УДК 378.014

 

Жунусова Л.Х., Айтуарова А.М.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

aisha_907@mail.ru

Экономикалық процесстерді информатика сабағында қарастыру мәселері.

 

Аннотация.

 

Аталған жұмыста ЭИ оқытудың мәселелері қарастырылған.Бұл жерде айта кететініміз ақпарат берген уақытта біз екі басты нәрсені қатар алып жүруіміз керек. Олар: ақпараттану және экономикалық жүйе.Осы екі факторды үйлестіріп кана  қоймай,сонымен бірге,оны оқыту әдістемесі сұрақтарында қарастырдық.Шешілуі күтіп тұрған мәселелер әлі де баршылық.

                 

Кілттік сөздер: ақпараттану, экономикалық процесс, деректерді өңдеу,ақпарат.

 

Информатика ғылым ретінде ақпараттық үдерістерді мақсатты зертеулер нәтижесінде пайда боды. Информатиканың мәні ақпараттың қасиеттерін, ақпаратты өңдеу заңдылықтарын, ақпараттың жасанды, әлеуметтік және биологиялық жүйелерде өңделуін басқару үдерістерін анықтау және зерделеу болып табылады.

Информатика терминінің соңғы уақытта басқа анықтамасы пайда болды: информатика – бұл адам іс-әрекетінің барлық салаларында жаңа білімді іздестіру үшін есептеуіш техника құралдарының көмегімен білімді сипаттау, мәнін ұғыну, түсіндіру, ұсыну, нысандау және қолдану туралы ғылым (бәлкім, болашақта дәл осы анықтама негізгісі болатын шығар). АҚШ-та осыған ұқсас мәселелер тобымен computer science, немесе  computing  (соңғы термин сирек кездеседі), ал Еуропада, дегенмен, информатика айналысады[1].Біздің қарастыратын мәселеміз экономикалық информатика.Сол себепті мына ұғымдарды еске сала кетейік.Солардың бірі экономикалық ақпарат (ЭА) сөз тіркесі 60-шы жылдары халық шаруашылығын басқару саласына есептеуіш техника құралдарын енгізе отырып, қолданыла бастады.   Оны зерттеу, біріншіден, ақпаратты жіктеуге (пайда болған жері бойынша (кіріс, шығыс), өңдеу/сақтау үдерісіне қатысуы бойынша (бастапқы, туынды, өңдеусіз сақталатын, аралық, нәтижелі), басқару қызметтеріне қатысы бойынша (жоспарлы, болжамды, нормативтік, құрылымдаулық-технологиялық, есептік, қаржылық және т.б.)), екіншіден, автоматтандырылған өңдеуді ұйымдастыруға ықпал ететін бірқатар ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді:

Жалпы алғанда ЭА  ұсыну нысаны бойынша  ерекше. Ол бастапқы және жиынтық құжаттар түрінде материалдық тасушыларда міндетті түрде бейнеленеді, нақтылығын жоғарылату үшін тек заңды түрде рәсімделген ақпарат қана, яғни дәстүрлі немесе электрондық құжаттарда қолтаңба болған кезде ғана  (арнайы құралдар мен ұйымдастыру іс-шараларын талап етеді) беріледі және өңделеді.

Соныменде ЭА көлемді. Экономикалық үдерістер туралы толық ақпарат болмай оларды сапалы басқару мүмкін емес. Басқарудың жетілуіне, материалдық және материалдық емес салаларда өндіріс көлемінің ұлғаюына онымен бірге жүретін ақпараттық ағымдардың көбеюі себеп болады (өңдеу құралдары мен байланыс арналарының өспелі өнімділігін талап етеді). 

Тағы бір оның қасиеті ЭА циклді. Өндірістік және шаруашылық үдерістердің көпшілігіне оларды құрайтын кезеңдер мен, осы үдерістерді бейнелейтін ақпараттың қайталанушылығы тән (бір күні ақпаратты өңдеу үшін құрылған бағдарламалар көп рет қолданылуы және таралуы мүмкін).

ЭА табиғи және құндық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелерін көрсетеді. Сонымен қатар сандық шама, сандық мәндер (оларды өңдеу ыңғайлы) қолданылады.

ЭА өңдеу тәсілдері бойынша ерекше. Өңдеу барысында арифметикалық және, ең алдымен, логикалық (мысалы, сұрыптау немесе іріктеу) операциялары басым, ал нәтижелері мәтіндік құжаттар, кестелер, диаграммалар және графикалар түрінде ұсынылады        (мәселелі бағдарланған бағдарламалық құралдардың нақты тобымен шектелуге мүмкіндік береді.

Деректерді өңдеудің автоматтандаралған жүйесі қаншалықты күрделі және «қисынды» болса да, егер кіру деректері пәндік ауқым қасиеттерін нақты бейнелемесе, оны қолданудың ешқандай пайдасы жоқ. Бастапқы ақпараттың рөлі мен мәнін арыса бағалау мүмкін емес. Сондықтан кез-келген экономистке бастапқы ақпаратпен жұмыс жасау технологиясын білу маңызды. Ол экономистен жүйелі ақпараттану білімін талап етеді.

Кез-келген шаруашылық операцияны тіркеу үшін, яғни басқару объектісініде өтіп жатқан үдерістер туралы алғашқы (бастапқы) мәліметтерді алу үшін сәйкестендіру, уақытқа байластыру, өлшеу секілді әрекеттерді орындау қажет.Аталған әрекеттердің анықтамасын еске сала кетейік.

Сәйкестендіру — бұл нәтижесінде объектінің сәйкестендіргішін белгілейтін (білетін, анықтайтын) әрекет, үдеріс.  Бұл жерде еңбек субъектісі де (операцияны орындаушы), еңбек объектісі де (қандай бөлшек өңделді), беріліс объектісі де (не берілді), беріліс субъектісі де (кімнен, кімге) және басқалары да обект болуы мүмкін[2].

Сәйкестендіру объектісімен салыстырылған және оны кез-келген басқа объектіден (осы ақпараттық жүйеде объектілерді осы класы шеңберінде) бірмәнді ерекшелейтін белгілер  комбинациясы сәйкестендіргіш деп аталады.  Басқаша айтқанда, сәйкестендіргіш – бұл объектінің бірегей атауы. Алушының сандық коды да, ақша белгісін қорғау белгілері де сәйкестендіргіш болуы мүмкін.

Нақты мән-жайларға байланысты тек объектінің түрін ғана (мысалы, тоңазытқыштың үлгісі, банкнот құны, мата сұрыпы), не болмаса объектінің түрін де, данасын да (өзінің тізімдік нөмірімен кәсіпорын жұмысшысы,  смаркард)  сәйкестендіру талап етіледі.

Уақытқа байластыру (күнін көрсету) – нәтижесінде операцияны орындау уақыты/күні (мүмкін, басталуы/аяқталуы) белгіленетін (құжатталатын) әрекет, үдеріс.

Өлшеу – бұл қандай-да бір шаманың мәнін қандай-да бір өлшеммен табу. Өлшем тәсілдері, құралдары және бірліктері (даналар, килограммдар, литрлер, рубльдер) өлшем объектісінің түріне, мәніне едәуір тәуелді болады. Бұл жерде  оларды дәл өлшеу барысында алғашқы деректер қалыптасатындығы біріктіреді[2].

Алғашқы деректерді алу үдерісі ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құру кезінде ескеру қажет болатын бірқатар ерекшеліктерге ие.

Экономикалық ақпаратқа қойылатын ең маңызды талаптар мыналар:туралылық, пайдалылық, жеделділік, нақтылық, дәйектілік, тұрақтылық, жеткіліктілік[3].

Ақпараттың туралылығы оны барлық тұтынушылардың бірмәнді қабылдауын қамтамасыз етеді.

Ақпараттың құндылығы (немесе пайдалылығы), егер ол тұтынушылардың алдында тұрған мақсатқа қол жеткізулеріне ықпал еткен жағдлайда байқалады.

Ақпараттың құндылығы – бұл салыстырмалы қасиет: бірдей ақпараттың құндылығы әртүрлі тұтынушы үшін әртүрлі болады. Уақыт өте келе ақпараттың құндылығы азаяды – ол ескіреді. Алайда, ақпаратты уақыттың өзі емес, қолданыстағы ақпаратты толықтай немесе ішінара қабылдамайтын, оны нақтылап, толықтырып, қосымша әсер қалдыратын мәліметтердің жаңа үйлесімін беретін жаңа ақпараттың пайда болуы ескіртетіндігін ескеру керек.

Жеделділік  қажетті есеп айырысулар мен өзгерген жағдайларда шешімдер қабылдау үшін ақпараттың өзектілігін қамтып көрсетеді.

Нақтылық жүйенің қызмет ету тиімділігі сақталатын, бастапқы, сол сияқты қорытынды ақпараттың бұрмалануының шекті деңгейін анықтайды.

Дәйектілік  ақпараттың шынайы бар объектілерді қажетті нақтылықпен бейнелеу қасиетінімен анықталады. Ақпараттың дәйектілігі қажетті нақтылықтың сенімді ықтималдығымен, яғни ақпарат көрсеткен параметр мәні қажетті нақтылық шегінде осы параметрдің шынайы мәнінен ерекшеленбейді  деген ықтималдықпен өлшенеді.

Ақпараттың тұрақтылығы оның қажетті нақтылықты бұзбай бастапқы деректерді өзгертуге әрекет ету қабілеттілігін көрсетеді. Ақпараттың тұрақтылығы оны іріктеу мен қалыптастыруға таңдап алынған әдістемемен анықталады. 

Ақпараттың жеткіліктілігі (толықтығы) оның құрамында мәліметтердің дұрыс шешім қабылдауға ең аз қажетті көлемі бар дегенді білдіреді. Толық емес ақпарат (дұрыс шешім қабылдауға жеткіліксіз) тұтынушы қабылдайтын шешімдердің тиімділігін төмендетеді. Артықтық әдетте жеделділікті төмендетеді және шешім қабылдауды қиындатады, бірақ есесіне ақпаратты аса тұрақты етеді.

ЭА құрылымдық құрамдастары. Экономикалық көрсеткіштер түрлі  қарапайым, сол сияқты күрделі болмыстарды да сипаттайды. Әрбір болмыс  (зат, үдеріс, құбылыс, объекті) белгілі бір қасиеттерге ие (салмағы, габариттері, құны және т.б.). қандай да бір болмысты бейнелейтін мәліметтер жиынтығын ақпараттық жиынтық не болмаса ақпараттың құрама бірлігі деп атайды. Әдетте ақпараттық жиынтық сатылы құрылымға ие. Мысалы, «Жеткізуші туралы деректерде» оның «А.Ә.Т.», «Мекенжайы», «Тауарлар номенклатурасы», «Жеткізу шарты» көрсетіледі. «Мекенжайы» «Пошта индексін», «Қаланы» және т.б. көрсетуді талап етеді[3].

Ақпараттық жиынтықты нақтылау дәрежесі ақырғы. Әрі қарай мағыналық бірліктерге бөлінбейтін ақпараттық жиынтық  деректеме деген атауға ие болды. Ақпараттық жүйелерді сипаттау кезінде оның синонимдерін қолданады: сөз, деректер элементі, анықтауыш.

Деректемелер (құжаттардың) – олардың жоқтығы мәмілені немесе құжатты заңды күшінен айыратын, мәміле немесе құжат құрамындағы формалды элементтер жиынтығы; оларсыз құжаттар қазіргі заманғы операциялар үшін негіз бола алмайтын, құжаттарға арналған қолданыстағы ережелерде немесе заңдарда көзделген міндетті деректер. Деректеме экономикалық ақпараттың (күні, сомасы, атауы жіне т.с.с.) негізгі элементі болса да, оның, жеке алынған жағдайда, экономикалық маңыздылығы болмайды[3].  

Деректемелердің екі түрін ажыратады: деректеме – белгі және деректеме - негіз. Егер деректеме ақпараттың сапалық қасиеттерін (әрекет уақыты немесе орны, орындаушының Т.А.Ә. және т.б.) сипаттайтын болса, онда  оны деректеме – белгі деп атайды. Егер де деректеме сандық сипаттаманы білдірсе (өнімнің данадағы көлемі, рубльдегі құны және т.б.), онда оны  деректеме - негіз  деп атайды.

Бір деректеме –негізді бір немесе оған сәйкес бірнеше деректеме-белгілермен байланыстыру көрсеткішті түзеді. Көрсеткіш – экономикалық мәні бар, бейнеленетін объектіге (затқа, үрдіске, құбылысқа) сандық сипаттама беретін, сапалы анықталған шама. Бұл дербес хабарлама құрастыруға немесе құжатты қалыптастыруға жеткілікті ең кіші құрамның ақпараттық жиынтығы. Мысалы, «бес жұп әйелдер етігі» ақпараттық жиынтығы «бес» деген деректеме-негізден және үш «жұп», «әйелдер» және «етігі» деректеме-белгіден тұрады, экономикалық мәні бар және сондықтан көрсеткіш болып табылады. Қисынды байланысқан деректемелер жиынтығы заңды күшке ие.

Қорыта айтқанда,ең алдымен деректерді жинау дегеніміз әдеттегі еңбек үдерісі, және де ол нақты біліктілікті және күш пен уақыт жұмсауды талап етпейтіндігін ескеруіміз керек. Әрі шығындары аз емес, себебі деректерді жинау операциялары көлемді сипатқа ие. Бұдан басқа, алғашқы деректер алғашқы шаруашылық операцияларын нақты сипаттауы керек. Басқа сөзбен айтқанда, алғашқы ақпарат анық болуы керек. Бірақ, бұл да аз. Ол сонымен қатар уақытылы  болуы керек.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.     Вострокнутов И.Е., Кузнецов Ю.К. Оценка компьютерных программ и информационных технологии обучения. // Педагогическая информатика. / М., - 1994, №2, – С. 43-47 .

2.     Кошанова Г.Д. Болашақ экономика саласы мамандарына информатикалық пәндерді білімді ақпараттандыру жағдайында оқытудың әдістемелік негіздері., пед.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2009.

3.     3.http://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4628/informatikalyk-panderdi-okytudyn-adistemelik-zhuiesi.pdf

 

REFERENCES:

1.     Vostroknutov I.E., Kuznecov Yu.K. Ocenka komp'yuternyh programm i informacionnyh tehnologii obucheniya. // Pedagogicheskaya informatika. / M., - 1994, №2, – S. 43-47 .

2.     Koshanova G.D. Bolashak ekonomika salasy mamandaryna informatikalyk pәnderdі bіlіmdі akparattandyru zhagdaiynda oқytudyn әdіstemelіk negіzderі., ped.gyl.kand.diss. –Almaty, 2009.

3.     .http://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4628/informatikalyk-panderdi-okytudyn-adistemelik-zhuiesi.pdf

             

Zhunussova L.Kh., Aituarova A.M.

 

Questions consideration economic processes on lesson of informatics.

Resume

This paper discusses the teaching of EI. You can tell when we give information, we must keep two important things together. We not only coordinate these two factors has discussed the issues of teaching methods. Still have not addressed the issues that need to be addressed.

Key words: informatics,economic process, processing data, information

Жунусова Л.Х., Айтуарова А.М.

 

В данной работе рассмотрены вопросы обучения ЭИ. Здесь можно сказать, когда мы даем информацию, мы должны вести две главные вещи вместе. Мы не только координировали эти два фактора, еще рассмотрели вопросы метода обучения. Все еще есть не рассмотренные вопросы, которые нуждаются в решении.

Ключевые слова: информация, экономический процесс,обработка данных, информация.

 

Авторы:

1.     Жунусова Ляззат Хафизовна кандидат технических наук,доцент КазНПУ им.Абая

2.     Айтуарова Айша Меркенбаевна магистрант 2-го курса, КазНПУ им.Абая, по специальности: информатика.