Ахметжанова Ж.Б. филология ғылымдарының
кандидаты
Копбаева Сабина, Тур-14 с тобының студенті
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды қ.
Тіл – мемлекеттің тұғырлы
тірегі
Тіл – кез келген ұлттың
болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және
Тәуелсіздіктің тірегі, қазақ халқының
қанына біткен ынтымаққа ынтызар пейілі мен бірлікке деген
берекелі ниетінің өзегі деп түсінемін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Тіл –
мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы,
болашағы, бұған ешкімнің де шүбә келтірмеуі
даусыз.. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма
төрт жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік егіз ұғым. Тіл
– тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен
парасат белгісі – елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз
тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл
туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық
руханиятымыздың өзегіне айналды.
Кезінде
алаш қайраткері А.Байтұрсынұлы: «Өз тілімен
сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың
ұлттығы еш уақытта адамы құрымай
жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да
себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі
жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз
ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол
жұрттың тілін аздыруға тырысады» - деуі де тегін емес.
Әр халық
ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді
дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын
жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының
түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заңы –
халықаралық тіл дамытудың өлшем-үлгілеріне
сәйкес келеді.
Осы заң
Қазақстан Республикасында тілдерің қолданылуының
құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды
оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау
жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында
қолданылатын барлық тілге бірдей құметпен қарауды
қамтамасыз етеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың:
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы
тіл саясатының бүгіні мен болашағын
айқындайды. Ел тәуелсіздігінің
ең маңызды нышаны
– мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі
ұлт өкілдерінің
тіліне құрмет көрсету, олардың
ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай
жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық
саясаты. Бүгінгі күнге дейін ел Тәуелсіздігінің
20 жылдығына орай, тілдерді қолдану мен дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру, мемлекеттік тілдіңқолдану аясын кеңейту,
мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті
арттыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал.
Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың
бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің
тірегі ретінде қадір тұтамыз.
Мемлекеттік тіл мәселесіндегі Елбасының
үлкен қадамы 2006 жылдың 24 қазанында Астана
қаласында өткен Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХІІ сессиясында жасаған баяндамасы болды. Қоғамда
үлкен серпіліс туғызған осы баяндамасында: «Патриотизммен
тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе –
мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын
Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан және
ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деп Қазақстан
Республикасы ұстанып отырған тіл саясатының мәнін
түсіндіре келіп, маңызды ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Елбасының осы баяндамасында Үкіметке берген тапсырмаларын орындау
мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысымен Мемлекеттік тіл
саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия құрылды.
Комиссияның негізгі міндеттері: мемлекеттік тілді кешенді және
жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс тілін білудің жоғары
деңгейін сақтап қалу, ағылшын тілін тереңірек
және қарқынды үйрену жүйесін құру
жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік тіл саясатын
және тілдік құрылысты іске асыру тетіктерін одан әрі
жетілдіру болып табылады.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет,
өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің
баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар
бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей
қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі
құбылыс – тіл мәселесі болып табылады.
Сондықтан да
біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың
ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір
тұтамыз.
Қоғам
дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы
қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің тілегі
болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.
Қорыта
келгенде, біз жастар тіл жанашылары айтып кеткен осынау нақыл
сөздерді жадымызда үнемі оқып, жаттап жүрсек, нұр
үстіне нұр болар еді.
М.Дулатов:
«Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де
айтамыз... Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен
сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай
жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай
болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі
қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің
қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл
кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа
жұрттардың оқуын оқыдық... Бір жағы
Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардан да оқып
қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге
ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр.
Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет
жұрттардың тілі аңқып тұр... Қазақ
тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде
бұлардың бәрінің негізі «Тіл – құралы»
екенін ұмытпасқа керек» - десе, Ж.Аймауытұлы:
«Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті
болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын,
баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ
өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін
алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа
аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай,
бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың
көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын.
Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша
жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді,
құрғақ бектің керегі жоқ; адал
күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек» -
деп дабыл қағуы тегін емес. Бұл айтылғандардың бәрі
де жас ұрпақты тілін, дінін, мәдениетін, тарихын білуге
тәрбиелеуге қосар үлесі көп дер едік.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде. Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты.
2006. 11 мамыр. 7-б.
2. Назарбаев Н. Әрқашан бірге, әрдайым
алда болайық. Қазақстан халықтары Ассамблеясының
ХІІ сессиясында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006. 25 қазан.