Филогия ғылымдарының кандидаты, профессор Қабатаева К.Т.,

І курс студенті Хузина Ляйсан

Қарағанды қ., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі

Соңғы жылдары терминология мәселесіне тілші-ғалымдармен қатарсалалық мамандар да  айырықша назар аудара бастады.Бұл- қоғамдық өмірдің  өзі туғызып отырған заңды құбылыс.Оның лингвистикалық та,экстралингвистикалық фактолар болып табылады.

Бір орталықтан басқарылып келген кеңес одағының ыдырауы сол құрамға кіретін республикалардың, саяси –экономикалық, рухани -мәдени өмірін улкен өзгерістерге әкелді .Соцалистик қоғамдық құрылыстын орнына нарықтық қатынастарға негізделген әлемнің барлық елдерімен байланысты өмір сүретін жаңа қоғам құрылу үстінде. Тәуелсіздікке қолы жеткен елдердің тілдері Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие ,болып сол елдерде қоғамдық барлық саласында қызметте бастады саласында қызметте бастады. Қазақтілінің сол қатарға қосылуына байланысты кешегі комунистік идиологияның талаптарын толық қанағаттандырып келеген қағидалар мен ережелердің біразі бүгінгі  куннің ерекшеліктеріне орай сөзсіз өзгертілуі қажеттілігі айқын көрініп отыр .Солардың бірі қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың принциптері .

Термин шығармашылығында 90-жылдарға дейін бассшылыққа  алынып келеген принциптепрдің орталық тікелей әсерімен  орыс тілінің үстемдігін арттыру мақсатында жасалып қазақ тілінің өз заңдылықтарын ескрмегендіктен қазақ тілщілердің алдына ол принциптерді қайта жасау міндеті тұр. Дәлірек айтқанда, ондай принциптер жасалды да. Академик Ә.Қайдаров ұсынған 11 принциптің біразы алдағы уақытта ғылыми негізделіп бекітілуге тиісті жаңа принциптер қатарынан орын алу керек деп білеміз.

Кеңестік дәуірде жасалған терминдердің біразының бүгінгі таңда өзгертіліп жатуының ең басты себептерінің бірі – олардың қазақ тілінің өз ерешеліктері ескерілмеген терминжасам принциптері бойынша жасалғандығынан екенін мойындауымызға тура келеді.

Тіл –халық өмірінің айнасы ісептті. Ұлттың өміріндегі болып жататын барлық өзгерістер мен жаңалықтар тілден көрініс табады. Әсіресе терминологиялық лексикадан мұны анық көруге болады. Қазақ тіліндегі термин шығырмашылығының әрбір кезеңі халық өміріндегі тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономиялық өзгерістермен тікелей байланыстырылғымен ерекшеленеді.

Үстіміздегі ғасырдың 90-жылдарынан бастап термин шығармашылығының жаңа бір кезеңі басталды деп айтуға толық негізіміз бар. Ғылым мен техниканың көптеген салаларында қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін пайдалану арқылы жаңа терминдер жасалып, кезінде тілімізге орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған кейбір кірме терминдердің орнына қазақша баламалар ұсынылуда. Жаңа терминдердің арасында терминге қойылатын талаптарға жауап беретін сәтті жасалғандары да, жауапсыздық пен тәжірибесіздік салдарынан сәтсіз туындағандары да кездеседі. Олар жайында баспасөз беттерінде жиі айтылып жүргендігінің куәсі болып та жүрміз.

Тілші-ғалымдар мен салалық мамандар, жалпы зиялы қауым өкілдері терим шығармашылығындағы бұл үрдіске түрлі баға беруде. Айтылып жүрген пікірлерді негізінен екі топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі – ана тілінің өз мүмкіндігін пайдаланып термин жасау, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда шет тілдерінің терминдерінің қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне уйлестіре қабылдау қажет деген пікір. Екіншісі – термин шығармашылығында пуризм етек алып отыр, сондықтан оған жол бермей осыған дейінгі қалыптасқан терминдерді бұрынғысынша қалдырып, шет тілдерінен термин қабылдауға шек қоймау керек деген пікір.

Бірінші пікірді қолдаушылар шет тілдерінен терминдерді шектен тыс көп қабылдасақ және оларды тіліміздің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес өзгертпесек жалпы әдеби тіліміздің дамуына үлкен нұсқан келеді десе, екінші пікірді жақтаушылар керісіңше, шет тілдерінен терминдерді өзгеріссіз қабылдау тілдің дамуына еш зиянын тигізбейді, қайта отандық ғылымның дамуы мен мамандар арасындағы байланыстың жықсаруына жол ашылады дейді.

Терминологияның көптеген теориялық және практикалық мәселелері жан-жақты зерттеліп, термин жасау мен қабылдаудың ғылыми принциптері айқындалған кезде жоғары пікірлердің дұрыс-бұрысы белгілі болары сөзсіз.

Дегенмен, жалпы және жеке тіл білімдеріндегі терминология мәселелерін қарастыруға арналған еңбектерге сүйеніп, соңғы жылдары өзімізде жарық көрген еңбектерді саралай қарайтын болсақ, бірінші пікірдің ғылыми негізінің берік екендігін аңғаруға болады.

Тілдің жалпы лексикалық жүйесі мен терминологиялық жүйесінің арасындағы байланыс мәселесін қарастыру барысында қол жеткізген нәтижелер де біздің осындай ойға келуімізге негіз болды. Сондықтан да қазақ терминологиясында қазіргі таңда  болып жатқан процесті біз тілдің іске қосылуымен тікелей байланысты заңды құбылыс деп танимыз.

Жоғарғыда атап өткеніміздей, қоғамдық өмірімізде болып жатқан өзгеристер термин шығармашылығының жаңа кезңінің басталуына себеп болады. Оның ішінде қазақ лексикасының терминденуі де термин жасаудың өзге тәсілдерімен қатар қарқынды әрекет етуімен ерекшеленіп отыр. Термин шығармашылығының бұл кезеңі ана тілінің ішкі мүмкіндігін пайдалану тұрғысынан қарағанда XX ғасырдың бас кезендегі қалыптасып келе жатқан терминжасам дәстүрін еске түсіреді. Ерекшелігі – қазіргі терминологиямыздың әлеулі бөлігін шет тілдерінен орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған терминдер құрайды. Терминологиялық сөздіктерге, ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарға еніп, қалыптасып қалған мыңдаған терминдердің тағдырын қалай шешетіндігіміз қосымша қиындықтар туғызып отырған мәселенің бірі.

Жалпы қазір лексика-симантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдерді ғылым мен техниканың, өзге де арнаулы салалардың кез келгенінен кездестіруге болады. Олардың ішінде жаңадан жасалып жатқандары да, бұрынғы қазақша баламалары жоқ терминдердің орнына ұсынылып жатқандары да бар.

Мысалы экономика саласындағы шабуыл (атака), дүрбелең (бум), кеден (таможня), қардар (задаток), бәтуә (консенсус)сияқты терминдер жалпыхалықтық тілдегі сөздердің терминденуі арқылы жасалған.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде дүрбелең сөзінің екі мығынасы ашылып көрсетілген: «Ел басына ауыртпалық төнген шақ, ала сапыран уақыт» және екінші ауыспалы мағынасы - «әбігерге салынушылық, қым-қиғаш түсушілік, мазасыздық».

Ал нарықтық экономика терминдерінің  сөздігінде дүрбелең терминіне төмендегідей анықтамалар берілген

1.                     «Өндіріс циклының дамуы барысында өндірістің, бағаның және басқа бірқатар экономикалық көрсеткіштердің жедел өсуі»;

2.                     «Өнеркәсіп пен сауданың қысқа мерзімді өсуі, ол тауар бағасы мен бағалы қағаздар курсының өсуімен сипатталады»

Жалпы қолданыстағы дүрбелең сөзіне берілген анықтама мен нарықтық экономика терминдерінің дефиницияларынан көрініп тұрғандай, арнаулы саладағы терминнің туындауына дүрбелең сөзінің бірінші, яғни тура мағынасы себеп болған. Сөздердің терминденуіне ұғымдар арасындағы ұқсастықтың негіз болатыны белгілі. Бұл тұрғыдан қарағанда терминденуші ұғым мен тілде бұрыннан бар белгілі ұғым арасында ұқсастықтың онша айқын емес екендігі байқалады. Ұғымдар арасындағы ондай ұқсастыққа біз тілдің екі жүйесіндегі дүрбелеңнің де белгілі бір уақыт, көбінесе қысқа мерзім көлемінде болатын процестер екендігін ғана жатқызған болар едік. Ал ұғымдардың ұқсас емес жақтарына келсек, ол мейлінше айқын аңғарылып тұр. Ағылшын тіліндегі

«boom – гүлдену тез өсу» деген мағынаны беретін сөз орыс тіліне дыбыстық өзгерістерге ұшырап бум түрінде қабылданған. Осы терминнің ағылшын тіліндегі мағынасы мен оның қазақша баламасы ретінде алынған жалпы колданыстағы дүрбелең сөзінің лексикалық мағынасының арасындағы айырмашылық өте үлкен. «Гүлдену, тез өсу» ел үшін қолайлы жақсы уақыт болса, «ел басына ауыртпалық төнген шақ, аласапырын уақыт» халық өміріндегі жайсыз, ауыр кезең екені белгілі. Демек, ағылшын және қазақ тіліндегі бір-біріне қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер терминдену барсында мағыналас сөздерге айналып, бірі екіншісінің баламасы болып шыққан. Кейбір ғалымдар осы тәрізді терминдерді мысалға ала отырып, мұндай терминдер терминдік ұғымды дәл бере алмайды, шет тіліндегі нұсқасын алу қажет еп санайды. Шындығында, бұл барлық тілдердің терминологиясына тән құбылыс. Терминге терминологиялық мағынаны арнаулы ұғымдар жүйесі бекітіп беретінін және ол мағынаның өзгеруі мен түрленуінен терминнің дефинициясы қорғайтынын әрі термин шығармашылығындығы шарттылықты ескерсек қана мәселенің мәнін тереңрек түсіну мүмкіндігіне ие бола аламыз.

Сондақтан да терминолог ғалымдар жалпы тіліндегідей терминнің этимологиясын іздеу артық жұмыс және көп жағдайда тілдегі қалыптасқан зерттеу әдістерін қолдану арқылы терминологтың ой желісін анықтау мүмкін болмайды деп санайды. Қазіргі экономикалық терминологияда орыс тіліндегі задатог терминінің баламасы ретінде тіліміздегі көнерген сөздердің бірі – қардар сөзі қолданылып жүр. Түсіндірме сөздікте қардар сөзіне «бір нәрсені кепілдік беріп сатып алушы» деген түсініктеме берілген.

Жалпы тілдің ішкі байлығын орынды пайдалана отырып, терминологиялық лексиканы қалыптастыру тілдің екі жүйесіне бірдей пайдалы екндігі басты назарда болуы керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.                     Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы, 1993 ж.

2.                     Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.- Алматы, 1978. 3- том

3.                     Насырова М.Р. және басқалар. Нарықтық экономика. Орысша- қазақша түсіндірме сөздік – анықтамалық. – Алматы, 1995.

4.                     Суперанская А.В.,Подольская Н.В., Василева Н.В. Общая терминология.- Москва., 1989.

5.                     Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1982.6 – том.