Филология магистрі Келмағанбетова Ш. С.,

І курс ГМУ-12к тобының студенті Тұрсұн Айдос

Қарағанды қ., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Тіл -ұлттық мәдениеттің көрінісі

Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан  бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның  барлық  салаларымен қатар тілдерді кәсіби бағытта меңгерту   деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына  қойылатын  талаптар күшеюде.

Қазіргі зерттеулерде тіл фактілері адаммен, оның ойы, әлемді қабылдауы, танымдық қызметімен тығыз байланыста қарастырылуда. Бүгінде кеңес өкіметі кезіндегідей қатып қалған тәртіппен сөздерді бір қалыпта құйғандай қолданудан бөлек, сөйлеуші сөзді қалай қолданам десе де өз еркі. Сондықтан соңғы кездерде, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз ойнату кең етек алып келеді. Жаңа Мәтін, жаңа сөз, ең кереметі, ескі, танымал мәтін сөз негізінде жасалып отыр. Тіл арқылы кез келген халықтың болмысын,, сана сезімін, дүниетанымын байқауға болады. Бүгінгі күні бұл мәселені жан-жақты , арнайы  қарастырудың маңызы ерекше екені сөзсіз. Әр саланың дербес мақсаты, өз зерттеу объектісі бар. Қазіргі кезде ұлттық тілге тек тілші ғалымдар ғана емес,, сонымен қатар этнографтар, исихологтар, педагогтар, философтар және техника саласының мамандары айрықша көңіл бөліп келеді.

Тіл байлығы сөз санымен ғана емес, оның сапасымен, мағына тереңдігімен, ауқымдылығымен  де өлшенеді. Тілдің лексикалық  байлығын көне заманнан бері қалыптасып, келе жатқан бір буынды және екі буынды түбір сөздер мен олардың негізінде пайда болған мыңдаған туынды түбірлердің жалпы саны мен солардың беретін мағына саны мен мағына ауқымы негізінде өлшеуге болады. Тіліміздегі сөздер ғасырлар бойы өздігінен пайда болмағанын ескерсек жалпы тіл лексикасының дамуын, ең алдымен, ұғым-түсініктер мен мағынасының дамуы деуге болады. Кезінде орыс тілін ғылым тілі бола алмайды дегендерге қарсы: «Егер белгілі бір ойды өз ана  тілімізде дәл бере алмасақ, бұны тіліміздің оралымсыздығын көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көру керек», - деп М.Ломоносов айтқандай, біз де тіліміздің бар мүмкіншілігін сарқа пайдалана алмай жүрсек, оның себебін ең әуелі өзімізден іздегеніміз жөн шығар. Өйткені «жасандылық» пен «жасампаздықты» ажырата алмайтын, «басынан бал-бұл ұшты» деген тұрақ тіркестерді қалаған жерден ұшырып, қалаған жерге қондыратындар көбейіп кетті.

Тілді жетілдіру – барлық адамзаттың міндеті. Сол тілдің бүгіні мен ертеңі тілді қолданушылардың өз қолында. Сондықтан тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде соңғы кездері зерттеле бастаған лингвоэкология ғылымы осы бағытта ерекше орын алады. Себебі, лингвоэкология әлеуметтік, психологиялық, философиялық ғылымдардың тоғысында пайда болған. Бұл ғылымның қазақ тілі білімінде кең өріс ала бастағаны  ғалымдар еңбегінде көрініс тауып жүр.

Екінші тілді үйрену қай қоғамда болмасын бөгде мәдениетті меңгерумен тығыз байланысты жүргізілетін үдеріс. Кез келген шет тілін бір айда үйретеміз деген жарнамалардың шындыққа жанаспайтындығын айтатын мамандар шет тілін жетік емес, еркін меңгеру үшін кемінде бір жыл керек дейді.

Тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Осы орайда тілдерді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Ал шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту студенттердің коммуникативті даму біліктілігін, студенттердің қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам оқытушының біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде.

Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек. Осыған  орай, ҚР  Президентінің  2011 жыл  28  қаңтардағы  халыққа  Жолдауында Елбасымыз  айтқандай: «көпұлтты  және  көптілді  мемлекетіміздің  достығы  мен  татулығы сізбен  біздің  зор  еңбегіміз... Тілдерді  дамытуда  алға  қойылған  мақсаттарымыз  бойынша  2017  жылы  қазақ  тілін  меңгерген  саны  80 пайызға, ал  2020 жылға  қарай  95  пайызға  жетуі  тиіс. Үш  тілді  меңгеру – қазіргі  заман  талабы  болып  табылады. Соған  байланысты  2020  жылы  ағылшын  тілін  меңгергендер  халықтың  20 пайызын   құрайтын болады»  делінген. Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі жаңа буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілін жақсы білуі – уақыт талабы. Мемлекеттік тілді жан-жақты білгенде ғана өзге тілдердің мән-мағынасына, қасиетіне тереңдеп еніп, түсінуге болады. Өз тілі арқылы әлем тілін игеру жеңілге соғады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болса, ағылшын тілі – халықаралық тіл.

Сонымен қорыта келе, мемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан-жақты іздесе, көп нәрсе тез арада өзгеріп шыға келер еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі бүгінгі күн талабына сай жоғарғы оқу орындарында кредиттік жүйемен оқытатын жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықтар жасауды, білікті кадрларды көбейтуді, оқытудың ең озық жүйелері мен технологияларын енгізуді талап етіп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: «Мұрагер» баспа үйі, 2005. -176 бет.

2.     Самолкина  Н.К. Организационно – обучающие игры в образовании. М. 1996 

3.     «Қазақ тілі мен  әдебиеті» журналы №5, 2008ж.

4.      Селевко  Г.К. «Современные образовательные   технологии» -М., 1998ж.

5.     Научно-методический журнал – «Творческая  педогогика» - №3, 2007г.