Н.А. Маханова, Ж.М. Оңласынова

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазіргі  заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі -  интерактивті техника және технология. Интерактивті  технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушыларды  даярлау мұғалімнің  басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім бе-руде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, тал-данатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мә-дени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап етеді.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оқушылардың құзіреттілігін  пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту  қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді [1].

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

1.                     Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2.  Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері  болып табылады[2].

Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап айтады. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Мақаланың тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып биология сабағының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет. Оқушылардың  биология сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Технология сөзі – гректің өнер, шеберлік, біліктілік, оқу сөздерінен шығып, көптеген ұғымдарды білдіреді. Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер көп. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300-ден астам балама анықтамалары бар. «Педагогикалық технология дегеніміз- оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В.П.Беспалько). «Педагогикалық технология дегеніміз- педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданатын тұлғалық, аспаптық, әдіснамалық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі». «Педагогикалық технология-белгілі бір маңызды әрекетке, өнерде, шеберлікті мақсатқа жету қолданылатын әдіс». Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, мұғалім, нәтиже [3].

Биология сабағында жаңа технологияны әдісті қолданудың тиімділігі –оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, бәсекеге қабілетті оқушылар дайындауда маңызы зор.

Биология пәнінен сабақ бергенде оқулықтағы берілген материалмен ғана шектеліп қоймай, жаңа технологиялар арқылы материалды пайдаланып, зерттеушілік жұмыстар жүргізуге тырысамыз.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін биология пәнінде пайдалану ерекше орын алады.  Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі –жобалар әдісі, өзін-дік өзінің дидактикалық негізі бойынша, шынайы өмірде тиімді әрекет етуде мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілікті қолдайтын жаңа технология. Қазіргі кезде баланың интеллектісіне  дербес ойлауын дамытуға бағытталған өз бетімен ізденуге даярлауда жаңа технологияның маңызы зор. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың деңгейіне қарай отырып жұмыс жасау қажет.

Мектеп мұғалімдері  үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

 оқушының өз бетімен жұмысына;

 уақытын үнемдеуге;

 білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

 қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

 қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

 экономикалық тиімділігі;

 қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

 оқушының ой-өрісін дүниетанымың  кеңейтуге де ықпалы зор.

Мұғалім сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде  пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туып отыр.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

«Қазіргі заманда оқушыларға  ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап керсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор[4].

 

Әдебиет:

1.       Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері./23-лекция/ -     Алматы.1991.

2.       Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.

3.       Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы/баптары бойынша түсіндірмелерімен және оны жүзеге асыру негізіндегі құжаттар. – Астана, 2000ж.

4.       Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.