Право/9.Гражданское право.
Шошаева Л.С., ЭҚҚР кафедрасынынң аға
оқытушысы
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті, Қазақстан
ПАТЕНТ – ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІКТІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіруі стратегиясында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауындағы бірінші басымдықтың өзекті
мәселелерінің бірі ретінде: «Қазақстандағы
интеллектуалдық меншік құқығын және сауда
маркасымен қорғалатын тауарлар өндірісі үшін
қолайлы жағдайлар қалыптастыру.
Қазақстанның авторлық құқық пен
сауда белгісін қорғаудың қатаң кепілі ретінде
беделін нығайту бізге экономиканың жаңа секторларын белсенді
түрде дамытып, әртараптандыруға мүмкіндік береді», -
делінген. [1]. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында да авторлық
құқықтар мен патенттер мәселелерін реттейтін
заңнаманы қайта қарау және Үкімет 2014
жылдың соңына дейін бұған дейін берілген барлық
патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды
олардың коммерциялануының ықтималдығы жөнінен
талдаудан өткізуі қажет екендігі тілге тиек етілді. [2]
Бүгінгі таңдағы білімге негізделген
экономикада зияткерлік активтер негізгі валюта болып табылады.
Қазақстаннын экономикалық
өсудің қарқыныңа жетуі, оның әлемдік
нарық кұрылымына толық
енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және
технологиялық базасын кұруға
ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз
мүмкін емес. Бұл
Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және «Қазақстан
Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да
өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын
сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі
және саудада ең қолайлы жағдайларға кол жеткізу
үшін басты шарттардың бірі болып табылатының да айта кету жөн. Ал бұл
біздің елдің беделін халықаралық
сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын
қорғау адам мен азаматтың құқықтарын
және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті
шарттары мен кепілдіктерінің
бірі. [3, 86б.].
Сондықтан, соңғы жылдары
экономикалық және сауда аспектілерімен
тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси
сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік
құқықтарын қорғау саласыңдағы жұмыстың жалпы
бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан
Үкіметі мен ДЗМҮ (ВОИС) арасындағы
ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын
қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған.
Зият — бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы
қордың күші өзінің
тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен
қоғамның мүлделеріне
қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте.
Нарықтық экономикада қандайда бір
кәсіпкердің алдыңда тұратын мәселе — тауарларының бәсекеге қабілетті
болуы. Кәсіпкерлердің
қазіргі таңда «ұлттық өндірушіні
қорғау және қолдау
— өндірушінің өз қолымен» деген ұранды
ұстауы — маңызды. Кәсіпкерлер
үшін осындай корғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз
кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.
Қазақстан Республикасының үкіметі
арыз берушіге ыңғайлы,
тұтынушыға колайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни
мағынасы жағынан жай,
рәсімдеу төлемі арзаң, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру
қызметінің сапалы, патенттік құқықты
қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық
патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін
ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің
құрылуының алғашқы күндерінен-ақ
жағдай жасауда.
Қазақстанның социалистік жүйеден
нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау
және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы
кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмыска
«интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік
меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.
Егер
өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар
болсак, кенестік кезеңдегі
авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі
бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік
өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі —
өнертабушы автор өз
құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен
ресімдейтін, кейбіреулері
Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз
Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы
төлеу арқылы өнертабысты
өз иелігіне жаратып жататын. [4, 67б.].
Енді құқық иеленушінің
келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің
рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана
пайдалану жолға қойылған.
Бұл құқық «айрықша
құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.
Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік
объектілерін құқықтық қорғау принциптері түбірімен өзгерген, демек,
жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше
құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті.
Қазақстан
Республикасында патент қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық
актілердің, бірінші тобын ҚР Конституциясы құрайды. Конституцияның 20-бабы
шығармашылық еркіндігіне
кепілдік береді. Бұл норма интеллектуалдық меншік туралы заңнама дамуының
құқықтық негізін құрайды.
Патент Заңымен бірге патент саласын
құқықтық реттеуге өзгерістер енгізілді:
- қызметтік
өнертабыстар құқықтық режимі біршама
өзгертілді
- патенттік
құқық объектілеріне қорғау
құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті;
- қорғау құжатын алуға
өтінімнің тапсырылған күні мен берілген күні айқындалған және
бөлінген;
- авторлар
мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық
деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар қатаңдалған;
- мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу
мерзімі кысқартылды;
- соңынан
пайдалану құқығы енгізілді. 38 баптан тұратын Қазақстан
Республикасының Патент Заңы
кешенді нормативтік құқықтық акт болып табылады,
себебі оны
халықаралық-құқықтық (37-бапты
караңыз), азаматтық-құқықтық
(11-15-баптарды қараңыз), азаматтық-іс жүргізушілік (33-бапты қараңыз), әкімшілік
(25-29-баптарды қараңыз), еңбек (8-баптын 2-тармағын караңыз)
сияқты әр түрлі саладағы қатынастар құрал ретінде қолданылады.
Аталған актіде патент Құқығы
объектілеріне әлемдік патенттік-құқықтық
тәжірибе шеңберінде
таралған талаптар (патентке қабілеттілік талаптары), сонымен
қатар, берілетін құқық көлеміне қарай
лицензиялық шарттардың
көп түрі және қорғау құжатын
басқа тұлғаға беру
мүмкіндігі бар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіруі», ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы,
Астана, 2006
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы
жол – путь в будущее» атты Қазақстан халқына
Жолдауы 17.01.2014
3. Шошаева Л.С. Интеллектуалдық меншік
құқығы.Оқу әдістемелік құрал,
ҚЭУҚ, 2010
4. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации.
Учебник, М- Проспект 2005г.