|
БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Кадирова Перизат Мұсағалиқызы Алматы облысы, Талдықорған қаласы №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы
меңгерушісі
Қазіргі кезде біздің қоғамда болып
жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз
өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Білім
жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «ХХІ
ғасыр бәсеке ғасыры, бәсекеге қабілетті
ұрпақ тәрбиелеу, әрбір білікті, білімді
педагогтардың міндетті» деп айқындап айтып берді. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту
мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі екені
баршамызға мәлім. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың
жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке
дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие
беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі.
Осыған
орай мектепке дейінгі
мекемелердің іс-тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудегі тиімді бірнеше технологиялары жасалып енгізілуде.
Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім
беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің
алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің
бірі білім берудің әдіс-
тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа
инновациялық білім технологиясын меңгеру. Бұл орталықта тәрбиешілердің Монтессории
педагогикасы саласындағы кәсіби педагогикалық
құзреттілігін дамытуға, сондай-ақ дайындалған
ортаны құруды Монтессори педагогикасы қағидаттарына
сүйеніп жасалған дидактикалық материалдармен
жасақталуы тиіс. Бұл технологияның басты ұстанымы
«баланы еркін тәрбиелеу» болғандықтан Монтессори технологиясын қолдану
арқылы балалардың қол маторикасын дамытып, өз
беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды
жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Балабақшада
тәрбиешілер күнделікті оқу
іс-әрекеттерін М.Монтессории
технологиясының элементтерін пайдалана отырып,
ұйымдастырамыз, бұл
технологияның тиімділігі балалардың қай салаға
жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды.
«Монтессори педагогикалық орталығында» балалармен жұмыс
жасайтын тәрбиеші-педагогтарға арнайы семинар, шеберлік сыныптар,
кеңестер беріліп алдын ала жоспарланып отыр. Сонымен қатар
түрлендірілген «Ойын
технологиясын» көптеп
қолданамыз, мақсаты бала
белгілі – бір тапсырманы орындай отырып, өзіне деген сенімділік пайда
болады. Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның
маңызы зор. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден
терең теориялық,
психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала
дүниетанымын терең
танып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа
технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және
оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да,
талапқа сай болу қажет. Алғашқыда
немесе өткен ғасыр педагогтары «педагогикалық технология»,
«оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу
технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән-
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық
технология оқу және
тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің
шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық
технология» мәні, «оқу технологиясы», «тәрбие
технологиясы» ұғымдары
мәндерімен салыстырғанда
тереңдеу де ауқымдылау. Қазіргі заман жаңашылдық, жаңа
көзқарас, жаңалықтар заманы. Өмір сүру
барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды
кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдерісі, әдістері де осы
жаңашылдыққа сәйкес болуы керек. Білім беру саласындағы
балабақшаларда инновациялық қызмет көрсетуде өз өрісін табуда. Сондықтан балабақшада білім беру сапасын жетілдіруде
тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу
үрдісін тәрбиелеу процесін ұйымдастыру жаңа
инновациялық-педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Пайдаланылған
әдебиеттер: 1. Беспалько В.П. Слогаемые
педагогические технологий. М., Педагогика, 1989. 2. Исаева З.А., Мынбаева
А.К., Садвакасова З.М. Активные методы обучения. – Алматы, 2005. 3. Бұзаубақова К.Ж.
Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003. 4. Таубаева Ш.Т.,
Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в
системе образования: научный фонд и перспективы развития. – Алматы:
Ғылым, 2001. Резюме В статье рассматриваются вопросы
внедрения инновационных педагогических технологий в детском саду. Resume Following article are considered
the pedagogical innovational technologies using in kindergarten. |
|
|