Педагогические науки/5. Современные методы преподавания
студент Каргулов Т.Ш.,
ғылыми жетекшісі – ф.-м.ғ.к., доцент Ахманова
Д.М.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Оқушылардың математикада сабағында танымдық
белсенділігін және дербестігін дамыту мәселесі
Бүгiнгi
таңда оқушылардың танымдық белсенділігін және дербестігін
дамыту мәселесі ғалым-психологтaрдың, әдіскерлердің,
педагогтардың ең көкейтесті
мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазiргi бiлiм және тәрбие
беру жүйесін зерттей келе,
білім алушылардың репродуктивті ойлау процесінің басымдылығын,
дербес және шығармашылық ойлау қызметтерін дамыту жолындағы қызығушылықтарының
жоқтығын байқауға болады. Бұл, өз алдына,
білім алудың нәтижесіне кері әсер етеді.
Психологиялық-педагогикалық,
әдiстемелiк әдебиеттерді және математика пәні
оқытушыларының педагогикалық тәжірибелерін талдай отырып,
оқытудың ең ұтымды тәсілдерінің бірі
ретінде педагогтың оқушыларға нақты есеп қоюы
арқылы мәселерді шешуін айтуға болады. Бұл тәсіл
жан-жақты, жеке-бағытталған, шығармашылық тұрғысынан
алғанда тиімді болатыны анық. Ендеше, бүгiнгi күн
қажеттілігі - оқушылардың сабақ үстінде оқытушы
дайындаған мәліметтерді пайдануына қарағанда, білім
алушылардың өз қызығулықтарына негізделетін дербес
оқып-үйренуге өту.
Осы мәселерге
зейін қойған Л. П. Аристова, Ю. К. Бабанский, Д. В. Вилькеев, М. А.
Данилов, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, Н. А. Половникова, Т. И. Шамова
және т.б. ғалымдардың зерттеулері негізінде, осы
жұмыста қарастырылатын танымдық дербестік дегеніміз - мектеп
оқушыларының әртүрлі қайнар көздерден
жаңа білімді өз бетінше игеруі, жалпылау жолымен жаңа
ұғымдардың мәнін ашуы, танымдық қызмет
тәсілдерін игеруі, оларды жетілдіру және әр түрлі
мәселелерді шешу мақсатында түрлі жағдайларда
шығармашылық қолдану қажеттілігі және оны іске
асыру көрінісіт анықтайтын тұлғалық
қасиеті.
Математиканы
үйретуде танымдық дербестiктi дамытудың және
қалыптастырудың негізгі екі жолын атап өтуге болады, олар
1)
Репродуктивті және продуктивті оқыту
жүйелерін біріктіру, бұл оқушылардың
жұмысқа деген ынтасының және көңіл-күйінің
көтерілуіне, білім алу және
әдіс-тәсілдерді меңгеруіне қолайлы жағдай
туғызуға, ендеше танымдық тұлғаның
қалыптастырылуына әсер етеді;
«Дайын күйінде алынған еш білім
өздігінен, білім алушылардың арнайы берілген үлгі бойынша
игерілген еш әдіс-тәсілдер (дағды
және икемдiлiк) шығармашылық тұлғаны
қалыптастыра алмайды» [1].
2)
Мәселелерді қолдана отырып
оқыту.
Оқушыларда
танымдық дербес тұлға қалыптастыру олардың бұрын
меңгерген білімі мен тәжірибесін жаңадан үйренгендеріне
қолдана білуді талап етеді. Тиісінше, мәселелерді қолдана
отырып оқыту мақсатқа жетудің ең қолайлы жолы.
Дербестікті
дамыту шарттарының бірі - оқушылардың танымдылық
белсенділігі. Оның құрамына келесі элементтер кіреді:
1. Қызметтің себептері мен мақсаты;
2. Пәнге деген қызығушылық;
3. Оқытылатын нысанға көңіл бөлу;
4. Ерікті күштер;
5. Жағымды
эмоциялар;
6. Шығармашылық дербестік;
7. Қажеттi танымдық әдістер мен тәсiлдерді иелену;
8. Қажетті біліммен, ептілік және
дағдылармен қамтамасыз ететін үйлесімді серпін және
жұмыстың режимі [2].
Математика
сабақтарында репродуктивті жолмен білім алу ақпаратты-рецептивті, алгоритмделген және
программаланған оқытуды қамтамасыз етеді, ал продуктивті жол - мәселелерді
қолдана отырып оқыту, эвристикалық және зерттеу
әдістері. Ал оқытудағы ең тиiмдiсі - екi
бағыттағы әдiстердің өзара әрекеттесуі.
Оқушының
көңіл-күйіне мән беруді ұмытпау керек, өйткені
ол оқушының дербестілік және белсенділік факторларының
бірі болып келеді. Оның қалыптасуына оқушылардың білім
сынақтары, орындалған үй жұмысы, ауызша жауаптары
үшін жоғары баға алуы, конференциялардағы баяндамалар,
рефераттар, шығармашылық жұмыстарға пікір қосуы
жағдай туғызады.
Қазіргі
кездегі математика пәнінің нәтижелілігі түрлі
факторлармен анықталады, олардың ең бастысы
оқытушыға тиесілі. Оқытушының басты міндеті - ойлау
қабілеті белсенді жастарды тәрбиелеу. Көп жағдайда,
оқушының материалды шығармашылық жағынан
түсінуі мұғалімнің тәжірибелілігіне байланысты
болып табылады.
Мұнда
педагогикалық әдебиеттердi талдау негiзінде және математика оқытушылары
мен өз тәжiрибемді жалпылай келе алынған оқушылардың
танымдық дербестiлігін және белсендiлiгін дамытуға мүмкiндiк туғызатын кейбiр
тәсiлдерді ерекше атап өту керек, олар:
1. Қарапайым тапсырмаларды жылдам орындайтын оқушыларға
арнайы күрделі тапсырма беру. Бұл тұрғыда, күрделі
тапсырмаларды кітаптан немесе арнайы
кітапшалардан алып қолданған қолайлы;
2. Оқушыларға тапсырмаларды беруде оларды нақты өмiрлiк тәжiрибемен байланыстыру,
яғни тәжірибелік тапсырмалар беру;
3. Ауызша шығарылатын есептер сабақты әлдеқайда жанды,
қызықтырақ өткізуге, оқытылып жатқан
пәнге деген қызығушылығын арттыруға
көмектеседі.
Оқу
материалының жетік меңгерілуіне, мектеп оқушысының
танымдық белсенділігінің дамуына әсер ететін кейбір
әдіс-тәсілдерге тоқтайық.
Оқушылардың
танымдық белсенділіктерін оятатын ең басты шарт -
сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуы. Материалдарды
іріктеп және сабақта қолданылатын түрлі
тәсілдерді ойластыра келе, ең алдымен, олардың пәнге
деген қызығушылықтарын оятып, ынталандыру қабілеті бағаланады.
Қоғамды
жаңа деңгейге көтеру, оның қозғаушы
күші болып табылатын жастарға білім беру ісінде өткен тарихи
тәжірибелерді зерттей келе, қазіргі заман талабына сай қолданатын
қажеттіліктердің бірі
- ақпараттық
технологиялар арқылы оқушылардың танымдық
қызметін қалыптастыру. Бұл мәселенің
нәтижелі жүзеге асуы оқушылардың танымдық
қызметі бойынша толық білім сапасынан және оны практикада
пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, ақпараттық технологияларда әртүрлі
дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы,
терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар.
Оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық,
интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың
тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда
жаңа ақпараттық технологияны және белсенді
әдістерді қолданудың заман талабы екені белгілі [3].
Литература:
1. Лернер И.Я. Главная функция проблемного обучения// Вестник
высшей школы. 1976, № 7.–С.16–21.
2. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования// Под
ред. Е.С. Полат.
– М., 2000.
3. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании// Учеб.
пособие для студ. высш. учеб. заведений. М.:Академия. 2003.