Маханова А.Н.,
Сырғабаева А.Т.
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
БАЛАЛАРДЫҢ
МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш мектеп қайталанбайтын кезең. Бастауыш мектеп-
өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы.
Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне және
еліміздің көркейіп - өркендкуіне – ел талап-
тілектерінің бет бұрыстарына байланысты жаңа
ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгеріске
ұшырап, оны неғұрлым өмір талаптарына қарай
өрістету міндеттері қойылды.
Мұндағы алты жасар балалардың бойында оқу
қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін
дамытудың басты бағыттарының бірі ретінде танылуда. Танымдық белсенділікті
педагогикалық- психологиялық құбылыс ретінде
анықтау алты жасқа дейінгі балалардың
тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға,
мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және
оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен
құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі жаста психикалық жүйелер қызметінде ес
басты рөл атқарады, өйткені ес тікелей тәжірибе жинау
арқылы келеді. Осы жас кезеңінде балада зейін қалыптасады, ал
баланың ойлау қабілеті белгілі бір уақытқа,
кеңістіктегі жағдайға байланысты болады, яғни бала
бұрын тәжірибесінде болмаған құбылыс,
оқиға, сәттерінде саралайды. Бала 3-4 жас аралығында
өзіндік қабылдау мен сапалы өзгерістердің
арқасында өзіндік қабылдауды ретке келтіріп оны басқара
алады. Өзінің қабылдауын басқара отырып ол жаңа
дүниелерді түсініп меңгереді, оқиға,
құбылыстарды жинақтап зерттей бастайды. Мектеп жасына дейінгі
балалардың ереше қабілеттерін зерттеп, қортынды жасаған
А.Подьяковтың тұжырымдамасы бойынша, «4-5 жастағы балалар
белгілі бір нысанның қалай жұмыс істейтінін, оның құрамы
қандай екенін іштей зерделеуге бейім келсе, ал 5-6 жастағы балалар сол
нысанды зерттеуге ынталы, белсенді келеді, яғни осы жастағы балалар
қиын, көпсалалы, физикалық, әлеуметтік нысандар мен
оқиғаларды өз бетінше жемісті саралай алады». Бұл
баланың білімді меңгеруімен, өзінің айналасындағы
адамдармен қарым-қатынас жасауымен және күнделікті
өмірдегі өзіндік іс-тәжірибемен игеріледі.
Мектеп жасына дейінгі балада алғашқы тұрақты
қызығу сезімі пайда болады, яғни баланың бойында
белгілі бір затты түсінуге деген қызығу тілек-талаптары
көрінетін болады.
Мектеп жасына дейінгі бала танымдық даму арқылы жаңаша
әрекетке кіріседі. Мұны жаңа бағытты
шығармашылық ойлау қабілеті деуге болады. Яғни, бала
шығармашылық жұмыс істеу барысында, мысалы : сурет
салғанда, еңбекке араласқанда, түрлі ойындар кезінде
бойында жауапкершілік сезімінің пайда болғанын сезінеді. Ал
сөйлеу баланың санасын, дүниетанымын кеңейтеді,
айналасындағылармен іскерлік қарым-қатынас жасап
араласуға мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі бала өзін жеке тұлға ретінде
сезінуі кезінде біршама нық жағдайға байланысты себепсіз
ережелерге бағына бастайды. Бұл ережелерді орындау үшін бала
үлкендердің қарым-қатынасына, әлеуметтік
нормалары мен мінез-құлық үлгілеріне назар аударады.
Осы арқылы бала белгілі ішкі тұтастықты қажет ететін
ережеге бағынатын тіршілік иесіне айналады.
Баланың бойында алғашқы этикалық, мәдени
сатының пайда болуының арқасында этикалық ережелер
қалыптасады. Балалар өздерінің тілектері мен қалауларын
жеңе біліп, адамгершілік қасиеттерге жүгініп әрекет
жасайтын болады. Сонымен мектеп жасына дейінгі кезеңінде балалар
төмендегідей қасиеттерге ие болады :
-белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты
көпфакторлы қасиеттерді жеткілікті дамыған түсінікпен
қабылдай алады;
-бұрын -соңда тәжірибесінде болған, көрген
дүниелерін еске түсіруге және алғаш рет көріп
тұрған дүниелерін есте сақтап қалуға
біршама мүмкіндігі болады;
-санасы мен түсінігі қиын, бұрын -соңды
көрмеген оқиғалар мен жағдайларды пайымдауға
мүмкіндік алады;
-өз ойын айтып жеткізу үшін, түрлі бағыттағы
дүниелер мен оқиғаларды түсіндіру үшін сөйлеу
біршама ретке келеді;
-баланың бойында белсенді зерттеу, бұрын көрмеген
дүниелермен танысу сезімдері пайда болады, яғни қиын
әрі көп жүйелі нысандар мен құбылыстардың
қалай жұмыс істейтініне, оның өзара себеп белгілеріне
өзінше ой жүгірте алады;
-бала жеке дара өз ойын білдіре алады және белгілі бір
оқиғадан қиындықсыз шығу үшін осының
алдында жинаған өзіндік тәжірибесіне сүйеніп,
соның арқасында өзінің көзқарасын білдіре
алады;
-баланың ішкі ұстанымы жаңа білімдермен толыға
түседі, әрі бала айналасындағы оқиғалар мен
құбылыстарға өзінше баға бере алады, яғни
біліктілік кілтін иемденуге және жалпы түсініктерінің
қалыптасуына жол ашады.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік
ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың
айналасындағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік
шақтағы балаға қарағанда елеулі
айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі
пайда болады. Балалардың үлкендермен байланысы жаңа
формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның
нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Мектепке дейінгі
шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың
құрдастарымен жасайтын арнайы өзара
қарым-қатынасының пайда болуы, «бала қоғамының»
құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың
басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз
«менін» және өз қылықтарының маңызын
аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі
дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара
қарым-қатынасына ерекше қызығумен сипатталады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге
ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандыра
алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде
қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер
ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты
қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді.
Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі
болып жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі.
Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді,
өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбнесе аса бір
ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана
жарыққа шығарады.
Баланың тілінің дамуына
ойын өте үлкен әсер етеді. Өйткені бала өз
құрбыларымен өзінің ой-пікірін жеткізе отырып,
басқаларын да түсіне біледі. Ойын тіл мен іс-әркет
арқылы жүзеге асады. Ойын жағдайына енген әр баладан белгілі қатынас жасау
қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысында қатысты өз
тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі
жолдастарының сөздік нұсқауларын
ұқпайтың болса, онда құрбылары оны жақтырмайды.
Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық
тілдің дамуына себепкер болады.
Әдебиет:
1.
М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. Рауан 1998
2.
М.Мұқанов.
Жас және педагогикалық психология. Алматы 1982
3.
Қ.Жарықбаев.
Психология. Алматы. Білім 1993
4.
Қоянбаев.
Педагогика. Алматы. Рауан 2000
5.
Абайдың қара сөздері. Алматы. Ел
1993
6.
А.Мырзабаев. Оқушылар шығармашылығын
дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері.
Қарағанды 2004
7.
Б.Байжұманова. Бастауыш мектеп
жасындағы балаларды творчестволық қабілетті дамытудың
психологиялық ерекшеліктері.