Батыс Қазақстан облысы, Орал
қаласы
Қалалық білім беру
бөлімінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні әдіскері
Жеңіскүл Мырзабекқызы
Нәрікова
Әдіскер–
бағыттаушы, ізденуші, шығармашыл тұлға... (эссе)
«Ұстаз болу –
жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» -
дегендей, мен ұстаз болуды арман
еттім...
Бала
күнімде ең бірінші арманым – әнші болу еді. Өсе келе,
жоқ, мен телеарнадан хабар таратып,
жаңалық жүргізіп отыратын диктор боламын деген де ой
болды.
Адам жас кезінде өте арманшыл, қиялшыл болады екен. Әрбір
естіген, көрген жаңа нәрсеге еліктеп, жақсы адамдарды
кезіктірсең, мен неге сондай болмаймын? Сол кісідей неге әдемі сөйлемеймін,
неге солай киінбеймін, бәрі мені сол кісідей неге жақсы
көрмейді, құрметтемейді деген сияқты
сұрақтар ойыңды мазалайды екен. Өзінің сондай ерекшелігімен мені оқушы
күнімнен өзіне қатты еліктірген, жүрегімнің
түкпірінен орын алған жандардың бірі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Гүлжаһан Нышанқызы - апайым еді. Сол
кісінің әсері ме, әлде қазақ тілі мен
әдебиеті пәнін жақсы көргенім бе, әлде
әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің (сүйікті
кейіпкерлер) өміріне деген қызығушылығым ба, тағы
да, бірнеше жылды артқа тастап, мұғалім болуды
армандадым. Мектепті «жақсы»,
«өте жақсы» деген бағалармен бітіріп, тарих,
қазақ тілі, неміс тілі, қоғамтану сияқты
пәндерден «Мадақтама қағаздарын» алғаннан кейін,
мұғалім болу мамандығын таңдауыма азғантай да
болса, септігі тигендей болды. Осылайша білім қуып, өмір деген
өзеннің ағысымен, ұстаздық мамандығын
таңдадым. Және қайда дейсің? Сонау
Оңтүстіктен Батыстағы мақтаулы оқу
орындарының бірі – «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин
атындағы Орал педагогикалық институтының филология
факультетіне оқуға түстім. Бұл жаққа келіп, білім аламын деген ой үш
ұйықтасам, түсіме де кірмеп еді. Қазақстанда Орал
деген қаланың барын да білмейді екенмін. Уақыт өте келе
көптеген қызықтар мен қуаныштарды басымнан
өткіздім, көптеген жетістіктерге қол жеткіздім.
Балаға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік,
эстетикалық, сана – сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық
тәрбие сіңіруші адам – мұғалім. Мен мұғалім
мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Институт
қабырғасында оқып жүріп бала күнгі арманымдарыма
қол жеткіздім. Наурыз мерекесі алғаш тойланып, сахнаға
шығып ән айттым, көрініс қойып, шығарма
мазмұнын баяндап тұратын автор да болдым. «Қыз сыны- 1992»
байқауына қатысып, жүлделі 2-орынды иелендім. Бұл
байқаулар - мен үшін сол кездегі үлкен жетістіктер мен
шығармашылыққа бет бұруыма бағдаршам еді.
Ұстаздық жолын алғаш бастап, мектепке келісімен түрлі
сайыстар өткізіп, шараны жүргізуші де болдым. Мен
ұстаздық мамандығын еш қателеспей таңдаған
екенмін. Себебі, педагогика саласы сені ұстаз болуға да,
әртіс болуға да үйретеді екен. Әрбір баланың жүрегіне жол тауып, біліммен
қатар бала бойына мейірім шуағын дарыту – кез келген
ұстаздың қолынан келе бермейтін ұлы іс.
Педагогика саласында болып
жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне
енгізетін, жаңалықтың жаршысы болар әдіскер-ұстаз деп таныр едім. Себебі, әдіскер-
ұстаз, үйретуші,
бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл
тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар.
Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы
сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен
лигвистикалық-турнирлер және тағы да басқа
сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару
арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып
танылады.
Жаһандану заманында ұлттық
бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім
көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру
жүйесін халықаралық деңгейге көтеру – кезек
күттірмейтін мәселе.
Елбасының білім мен
ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта
еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да
ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген
Н.Ә.Назарбаев
бір сөзінде. Дамыған елдердің тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі
үш фактордан тұрады. Олар мыналар: - Жаңа ғылыми
жаңалықтарды игеру; - Білімнің деңгейін көтеру; -
Мамандардың кәсіби білімі мен білігі.
Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған
факторлардың барлық сатысынан өтуіне бірден- бір ықпал
етуші адам. Құрамындағы әрбір ұстаздың
уақытылы біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңа
технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн
сілтеп, керек жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп
отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді
жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар
ешқашан «Мен өзімді
жетілдіріп болдым » деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп
жатырмын» деп айта алады.
Қазір «Интернет»
жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде
барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше, сол компьютерлерде пән
мұғалімдері тек сабақ үрдісінде пайдаланып немесе жазу
жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім
негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі
қолға алынып, мұғалімдердің пән бойынша
электрондық көмекші құралдар мен әдістемелік құралдары
жарық көруде. Бұл уақыт талабы, ғаламдану талабы.
Компьютер қызметін жетік білетін ұстаз ғана
оқушылардың ақпараттық техниканың
мүмкіндіктерін тиімді қолдануына көмек көрсете алады.
Осы тұста әдіскердің тағы бір қызметі
ақпараттық- комуникативтік технологиялық курстардан білім
алған, сертификатталған
ұстаздармен бірлесіп қалалық, облыстық
деңгейде оқыту-семинарларын ұйымдастырып жұмыс жасауына
жағдай тудырады.
Әрине, бұл
жерден ұстаздар бірден біліп кетуі мүмкін емес, дегенмен
сабақ үрдісінде пайдалану арқылы үйрене бастайды.
Ұстаздардың жан-жақты дамып, ғылыми жетілуіне,
шығармашыл өсуіне мұғалімнің өзінің
қатысуы арқылы жүзеге асатын түрлі сайыстардың
берері мол. Осы тұста тағы да әдіскер көмекке келеді.
Әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтан
құры қалмай, үйрене білуге, үйрене жүріп
үйрете білуге әрқайсымыз дайын болуымыз қажет.
Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ
ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік
мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей
білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең,
білімді, құжаттық мəдениетті, жан жақты
ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ
тəрбиелеу.
Мектепке жаңадан
келген әрбір жас мұғалім ең алдымен өзіне
жүктелген жұмыстың сипатымен таныспай тұрып, мектеп
ұжымымен, ондағы қызметкерлердің жұмыс
тәжірибелерімен және ең негізгісі мектеп қай
бағытта жұмыс жасайтындығын біліп алуы шарт. Және
әрбір жас мұғалімге әдіскер ұстаздардан
үлгі - өнеге көрсетіп, оларға жеке – жеке кез келген
жұмыста қол ұшын беретін ұстаздар бөлінуі керек.
Осы мақсатта әдіскер тарапынан берілетін көмек шаш етектен.
Жас мұғалімдермен өткізіліп отырған ашық
сабақтар, оқыту-семинарлары, «Жас ұстаздар» байқаулары
мен пән олимпиадаларының жоспарлы жүргізілуі олардың
шығармашылық тарапынан өсуі мен жетілуіне үлкен
көмек болып есептеледі. Білім
берудің қазіргі жаңа құрылымы және
оқу - әдістемелік мазмұнының өзгеруі
мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын,
шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Оны
шешудің факторлары оқытудың жаңа әдістемелік
жүйелерін құру болып табылады. «Жақсы мұғалім – маған әр
уақытта қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» -
деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін
ең керегі – жақсы мұғалім. Кез келген
мұғалім өзін жақсы жағынан көрсету
үшін жан – жақты, ұйымшыл, ізденімпаз және сауатты
болуы шарт. Себебі, адамның өзі білмегенін немесе толық
түсінбегенін біреуге айтып жеткізуі мүмкін емес нәрсе.
Сондықтан
өз қарамағымдағы ұстаздарға: - әрбір
берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды
үйреніңіздер; - қай
нәрсеге де болмасын жан – жақтылық көрсетуге
талпыныңыздар дегенді айтқым келеді.
Армандаған,
ойлаған нәрсеге қол жеткізу үшін айналаңда сені
қолдар, жаныңды түсінер адамдардың болғаны
өте қажет. Осы тұрғыда ең бірінші сүйікті
жарым мен айналамдағы бауырларыма және ата-енеме алғысым
шексіз. Олар балаларымның қараусыз қалмай, ауырмай
өсуіне көмек көрсетіп, біліктілігімді көтеріп, білім жетілдіру
курстары мен семинарларға қатысуыма жағдай жасап, менің
алаңсыз жұмыс жасап, үлкен жетістіктерге жетуіме қолдау
көрсетті.
Қорытындылай
келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: белгілі
педагог К.
Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал
оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де
жойылады» - деген екен. Олай болса, әдіскер- ұстаз, ізденуші,
үйренуші, жаңалықты дәріптеуші, үздіксіз білім-ғылым жолындағы
тұлға- дер едім.