Досова А.Т. -
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты
ТІЛДЕРГЕ ҮЙРЕТУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Оқыту
принциптері – жалпы оқу үдерісі мен оның
құрамдастары (мақсат, міндет, әдіс,
құралдар, ұйымдастыру формалары, оқыту процесіне) деген
талаптарды белгілейтін негізгі қағидалар. Олар
әдістеменің базистік категория санына жатады және оқу
процесінде олардың тиімділігін қамтамасыз етеді. Оқыту
принциптері заңдылықтар табиғатындағы бейнелеу мен жалпылау
болып табылады. Бұл жағдай,
біріншіден, «табиғатта принциптер жоқ: табиғатта тек
заңдылықтар бар деген қарама-қайшы пайымдаудың
негізі болды. Табиғат заңдарын танып және оларды тиімді
пайдалануға тырысып, адам солар негізінде принциптерді шығарады...».
Оқыту принциптерінің қанша түрі бар? Бұл
сұраққа бір мәнді жауап жоқ. Түрлі
жұмыстарда оқыту принциптерінің 40- қа жуық
түрі туралы мәліметтер келтіріледі. Принциптердің жалпы
қабылданған жіктелуі де жоқ. Оқыту принциптері
жіктелуінің ықтимал тәсілдерінің бірі ретінде
оқытушының өз жұмысында бейімделген
ғылымдардың базистік әдістеме мазмұны болып табылады.
Мұндай ғылымдар санына дидактика, лингвистика, психология жатады.
Барлық принциптер өзара тығыз байланысып, оқытуда
қойылған мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуге
тартылған бір жүйені құрайды. Сонымен қатар,
оқытудың нақты жағдайында жетекші рөл
атқаратын принциптерді (немесе принциптер тобын) бөліп
көрсетуге болады. Бүгінгі күні жетекші әдістемелік
принциптерге таңдап алынған қатынас саласында, тілдік
іс-әрекетті игеруге бейімделген, сабақтардың тәжірибелік бағытын
қамтамасыз ететін коммуникативтілік принципі жатады. Оқыту
принциптері: Дидактикалық: саналылық, белсенділік,
көрнекілік, беріктік, қол жетімділік және шамадан келетін,
пәнаралық үйлестік, мәдениаралық
әрекеттесу, оқытушының кәсіби
құзіреттілігі. Лингвистикалық: жүйелілік,
шоғырлану, тіл және сөйлеу
деңгейінде лингвистикалық құбылыстардың
шектелуі, қызмет етушілік, стилистикалық саралау, тілдің
азаюы. Психологиялық:
мотивациялау, тілдік дағылар
мен ептілікті қалыптастырудағы кезең, білім алушылардың
жеке – психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, бейімделу процестерін
есепке алу. Шынайы әдістемелік:
коммуникативтілік, білім алушылардың ана тілін ескеру, ауызша озу, тілдік
іс-әрекет түрлеріне іліктес оқыту, оқытудың
кәсіби бағыты, жуықтату, оқытудың
жағдаяттық –тақырыптық ұйымдастырылуы, тілді
меңгеру деңгейін ескеру. Дидактикалық принциптер ішінде
сабақта саналылық пен көрнекілік принциптерін іске
асыруға маңызды мән-мағына беріледі, ал психологиялық
принциптер арасында –
оқытуға мотивациялау, өйткені білім алушылардың
мүдделерін ескермей және білім алушының тәртібін
айқындайтын іс-әрекетіне түрткі болатын мақсатты
әсер етусіз тілді меңгеру
тиімді болмайды. Дидактикалық
принциптер дидактикада әзірленетін оқыту мен білім беру
теориясының негізгі қағидаларын көрсетеді. Олар
түрлі пәндерді оқытуда қолданылады және
оқыту пәнінен тәуелді болмайды. Сонымен қатар,
дидактикалық принциптерді әрбір нақты пәнде
қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Саналылық принципі
тіл сабақтарында жүзеге асырылатын жетекші дидактикалық
принциптер қатарына жатады. Бұл принципті қолдану білім
алушылардың тіл мазмұнын түсіну, тілідк бірліктерді, оларды
қолдану тәсілдерін ұғынуды болжайды. Белгілі
әдіскер Б.В. Беляев ептілік пен дағды білім беру процесінде тілді
түсініп меңгерген жағдайда ғана тез қалыптасады
деп көрсеткен. Өйткені, тілді меңгеру, айтылған
сөздің мазмұнына сәйкес өз бетімен форманы
таңдау қабілеттілігін білдіреді, ал бұл үйреніп
жатқан тілдің құралдарымен айтатын сөзін ресімдеу
тәсілдері туралы білімі бар екенін көрсетеді. Мұндай білімдер
білім берушілерге ережелер, нұсқаулықтар,
лексика-грамматикалық бірліктердің мағынасын
түсіндіретін түсініктемелер беру нәтижесінде
жинақталады. Тіл сабақтарындағы саналылық принципін
іске асыруда, алдымен тілдік бірліктердің ерекшеліктері мен оларды ресімдеу ережелері ұғынылады, содан соң жаттығу нәтижесінде оларды
сөйлеуде қолдану автоматизмі қалыптасады. Дегенмен, тіл
жүйесін меңгеру үшін қажетті ережелер мен
нұсқаулықтардың болғаны маңызды,
өйткені тіл тәжірибесі сабақтарындағы саналылық
тіл теориясын, теорияның өзі үшін оқытуды білдірмейді.
Бұл принциптің оқытудағы жүзеге асуы білім
алушының оқыту процесіне деген саналы қарым-қатынасын
білдіреді, бұл өздік жұмысының тәсілдерін игеруді
болжайды, тіл үйрету сабақтарында саналылық принципін іске
асырудың кейбір ережелерін келтіріп көрейік.
1. Берілетін
материал және онымен қандай әрекет жасалуын (ережелер,
нұсқаулықтар, түсіндіру) түсінуге
көмектесетін түрлі тәсілдерді қолданыңыз.
2. Тілмен
өздік жұмыс жасауды үйрету, өйткені
жұмыстағы ең бастысы – оқуға үйрену.
3. Білім
алушылардың тілді үйренудегі ілгері жылжуын көрсету, ол
оқытудың мотивациялануын жоғарылатады.
4. Білім
алушыларға, мүмкіндігінше, сөйлеудегі тілдік бірліктерді
қолдану және қалыптастыру тәсілдері туралы өз
бетінше пайымдауға келуіне көмектесіңіз. Ол үшін
индукцияны қолданыңыз (білім алушыларды тіл фактілерін
бақылаудан қорытынды, жалпылауға жетелеу).
Белсенділік принципі білім
алушылардың сабақ барысындағы тілдік белсенділігін
жорамалдайды, ол білім алушылар іс-әрекетіндегі зейін, ойлау, еске
қатысты психикалық процестердің, үйреніп жатқан
тіл құралдары туралы ойларын қалыптастыратын және
тұжырымдайтын қарбаластықты білдіреді. Белсенділіктің
негізігі қайнар көздері ретінде мақсаттар, мотив, ынта мен
қызығушылықтар болып табылады. Осыларды қолдану
үшін, оқытушы оқытудың түрлі тәсілдерін,
соның ішінде рөлдік ойындар, мәселелік сипаттағы
тапсырмалар, көрнекілік құралдарын қолдануы тиіс.
Білім, дағды және ептілік білім алушылардың тілдік
іс-әрекеті мен ойлауы үйлесіп келетін, белсенді ақыл-ой
процесінде қалыптасады. Сабақтарда белсенділік принципін іске
асыруға көмек беретін келесі ережелерді қолдану ұсынылады.
1.Өзіңіздің
сөйлеу белсенділігіңізді қысқартып, әр білім алушыны белсенді сөйлеу
– ойлау әрекетіне
қатыстырыңыз. Мәселелік сипаттағы тапсырмалар
мен рөлдік ойындар сабақтардағы белсенділік принципін іске
асыруға көмектесетінін естен шығармаңыз.
2. Сабақта тек
аса белсенділерге ғана емес, барлық білім алушылар жұмысына
назар аударыңыз. Белсенділігі төмен білім алушыларға
шамаларынан келетін оқыту тапсырмаларын ұсыныңыз.
Ынтымақтастықта оқыту оқу процесін белсендіруге
көмектесетінін біліп жүріңіз.
3. Тілді
үйрену қызығушылығын қолдау үшін
оқытудың тиісті тәсілдерін қолданыңыз.
Әрбір сабақ сайын сабақ қорытындысын шығарып,
сабақ барысындағы жетістіктері мен табыстарын (білім
алушылардың нені айта,оқи, жаза алатындарын) көрсету.
4. Эмоционалды
және сөйлеу белсенділігін ынталандыратын тапсырмалар ұсынып,
білім алушылардың қызығушылығын есепке алыңыз.
Көрнекілік принципі –
оқытудағы жетекшілердің бірі. Оның
қажеттілігі таным процесіндегі
сезімдік қабылдаудан дерексіз
ойлауға көшу диалектикасымен түсіндіріледі. Бұл принциптің сөйлеуде тілдік (сөз
сөйлеу) және тілдік емес
(пәндік – бейнелі) формалары болады. Тілдік көрнекілік дегенде,
тілді көрсетуге байланысты көрнекілік – сезіну сипатындағы
қабылдау және өндіру әрекеті тұспалданады. Тіл
сабақтарында басты рөлді тілдік көрнекілік ойнайды.
Материалды беру тұрғысынан көрнекілік орнықты және
қарқынды бола алады. Қарқынды
көрнекіліктің ерекше түрі ретінде жағдайлық
көрнекілік немесе тілдік әрекеттер көрнекілігі болып
табылады. Сонымен қатар, көрнекілік сыртқы (қабылдау
процесі ескерілген) және ішкі (ұсынылғанды
қабылдауға негізделеді – есту, көру және т.б.) болады.
Қазіргі әдістеме сабақтарда көрнекіліктің
барлық түрлерінің қарқынды қолданылуы
үйреніп жатқан тілдің және қоршаған
әлем құбылыстарын дұрыс ұсынып, тиісті
дағды мен ептіліктің дамуына себепші болады. Тілге үйрету
сабақтарында көрнекіліктің келесі қызметтері
бөлініп көрсетіледі:
1) оқыту (көрнекілік
құралдары оқу және танымдық ақпаратты
енгізу үшін қолданылады); 2) бақылау
(көрнекілік құралдары қалыптастырылатын білім,
дағды, ептілік сипаттамаларын бақылау және өзін
-өзі бақылау үшін қатыстырылады); 3) ұйымдастырушы (сабақ
үшін оқу материалдары және оларды ұсынудың
тәсілдерін таңдау кезінде қолданылады).
Оқыту
әдістері түрлерімен (тура,
аудиовизуалды, аудиолингвалды, коммуникативті) жұмыс істеуде
көрнекілік принципін қолдануға және оқыту
құралдарының мазмұнын іске асыруға шешуші
мән беріледі, өйткені көрнекілік мұнда
калыптастырылатын сөйлеу дағдылары мен ептілігінің негізгі
қайнар көзі ретінде қарастырылады. Басқа
әдістермен (саналық –тәжірибелік, грамматикалық –
аудармашылық) жұмыс істеуде көрнекілік басқа
тәсілдер мен құралдар ішінде оқытудың
көмекші құралы болып табылады. Беріктік принципі білім
алушылар есінде оқу материалын сақталуды және оны қарым-қатынастың
түрлі жағдаяттарында қолданылу мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Материалды игеру беріктігі білім алушыларға
эмоционалды әсер ету, алуан түрлі жаттығулар қолдануды
қамтамасыз ететін қолжетімді болуы, дұрыс берілуі
арқылы жеткізіледі. Бұл
принцип саналылық принципімен байланысты: білім алушылар түсінген
және ұғынғанды есте берік сақтайды. Принципті
іске асыру белгілі ережелерге сүйенуді қажет етеді. Қол жетімділік және шамадан
келетін принцип бірінші сабақтардан бастап материал білім
алушылардың жас және
интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес ұсынылуды, ал
оны игеру оларға қиындық тудырмайтынын көрсетеді.
Қарсы жағдайда, білім алушылардың орынсыз шамадан тыс
жүктемесі пайда болып, сабаққа деген
қызығушылығы күрт түседі. Қолжетімділік
материалдың өзімен де, олармен жұмыс істеу
әдістемесімен де қамтамасыз етіледі. Шамадан келетіндік берілетін
материал көлеміне деген белгілі талаптарды сақтауды, оқу
бағдарламасы бойынша жылжу қарқынын ұсынады. Пәнаралық үйлестік принципі
білім алушының санасында пәндердің тұтас
қабылдануы, қоршаған әлем құбылыстарын
қалыптастыру және олардың қайталануын болдырмау
мақсатымен түрлі пәндер тақырыптарының келісіліп
келуін ұсынады. Тіл үйрету сабақтарында бұл принцип
тілдік – пәндік деңгейінен көрінеді: пәндерді
оқыту білім алушылардың тілді меңгеру деңгейі мен
кәсіби қызығушылықтарын (оқушылар лицей, бейінді
сыныптарда таңдап алынған болашақ кәсіби
іс-әрекетінің қарым-қатынас саласына тән
мамандық тілінің элементтері мен ерекшеліктерін меңгереді) есепке ала отырып
жүргізіледі. Нәтижесінде, кәсіби саладағы
қарым-қатынаста коммуникативтік құзіреттілікті
қалыптастыру үшін жалпы ғылыми пәндерді де,
тілдің қарым-қатынас құралы ретінде оқытуда
оңтайлы жағдай жасалады. Мәдениаралық
әрекеттесу принципі оқытушы
тілді білетіндермен мәдениаралық әрекеттесу
жағдайында білім алушылардың ұлттық –мәдени
ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу – тәрбиелік процесін
ұйымдастыруды ұсынады. Мәдениаралық әрекеттесу
фактісінің оқу-тәрбиелік процесіне әсер етуі
соншалықты, оны дидактикалық принциптің жеке түрі
ретінде бөліп көрсету негізді болып келді де,
лингвомәдениеттану мәселелері бойынша жұмыстарында, бір
қатар зерттеулерде қолдау алды. Оқу - тәрбиелік
процесінде бұл принциптің есепке алынуы мәдениаралық
құзіреттілікті қалыптастыруға, әлеуметтік-мәдени деңгейде
үйренетін тілді меңгеруде білім алушылардың жетістіктері
туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін қалыптастыру
деңгейіне себепші болады. Нәтижесінде, әлемнің тілдік көрінісі
туралы білім алуды, үйреніп жатқан тіл құралдарына
өзінің қатынасын білдіріп, оны сипаттауға
мүмкіндік береді; тіл тасымалдаушылар өмірі саласының белгілі
білімдерін игеруді қамтамасыз етеді. Мұндай білім
қарым-қатынас процесі кезінде мәнді ассоциациялар және
коннотация түрінде көрінеді, мәдениаралық әсер
ету жағдайында тілдік қарым-қатынас қалыптылығын
қамтамасыз етеді; білім алушылардың жалпы ой-өрісін
кеңейту, яғни жаңа тілдік ортада
қарым-қатынастың тиімділігін қамтамасыз ететін аттар мен
атаулар, күндер мен оқиғаларды білу. Лингвистикалық принциптер. Бұл принциптер ғылым
әдістемесінің базистік түрі - тіл білімі мәліметтеріне
негізделеді. Жүйелілік принципі тілді
тұтас, бірлескен, түрлі деңгейдегі өзара
байланысты элементтерден тұратын жүйелі білім беру ретінде
қарастырады. Бұл принципті сабақтарда іске асыру: 1)
оқу мақсатында үйреніп жатқан тілді, тіл бірліктерінің түрлі мағынаны білдіретін
коммуникативтік және қызмет ету тұрғысынан
(коммуникативтік мақсат) сипаттауды қарастырады; 2) білім
алушылардың санасында тілді тілдік
және сөйлеу элементтері
мен олардың сөйлеуде
қолдану ережелерінен тұратын тұтас жүйе ретінде
қалыптастыру; 3) тілдік бірліктердің қызмет ету процесінде
лексика-семантикалық ерекшеліктерін айқындауға
мүмкіндік беретін грамматиканы лексикамен органикалық байланыста
оқып-білу, ол қарым-қатынастың жағдайларына
байланысты аяқталған тілдік бірліктерді (сөйлем және
сөз тіркесін) енгізуді жорамалдайды. Концентризм
принципі оқылған материалдың біртіндеп кеңеюі мен
тереңдетілуіне көп мәрте айналуды қамтамасыз ететін,
лексика-грамматикалық материалды таңдау және енгізу сипатын
қарастырады. Бұл принципті сақтау: 1) оқытудың
алғашқы кезеңдерінде білім алушылардың тілдік
қарым-қатынасқа қатысуға мүмкіндіктері арқасында,
оқытудың жоғары дәлелдемесі мен коммуникативтілігін; 2)
материалдың орналасуы «жеңілден қиынға»,
«меңгерілгеннен жаңаға» көшуді қамтамасыз ететін
қолжетімділікті; 3) оқыту мазмұнын құрайтын
тақырыптар мен жағдаяттар шегінде пікір құру үшін
жеткіліктікті; 4) алғашында өтілген материалдың сабақ
мазмұнына сәйкес кеңейту мүмкіндігін, яғни
ашықтықты қамтамасыз етеді. Тіл және сөйлеу деңгейлерінде лингвистикалық
құбылыстардың шектелу принципі тілдік (тіл жүйесі), сөйлеу
(тіл арқылы пікірлерін қалыптастыру және тұжырымдау
тәсілдері), сөйлеу
қызметін (қарым-қатынас процесін іске асыратын)
белгілейтін және игеру объектісі болған тілдік және
сөйлеу құбылыстарының жалпы жиынтығында үш
қырды бөліп көрсетуді қарастырады. Жеке
қырлардың өзара әрекеттесу сипаты оқытудың
мақсаты мен кезеңдерін есепке алу арқылы айқындалады.
Сөйтіп, филолог – студенттердің сабақтарында сөйлеу
қызметінің өзара байланысқан түрлеріне
оқыту кезінде тіл жүйесі мен сөйлеуді меңгеруге
тең көңіл бөлінеді. Болашақ тіл
оқытушыларымен жұмыс істегенде көп көңіл
сөйлеудің алуан түрлерін меңгеру барысында
педагогизация тәсілдеріне, көркем мәтінмен жұмыс
істеуге бөлінеді. Филолог емес студенттер сабақтарындағы
коммуникацияның негізгі объектісі
ретінде мамандық тілінің негізі- жазбаша мәтін болады. Функционалдық принцип
сабақтағы тілдік материал сөйлеу мазмұнының
ескерілуімен тұжырымдалады. Тәжірибелік курста бұл принцип
грамматикалық құбылыстың мағынасы мен формаларын
бірлігін қарастыруда көрініс табады. Мұндайда тілдік
материалды берудің екі жолы болуы мүмкін: а) жүйелі-құрылымдық,
материалдың енгізілуі қиысндық – мәндік негізінде
ұсынылады, яғни сөйлеудің (субъекттік
–предикаттық көрініс, салыстырмалы қатынастардың)
қисындық негізін құрайтын синтаксистік
қатынастарды есепке алу; б)
функционалдық –мәндік, сөйлеудің
(интенцияның) мазмұнына сәйкес грамматикалық
материалдың іріктелуі мен берілуін айқындайтын жол.
Функционалдық принципін
іске асыру тәсілін таңдау оқыту мақсатынан
анықталады. Филологтардың сабақтарында екі тәсіл де бір
мағыналы болып келеді. Қысқа мерзімді курстардың
тыңдаушылары үшін оқулықтарда дәйекті түрде
берілетін коммуникативтік грамматика мен коммуникативтік түрді іске
асыратын функционалды – мәндік тәсіл қолданылады. Стилистикалық
саралау принципі оқыту барысындағы сөйлеудің
түрлі стилі үшін өзіндік сипат болып келетін тілдік
және сөйлеу ерекшеліктерін ескеру маңыздылығын
білдіреді. Қысқа мерзімді курстарда негізгі көңіл
оқу және тұрмыстық қатынас саласындағы
сөйлесу стилі мен сөйлеу әрекетіне бөлінеді.
Белгіленген стильдік бағыттағы мәтіндерді таңдау,
олардың пысықталу
көлемі мен тереңдігі оқытудың мақсаты мен
ұзақтығына байланысты болып келеді.Филологтармен жұмыс
істегенде бұл принцип тәжірибелік лингвистика және
лингвистикалық елтану мәтіндерін талдау сабақтарында
көрініс табады. Қысқа мерзімді курстарда бір немесе бірнеше стиль шегіндегі міндетті
тілдік құралдарға көңіл бөлінсе,
филологтармен жұмыс істегенде, ерекше көңіл үйреніп
жатқан стиль шегіндегі қарым-қатынас жағдаяттарына
қатысты сөйлеу құралдарына бөлінеді. Сонымен
қатар, білім алушылар өздерінің кәсіби
дайындықтарының міндеттеріне сәйкес келетін өз таңдауын
түсіндіре білуі тиіс.
Әдебиет:
1. Есперсен О. Философия
грамматики М., 1958.
2. Жинкин Н.И. Механизмы
речи. М., 1958.
3. Канцельсон С.Д.
Типология языка и речевое мышление. М., 1972.
4. Канцельсон С.Д. Общее и
типологическое языкознание. Л., 1988.
5. Курилович Е. Очерки по
лингвистике. М., 1962.