Мамандық таңдаудағы мотив
Алибекова Махаббат
«Тұран-Астана»
университеті магистранты
Адамдармен
бағаланатын өмірдің әдістері, бағдарламалары мен
нақты мақсаттар тұлға мотивтерінің жүйесі
болып табылады. Ерекше беделді қабылдау нәтижесінде мақсатты
қолдаудың құпия эффекті өзі туралы «күрделі
жүйені» еске түсіретін мотвациялық саланың
қалыптасуымен байланысты.
Л.И.
Божович оқушылардың білімі
мен олардың оқу мүдделерін әлеуметтік мотивтерін зерттеуін қорытындылауы
қажеттіліктерді теориялық түсіну мен мотивтердің дамуына қатысты кейбір жағдайларды алға тартады.
Әрекетке деген ұмтылыс
қажеттіліктерден туындайды. Ал оны
қанағаттандыруға
ниетті объекті қызметтің
мінезі мен бағытын анықтайды.
Сыртқы объектілер
адамның белсенділігін ынталандырады. Объектілердің өзгеруіне
байланысты қажеттіліктердің даму мазмұны дамудың
көрсетікштері болып
табылады.
Адаммен саналы қойылған және ниетпен
құралған мақсаттар, олармен қабылданған
шешімдер қоздырғыш күше ие, яғни оның
тәртібінің мотивтері болады.
Қажеттілік
мықты болған жағдайда жеңуі мүмкін. Кейін тәртіп жеңген
қажеттіліктің артынан еруі мүмкін. Бірақ адам да осы тікелей қажеттілікке қарсы
әрекеттесуі мүмкін. Оған кедергі жасайтын қажеттіліктер
мен ұмтылыстарды жеңе отырып өзінің ынталарына,
шешіміне, қойған мақсатына сәйкес
әрекеттену.
Қажеттіліктер мен
мотивтердің даму жолдарының талдау қорытындысында
мотивациялық сала құрылысының дамуына
тоқталайық.
Жас ұлғайған сайын
туындаған мотивациялық құрылымның тұрақтылығы өсіп,
баланың дамуы мен тәртібінде мотивтер рөлін арттырады.
Адаммен қойылған
мақсаттар, солар бойынша қабылданған саналы шешімдер
адамның тәртібінде іскери мінезді
анықтайтын тікелей қоздырғыштарды өзіне бағындыру
әдісі.
Мотивациялық
саланың иерархиялық
құрылысы адам тұлғасының бағытын
анықтайды. Жеткіншек жас
кезеңінде (12 – 15 лет)
тұлғаның тұрақты, нақты бағыты
қалыптасады. Осы немесе басқа
бағыттың болуы жеткіншектің жалпы тұлға
ретінде қалыптасуына маңызды. Ол оның
тұлғасындағы адамгершілік жағын, сонымен қатар
оның тәртібі мен қызметіндегі ерекшеліктерді анықтайды.
Мотивтер адами
тәртіптің ерекше қоздырғышын танытады. Сыртқы
әлем, олар туралы көзқарастар, ойлар, сезімдер мен жан
құбылыстар мотивтер ретінде болуы мүмкін.
Моральдік
сезімдер, саналы қойған мақсаттар, қалыптасқан
ниеттер, адам тәртібінің
типтік мотивтері болып табылады.
Мұндай мотивтер ниет, мақсат сияқты
қажеттіліктер есебінен өзінің қоздырғыш
күшін алады.
Адам
тәртібінде екі өзара байланысқан жақ бар. Олар:
қоздыру және реттеу. Қоздыру
тәртіптің белсенділігі мен бағыттылығын
қамтамасыз етеді. Ал реттеу оның басынан аяғына деген қалыптасуына жауап береді. Сезу,
қабылдау, жады, назар, ойлау,
қабілет, темперамент, мінез, эмоциялар – осылардың барлығы
тәртіптің реттелуін қамтамасыз етеді.
Ынталандыру немесе қоздыруға келетін болсақ, мотив пен
мотивация түсінігімен байланысты.
Бұл түсініктер өздеріне адамдарда бар
қажеттіліктер, мүдделер, мақсаттар, ниеттер, ұмтылыстар
туралы көзқарастарды қосады.
«Мотивация» термині «мотив»
терминіне қарағанда кең
түсінік.
Мотивация — адамның
тәртібін, бастауын, бағыты мен белсенділігін түсіндіретін,
психологиялық мінездер себептерінің жиынтығы.
Тәртіптің басқа да нысаны ішкі және сыртқы
себептермен түсіндірілуі мүмкін. Бірінші жағдайда субъект
тәртібінің
психологиялық сипаты бастапқы және соңғы
түсінігі ретінде болады. Ал екінші жағдайда сыртқы жағдайлар мен оның
қызметінің міндеттері.
Бірінші
жағдайда мотивтер, қажеттіліктер, мақсаттар, ынталар,
ниеттер, мүдделер және т.б., екінші жағдайда
қалыптасқан жағдайдан туындаған стимулдар туралы айтылады.
Мотивация
нақты мақсатқа жетуге бағытталған
әрекеттің басты бағытын, жалпы қызметтің
тұрақтылығы мен ұйымдастырушылығын түсіндіреді.
Мотив мотивацияға қарағанда тәртіптің
өз субъектісіне жатады, іштей
нақты әрекеттерді
жасауға итермелейтін тұрақты
тұлғалық қасиет
болып табылады. Мотивті адамның тәртібін анықтайтын
ішкі психологиялық тәртіпті жалпылай көрсететін түсінік ретінде анықтауға
болады. Қажеттілік түсінігі олардың ішіндегі ең
маңыздысы. Нақты жағдайларда оны қарапайым тіршілік ету
мен дамуына жеткіліксіз адамның немесе жануардың мұқтаждық
жағдайы деп те атайды.
Қажеттілік
организмді белсендіреді, ізденіске бағытталған тәртібін
ынталандырады, жеке психологиялық үрдістер мен органның
жоғары қозу жағдайына әкеліп соғады.
Адам қажеттеліктерінің негізгі сипаттамасы - күш,
кезеңділік, қанағаттанудың туындауы мен әдісі.
Өзінің
мотивациялық түсінігі бойынша қажеттіліктен кейінгісі –
мақсат. Қажеттілікті белсендіру қызметіне байланысты, сол
уақытта әрекетке бағытталған тікелей нәтижені
мақсат деп атайды. Психологиялық мақсат адаммен тікелей
қабылданатын мотивациялық-қоздыру сана-сезімінің
мазмұны.
Адам
тәртібінің мотивациясы
саналы және саналы емес болып келеді. Бұл адамдардың
тәртібін басқаратын қажеттіліктер мен
мақсаттардың сезілетіне байланысты.
Жеткіншек үшін кәсіп
таңдауы – өз кезегінде моральді мәселе. Таңдаудың аясы кең
болған сайын психологиялық
күрделі.
Кәсіби өзіндік
анықтау – көп қырлы.
Біріншіден,
қоғамның қалыптасудағы тұлға алдында
қоятын міндеттер сериясы.
Екіншіден, қабылдаған
шешімдер үрдісі.
Үшіншіден, өмірдің
жеке стилінің қалыптасу үрдісі.
Жас ерекшелік
психологиясында (И.С. Кон) кәсіби өзіндік анықталу
әдетте кезеңдерге бөлінеді.
Бірінші кезең
– балалық ойын, бала әр түрлі кәсіби рөлдерді
өзіне қабылдап, оған қатысты бөлек элементтерді
ойнап көрсетеді.
Екінші кезең –
жеткіншектік қиял, бұл жерде жеткіншек өзіне ұнайтын
мамандықты таңдап, сол мамандықтың иесімін деп
армандайды.
Үшінші
кезеңге барлық жеткіншек жастағылар және
жастардың көп бөлігі жатады. Бұл кезең –
мамандықты алдын-ала таңдау. Қызметтің әр
түрі ең алдымен жеткіншек
қызығушылықтарының көзқарасына, одан кейін
оның қабілеттіліктерінің көзқарасына, және
соңғысы оның құндылықтар
жүйесінің көқарасына сүйеніп іріктеледі
және бағаланады. Пәнге деген қызығушылық
оны осы пәнді оқуға ынталандырады, қабілеттілігін
дамытады, оның икемділігі анықталады, жетістігінің артуына,
көпшілікке танылуға, өз кезегінде
қызығушылығын нығайтуға септігін тигізеді.
Төртінші
кезең – тәжірибе жүзінде шешім қабылдау,
мамандықты өзі таңдау. Бұл екі басты компоненттен
құралған: болашақтағы еңбегінің
біліктілік деңгейін, көлемін және соған сәйкес
қажет ететін даярлықтың ұзақтығын
анықтау; нақты мамандықты таңдау.
Мамандық
таңдау бірнеше баспалдақтан өтумен сипатталады. 9
сыныптың аяғында оқушы үш әлеуметтік бағыт
бойынша таңдау жасауы керек: жалпы білім, кәсіби білім,
жұмыс. Қызығушылықтар, қабілеттіліктер және
құндылықтардан басқа шешім қабылдауда
өзінің мүмкіндіктерін– отбасының материалдық
жағдайын, оқуға дайындалу деңгейін, денсаулық
жағдайын және т.б. әділ бағалау маңызды роль
атқарады.
Мамандық
таңдауда оқушы екі түрлі ақпараттан хабардар болуы
керек: мамандықтар жайлы жалпы түсінік және олардың
әрқайсысындағы мүмкіндіктер мен талаптарды; өзі
жайлы, өзінің қабілеттілігі мен
қызығушылықтары жайлы. Өкінішке орай бұл
ақпараттың екеуімен де жастар толық қаруланбаған.
Атақты социолог В.Н. Шубин былай деп жазған: 17 жаста кәсіп
әлеміне деген қатынастың негізінде алынған
тәжірибе бар – ата-анадан, таныстардан, достардан,
құрдастардан, кітаптардан, кинодан, телебағдарламалардан
алынған мәліметтер. Бұл тәжірибе әдетте
абстрактілі, іс жүзінде болмаған, қолданылмаған.
Мамандық
таңдау және өмірлік жоспарларды жүзеге асыру
әлеуметтік жағдайлармен, әсіресе ата-ананың жалпы білім
деңгейімен тығыз байланысты. Ата-ананың білімі
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым баласының
мектептен кейін оқуды жалғастыру және алдағы
жоспарларын жүзеге асыру мүмкіндігі жоғары. Ұл
балалардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыру деңгейі
қыздарға қарағанда жоғары екендігін айрықша
айта кеткен жөн. [8, c.150]
Кәсіби
өзіндік анықталудың маңызды факторлары – адамның
мамандық таңдауы, ақпараттылық деңгейі және
оның талаптану деңгейі жүзеге асатын жас.
Болашақ қызметті таңдау үрдістерінің
кезеңдері:
а) таңдаудың бірінші
кезеңі аса маңызды жағдай. Қызметтің жаңа
нысандары қажетті әрекеттер мен мақсаттарға
толысады. Ішкі жан дүниесінде түрлі
психологиялық үрдістер қалыптасады, соңында
тұрақтылық тепе-теңдік қалыптасады.
Қалыптасудағы кәсіби қызметтің мотивациялық
кешені әзірше туындамайды.
б) болашақ қызметті
таңдау негізі тұлғаның ішкі мақсаты болып
табылады және осы көзқарасы бойынша оның мазмұны
болашақ қызметтің мазмұнына сәйкес келмейді.
Болашық қызметтің мақсаты ретіндегі негіздің
мазмұны субъектінің тәртібіне де сәйкес келмейді. Басқаша
айтқанда негізді таңдау сөздері қызметтің
жоспарын таңдау болып табылады.
Болашақ қызметті таңдау негізі –
тұлғаның мотивациялық қажеттілік саласы
арқылы ішкі факторларды
интериоризациялау нәтижесінде туындаған психологиялық
белсенділік.
Кәсіпті таңдау туралы
мәселе маңызын сипаттайтын бірқатар
психологиялық-педагогикалық себептер бар. Әрбір адам
қоршаған ортаның қолдауын қажет етеді және
оны бағалағанын қалайды. Осыған жету
әдістерінің бірі – қоршаған ортада беделді
кәсіпті таңдау. Кәсіби қызметте жетістік пен
жоғары деңгейге жетуге ұмтылу жоғары өзіндік
бағаға байланысты.
Кәсіпті таңдау -
болашақта қалай өмір сүремін және өз
өмірімде қалай қалыптастырамын деген
сұрақтарға жауап.
Алайда жеткіншектер өмірде кәсіпті дұрыс
таңдамайды. Олар жалақысы көп қолға түскен
жұмысты істей береді. Бұл жағдайда олар экономикалық
жағдайына қанағаттанады. Алайда кейінірек оларда
жұмыста рухани қанағатты тудыратын жағдайларды
іздейді.
Жеткіншектердің біраз
бөлігі мүлдем жұмыс істегілері келмейді. Өміде
жқзеге асырылған құндылықтарды қабылдамау
осыған әкелеп соқтырады. Олар өздерінің
өалағандарын жүзеге асырып қарапайым өмір
сүреді.
Жағымды
жағдайлардың өзінде де кәсіпті таңдау қиын
міндеттердің бірі болып табылады.
Жеткіншектердің
кәсіби өзіндік анықтауына ықпал ететін күштер
бойынша бірінші орында достық қатынастар тұрады.
Екінші орында бұқаралық ақпарат
құралдары (кітаптар, газеттер, кинофильмдер,
телебағдарламалар)
Үшінші орында
педагогикалық ұжым, сынып жетекшісі, кнйін пән
оқытушылары, оқу меңгерушісі және мектеп
директоры.
Төртінші
орында – отбасының ықпалы.
Бесінші
орында-оқу пәндері. Оқушының сабақ үлгерімі
жоғарлаған сайын оқу пәндері көбірек ықпал
етеді.
Алтыншы орында – сыныптан тыс жұмыстар.
Жетінші орында –
ұйымдар.
Сегізінші орында –
қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Тоғызыншы орында
– мектептен тыс жұмыстар.
Кәсіби бағдар берудің теориялық
негізін қарастыру нәтижесінде, атап айтқанда кәсіби
бағдар берудің пайда болуы мен дамуы оның ғылыми негізі,
сондай-ақ кәсіби бағдар беру мен жеткіншектің
қасиеттерінің араасындағы байланыс негізінде мынадай
қорытынды шығарамыз.
Жас тұлғаның
кәсіби өзіндік анықтауы қазіргі уақытта
көптеген авторлардың пайымдауынша тұлғаның жалпы
даму үрдісі деп түсіндіріледі.
Ол тұлғаның рухани дамуы ретінде кәсіпті
таңдауға сүйенбейді. Сондықтан кәсіби
бағдар берудің ғылыми теориясын қалыптастыру үшін
өзіндік анықтаудың психологиялық және ішкі
қалыптасу заңдылығын зерттеу басты міндет болып табылады. Кәсіпті таңдау осылайша жалпы
тұлғаның дамуына байланысты.