Заурбекова А.М., Күзенбай М.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

Бірлескен Топтық жұмысТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Президент Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында педагогтардың білімін жетілдіруде оқыту үдерісіне жаңа әдістемелер мен технологияларды пайдаланудың аса зор қажеттігін баса атап өткен. Осыған орай республикамызда педагогтардың біліктілігін арттыруда Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарламасы жүзеге асуда. Маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Білім саласындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.

Кембридж бағдарламасының негізгі міндеті- ұстаздардың біліктілігін арттыру педагогикалық тәжірибесімен ұстаздар арасында өзара бөлісу. Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың шеберлігіне байланысты. Мұғалім студенттің қызығушылығын арттыра алмаса берген білімі еш нәтиже бермейді.

Жаңа технологияның басты мақсаты студенттер арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету, ойындарын пайдалану оның еркіндігін, белсенділігін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға бірін-бірі тыңдауға, жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.Топтық жұмыс жүргізілген барлық сабақтар бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрып алдым. Топқа бөлмес бұрын, студенттерді сабақтағы  алтын ережемен таныстырылды. Топқа бөлуді қима-қағаздарға түрлі жеміс-жидектер атауымен бөлінді. Топ аттары: алма, жүзім, құлпынай, банан. Осы жеміс-жидектер  атауын қағаз бетіне жазып, студенттерге таратылды. Әр студент өз топтарына бөлініп отырды. Топтaрғa құрaл-жaбдықтaр тaрaтылып, әр топқа жұмыстың мақсаты  таныстырылды. Әр топ берілген  жұмысты орындап,дәлелдеу ретінде постерге түсіру керектігі  айтылды. Студенттер поcтерді қорғaғaндa жaзғaндaрын толық дәлелдеп, белcенділік тaнытты.Әрбір тапсырмаға берілген уақытты үнемді пайдаланып отырды. Студенттер өз ойларын еркін, әрі сенімдіжеткізіп отырды. Топпен жұмыста сырт қалған студент  болған жоқ.

Үлгерімі нaшaр студент Рамазан өз тобында сурет салуға өз ойын қосып отырды. Рамазанға топпен жұмыс ұнадыма деген менде ой қалыптасты себебі: Рамазан осы уақытқа дейін тек қасындағы студенттен тапсырмаларды көшіріп,өз ойымен бөліспей отыратын. Қaлғaн уaқыттa боc отырaтын. Aл оcы caбaқтaн бacтaп ол студентте өз ой-пікірі қалыптасып, топпен бірлеcе отырып тaпcырмaны орындaуғa кіріcті. Топтa түcіну деңгейлері әр түрлі студенттер болғaндықтaн туындaғaн cұрaқтaрды бір-бірімен aқылдaca отырып, тaлқылайды. Топтaр жұмысты aяқтaп болғaн cоң поcтерлерін бір-біріне aлмacтырып, текcеріп, дәптерлеріне көшіріп жaзады.

Топтық жұмыс барысында мәтіннің мазмұнына сүйене отырып бірнеше тапсырманы талқылайды. Талқылауға  уақыт берілді.  Әр сабақтың соңында рефлексия алып отырдым, сол рефлексия бойынша студенттер қысқаша өзінің ойын жазып отырды. Бұдан түйгенім, жаңа бағдарлама стратегияларының студенттерге әсері болды.Әркім өз мүмкіндіктеріне қарай сөйлеуге, жауап беруге тырысты. Келесі сабақтағы өзгерісті айқындау үшін топты басқа тәсілмен бөлінді. Бірінші сабақта жеміс-жидектер, табиғат мезгілдері  арқылы бөлінсе,  бұл  санау реттілігі арқылы бөлінді. Бұрын өз еріктеріне салғанда үлгерімі жоғары студенттер бірыңғай отырып алып, үлгерімі төмен студенттер ескерусіз қалып қоятын.Топтық жұмыста студент қалай және қайтіп оқуды біледі, мәтінге байланысты сыни көзқарасы қалыптасады,өзіндік пікірі дамиды, ой қорытуға дағдыланады, өзін-өзі реттеу өзгені сыйлауға бейімделеді; өзін де,өзгені де бағалай алады. Топтық әдіс-студенттердің бәсекелестік қабілетін арттырып, студенттердің ауызбіршілігін, сыйластығын, жауапкершілігін сезінуге ықпал жасайды. Студенттерді шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренеді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетелейді.Топ бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс жасады.Топтар   бағалау жүйесінде топтық және жұптық бағалау, топ басшысының бағасы,өзін-өзі бағалау түрлерін қолдандым. «Екіжұлдыз, біртілек» және үш шапалақ, бағдаршам негізінде,  бағалау студенттердің  бір–біріне ұсыныс–пікірлерін айтып, толықтырды,сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін арттырды. Топ белсенді толықтыру арқылы әрекет етіп, бірін-бірі қолдау арқылы сұхбат құруға үйренеді.Топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып,  жылулық атмосферасы сезіледі. Топтағы жұмысқа әрбір мүше атсалысады.Топтағы жұмыс түрлі көзқарастарға байланысты. Топ мүшелеріне өзінің пікірімен қоса, әркімнің пікірі құнды екенін көрсетеді. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Топ мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосады.

 

Әдебиет:

1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012