Мусадилова Г.С., Забираева
Ә.Қ.
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университет,
Қазақстан
ЖЕТКІНШЕК БОЙЫНДАҒЫ «МЕН» ҚАСИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ
НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі
әлеуметтік психологияда «қымбат нәрсені көздеу» деген
термин бар. Мұның мағынасы мынадай: әркімнің
өмірінде өзіне қымбат тілек, көздейтін мақсат
бар. Бірақ қымбат дейтін әркімнің жанына ең
жақын нәрсе үнемі өзгеріп отырады. Бала кезіндегі
қымбат деп саналатын қасиеттер қазір қызық емес,
өзінің бұрынғы құнын жоғалтты да,
оның орнына «қымбат» деп саналатын тілектер пайда болады. Сол сияқты
бала кезіндегі қымбат дейтін нәрсе
жеткіншек жасындағы талғамда өзінің
құнын жоғалтып, оның әуестігі өзге
қымбат деп саналатын жаңа тілекті өзіне бұйым етіп
тілеп алады. Осының нәтижесінде балалық әр жас кезіне
көшкен сайын оның «Мен»
қасиеті өзгеріп, үнемі жаңа мазмұнға ие
болып отырады.
Біз
жеткіншектің «Мен» қасиетін жете түсіну үшін оның
үлкендермен
қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортадағы
кездесетін қайшылықтарына тоқталайық.
Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен
үлкендердің оған бала деп қарауының
келіспеушілігінен болғандықтан, біз осыны ілгеріде әдейі ескерттік. Ал қайшылықтың
нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді
«дағдарыс» деп атайды. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы
бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен
әлдеқайда басым келеді. Дағдарыс, кризис дегеннің
мағынасы қиын жағдайға тап болған кезде адам одан қалай шығуды білмеуін
білдіреді. А.Т.Ковалев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай
келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болады дейді. Мұндай дау- дағдарыс кезі
жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы да мүмкін. Демек, жеткіншектің
үлкендермен қарым-
қатынастары жақсы болып келсе, онда дағдарыс кезі
кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын:
біріншіден,
дағдарысқа ұшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің
өзі;
екіншіден,
дағдарыс үлкендердің
оған қатынасына риза болмаудан кездессе де,
мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер
А.Т.Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа ұшырау 7-10 не 16-18 жастарда
кездесуі ықтимал болар еді.
Жеткіншектің
жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі
ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. Жеткіншек
бұрын ынталана орындайтын талптарға қарсыласа бастайды:
өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда
«кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып-
қаққан, бақылағанға, тіл алуды талап етіп,
жазалағанға, оның мүдделерімен,
көзқарасымен, пікірімен
санаспағанға,т.б. ренжіп қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте
өзінің қадір-қасиетін нақты сезіну пайда болады
да, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген
құқығынан айыруға болмайтын адаммын деп
ұғынады. Ересектермен
балалық кезінде болған қарым-
қатынасындағы құқықсыздық
жағдайын бейнелейтін бір тектілік жеткіншек үшін енді
қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне
сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді де, өз
құқықтарын
ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық
қадір- қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік
берілуін, яғни ересектермен
айқын тең құқықтылықты талап
етіп, оларға мұны мойындатқызуды тырысады. Жеткіншектің
қарым- қатынасы мен бағынбауының әртүрлі
формалары – ересектермен қарым- қатынастардан бұрынғы
типін жаңа, ересектердің қарым- қатынастарына тән
типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектік сезімі мен төңірегіндегілердің
оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен
жеткіншектің бір- бірімен қарым- қатынасындағы
құқықтарының мүлдем жаңа
мәселесін туғызады.
Жеткіншектік
кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орнын айқындайтын
жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-
қатынасының балалық шаққа тән типінен
ересек адамдардың қарым- қатынасына тән, саналық тұрғыдан
жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту ересек пен
жеткіншектің әлеуметтік өзара іс -әрекетінің жаңа тәсілдерінің қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі
тәсілдер жаңаларды біртіндеп ығыстырады, бірақ олар
қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де,
жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен
қарым- қатынастың жаңа нормалары жеткіншектің
қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының
маңызды мазмұны болып табылады.
Егер ересектің
өзі инициатива білдірсе және жеткіншектің талаптарын ескеріп,
оған деген қарым- қатынасын қайта құрса,
қарым- қатынастың жаңа типіне өтудің
сәтті формасы болуы мүмкін. Алайда бірқатар мәнді
жағдайлар бұрынғы қарым- қатынастың
сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда бұл мына
жағдайлар:
1) жеткіншектің
қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп
оқушысы болған, әліде сол қалпында қала бермек;
2) оның материалдық жағынан
ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен
қатар тәрбиешілер ролін атқарады;
3) ересек
адамның баланы бағыттап және тексеріп отыруы, бақылау
әдеті қажеттігін ұғынған күнде де,
бұл дағдыны бұзу қиын;
4) әсіресе
бастапқыда жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-
құлқында балалық белгілердің сақталып,
оның өздігінен іс- әрекет жасай алмайтындығы.
Осының
бәрі ересек адамға жеткіншекті бағынауға, тіл
алуға тиісті баладай қарауға мүмкіндік береді
және жеткіншектің құқықтары мен дербестігін
ұлғайту қажет емес, әрі жансыз дегенді ақтайды.
Алайда ересек адамның мүндай көзқарасы
жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды,
балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балалар
тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді, жеткіншектің
әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін
қоғамдық тұрғыда қажет. Мұның
өзі жеткіншектік ересектерге арналған нормалар мен талаптар
жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады; ал бұл
дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер
мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек
осындай жағдайда ғана жеткіншек
ересектерге іс- әрекет етуге, ойлауға, түрлі міндеттерді орындауға,
адамдармен қарым- қатынас жасауға үйрене бастайды.
Нақ осы
себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың
бұрынғы типіне ауыстыруды талап етеді.
Жеткіншек
үлкендерден өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын
әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін
күтуде, ұл бала міндеттерді өз еркімен, орындағысы
келеді. Осыған әуелі кезде туған-туысқандары
қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын
себебі, баласына сенім білдірсе келмегенінен
емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп
алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей тұр» - дейді.
Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкендер
арасында түсініспеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге не негативтік
халде болып, үлкендер не айтса да, соны орындамауға
тырысады.
Екі арадағы
қайшылықты кім жеңеді дегенде, жеткіншектің талабы
жаңа болғандықтан, сол
жеңеді деуге болады. Себебі, диалектиканың заны бойынша,
жаңа нәрсе көнені жеңеді. Ал осы қалай іске
асады? Бұл әуелі жеткіншек үлкен адаммен қарсыласып,
оның сөзін тыңдамайды. Үлкендер әуелі жеткіншектерді тәртіпке шақыруға тырысады
тіпті жаңалауы да ықтимал. Бірақ осыған
жеткіншектің кейбіреулері көнбей, түбінде үлкендер
шаршап «енді сенің айтқаның бола қойсын ...» деген
мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағы түсініспеушілікті
неміс психологы К.Левин «ойық бант» деп айтқан.
Мұны солай
деуінің себебі жеткіншек пен ересек арасындағы
түсініспеушілік болып, бөгет салынған соң, енді
үлкендердің сөзіне құлақ аспайды.
Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою
керек, ал бөгетті жою оңай шаруа емес.
Жалпы алғанда
жеткіншектің үлкендерге қоятын талабы түгел қате
деуге болмайды. Үлкендер өзінің өмірінің мысал
ретінде келтіріп, «Біз жас кезімізде мынадай болып едік...» деп, өзі сол
кезде қандай болып, баласы да сондай болуы тиіс десе, қателескен
болар еді. Себебі, үлкеннің жас кезі мен жеткіншектің
қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншеден,
бір кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге
колданған тәсілдерді өзгелердің қолданған
амал- тәсілдерін бұлжытпай көшіріп алып, соны бірден
игілігіне айналдыра алса, өмір тым жеңіл келген балар еді.
Бірақ мұндай жағдай кездесіп қатырмайды
кездескеннің өзінде де өзгелердің тәсілін
өз игілігіне айналдыру ептілікті талап етеді. Бұлай деп
отырғанымыз тәсілді, сол қалпымен тікелей
қолдануға болмайды. Оны өзгертіп жаңа
жағдайға сай қолдана білуі шарт.
Жеткіншектің
«Мен» деген қасиеті өзінің кім екенін біліп, күшіне
сеніп, өз мүмкіншілігін
дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді. Мұны әдетте,
әркім өзін- өзі бағалай алуы, санасының
өзіне тән қасиеті деп атайды. Біз енді соған
тоқталайық.
Жеткіншекке
ұнайтын бейнелеріне жеткіншектің идеалы, көркем
әдебиеттердегі кейіпкерлер, не өзінің жақсы білетін,
жақсы көретін адамы да болуы да
мүмкін. Егер идеалы кейіпкерлер болса, осы тек бір кейіпкердің
бейнесі емес, жинақты бейне түрінде жасауы мүмкін. Әр
кейіпкердің (бейне түрінде ) ұнамды жақтарын жинап,
біртұтас жинақты бейне жасап, кейін соған еліктейтіні
кездеседі. Еліктейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, барлық күшін, оның ісіне
еліктеуге салып, ақылын сөзін тыңдатуға
ұмтылады.
Ал
жеткіншектің өзін қаншалықты дұрыс бағалай
алуын алсақ, бұл түрліше келеді. Өзінің
мүмкіншілігін объективті түрде бағалай алмайтындар
мақтаншақ. Бірақ бұл қасиет бірте-бірте жойылып,
жеткіншек өзін объективті түрде бағалауға
үйренеді. Осыған негізгі түрткінің бірі-
құрбыларымен әнгімелескенде мінез -
құлықтың қандай түрі жақсы, міндеті қолайсыз
екені туралы пікір алысуы. Кейін осыған қатысушылар
өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалауға
үйренеді.
Әдебиет:
1.М.М.Мұқанов
«Жас ерекшелік және педагогикалық психология».Алматы,1982ж.
2.А.В.Петровский. Жас ерекшелігі және педагогикалық психология. А., Мектеп, 1987 ж.
3.Ә. Алдамуратов. Жалпы психология, Алматы 2005 ж.4.Т.Тәжібаев
«Жалпы психология» Алматы, Қазақ университеті 2008 ж.