Мұғалімнің
инновациялық дайындығын
қалыптастыру
Шаматова Б.А.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлкеттік университеті
Тілдік даярлау
орталығының оқытушысы
Адамзат
қоғамы ғылыми-техникалық прогресс керемет дамыған
ХХІ ғасырға қадам басты. Жаңа заман ағымына
байланысты жаңа ғасыр табалдырығын басқан әлемге
әйгілі тәуелсіз Қазақстанның болашағы – білім
мен ғылымда. Еліміз білім берудің жаңа жүйесін жасап,
әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алды. Білім беру
парадигмасы өзгерді, мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Елбасы
Нұрұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «ХХІ
ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және
денсаулығы мықты азаматтар. Замануи бағдарламалар мен
оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұсынуы маңызды.
Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен
ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс...» – деді.
Бұл талап жаңа ғасырдағы білім саласы
қызметкерлеріне аса жауапты міндеттер жүктейді. Білімді
жоғары сапаға көтеру, замануи білім беруді қалыптастыру,
әлемдік деңгейдегі мектептер, кәсіптік-техникалық
колледждер мен жоғары оқу орындар желісін одан әрі дамыту,
білікті мамандар қатарын көбейту.
Бұған дейінгі білім
берудегі дәстүрлі әдіс-тәсілдер тек қана
пәнге қатысты білім, білік дағдылардың жиынтығын
меңгертуге бағытталды, ал жеке басының дамуына
көңіл бөлінген жоқ. Мұғалім кіреді,
сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. Бұл жердегі
мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар
өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойлау, атсалысу, салыстыру, пікір
алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбайды. Мұндай
білімнің аясы тар, жаттанды есте сақтауға алып келеді.
Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау
арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде
ғана жүзеге асырылады, ал терең ойлану үрдісі іске
асырылмайды. Конструктивті оқытуды алатын болсақ, керісінше,
мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Оқушы
көп ойланып, көп талқылап, әрекеттенеді. Осы жағдайда
мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын,
білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп
ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың
оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде
көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша ойларын білдіре алатындай
пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа
ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып
құрылады. Бұл жерде «Маған айт, мен оны ұмытамын,
көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр,
мен сонда түсінемін» деген қытай мақалының түпкі
мағынасына терең бойлауға тура келеді. Ғалымдардың
айтуынша оқыған, естіген, көрген т.б. әрекеттерден
гөрі адамның өзі өзгелерге түсіндірген білім есте
сақталады. Барлық оқыту үрдісін ұйымдастырып,
көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан,
бағдарлама ең алдымен, мұғалімге қарай
бағытталады. Өйткені мұғалімдер ойлау қабілеттері
жоғары деңгейде дамыған оқушыларды
қалыптастырғылары келсе, онда алдымен өздерінің де
терең ойлау қабілеттерін дамытқаны жөн. Сонда
ғана жаңашыл идеяларға деген көңіл
көкжиектері ашылып, жаңаша қалыптасуы мүмкін.
Сондықтан қазіргі
кезең мұғалімнің инновациялық дайындығын
қажет етіп отыр. Білім берудің ұлттық моделіне
көшкен оқу орындарына ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан
аулақ практикалық қызметте пелагогикалық
үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика
қоя білетін шығармашыл ұстаз керек. Осындай талапқа сай
қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте
өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық,
экологиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы
толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы
бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.
Мұғалімнің
инновациялық дайындығын қалыптастыру – уақыты жеткен, уақыт
талабы.
Мұғалімнің
инновациялық дайындығын қалыптастыру дегеніміз – әлемдік
бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа
парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру;
білім беретін оқу орындарындағы инновациялық реформаларды
жүзеге асыруды жеделдету; білім беру жүйесінде инновациялық
өзгерістерді, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа
ақпараттық, коммуникациялық технологияларды кеңінен
пайдалану.
Мұғалімнің
инновациялық дайындығын қалыптастыру біріншіден,
мұғалімнің инновациялық белсенділігінен басталады. Мұғалімнің
инновациялық белсенділігі – жаңаны білсем, үйренсем,
қолдансам деген инновациялық іс-әрекеттерді білдіреді. Инновациялық іс-әрекет
дегеніміз, мұғалімнің жаңашыл идеяларын, жаңашыл
әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үрдісіне, өз
кәсіби тәжірибесіне, оқу орны жағдайына, білім
алушылардың дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз. Инновацияны
«жаңалық», «жаңа әдіс», «әдістеме»,
«өзгеріс», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті
«жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновациялық
үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру,
қолдану және жаңа технологиялар арқылы жүзеге
асыру. Осы жағдайда мұғалім жаңа технологияның
қыры мен сырын меңгереді, инновациялық іс-әрекеттерін жоспарлап, жүзеге
асыру механизмін қолданады. Бұл мұғалімнің
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша
құруды көздейді. Мұғалімнің бойында
үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: пәндік
біліктілік (териялық білім пән арқылы беріледі); педагогтік
біліктілік (педагогиканың негізін, ұстанымдарын,
әдіс-тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі
нысандарын білуі тиіс); технологиялық біліктілік (технологиялар
арқылы білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен іздену
қабілетін қалыптастыру). Бұл мұғалімнің білім
беру тәжірибесінде өзінің идеясын жүзеге асыруға
көмектесетін өмірлік бағыттылығы бар
әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды.
Бұл бағытта
көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілуде:
- педагогтардың кәсіби
сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру:Н.В.Кузьмина, Г.А.Уманов,
Н.Д.Хмель, О.А.Абдуллина, В.А.Сластенин,
- оқытушының инновациялық
және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру:
Г.Қ.Нұрғалиева, М.И.Дьяченко, Г.М.Храмов, Н.А.Абишев, К.Бұзаубақова
және т.б.;
- оқытушылардың
ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру:
М. Н: Скаткин, М. А. Данилов, Б.Б.Баймұханов,
А.Е.Әбілқасымова және т. б.
Мұндай
дайындық деңгейі мұғалімнің шығармашылық
іс - әрекет құрылымының мазмұнына, өзін-өзі
дамытудағы инновациялық іс - әрекеттің мақсатына
қатысты. Ал мақсат инновациялық іс-әрекеттің мазмұнына бағытталады. Мазмұнның
құрылымы инновациялық мәселемен анықталынады.
Мазмұн күтілетін нәтиженің жағдайларына
тәуелді және іс-әрекетті жүзеге асырудың басты
деңгейіне емес, орындаушылық деңгейіне байланысты.
Сонымен, мұғалімнің
инновациялық дайындығын қалыптастырудағы мұғалімнің
өзін-өзі дамытуы инновациялық іс-әрекеттің
мақсаты мен мазмұнын белсенді ұғынуын қажет етеді.
Мұғалім инновациялық іс-әрекетке ненің
кіретіндіктерін дұрыс ажырата білуі тиіс. Өйткені осының
бәрін жасаушы, іске асырушы мұғалім.
Инновациялық даярлығы
қалыптасқан мұғалім-ғылыми ізденуші
педагогикалық іс-әрекетті кәсіби тұрғыдан
қарап, оны әдістемелік жағынан түрлендіріп,
өзінің шығармашылығы арқасында жоғары
деңгейде жүзеге асатын технологиялық операцияларды
жүйелеп, инновациялық іс-әрекеттің жетістіктері мен
кемшіл тұстарын зерттеп, себептерін ашып, өзінің
іс-тәжірибесінен туындаған инновациялық технологияны
ғылыми тұрғыдан негіздеп, ұдайы
ғылыми-ізденушілік іс-әрекет атқарады.
Мұғалімнің
инновациялық дайындығын қалыптастыру үрдісін
басқарып отырған абзал. Мұндай үрдісті
инновациялық басқару деп атайды. Инновациялық басқару
стратегиялық, тактикалық, оперативті және өзін-өзі
басқару қызметтерін қамтиды. Стратегиялық басқару
– педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес қызметі;
тактикалық басқару – оқу-тәрбиелік және
ғылыми ізденушілік жұмыстары; оперативті басқару – оқу-әдістемелік
жұмыс; өзін-өзі басқару – мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіру.
Мұғалім
инновация басқару барысында инновациялық іс-әрекетке рефлексия, диагностика жасап отырады.
Қажетті түзетулер енгізе отырып, алға қойған
мақсатына жетеді.
Ағартушы-ғалым
А.Байтұрсыновтың «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам
– әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі
жақсы білу керек» – деген сөздерімен түйіндегім келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. К.Бұзаубақова.
«Қазақстан мектебі» журналы
№ 4, 2009. 30-33б.
2. Ш.Таубаева. Исследовательская культура учителя:
от теории к практике. Монография. Алматы. Ғылым, 2001.
3. А.Турабаева. «Мектеп
мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдіру»
диссертация рефераты. Қызылорда, 2013. 13-14 б.
4. Н.Назарбаев «Қазақстан
халқына Жолдауы», «Қазақстан – 2050». Астана. 2014.