пікірлесуге және ой-өрісін, дүниесін өзіндік
дамытуға үйрету әрекеттері жүргізілді. Арнай
пәндер арқылы ұйымдастырылған факультативтік
сабақтар мен арнайы курс, семинарлар жүргізілген топтардағы
жұмыс нәтижелерін талдау барысында білімгер жалпыадамзаттық
жүйесі мен өзінің тағдары,
мінез-құлқы, іс-әрекеті арасындағы байланысты
ұғынып, айналадағы болып жатқан құбылыстар
алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуінде ішкі
мүмкіндіктерінің артқандығын көруге болады. Олар
педагогикалық және ғылыми әдістемелік семинарлар,
апталықтар, аутотренинг жаттығулар, конференциялар, дебаттық
сайыстар, интерактивтік әдістер т.б. Осылардың барлығы да
төмендегідей әрекеттерге
бағытталды:
-өзінің
оқу-үдерісіндегі әрекетіне талдау жасау арқылы
студенттің белгілі бір деңгейде өзін-өзі
тәрбиелеуге мүмкіндік беру;
-
құндылық танымының түрлі ұғымдарын
тануға үйрену және оны өз бойында дарытуға
жағдай жасау;
- жанжалсыз, келісті
қарым-қатынас жасауға машықтануға үйрету;
- өмірде
кездесетін әртүрлі жағдайларды жобалауға және оны
ойдағыдай шешуге дайындау;
-
тұлғааралық және іскерлік
қарым-қатынастарды өзара сыйластық, келісімділік
және шыдамдылық негізінде құруға жағдай
жасау;
- студенттерді
бірлескен шығармашылық әрекеттерге тарту, тұрғыда
ынталандыру;
Студенттерді
өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудың басты
идеясы-студенттерді өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру даралық
ерекшеліктерін ескеру, әрі қарай жетілдіру, әрбір
студенттің жеке және әлеуметтік өмірдің адами
күш-қуаттық мәнін ашу болғандықтан осы
бағытта арнайы семинарлар ұйымдастырылды. Оның басты
талаптары:
-студенттің
өз бойындағы бар мүкіндіктерін шығармашылықпен
ашуға қолайлы жағдай туғызу; Әрбір білімгер
бойындағы дүниесін байыту - білімгер пен оқытушы
арасындағы қарым-қатынастың өзара
түсіністікте құрылуын қамтамасыз ету; Білімгер өз
ойын нық сеніммен жеткізіп, өз шеберлігін табиғи -
қадір-қасиетін дарытуға жол салу;
- білімді өз
қызығушылығымен іздену арқылы игеруге қолайлы
жағдай туғызу; Студенттердің өзін-өзі адами
тұрғыда бағалауға үйрету және әрі
қарай - негізінде
өзін-өзі тәрбиелеуіне көмектесу;
- білімгерге
өз бетімен білім алуды ғана емес сонымен қатар осы жаңа
білімін өз іс-әрекетінде пайдалана білуі қажеттігін
үйрету, өзін-өзі сараптау арқылы өзін-өзі
дамытып отыруға негіз қалыптастыру;
Зерттеуімізде, әрбір студенттің бойына жалпы адамзаттық
адамгершілікті, биік мақсат-мұраттарды, жоғары
қадір-қасиеттерді, дүниеге ғылыми көзқарас
пен шығармашылық ізденімпаздықты қалыптастырудың
алғы шарттары анықталынып, ол
мына міндеттерді орындауды жоспарладық, яғни
студенттердің өзін -өзі тәрбиелеуде:
- әрбір студенттің , әрбір курстың ерекшеліктері
мен қабілетін ескеру;
- оқу-тәрбие үдерісінде “Өзін-өзі тану”
курсынан арнайы курс, арнайы семинар мен факультативтік сабақтардың
тәлім-тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін арттыру;
Экспериментте
студенттердің әдіснамалық мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған «Өзін-өзі тану»
курсының студенттердің жеке тұлғалық
белсенділігін қалыптастырудағы ықпалын анықтау
жұмыстары өткізілді. Алдымен жаңа топқа енген
студенттердің бүгінгі көзқарасының деңгейі,
өзіндік ішкі және сыртқы ортаны танудағы
бұған дейінгі қалыптас-тырған көзқарастарын
анықтау және өзіндік танымды жоғарылату
арқылы студенттердің
өзін-өзі тану арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге
белсенділігін арттыру көзделді. Сабақ барысында аз мәлімет
алумен шектелмей өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы
пікірлесуге және ой-өрісін, дүниесін өзіндік дамытуға
үйрету әрекеттері жүргізілді.
Зерттеу
нәтижелері жоғары мектептегі тәрбиенің
міндеті-тұлғаның дамуына, өзін-өзі дамытуына
мүмкіндік беру, өзінің даралығына ізденуіне
жағдай жасау, өзін-өзі өзектілеуге баруды
қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті, яғни біздің ғылыми болжамымыздың
К.Роджерс айтқан адамның дамуының қозғаушы
күштері және толық тұлғалық
өсуінің көздері адамның өзінде болатынын, ол
үшін оның әдіснамалық базасын күшейтуді талап
ететініне көз жеткізді[1].
Сондықтан ЖОО
оқытудың басты міндеті студенттің әдіснамалық
мәдениетін қалыптастыру арқылы оған өзін
түсінуге, өз проблемаларын ұғынуға және
өзінің ішкі күштерін мен мүмкіншіліктерін проблемаларды
шешу үшін, өзін-өзі дамыту үшін жинақтауда
өзін-өзі оқытуда көмек беру мәселесін
ғылыми тұрғыдан дәлелдеді
Өзін-өзі
оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен
оқу жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік
қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір
мақсатқа құрылған жеке тұлғаның
танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі
оқыту – жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз
жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып
кеңеюіне және адамның баюының жетілуіне септігін
тигізеді. Яғни әдіснамалық білім мен
мәдени-танымдық құзыреттілікті қалыптастырмай
жеке тұлғаның интеллектуальдық арсеналын үнемі
даму фазасында ұстап тұру мүмкін емес екенін көрдік.
Міне, экспериментті өңдеу барысында
студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндіктері
мен потенциалын арттыру және оның ЖОО кәсіби білім беру
сапасымен тікелей байланысты екендігі білім беру мазмұнының
әдіснамалық мазмұнына тәуелді екендігін анықтай
алдық. Яғни, болашақ маманның әдістемелік мәдениетін
қалыптастырмай, оның тұлғасының
құндылық бағдарларын дамытудың шектеулі екендігін
көрсете алдық.
Зерттеуде алынған көрсеткіштер ЖОО
студенттерінің құндылықтық бағдарларын
дамытып, оның сапалы маман болуына ықпал ететін негізгі факторлар
мен себептерді анықтап берді:
-
студенттер достық, жолдастық қасиеттерге адалдық,
махаббат, сүйіспеншілікке ішкі сенімдер мен принциптік
тұрғыда беріктік, мұратқа берілгендік
көрсеткіштері бойынша -10,7%; өз бойларында жауапкершілік сезімдері
жоғары деп санайтындар -6,1%; өздерін адал адамдар санатына
қосатындар - 2,8%; өздерін әділміз деп
есептейтіндер-2,2%,
қоғамдық жұмыстарға белсене араласатындар
-28%; оқуға жауапкершілікпен қарау мен еңбек
сүйгіштікті бағалау-53%.
Сонымен бірге, студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің
экспериментке дейінгі және кейінгі қалыптасу деңгейлерін
тексеру тәжірибесі қорытындыларын сұрыптау барысында
төмендегідей мәліметтер алдық:
- арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар барысында
студенттер бойында мақсат-мұраттық
құндылықтық, қажетті деңгейдегі
адамшылық қадір-қасиеттер, бағыт-бағдарлар
қалыптаса бастағанын көруге болады;
- арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар негізінде,
олардың бойында, тәжірибенің алғашқы
кезеңіне қарағанда достық-жолдастық, махаббат,
сүйіспеншілік сезімдерінің тірегі болатын әдіснамалық
білімдерге, әдіснамалық іскерліктерге және
құзыреттіліктерге қажеттіліктің, сенімнің бар
екендігі расталды;
- студенттер бойында әдіснамалық мәдениеттің
өнегелік сипаты басымдылық танытты, олар арнайы дайындық
арқылы парасаттылық, адалдық, басқаларға
қадірлі болу, ішкі сенімдер мен принциптік тұғырларға,
мұратқа берілгендік, т.б. тәлім-тәрбие нышандарынан
өзін-өзі тәрбиелеудің әдіснамалық
негіздерін табуды қажетсінді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Краевский В.В., Бережнова Е.В. Методология
педагогики: новый этап. – Москва: издательский центр «Академия», 2008.