Алиева Дидар Алиаскаровна, Есенгазина Бэла Баймукамбетовна
Костанайский государственный педагогический институт, Казахстан
Кембридж тәсілінің оқытудағы тиімділігі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті бір жолдауында:
"Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін- білім",- деген болатын. Заман талабына сай
білім дегеніміз- жаңа технологияларды меңгеру, оқытудың
әртүрлі әдіс- тәсілдері бойынша көш басында келетін
елдердің тәжірибесін пайдалану, сол елдермен білім жағынан
иық теңестірер дәрежеге жету. Осы орайда елбасымыздың
мына бір сөзін де келтіріп кетуге болады: "Терең білім-
тәуелсіздіктің тірегі, ақыл- ой азаматтығымыздың
алдаспаны" .
Тұғыры биік тәуелсіздігіміздің
ғұмыры мәңгі болуы үшін білімді, саналы
ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Өйткені еліміздің
болашағының жарқын болуы жастардың қолында.
Жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына бірден- бір
әсер ететін ең алдымен ұстаз екені даусыз. Бұл туралы
қазақтың ұлы ағартушы ғалымы Ахмет
Байтұрсынов "Мектептің жаны - мұғалім.
Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады. Яғни,
мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім
алып шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке
керегі- білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта
білетін мұғалім",- деп
айтқан болатын. Сол себепті ұстаздарға қойылатын
басты міндеттердің бірі- оқытудың жаңа технологияларын
меңгеру, өзгермелі өмірге дайын, жан- жақты,
бәсекеге қабілетті
ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге
асыруда сындарлы оқыту бағдарламасының маңызы зор.
Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді
терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан
тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз
ету болып табылады [1].
Бағдарламаның өзектілігі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік
бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру
саласында көш басында келетін Финляндия, Сингапур және
Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи
мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен
барабар [2]. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел
үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және
адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз
елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
екіншіден- жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне
сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары
мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз
білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын
тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды.
Бағдарламаның модульдері:
1.Оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сын
тұрғысынан ойлауға үйрету.
3.Оқу үшін
бағалау және оқуды бағалау.
4.Оқыту мен
оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ)
пайдалану.
5.Талантты және
дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытуды
басқару және көшбасшылық[1].
Л.С. Выготскийдің "Дәстүрлі
оқыту- бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға
стихиялы әсер етсе, яғни
"дамудың соңында жүрсе", жаңаша оқыту-
"дамытуды өзімен бірге ала жүреді"- деген пікір айтады.
Бұл айтылған пікірмен толықтай келісуге болады. Бұл
туралы да Қазақстан Республикасы "Білім туралы
Заңының 8- бабында "Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"- деп атап
көрсеткен.
Дәстүрлі оқыту оқушылардың
алған білімін тек сабақта ғана қолдануға
мүмкіндік берсе, оқытудың бұл жаңа түрі
оқушылардың жан- жақтылығын, белсенділігін арттырып,
сын тұрғысынан ойлауға, алған білімдерін тек
сабақта ғана пайдаланып
қоймай, сабақтан тыс жерде, жалпы өмірде өз
керегіне жаратып, өмірдің әртүрлі жағдаяттарынан
шығуға, адамдармен тез тіл табысуға үйретеді. Оны біз
оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері арқылы
көз жеткізуге болады. Атап айтқанда, "Диалог арқылы
оқыту", ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту. Сонымен
қатар әртүрлі сабақ барысында жүргізілетін
тренинг, "сергіту сәттері" оқушылардың бойына
жоғарыда атап өткен барлық қасиеттерді
қалыптастыруға бірден- бір себепші болады.
Дәстүрлі оқытуда
оқу процесін басқарушы (мұғалім) және
орындаушылар (оқушылар) болып табылады. Оларға көбінесе
бұйрықты орындау, яғни қатал әкімшілікке дейінгі
шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Дәстүрлі
оқытуда қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан
абстрактіге деген принципке мақсат етеді.
Қазіргі
таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте
маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде
тұр. Жеке адамды жан-жақты қалыптастыру міндетін
атқарушы әр ұстаз өз мамандық саласында білімді,
креативті, озық ойлы, ізденімпаз, оқушы жанын түсінетін,
жоғары адамгершілік сапаларға ие, ізгі де кемел және әр іске махаббатпен келуі
шарт. Оқыту барысында мұғалім оқушылардың
өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың
ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол
оқытудың әр кезеңінде үй жұмысын
тексергенде, жаңа білім енгізу, оны тұжырымдаған және
сүйенген, алынған білімді қорытып, бір жүйеге
келтірілген кезде де көрініп отыруы керек. Білім берудің негізгі
мақсатына қол жеткізу үшін, сапалы білім беру және
оқу-тәрбие үрдістерін талапқа сай ұйымдастыру
әрбір білім беру мекемелерінің, әр педагогтың тікелей
міндеттерінің бірі болмақ.
Сабақ
қоғамдық сұраныс пен талаптарға сай өзгеріп
отырады. Оған мынадай негізгі факторлар ықпал етеді:
• Жаңа білім стандарттарының
енгізілуі оның негізінде оқу бағдарламалары мен
оқулықтардың жаңаруы.
• Жаңа оқыту
технологияларының қолданылуы.
• Мемлекеттік деңгейде
бағалауды бақылау
Сондықтан да сабақ қазіргі заман
сабағы болуы керек, яғни бұрынғы дәстүрді
жоғалтпаған, өзекті сабақ деген сөз. Өзекті
сабақ дегеніміз- қазіргі уақытта керекті, қажетті
және қоғамның талаптарын, қоғамдық
сұранысты жүзеге асыратын сабақ .
Қазіргі сабақ - өзгеріп отыратын қоғам жағдайында білім алушыны
өмірге үйрету, демократиялы, өзекті де қызықты,
білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруге бағыттайтын
оқытушы мен білім алушылардың шығармашылық
жұмысының негізгі формасы.
Қазіргі сабаққа
қойылатын негізгі талаптар:
- жеке
тұлғаны жан-жақты дамытатын, яғни оның
танымдық, жасампаздық қабілеттерін ашатын.
-
қоғам талап етіп отырған білім сапасын көтеруге
бағытталған
- білім
алушыны өмір сүруге бағыттайтын т.б.
Қазіргі сабақтың
белгілері:
• Қазіргі сабақ-
қоғамдық сұранысты орындауға бағытталуы
тиіс.
• Оқытуға
шығармашылық, іс әрекет тұрғысынан келу.
• Қазіргі сабақ білім
алушылардың шығармашылық, танымдылық қызметіне
ден қояды. Енді
оқытуға емес, оқуға салмақ көп
түсірілуі тиіс және оқушы белсенділігі назарда болуы тиіс.
• Қазіргі сабақ- білімді
құндылық ретінде түсінуге әкелу
Бағдарламаның
тағы бір тиімді жағын ескеретін болсақ, ол топпен
жұмыс. Яғни оқушылар топтық жұмыс арқылы
бір- бірімен еркін қарым- қатынасқа түсіп, алған
білімдерін бір- бірімен алмасып, болашақта ұжыммен жұмыс
жасауға, адамдармен дұрыс қарым- қатынасқа
түсуге үйренеді. Сонымен қатар сабаққа
дайындалмай келген оқушы топтық жұмыс арқылы кішкене
болса да сабақ барысында бірнәрсені түсініп кетуге тырысады.
Оқушыларды сабаққа қызықтырудың тиімді жолы
жоғарыда айтып кеткендей ол "сергіту сәттері" мен
"шығармашылық" кезең. Сергіту сәттері
оқушылардың сабаққа деген
қызығушылғын арттырып қана қоймай, сабақ
барысында оқушылардың сергек отыруына да пайдасы зор болып
табылады. Ал
шығармашалық кезең оқушылардың жан-
жақтылығын, шығармашылыққа деген қабілетін
арттырады. Ақпараттық-
коммуникациялық технолгоияларды сабақ барысында өте тиімді
пайдалану жас ұрпақтың қазіргі жаңа
технологияның дамыған заманында оларға жетекші
құрал бола алады.
Оқу үшін бағалау және оқуды
бағалау оқушылардың өз пікір, көзқарастарын
қалыптастыруға, ойын еркін түрде жеткізуге, жаңа
идеялар айтуға бейімдейді. Бұл- оқушы үшін сапалы
білімге апарар жол.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыруда
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының
негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім
беру бағдарламасы студенттердің, бітіруші түлектердің,
болашақ мамандардың көзқарастарын өзгертті.
Сонымен қатар Кембридж тәсілінің танымал әдіс-
тәсілдерін үйреніп, оны сабақ барысында қолдануға
мүмкіндік берді. Бітіруші түлектер бұл
бағдарламаның тиімділігін болашақ ұстаз ретінде ескере
отырып, оқушыларға сапалы, терең білім беретіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Тренерге арналған нұсқаулық.Бірінші басылым. "Назарбаев Зияткерлік
мектептері" ДББҰ, 2015
2. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы