Педагогические науки

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Тулебаева Ш.А. п.ғ.к.,

№28 МКҚК балабақшасы

 Қамаубаева Г.Т.-әдіскер

 

АРТ-ТЕРАПИЯ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ

 САУЛЫҚТЫ РЕТТЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ

 

      Баланың эмоционалды дамуы - оның сезімдерінің жан-жақтылығының көрінісі. Балалар қуанады, жылайды, қорқыныш сезінеді, мұңаяды. Әр жаста өзіне тән нормативті қорқыныштар байқалып отырады, қолайлы өмір жағдайларында олар жойылады. Бірақ қорқыныштар бала бойында жинақталып, оның тұлғалық дамуына кедергі болып және ол үшін адаптациялық, невротикалық және басқа да мәселелер туындататын жағдайлар да кездеседі. Эмоционалды күй патологиялық бола бастағанда, арнайы коррекциялық жұмыс қажет.

      Балалардың қорқыныш мәселесімен тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін әдістердің бірі - арт-терапия болып табылады. Арт-терапия - өнерге, ең алдымен бейнелеу және шығармашылық іс-әрекетке негізделген психотерапияның арнайы формасы. Шығармашылық процесс қақтығысты жарақаттайтын жағдайды ерекше символикалық формада қайта жасауға, оларды шешудің жаңа формаларын табуға мүмкіндік беретін басты терапевтік механизм болып табылады. Сурет, ойын, ертегі арқылы арт-терапия ішкі қақтығыстардың және күшті эмоциялардың шығуына мүмкіндік береді, өзіндік сезімдерді және мазасыздануларды түсінуге көмектеседі, өзіндік бағаны көтеруге, босаңсуға және қысымды шешуге негіз болады, сонымен қатар шығармашылық қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Арт-терапевтік әдістер баланың болған оқиғаны қайтадан басынан өткізуге дайындық деңгейіне орай қорқыныш мәселесіне енуге мүмкіндік береді.

     Арт-терапияға қатысты бірнеше көзқарастардың болуы орынды. Сонымен қатар арт-терапевтік бейнелеу жұмысы түрлі материалдардың кең мөлшерде таңдалуын қарастырады. Бояулар, қаламдар, түрлі-түсті борлар мен қатар журналдар, түрлі-түсті қағаздар, құм және т.б заттар жиі қолданылады.  Проза немесе поэзия терапиясының «механизмі» мынадай, яғни ұяң адамға өлең, әңгіме түрінде өз мазасыздануын сипаттауға мүмкіндік береді, бұл уақытта ол басқа бір кейіпкер артына жасырынып, айтып жатқаны өзіне қатыссыз ретінде болады.

     Табиғат бойынша өнер терапиясы жан-жақты. Ол адамның ішкі күшінің ашылуымен байланысты және көптеген мүмкіндіктер береді:

·                    өзіңдегі кездейсоқтықты дамыту және зейін, есте сақтау, ойлау (когнитивті дағдылар) процесстерін жетілдіру;

·                    өзгеше тұрғыда өзіңнің өмірлік тәжірибеңді зерттеу;

·                    экзотикалық деңгейде қарым-қатынасқа түсуге үйрену (бейнелеу, қозғалыс, дыбыстық құралдар);

·                    өзін көрсету барысында өзіңді және басқаларды қанағаттандыру;

·                    құнды әлеуметтік дағдыларды дамыту (топтық жұмыста);

·                    жаңа рөлдерді игеру және тұлғаның латентті қасиеттерін көрсету, сонымен қатар өзіндік мінез-құлық өзгерісінің айналадағыларға қалай ықпал етуін бақылау;

·                     тұлғалық даралануды нығайтуға жетелейтін өзіндік бағаны көтеру;

·                    шешім қабылдау дағдыларын дамыту;

·                    босаңсу, жағымсыз ойлар мен сезімдерді шығарып тастау;

·                    бейнелеу өнерімен айналысу және шығармашылыққа деген өзіндік қабілетті жүзеге асыру.

       Бірінші жоспарда арт-терапия - адамның шығармашылық негізіне сенім. Бірақ оның міндеті барлық адамдардан суретші немесе актер жасап шығару емес, мәселені шешу мақсатында олардың шекті шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған индивид белсенділігін қоздыру.  

      Өнер терапиясы үшін психика ерекшелігін көрсететін процестің өзі маңызды болып келеді. Жетекші топ мүшелерінің ішкі мазасызданулары көріністерін мадақтап отырады және шығармашылық қабілеттерінің мәнсіздігіне мазасызданбайды.

      Карл Юнг пайымдауынша, қиял және шығармашылық адам болмысының қозғаушы күштері болып табылады. Шығармашылық процестегі фантазияның рөлін Юнг келесіше сипаттады: тек суретші ғана емес, сонымен қатар кез-келген шығармашыл адам, өзінің барлық жетістіктері үшін өз фантазиясына міндетті. Балаға тән және сол сияқты үйлеспейтін жұмыс түрлеріне тән ойын, фантазияның динамикалық принципі болып табылады. Ешқандай да шығармашылық процесс өздігінен туындамайды және аталған ойын фантазиясыз өз бетінше бола алмайды (Jung, 1921/1970,  р63). Осындай, яғни субъектінің саналы түрде оған ықпал етуге талпынбастан өз фантазиясы дамуын бақылауы сияқты шығармашылық процесті белгілеуде Юнг «белсенді қиял» терминін пайдаланды. 

     Өнер терапиясында фантазияны кездейсоқ қолдану мысалдары ретінде шимақтар суретін салу бойынша жаттығулар қызмет етуі мүмкін. Қатысушылар ешқандай жоспарсыз бірнеше уақыт ішінде қағаздан қолдарын үзбестен қисық сызықтар суретін салады. Бұл жаттығудың мақсаты- қатысушыға кездейсоқ өз сезімдерін білдіруге мүмкіндік беру. Жаттығуды орындау мөлшері бойынша қатысушы психикасының бейсаналы компоненттері байқалады. Содан кейін қатысушы бірнеше уақыт аралығында суретіне мұқият қарап, пайда болған көру бейнелері қандай да бір оқиғалар, объектілер немесе санасындағы кейіпкерлерді сезінуге көмектесу мүмкіндіктерін түсінуге ұмтылады.  

     Арт-терапия процесі балаға өз мәселелерін сезінуге, сонымен қатар оларды шешудің түрлі жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сурет салу қиял, ойлаудың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Шын мәнінде сурет салуды ұнататын балалар басқа балаларға қарағанда, қиялдауы бойынша, сезімдерін және пікірлерін білдіруде ерекшеленіп тұрады. Олар өздерін қандай да бір адамның немесе сурет кейіпкерлерінің орнына қойып оған деген өз қарым-қатынасын еркін білдіре алады. Сурет сала отырып, бала өз сезімдері және мазасызданулары, ниеттері мен армандарын білдіреді, түрлі жағдайлардағы қарым-қатынастарын қайта жасайды және жағымсыз, жарақаттайтын бейнелермен үрейсіз жұмыс жасайды.

     Суретке бейнелеу барысында қорқынышты қайтадан сезіну оның жарақаттаушы әсерін әлсіретеді. Өзін жағымды, күшті және өзіне сенімді кейіпкерлермен теңестіре келе, бала зұлымдықпен күреседі: жақындарын қорғайды, жауларын жеңеді. Бұл жерде күштілік, батырлық, зорлық және зұлымдыққа қарсы тұру сияқты әрекеттер ғана көрініс табады, ал әлсіздікке, өзін қорғай алмауға орын жоқ. Сурет салу барысында рахаттану, қуану, тіпті ызалану эмоциялары қатар жүреді, ал қорқыныш пен мұңаю сезімдерінің болуы мүмкін емес.

     Сурет салу өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, өзара қарым-қатынастарды және эмоциялар көріністерін модельдеу тәсілі ретінде байқалады. Бұл белсенді түрде салып отырған баланы еш нәрседен қорықпайтынын білдірмейді, онда қорқыныштың пайда болу ықтималдылығы төмендейді.

     Қорқыныштардың табысты жойылуы олардың даму себептері мен ерекшеліктерін білуге байланысты. Қорқыныштардың даму механизмдері мотивацияланған құрылым жасай отырып өзара үйлеседі. Балалардың сезімдерін және ниеттерін, олардың ішкі әлемін түсіну, сонымен қатар ата-аналарының жағымды үлгі болуы қорқыныштарды табысты жеңу үшін қажетті алғышарттар тудырады. Қорыққаны үшін баланы жазалауға, ұрысуға және айыптауға болмайды, өйткені ол барлық жағынан оның өзіндік сезіміне және ішкі және сыртқы қауіптерге қарсы тұруға қабілеттілігі үшін жауапты болатын ата-аналарына тәуелді. Сурет салу арқылы ең алдымен қиял арқылы туындаған, яғни ешқашан да болмаған, бірақ бала түсінігі бойынша болуы мүмкін қорқыныштарды жоюға болады. Содан кейін ертеректе болған және қазіргі уақытта бала жадында эмоционалды із қалдырған шынайы жарақаттайтын оқиғаларға негізделген қорқыныштар жойылады. Сонымен қатар баланың суреттерінен қандай да бір оқиғалардың жақын арада болғанын байқауға болады, мысалы, иттің тістеуі, өрт, жалғыз қалуы т.с.с. Этикалық тұрғыда баладан ата-аналарының өмірден кетуімен байланысты қорқынышты бейнелеуді сұрануға болмайды [38].

     Сурет салу процесінде кейбір қорқыныштар жандануынан қорқудың қажеті жоқ, өйткені  бұл  оларды толығымен жою жағдайы болып табылады. Ал олардың бала психикасында сақталуы өте қауіпті, өйткені олар кез-келген сәтте айқын көрініс беруі мүмкін. Кез-келген жаста, бала өзінің сәтсіздіктері үшін алдын-ала мазасыздану күйінде, қандай да бір нәрсені дұрыс емес жасау қорқынышы сурет салу үшін психологиялық  кедергі болуы мүмкін. Сонымен қатар, арт-терапевтің мақсаты баланы сурет салуға үйрету емес, арт-терапияның негізгі міндеті шығармашылық арқылы өзіндік танымын және өзіндік тұжырымын дамыту және оның адаптациялық қабілеттерін көтеру [39].

     Ата-аналар баланы сурет салуы үшін мадақтап, қолдап және сурет салу барысында мақтап отырулары қажет. Егер де ата-аналар басымдылық, дөрекілік білдірсе, баланың сурет салу эффектісі төмендейді. Баланың сурет салу нәтижелеріне отбасындағы өмірге құштарсыздық, өзіндік сезімдер туралы бітпейтін әңгімелер де теріс ықпал етеді. Осындай ахуалда балалардың сурет салуы және ойнауы шектеулі, суреттерде қара және сүр түстер басымдылықтары айқын көрінеді.    

      Қорқыныштың суретін салу тапсырмасының өзі бала іс-әрекеттерін өз үрейлеріне қарсы күресуге ұйымдастырады. Қорқыныштарды сала бастау оңай іс емес. Кейде баланың тапсырманы орындауға шешім қабылдауына дейін бірнеше күндер өтуі мүмкін. Осылайша қорқыныш тәрізді ішкі психологиялық кедергі жойыла бастайды. Сурет салуға шешім қабылдау- тікелей өз қорқынышымен жанасу, мақсатты түрде онымен бетпе-бет кездесу, суретке бейнесі түскенге дейін оны ерікті түрде есте ұстап тұруды білдіреді. Сонымен қатар суреттегі қорқыныштың шарттылығын сезіну оның жарақатты ықпалын әлсіретуге негіз болады. Сурет салу процесінде қорқыныш объектісі тұрақты психикалық құрылым ретінде қарастырылмайды, өйткені ол саналы түрде икемделе бастайды және шығармашылық тұрғыда көркемдік бейнеге айналады. Сурет салу барысында пайда болатын қызығушылық, қорқыныш эмоциясын, ерікті шоғырлану және тапсырманы орындаудан алған қанағаттанумен алмастыра отырып біртіндеп сөндіре бастайды.

      Арт-терапия процесі балаға өз мәселелерін сезінуге, сонымен қатар оларды шешудің түрлі жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сурет салу қиял, ойлаудың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Шын мәнінде сурет салуды ұнататын балалар басқа балаларға қарағанда, қиялдауы бойынша, сезімдерін және пікірлерін білдіруде ерекшеленіп тұрады. Олар өздерін қандай да бір адамның немесе сурет кейіпкерлерінің орнына қойып оған деген өз қарым-қатынасын еркін білдіре алады. Сурет сала отырып, бала өз сезімдері және мазасызданулары, ниеттері мен армандарын білдіреді, түрлі жағдайлардағы қарым-қатынастарын қайта жасайды және жағымсыз, жарақаттайтын бейнелермен үрейсіз жұмыс жасайды.

Арттерапия адамның психо-эмоцмоналды күйін көрсету мақсатында серпінді бейнелі шығармашылықпен емделуді білдіреді. Арт-терапия кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде психотерапиямен тығыз байланысты.

 

Әдебиеттер тізімі:

1 Никольская И. М. Арттерапия – терапия изобразительным искусством // Учебник Детская психиатрия (под ред. Э. Г. Эйдемиллера), СПб.: Питер, 2005

2 Сьюзан Коган «Оздоровление звуковым и изобразительным искусством». Москва, 2010

3 Алексеев М.Ю. Педагогикалық мүмкіндіктер және арт-терапия ерекшеліктері. А., 2011 

4 Воробьева Д.И. «Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, көркем және шығармашылық дамуының интеграцияланған бағдарламасы» А., 2012

5 Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер. – Тараз: «Сенім» 2006