ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ
АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Жусупбекова М.К. –
з.ғ.к., доценті
Қорқыт
–Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан
Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында Қазақстан 2030 жылға дейін
ауасы таза және суы мөлдір, таза және жасыл желекті елге
айналуға тиіс екенін айтылады [1]. Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жүйесін құру осы
мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі
болып табылады.
Қазақстан
Республикаының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы» Заңында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
дегеніміз, бұл мемлекет арқылы қорғалатын,
қамтамасыз етілетін, табиғи аумақтарды қалпына
келтіретін жер, су, орман обьектілерінің
жиынтығын айтуға болады делінген [2].
Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар бұл өзінің
құрамына әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін, табиғи байлықтарын, орман, су, өзен
көлдерді жинақтайтын экологияның үлкен бір обьектісі.
Ал осы құрамдағы табиғи байлықтар және
ормандар мен қорықтар арқылы жеке тұлғалар,
азаматтар, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністер
өздерінің материалдық болсын, рухани болсын
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың
құқықтық реттелуінде проблемалар бар.
Біріншісі, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың
құрамында көптеген обьектілер болғандықтан, осы
обьектілердің жағдайына байланысты олардың
құқықтық реттелуі, экологиялық хал-ахуалы
жайлы проблемалар болатындығы анық. Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың қаржыландырылуы жағынан
проблемасын бірінші тоқталуға болады.
Екінші кезектегі проблема
бұл азаматтардың ерекше қорғалатын
аймақтарға қатысты дұрыс мәдени
көзқарасының қалыптасуы. Өйткені, азаматтар
қорықтарда, ұлттық парктерде демалған кезде
пайдаланған ортасын экологиялық тұрғыдан ластап,
әртүрлі қоқыстарды тастап кетеді. Экологиялық
мәдениеті жоғары мемлекеттер деп Еуропа мемлекеттерін, Жапония,
Оңтүстік Корея, Франция және Германия сияқты
мемлекеттерді айтуға болады. Мысалы, Жапонияда балаларды тәрбиелегенде
қоршаған ортасына зиянын тигізбей керісінше оны дамытуды,
гүлдендіруді талап етіп
тәрбиелейді. Егерде біздің мемлекетіміздің адамы әдемі
өсіп тұрған гүлді көрсе, оны бірден жұлып
алып үйіне алып кетеді. Ал Жапонияның азаматы бұл гүлді
көрсе, оны жұлмай керісінше тамсанып, оны суретке түсіріп
кетер еді. Осындай көзқарасты қалыптыстыру біздің
қоғамның басты мақсаты болуы керек деп есептейміз.
Бұл жерде ол
қандай іс шараларды қамтуы
тиіс деген заңды сұрақ туындайды. Ең алдымен,
болашақ ұрпақтың санасына экологиялық
мәдени көзқарас қалыптастыру керек деп есептейміз. Ол
қалай жүзеге асады: мектептерде, балабақшаларда
экологияға байланысты пәндер оқыту керек, студенттерге
қоршаған ортаға байланысты, ерекше қорғалатын
аймақтарға қатысты құқықтары мен
міндеттерін түсіндіру іс шараларын жүргізу керек. Себебі,
біздің қоғамның көп мүшесі экологияға
байланысты ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты
құқықтарын біле бермейді. Мысалы, кейбір
аңшылыққа қызығушылығы бар, аң аулай
ермегін немесе хоббиін десек те болады, бастаған уақытта аңшылықпен қандай
уақытта айналысу керек, қандай ережелер мен
қағидаттарды естен сақтау керек деген сияқты
сұрақтарға жауап таба бермейді. Бұл жерде
аңшылық деп отырғанымыз жануарлар мен өсімдіктер
дүниесіде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
бір бөлігі болып табылады.
Үшінші кезектегі
проблема – бұл ерекше қорғалатын аймақтардың
дұрыс күзетілуі. Бұл тұрғыдан
қарағанда Қазақстан басқа мемлекеттерге
қарағанда артта келе жатыр десекте болады. Өйткені,
біздің қорық күзетшілерінің пайдаланатын
техникалары ескірген, көбінесе Кеңестік кезеңдегі
техникаларды, автокөліктерді пайдалануда мемлекет тарапынан үлкен
мөлшерде қаржы бөліну керек деп есестейміз. Және
бұл күзетшілердің әлеуметтік жағдайы, яғни
төленетін еңбекақысына байланысты. Қорық күзетшілеріне
төленетін еңбнеақы 50-60 мың теңге
мөлшерінде болады. Бұл
бұндай жұмыс атқаратын қызметшілер үшін өе
аз және де айлығы аз болған сайын олардың
жұмысына деген ынтасы
жауапкершілігі төмен бола береді деп есептейміз. Осы ерекше
қорғалатын аймақтардың күзет мәселелеріне
қатысты келесіні айта кету керек,
маңызды мәселе - бұл осындай қызметке арнайы
мамандар әзірлеу.
Бұндай
қызметке біздің қоғамда
қызығушылықтың аз екендігі рас, бұндай
қызметке жастар мүлде қызықпайды десек те болады.
Өйткені жаңа айтып кеткеніміздей бұндай қызметке тиісті
мөлшерде жоғары жалақы төленбейді. Сонымен қоса, бұндай қызметке
жастарды мамандарды тарту жұмыстары жүргізілмейді және
тағы айтатын бір мәселе ерекше қорғалатын
аймақтарды күзетуге байланысты болсын, басқа да эколог
ғылыми мамандарды оқытып шығарудың арнайы оқу
орындарында жағдайы жасалмаған.
Бұл мәселесі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігіне қатысты сілтеме жасап айтар едік. Сонымен қатар,
ерекше қорғалатын аймақтарға қатысты шет
мемлекеттердің тәжірибесімен тәжірибе алмасып, мамандарды сол
жаққа білім алуға жіберу керек деп есептейміз. Сол
арқылы біз мемлекетіміздің Ерекше қорғалатын
аймақтарға қатысты қызметінің механизімін
жоғары деңгеге көтеріп, сапалы қызмет
қалыптастырар едік. Бұл тақырып бойынша өзекті
мәселелер өте көп бұлардың бәрін айтып
тауысу немесе шешу мүмкін емес. Бірақта біз сол мәселелерді
ашып көрсетеміз деген пікірмен ғылыми жобамызды жалғастырамыз.
Төртінші проблема – жергілікті жерлерде экотуризмді
дамыту, мысалы, Қызылорда облысы бойынша ерекше қорғалатын
аумақтардың ішінде Барсакелмес қорығы бар. Бұл
Барсакелмес қорығы мемлекет қарауында және флорасы мен
фаунасын мемелекет қарауына алынған. Облыс аумағында Арал
ауданында, Қамыстыбас темір жол
станциясынан 2 км батысқа қарай орналасқан. Түсі
көк жасыл, суы 6 метрге дейін мөлдір, көл суы түбіне
дейін жылиды. Бұл флора мен фаунаға бай сирек кездесетiн суаттар.
Көл жиегі табиғи жағажай, ірi – дәндi құмнан
жасалған әдемі жағажай. Суы өте мөлдір, әрі
жұмсақ, жылдың бес айында мамыр мен қыркүйек
аралығы суға шомылып, ләззат алатын уақыт. Сирек
кездесетін шипалы сапалармен ие. Көл Сырдарияның оң
сағасын аса төбе аралығында ойыста жатыр, ол сырттай
қарағанда науа тәріздес. Жағалауы 5 метр
тереңдікке дейін тас, құмтас және құмайт, одан
әрі тереңдеген сайын көл түбін тегіс сұр лай алып
жатыр. Қамбаш көлі бірнеше іріктеуден кейін еліміздегі туризмді
дамыту картасына енді. Қамыстыбас елді-мекеніндегі Қамбаш
көлі бүгінде жұртшылықтың жиі келетін демалыс
орнына айналды. Суы денсаулыққа пайдалы, дертке шипа.
Мамандардың айтуынша, тері ауруларына ем. Алайда, көл
жағасына келіп тынығушылардың тазалыққа мән
бермеуі үлкен мәселеге айналды.
Ешбір кәсіпкер бұл жерде тазалық
жөнінде жұмыс істеп келе жатқан жоқ. Осы күйінде
тұрса, тез арада шешім қабылдамасақ, бес жылдан кейін ластану
деңгейі күшейіп кетеді. Мамандардың айтуынша,
Қамбаш көлі соңғы кезде лайланып барады.
Бұған, әрине, демалушылардың көл жағалауын
қоқысқа толтыруы да себеп болып отыр. Бұлай
жалғаса берсе, туристік орталыққа айналдырамыз деген жерді
экологиялық аймаққа ұшыратып алуымыз ғажап емес. Сондықтан
бұл жерді мемлекет аса назарында ұстап белгілі қорғау
және бақылау шараларын жүзеге асыру керек.
Бесінші
проблема - бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы дұрыс және толық тамақтану және жеке
гигиенаны сақтауды түсіндірумен қатар, үндеуде
экологиялық тәрбие және оқыту атаулы бізді
қоршаған орта, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы білімдерді насихат жүргізу, біздің осы
табиғи байлықты қорғау міндеттілігін насихаттау
жүргізудің маңызы зор деп ойлаймын. Сонымен бірге,
жағдайға қарай ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар жүйесін кеңейту қорықтық режимдегі
аумақтар санын көбейту, соңғы айтылғанға
жету үшін заказдық және реттелетін шаруашылық
режимнің тікелей қорық режиміне өзгерту қажет. Осы
жағдайда табиғатты және оның ерекше құнды
объектілерін сақтап қалу үміті көбірек болады.
Сонымен табиғатты
қорғау, санитарлық эпидемилогиялық,
салықтық және кеден қызметтері, стандарттау және
сертификаттау органдары, қадағалау жүргізетін инстанциялар
қызмет өрісін заңды түрде қосымша реттеу,
қоршаған ортаны қорғау саласында тығыз бірігіп
жұмыс істеу арқылы сапасыз азық-түлік және
өнеркәсіп өнімдерін импорттауды тоқтату,
шығаруға мүмкін және зиянды, қауіпті және
радиоактивті заттар мен қалдықтарды ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарға көмуге жол бермеу. Сапасыз және
зиянды өнімдерді кіргізе алатын болсақ, онда бұл салада
қатаң бақылау және қадағалау белгілеуді талап
етеді. Мұндай адамға қарсы әрекеттер үшін
қылмыстық жауапкершілік белгілеу.Осылар мен бірге өндіріс
қалдықтарын және өзге де қалдықтарға
байланысты бүгінгі күнде арнайы нормативтік актілер қабылдау
ұсынылады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы
10 қазанындағы «Қазақстан-2030:
барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына
Жолдауы.
2. Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175-ІІІ «Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).