Рустембаева Ботакоз Алимхановна
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің магистранты
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ
ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ
Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда еркін ой құрсаудан арылған
соң дәстүр мен салттың мәніне тереңдей
бойлауға қалам иелері де қанаттана кіріскені байқалады.
Сондықтан, бұл күрделі мәселе жайлы былайша ой
қорытындыларын жасауға болады.
Біріншіден қазақ
прозасындағы этно-мәдени сипат көріністері
дәстүрлі отбасылық құндылықтарды
көркем тұрғыдан зерделеп, бүгінгі жас
ұрпақты отбасын, отанын, ұлтын сүюге баулитын
тәрбиелік-тағлымдық рөл атқарады. Ол
шығармалардағы әке мен бала, ана мен қыз, үлкен
мен кіші, жалпы адами қатынастарды суреттеуден көрінеді.
Әсіресе қазақ қауымындағы туыстық,
бауырмалдық сезімнің өзгеріске ұшырауы
қаламгерлерді қатты тебірентетін сыңайлы.
– Екіншіден, этно-фольклорлық үрдістің көркем
прозадағы мән-маңызы адам мен табиғат бірлігін,
тұтастығын суреттеудегі рөлінен көрінеді.
Үшіншіден, фольклорлық
үрдістін көркемдік
сипаты ел жадынан ұмытыла бастаған ұста,
шебер, сал-сері т.б. өнерпаз тұлғаларды сомдау, олардың
халық өміріндегі рөлін айқындауда көркемдік рөл атқарған. Жазушы
- қаламгер тарапынан
танылатын үзілмейтін арқау дәстүрмен жаңашылдық мәселесі
екендігіне көз жетеді.
Өйткені: «әдеби процеске тән жалғастықты, жазу
творчествосындағы халықтық үлгілерімен өзіндік сапа –
қасиеттердің бірлігін танытатын ұғым,
қалыптасып, сұрыпталған көз қарас,
түсініктер, көркемдік үлгі өрнектер, тәсілдер
жатады. Дәстүрмен
жаңашылдық диалектикалық бірлікте болады, тарихпен
бірге өзгеріп отырады. Дәстүрге көркем
өнердің тақырып аумағы, үйреншікті сарын, өмірге қатынас, бейнелер
аумағы, идеялық бағыты, қалыптасқан
көркемдік құралдары жатады, дәстүр бойынша
суреттер аамалымен тәсілдері композициялық құрылымы
шығарманың тұтастық
принциптері саналады».
Төртіншіден, қазақ
халқы ғасырлар бойында белгілі бір ұғым түсініктерді қасиеттеп, киелі
санаған. Ұғымдардың барлығында
ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп отырған. Осы
арқылы ата мен баланың,
өткен мне
бүгіннің алтын арқауы үзілмеген. Ол
үзілген жерде кесір, жамандық болады деп ұғынған. Бұл жеке адамның өз өмірінен бастап,
тұтас әулет,
ұлттық аумаққа дейінгі
кең тынысты қамтыған. Зерттеу барысында
талданған Ермек Аманшаевтың «Жынды көбелек», «Балалық
шақтың жеті кереметі» атты туындыларымен М.Айымбетовтың
«Молаға түнеген Мұсылманқұл»,
Ә.Салықпайдың «Құлыптастың киесі»,
«Құмалақшы Нұрберді»,
Д.Әшімқанұлының «Зауал» атты туындыларындағы
көне замандардан келе жатқан наным-сенім түсініктердің
адам өміріндегі
рөліне баса мән берілген. Ол бірде кейіпкердің ой
танымы арқылы берілсе, енді бірде шығарма өзегіндегі негізгі
оқиғалық
қанқа ретінде алынған. Яғни,
халықтың тұрмыс тіршілігіндегі әрбір ырым-жора,
жөн-жосықтың ұзақ тарихы болуымен қатар, зор маңызы
болғандығына назар
аудартқан. Жазушы қарымына, тәжірибе-талантына байланысты
әрқилы көркемдік мән иеленіп жататын бұл ұғым түсінікетер
айқын белгілері көрінетін шығармалар мақсатты түрде
таңдалынып алынды. Себебі: Обал, сауап, кие, кесір жайлы баяндайтын
туындылардын фольклорлық-этнографиялық зерттеулерден түбегейлі айырмашылығы бар.
Ғылыми енбектер арнаулы мамандар
үшін ғана
ұғынықты, кең түсінілсе, көркем
туындылар сол ғылыми ой түсініктерді негіз етіп отырып, соны оқырман жүрегімен
санасына сыналай
жеткізудің құралына айналған. Яғни,
танымдық-тағылымдық
функцияны қатар атқарған мұндай
шығармалардың өскелен ұрпақты патриоттық, ұлттық рухта
тәрбиелеудегі рөлі зор болмақ.
Бесіншіден, күні бүгінгі ден кейін желісі
үзілмей, қазақ халқының бауырмалдық, қонақ жайлы қасиеттерін танытатын салт-дәстүрлердің көркем шығарма арқылы
жанғыруда заңдылық.
Себебі: Кенес дәуірінде бұл
мәселе, бір жақтығына
ғана қарастырып, ескіліктін жұрнағы
«Өткенге аландау» секілді
қаламгерге қойылатын кемсіту мақстандағы қасан талаптар аясында аумағы тарылды. Арқауы
босады. Оның негізінде жатқан халық өмірінің
тыныс тіршілігі, ұлттық ерекшелігі халдықтық
болмысы жайлы ұғымдар мақсатты түрде
бүркемеленді. Тәуелсіздік нәтижесіндегі ой еркінідігіне ие
болу талантты жазушылардың жүрек түкпіріндегі тұнып жатқан тұма
бұлақтардың көзін ашты. Күнделікті тұрмыс аясынан
өшіп бара жатқан отбасылық, елдік қағидаларды
қайта жаңғырту, сол арқылы оқырмандар өз
халқының ізгі мұраттармен сабақтастыруды мұрат
еткен шығармалар пайда болды.
Жоғарыда біз талдап, тексерген Ә.Шілтерхановтың,
Ө.Қырғызбаевтың, Т.Нұрмағанбетовтың,
Т.Әбдіковтың, Д.Әшімханұлының,
М.Ысқақбайдың, Б.Қанатбаевтың т.б.
қаламгерлдер шығармаларындағы отбасылық салт, бала
асырап алу, қонақ күту, келін тәрбиелеу,
ұқрпақ мәселесі сияқты маңызды
ұғымдарды шешудегі халықтық таным,
қағидалардың авторлық таным кейіпкер обрызы мен авторлық тілдегі сипаттардың
ашу мақсатындағы ғылыми
тұжырым түйндеріміз осының дәлелі. Адамның
өзі дүниге келіп,
өсіп өнген үйінен
басталып, туған жер, өскен орта, Отан ұғымдарымен сабақтастықтағы түсініктерді талдау арқылы халқымыздың туған жерді
қасиеттейтін мінезін таныту мақсат етілді. Ол қанша
уақыт өтсе де
перзентін әке
қәбіріне , туған туыс арасына алып келген ана обрызында
(киелі қоныс) қартайып қалжырап, жалғыздықтан
да қажыса да туған
топырақтан табан
аудармаған кейуана образында
(Ескі жұрт) әңгімелеріне тіптен терендей түскен.
Халық түсінігіне сәйкес, кие мен обалды ойламаған адам
ақыр түбі жазаға ұшырайды. Бұл адамзат
өміріндегі, әсіресе қазақ ұлты үшін исламды
ұғымдармен астарлас жатқан
өмірлік қағида. Осы заңдылықты негіз
еткен шығармаларда мысалы,
М.Айымбетовтың «Кие» атты әнгімесіндегі байлық пен
мансапқа мастанған
Жарылғасоы сияқты
жағымсыз мінез иелерін
сомдаудағы этно-фольклорлық
дәстүрдің рөлі маңызды. Оған керісінше
сомдалған, ізгілікпен жақсылық жаршысы Қалжігіт секілді
парасат иелерін беруде де халықтық
ұғым, түсінік
дәстүр салт ерекше
мән мағына иеленген. Бұл зерттеу аясында егжей
тегжейлі талданып отыр.
Алтыншыдан, этно-фольклорлық үрдістерді
творчестволық пен жарата білу
дәрежесі ұлттық жазушылардың талант ерекшелігін,
қалам қарығын
байқататын факторлардын
бірі. Ежелден белгілі жайларда өмір тәжірибесімен шеберлік арқылы түрлендіріп, белгілі бір ой айтудын
өзегіне айналдырылған
шығарма иелерінің жас ерекшелігі әрқилы.
Мәселден: аға ұрпақ
өкілі қарымды қаламгер Қ.Жұмәділов
фольклорлық этнографиялық
ұғымдарды түбегейлі жаңғырту арқылы
шеберлік танытқан. Құс бейнесіндегі
(құзғұнның өлімі) жақсы мен жаманның, кесірі мен қасиетті,
тектілік пен тексіздіктін тартысын талдау барысындағы осыған көз жетікзуге болады. Ал
ұрпақ үшін жауынмен
жағаласқан текті құстың іс әрекеті Ә.Көпешовтың
«Құмай көктін көк аспаны» әңгімесінің
негізгі арқауы. Ұрпағының бақытты өмірі үшін ата жауыннан кегін
алып барып өлген, өлім
алдында өзін биік ұстаған қыран бейнесінде сан ғасырлық жаугершілікті
басынан өткеріп бүгінгі
жарқын заманда орнатқан ата бабаларымыздың ерлік рухы
жинақталған. Халықтық құндылқты
заман талабына сай игеріп, тын
тұрғыдан түлшетіп, көркем жарата білудегі шынайы шеберлік деген осы.