Ж.К.
Даркенбаева
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және
ӘТУ,
қазақ филологиясы кафедрасының
аға оқытушысы, ф.ғ.к.
Қазақ
тілі сабағында фразеологизмдерді меңгертудің әдістері
Өзге тілді дәрісханада
жүргізілетін қазақ тілі сабағының басты
мақсаты - ата-бабаларымыздың
ой-тұжырымы, тәлім-тәрбиесінен хабар беретін
тұрақты тіркестерді сөйлеу әрекетінің
түрлері арқылы меңгерту, фразеологизм бойындағы
ұлттық өзгешеліктерді түсіндіру, сол арқылы
қазақ тілінің бай тіл екендігін ұғындыру,
халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін
құрметтеуге үйрету.
В2 - негізгі стандартты деңгейде
оқитын өзгетілді студенттерге
тіліміздің айшықты бедері, мәдениетіміз бен
тарихымыздың бейнелі көрінісі - фразеологизмдерді түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы меңгертуге болады. Өйткені халқымыздың
дүниетанымы, салт-дәстүрі, тарихы, ұлттық
мәдениеті, бай қазынасы тұрақты тіркестерінде жатыр.
Сабақта жұмыс түрлері мен тапсырмалар
жүйесі сөйлеу әрекетінің түрлеріне қарай
түрлендіріліп беріледі.
В2 - негізгі стандартты деңгейде
қатысымның әлеуметтік-мәдени саласы «Туған жерге
саяхат», «Ұлттық мәдениет тамыры», т.б. тақырыптарды
қамтиды.
Сабақ барысында
арт кластер, нөмірленген кластер, қар домалату,
құрастыру, қатысымдық-жағдаяттық, сонымен
бірге Hot Potatoes (“jmatch” “jcloze”) әдістерін, ойын түрлерін пайдалана отырып, жоғарыдағы
тақырыптарды меңгертеміз.
Сабақта тұрақты тіркестерге байланысты
сөйлеу әрекетінің жазылым, тыңдалым түрлеріне
жұмыс түрлері жүргізіледі. Сабақта тұрақты
тіркестерді түсіндіре отырып, қазақ халқының
тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, тарихы жайлы мәлімет беріледі.
«Ұлттық мәдениет тамыры» тақырыбын өткен кезде тыңдалым тапсырмаларын былайша
орындатуға болады. «Күйшіге берілген баға» мәтіні
тыңдалады, мәтіннен кейін тапсырмалар беріледі:
1. “Hot Potatoes”
әдісінің “jmatch”
бөлімі арқылы сөздерді сәйкестендіріп,
тұрақты сөз тіркестерін жасайды. Jmatch
бөлімінің негізгі функциясы берілген
мәтіннің екінші бөлігін таңдау. Мұнда
оқытушы тыңдамас
бұрын мәтін немесе тыңдалымға арналған
материалдар бере алады.
|
сапар |
берілу |
|
күйге |
дауыс |
|
|
кету |
|
қоңыр |
шегу |
|
тынышы |
озу |
|
ортасынан |
беру |
2. “Hot Potatoes” әдісінің “jcloze” бөлімі арқылы көп
нүктенің орнына қажетті тұрақты сөз
тіркестерін қойып жазады. “jcloze” бөлімі мәтінде немесе сөйлемде қалып кеткен
сөздің орнын толтырады.
1. Сапар
соңында үлкен ...
ұйымдастырылыпты.
2.
Шығарманы тыңдап көруге
... .
3. Америка
құрама штаттарына ... .
4. Делегация
мүшесі ғажап ... .
5.
Х.Ерғалиев сахнаға шығып, .... естелігін айтты.
6.
Төраға күйге ... .
7.
Құрманғазыға ...
осындай.
8. Топ
жетекшісінің ... .
3.
Тұрақты тіркестерді мәтіндегі берілу ретімен орналастырады.
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
А.
сапар шегу
|
Ә.тынышы
кету
|
Б.
күйге берілу |
В.
баға беру |
Г.
қоңыр дауыс |
4. Нөмірленген кластер әдісі
арқылы мәтін бойынша берілген сөйлемдерді мәтіндегі
ретімен қойып шығады. Әр сөйлемнің жанында
нөмірі көрсетілген. Осы сөйлемдердегі фразеологизмдерді сызбаға сағат тілінің
бағытымен орналастырулары
қажет.
№1 Делегация мүшесі
ғажап күйге беріліпті.
№2 Америка құрама
штаттарына сапар шекті.
№3 Қоңыр дауысымен
естелік айтты
№4 Шетелдік музыка мамандары
біздің Құрманғазыға баға берді.
№5 Төрағаның
тынышы кеткен.
Жазылым – ең өнімді тілдік
қарым-қатынас түрі. Себебі сөйлеу әрекетінің айтылым,
оқылым, тыңдалым түрлері тек жазылым арқылы іске асады.
“Туған
жерге саяхат” тақырыбы бойынша
жазылым тапсырмаларын былайша түрлендіріп беруге болады.
1.
“Қар
домалату” (снежный ком) әдісі пайдаланылады. Берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестері, сөйлемдер
құрастырылады: жер,
шоқтық, ұйық,
шүйгін, бал.
Үлгі: жер – жер жаннаты – жер жаннаты Көкшетау –
жер жаннаты Көкшетау өлкесі – жер жаннаты Көкшетау – тамаша
өлке.
2. “Арт кластер” әдісін пайдаланып, эссе жазғызамыз.


Эссе жазу барысында төмендегі фразеологизмдерді
пайдалану тапсырылады.
}
таңдай
қағу – тамсану, таң
қалу;
}
көкірегіңнен
құмар кетпеу - аңсау;
}
жер жаннаты – құнарлы, көркем жер;
}
қазақтың
жер ұйығы –
тұруға, өмір сүруге қолайлы жер;
}
жер шоқтығы – әсем, көркем жер;
}
жері шүйгін, суы
бал – адамға жайлы,
ыңғайлы қоныс [1].
3. Жағдаят беріледі, сол бойынша бір-бірімен
сұхбаттасады.
Қазақ
елінің солтүстік аймағында көрікті жерлер көп. «Жері
шүйгін, суы бал Қостанайдай жер қайда? Ең
көркемі – Қостанай» - дейді досыңыз. Ал сіз бұл
пікірмен келіспейсіз. Сіздің ойыңызша, жер шырайы -
Көкшетау, ол - солтүстік аймақтың ғана емес,
бүкіл Қазақ елінің көркем де көрікті өлкесі. Досыңыздың пікіріне
қарсылық білдіре отырып, екеуара ой
бөлісіңіздер. [2].
Қорыта айтсақ, әдіс-тәсілдердің
түрлерін пайдаланып, тапсырмалар жүйесін түрлендіріп беру
оқытушының өзіне байланысты.
Оқытушы сабақты қызықты өткізе отырып,
студенттердің білімін толықтырады, әрі қазақ халқының
ұлттық өзгешелігін
тұрақты тіркестері арқылы студенттің санасына
сіңіреді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Фразеологиялық
сөздік. – Алматы, 2007.
2. Алметова
А.С., Даркенбаева Ж.К., Тунгатова Г.Ж., Хамимульдинова Л.Ж. Қазақ
тілі В2 – негізгі стандартты деңгейге арналған. – Алматы, 2015 ж.