ӘОЖ 37.05.01
Педагогикалық пәндердің болашақ
мұғалімнің эмпатиясын дамытудағы мүмкіндіктері
Құлжабаева
А
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті, магистрант
Білім беруде педагогтың кәсіби-маңызды
сапалар жүйесін дамыту, оларды кәсіби даярлау арқылы іске
асырылады, сондықтиан да біз осы мәселеге қатысты
қазіргі заманғы көптеген зерттеулерге қайта талдау
жүргізуді жөн деп есептейміз.
Мамандардың зерттеулері болашақ
мұғалімді даярлаудың қалыптасқан жүйесінде
педагогикалық білім беруді көбінесе педагог кадрларды
көпшілік қайта жаңғырту объектісі ретінде
қарастырылатынын сипаттайды, ол кәсіптің
тұлғалық-маңызды мәнін қарастыруға, кәсіби
өзіндік талдауға итермелейтін жағдайлар жасалмайынша,
субъектінің психикалық және кәсіби дамытудың
субъектісі ретінде қарастырылмайтынын көрсетеді, бұл
жағдайда субъектінің педагогикалық рефлексияны таратушы
ретіндегі ұстанымы қалыптаспайды.
Осы көзқарасты бірқатар педагогтар
қолдады, мысалы А.И.Пискунов жоғары педагогикалық білім
берудің теориясы және тәжірибесінде, болашақ
мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру
мәселесіне, оның ойлауының кәсіби-педагогикалық
бағыттылығын тәрбиелеуге, оны күрделі
психологиялық және физиологиялық негізде, жалпы
педагогикалық білімдер және біліктермен қаруландыруға
жеткілікті зейін аударылмайтынын атап көрсетті [1].
Ал Н.А.Шайденко өзінің «Формирование творческой личности учителя в учебном процессе педагогического вуза» атты монографиясында
педагогикалық ойлауды
қарастырады және оның келесі белгілерін атап
көрсетеді [2]:
- болмыстың құбылыстары мен
үдерістерін жүйелі тұрғыда көру және
түсіну;
- дәстүрлі және жаңаны
диалектикалық арақатынаста ұстау шеберлігі;
-
саналы өзіндік талдау;
-
ойлау стилін ізгіліктендіру.
Педагогикалық ойлауды тиімді қалыптастыру
үшін, оның психологиялық механизмінің спецификасын
есепке алу керек, себебі бұл үдеріс тұлғаның
арнайы бағдарлары мен құндылық бағдарларына
негізделеді, оның мотивациялық және эмоционалды сфераларын
қозғайды.
Педагогикалық
ЖОО-да оқыту тәжірибесінде студенттердің эмоционалды
сферасына әсер етудің екі аспектісін есепке алу маңызды:
сезімдерді қалыптастыру, этикалық дұрыс педагогикалық
іс-әрекетке баулу және жоғары эмоционалдылықтың
бірнеше түрлерін есепке алу, бұл педагогикалық ЖОО-ның
көптеген студенттеріне тән болады.
Демек, екінші сатыда студенттердің
кәсіби-маңызды сезімдерін қалыптастыруға
мінез-құлық мотивациясына әсер жүзеге асырылады,
педагогикалық білімдерді сенімдерге ауыстыру жүзеге асады,
біздің ойымызша, педагогикалық ойлаудың
ақпараттық-эмоционалды компонентін қалыптастыру туралы
айтуға болады».
Практикалық педагогикалық ойлаудың
нұсқасы ретінде, мұғалімнің диагностикалық
ойлауы алынады – бұл баланың жекеленген белгілерін талдау
және оларды тұлғаның дамуын болжауды ескерумен
байланыстыру болып саналады.
Педагогикалық
ойлауды талдауда біз А.А.Орловтың тұжырымдамасына сүйенеміз,
оның тұжырымдамасына сәйкес педагогикалық пәндерді зерттеу педагогикалық
даярлықтың өзегі болып табылады. Яғни, студенттер мен мұғалімдердің
«педагогикалық даярлығы» ғылыми категория және
болмыстың феномені ретінде кәсіби білім бері жүйесін
оқыту субъектілерінің меңгеруінің,
әдіснамалық мәдениетті дамытудың, жалпы
педагогикалық негізгі біліктерді қалыптастырудың
(аналитикалық-диагностикалық, жобалаушы, прогностикалық,
конструктивті-ұйымдастырушылық, коммуникативті, рефлексивті), маңызды
кәсіби-тұлғалық сапаларды дамытудың (балаларға деген махаббат, эмпатия,
толеранттылық, рефлексия, эмоционалды тұрақтылық
және т.б.) үдерісі және нәтижесі, сонымен бірге осы
негізде кәсіби құнды бағдарлар мен
тұлғалық педагогикалық кредоның қалыптасу
үдерісі мен нәтижесін білдіреді [3].
Біздің зерттеуіміздің мәтінінде,
тұлғалық-әрекеттік және антропологиялық
тұғырлар ерекше маңызды, себебі олар болашақ
мұғалімнің эмпатиясын дамытудың құндылық
бағдарларын айқындауға және осы үдерістің
технологиясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ғалымдар ғылым мен өнердің
байланысына құрылатын «тірі білім» туралы ой айтады. Өнер
әлемнің бейнесін және оның жекеленген элементтерін
жүйелі қабылдауға ықпал ете отырып, өмірді
біртұтас көрсетеді. Бұдан басқа, педагогикалық
білімді ұсынудың ғылымнан тыс қайнар көздері,
кәсіби қарым-қатынастың аффектілі-коммуникативті
функциясын жүзеге асыруға ықпал етеді, оның барысында
студентке өзінің шынайы «Менін» рефлексиялауға мүмкіндік
беретін жеткілікті күшті күйлерді туындатады.
Педагогикалық білімге
эмоционалды-құнды қатынастарды қалыптастыру, бір
жағынан, когнитивті диссонанстан позитивті шығуға
мүмкіндік береді, ал екінші жағынан - болашақ
мұғалімнің педагогикалық кредосын қалыптастыруға
ынталандырады».
Біздің негізгі зерттеу міндеттеріміздің
призмасы арқылы, педагогикалық ЖОО-да оқытылатын
педагогикалық пәндердің жүйесін
қарастырайық. Жоғарыда белгіленген мақсаттар әрбір
курс үшін нақтыланады, мұнда педагогикалық
пәндерді оқыту үдерісінде эимпатияны
қалыптастыруға деген бағдар, эмпатияның
құрылымына сәйкес арнайы бағдарларды (міндеттер)
енгізуді қамтиды.
Мысалы педагогикалық
пәндердің бірі- «Педагогикалық мамандыққа
кіріспе» - студенттердің оқу
іс-әрекетін қалыптастыру басым міндеттердің бірі болып
саналатын оқу пәні.
Оның мазмұнын ашу және оны оқыту
екі деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – семинар және
зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушының
басшылығымен студенттердің аудиториялық жұмысы. Екінші
деңгей – студенттердің өзіндік жұмыстары, оның
барысында педагогикалық теория мен тәжірибенің байланысы
анық байқалады, оның педагогикалық өзіндік
санасы және танымдық және
болашақ педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асыруға
дайындығы қалыптасады.
Бұл курсты
оқытудың жалпы міндеттеріне біріншіден, студенттердің
мұғалім мамандығына қызығушылығын
қалыптастыру, педагогикалық білімді болашақ
мұғалімнің қалыптасуының басты
факторларының бірі ретінде меңгеруге деген
қызығушылықты қалыптастыру, оның
педагогикалық ойлауын дамыту; екіншіден, студенттерді педагогикалық
іс-әрекеттің спецификасымен таныстыру; үшіншіден,
студенттердің өздерін мұғалім ретінде
өзін-өзі жүзеге асырудың мүмкіндіктерін
мағыналау жатады [4].
Жоғары оқу орындарында педагогикалық
пәндердің ядросы есебінде 3 және 4 семестрде
жүргізілетін «Жалпы педагогика» курсы алынады.
«Жалпы
педагогика» курсы
– теориялық пән; аталған оқу пәнінің
бағыттылығы педагогиканың философия және психологиямен
байланысты ерекше маңызды етеді.
«Педагогика» курсын оқытудың мақсаты –
студенттерді ойлаудың педагогикалық бағыттылығын
қалыптастыру.
Аталған мақсатқа курсты оқыту
үдерісінде келесі жалпы міндеттерді орындау арқылы қол
жеткізуге болады:
- пәнаралық негізде маңызды
педагогикалық ұғымдарды меңгеру: тәрбие, білім беру, оқыту,
тұлға, даму және т.б.;
-
аса маңызды қазіргі заманғы
педагогикалық идеялармен, теориялармен, тұжырымдамалармен
таныстыру;
-
шынайы педагогикалық
жағдаяттарды теориялық негізделген тұрғыда сипаттау
және түсіндіру, онда педагогикалық міндеттерді ажырату
білігін меңгеру;
-
педагогикалық міндеттерді
шешудің алгоритмін меңгеру;
-
педагогикалық
әдебиетпен өзіндік жұмыс істеу білігін меңгеру;
-
мектеп пен білім беру туралы
маңызды нормативті құжаттармен танысу;
-
практикумдар барысында шынайы
мектеп өмірін кәсіби талдаудың, балалар мен
мұғалімдермен қарым-қатынас жасаудың
бастапқы біліктерін меңгеру, сонымен бірге
ұйымдастырушылық іс-әрекеттің жекеленген элементтерін
меңгеру;
-
кәсіби рефлексияның
бастапқы біліктерін меңгеру (өзіндік бағалау).
Мұндағы болашақ
мұғалімнің эмпатиясын дамытуға негізделген міндеттерге:
- студенттердің мұғалімнің
кәсіби-маңызды сапаларының жүйелілігі туралы
ұғымдарын тереңдету;
- тәрбие үдерісінде балалар және
әріптестермен тиімді
қарым-қатынас жасау үшін эмпатияның мүмкіндіктері
тұрғысында теориялық ақпаратты мағыналау;
- студенттік топта тиімді
өзара қатынастарды құру үшін,
тұлғалық кәсіби сапа ретінде эмпатияның мүмкіндіктерін анықтау;
- эмпатиялық
мінез-құлықтың құнды негіздерін
анықтау;
- проблемалық
мәтіндерді талдауда, оқу пікірталастарын жүргізуде,
шығармашылық тапсырмаларды орындауда және т.б. эмпатияның
көрініс дағдыларын жетілдіру.
Біз
айқындаған міндеттер оқу
мазмұнын түзетуді, оны болашақ
мұғалімнің эмпатиясын дамыту жүйесіне бейімдеуді талап
етеді.
Білім берудің мазмұнын
іріктеудің тұжырымдамалы негізінде, орталық ұғымдардың аясындағы материалды
топтастыру алынады, біздің жағдайымызда «кәсіби-маңызды сапалар» (эмпатия, гуманизм, импровизация,
интуиция, креативтілік, байқампаздық, оптимизм, жауапкершілік,
болжау, рефлексия, толеранттылық) ұғымдары болып
саналады.
Әрекеттік-прагматикалық
тұғыр білім алушылардың қажетті
дүниетанымдық деңгейін
қамтамасыз ететін және оған өзін-өзі
кәсіпте жүзеге асыруға көмек беретін, қолданбалы білімдері мен біліктерін
таңдауды қамтиды.
Мысалы, «Педагогикалық
мамандыққа кіріспе» курсының «Педагогикалық ЖОО студенттерінің оқу-танымдық
іс-әрекетінің және даярлығының ерекшеліктері»
тақырыбын оқытуда оқытушының эмпатиялық
тыңдау әдісін қолданғаны оңтайлы, себебі осы
сабақта педагогикалық ЖОО-ның студенттері
оқу-танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктерін сипаттай
отырып, семинарға дайындалу үдерісінде алынған
ақпаратты проекциялайды, оларда сұрақтар, мәселелер мен
күйлер туындайды, мұнда оқытушының бастапқы
кезеңде студенттердің қиындықтары мен
күмәндарын шешуі ерекше маңызды болып саналады.
Түсіну әдісі білімді ғана емес, сонымен
бірге бірге қатысуды, бірге күйзелуді, бірге сезінуді
қамтиды. Ол сананың мағынаны айқындаушы жұмысына
тірек жасайды. Түсіну интерпретациямен негізделеді. Өткен
мағыналар интерпретация актілерінде жанданады және жаңа
мағынаға ие болады, себебі тұлғааралық
өзара әрекет актілеріндегі түсіну өткенді талдау үшін үлкен мүмкіндіктер
тудырады.
Эмоциялар мен құндылықтарды
айрықшалау әдісі келесі үлгіде құрылады:
оқытушы әртүрлі тәсілдер арқылы
оқушылардың зерттеу объектісінің
құндылықтары мен өзіндік толғаныстарын саналы ұғынуын
ұйымдастырады. Құндылықтарды меңгерудің
маңызды құралы ретінде, оқытушының баға
беруші тұжырымдары алынуы мүмкін (ескерту, мадақтау,
қолдау). Оқушылардың өзіндік ұйымдастырушы
іс-әрекетін шебер басшылықтың үйлесімінде,
оқытушының баға беруші тұжырымдары оқушылардың
кәсіби-маңызды сапаларының бірқатарын тәрбиелеуге
ықпал етеді.
Мысалы, «Жалпы
педагогика» курсының «Ұжым тәрбиенің объектісі
және субъектісі ретінде» атты тақырыпты оқытуда,
оқытушы студенттердің зейінін конформизм және
ұжымшылдық сияқты қарама-қайшы
ұғымдарға аудара отырып, болашақ
мұғалімдердің басқа адамдардың
мұқтаждықтары мен қиындықтарына белсенді
жауап беруін ынталандыра алады.
Өзін-өзі реттеу әдістерінің
мақсаты қаланған психикалық күйлерді
қалыптастыру болып саналады. Өзін-өзі реттеу әдістерін
қолдану студенттерді ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру
бойынша білімдермен және біліктермен, өзіндік
мінез-құлқын түзету дағдыларымен
қаруландыруды қамтиды. Өзін-өзі реттеу әдістері
шаршауды түсіреді, жақсы көңіл-күйді
құруға ықпал етеді, болашақ педагогтерге
өздерін іс-әрекетке бейімдеуді үйренуге ықпал етеді.
Бұл әдістерде жағымсыз эмоцияларды түсіруге
арналған жаттығулар үлкен рөл атқарады.
Оқытудың
ұйымдастырушылық формаларына және
студенттердің білім беру іс-әрекетін үздіксіз
басқарудың тәсілдеріне жататындар: дәрістер,
практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар,
практикумдар, студенттердің өзіндік, ғылыми-зерттеу
жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика
жатады. Дәріс үш функцияны атқарады: ақпараттық
(қажетті мәліметтерді баяндайды), ынталандырушы (тақырыпқа
деген қызығушылықты оятады), тәрбиелік және
дамытушы (құбылыстарға баға береді, ойлауды дамытады).
Таңдаған критерийге байланысты дәрістің келесі
түрлерін айқындауға болады: 1)
жалпы мақсаттары бойынша: оқу, насихаттаушы, тәрбиелік,
ағартушы, дамытушы; 2)
ғылым деңгейі бойынша: академиялық және көпшілік;
3) дидактикалық міндеттері
бойынша: кіріспе, ағымдық, қорытынды-жалпылаушы,
бағдарлаушы, шолу, дәріс-кеңестер, визуализация
дәрістері (көрнекілік элементін күшейтумен); 4) материалды баяндау тәсілі бойынша:
бинарлы немесе дәріс-пікірталастар, дәріс-конференциялар.
Біздің ойымызша, болашақ
мұғалімнің эмпатиясын
дамыту тұрғысында, практикалық сабақта рационалды
қолдануға оңтайлы болатын сабақтың формалары
келесі үлгіде болуы керек: проблемалық-жобалау
семинары, семинар-дөңгелек
үстел, семинар-диалог, іскерлік
ойын, микрооқыту.
Жоғары мектепте оқыту үдерісін
жетілдірудің, оқу іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мен
жеделдетудің алуан түрлі әдістері мен
құралдарының арасында,
оқытудың техникалық құралдарын шебер
және рационалды қолдануға маңызды орын беріледі.
Сонымен, педагогикалық пәндердің мүмкіндіктеріне
жүргізілген талдау, біріншіден, педагогикалық курстардың
жалпы мақсатты бағдарларымен арақатынастағы болашақ мұғалімнің
эмпатиясын дамытудың арнайы міндеттерін құрастыруға
мүмкіндік берді; екіншіден, эмпатияны дамытуға ықпал ететін оқу мазмұнын түзету
және іріктеудің принциптерін анықтауға мүмкіндік
берді; үшіншіден, қойылған міндеттерге адекватты жетекші
педагогикалық құралдарды айқындауға
мүмкіндік берді (оқытудың
әдістері мен формалары).
Алайда, зерттеу барысында болашақ
мұғалімнің эмпатиясын дамытудың арнайы бағыттарын
айқындау бойынша зерттеу жүргізу талап етілді.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Пискунов А.И. Педагогическое образование: цель, задачи и содержание //Педагогика.-1995.-№4.-С59
2.
Шайденко Н.А. Формирование творческой личности учителя в
учебном процессе педагогического вуза. Монография. М.: Прометей, 1992.
3.
Орлов А.А.
Педагогика: Концепция и учебная программа курса для студентов
пед. вуза/А.А.Орлов.- Тула: Изд-во Тул.гос.пед.ун-та им. Л.Н.Толстого,2001
4.
Научно-методологические основы проблемного обучения в
вузе: Сб.науч. трудов/ Отв. ред. А.М.Юрков.- Ростов - н/Д: изд-во
Ростов, ун-та.-1998.