Заурбекова А.М.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

СЫНИ ОЙЛАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

 

Президент Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында педагогтардың білімін жетілдіруде оқыту үдерісіне жаңа әдістемелер мен технологияларды пайдаланудың аса зор қажеттігін баса атап өткен. Осыған орай республикамызда педагогтардың біліктілігін арттыруда Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарламасы жүзеге асуда. Маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Білім саласындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.

Кембридж бағдарламасының негізгі міндеті- ұстаздардың біліктілігін арттыру педагогикалық тәжірибесімен ұстаздар арасында өзара бөлісу. Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың шеберлігіне байланысты. Мұғалім студенттің қызығушылығын арттыра алмаса берген білімі еш нәтиже бермейді.
      Жаңа технологияның басты мақсаты студенттер арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету, ойындарын пайдалану оның еркіндігін, белсенділігін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға бірін-бірі тыңдауға, жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.

Сабақ жоспарында:өтілген тақырыпқа байланысты  әр топқа 2 сұрақ дайындату.  Дайындаған сұрақтарын көрші топтардың бір-біріне қоюын, жауаптарын түрлі-түсті жетонмен бағалауды тапсыру.Әр топқа жоспар бойынша тақырыптар беріледі, әр топ берілген тапсырма бойынша постерға өз ойларын түсіріп, жұмыс жасайды, топтар өз жұмыстарын қорғайды.Әр топқа ойлау қабілеттеріне байланысты 4 шумақтық поэзиялық өлеңдер шығарады.Топтық жұмысты талқылайды, әр топтан бір-біреуден шығып өз жұмыстарын қорғайды. Бір-біріне сұрақтар қояды.  «Джигсо  стратегиясы» бойынша «Сұрақтар шеңбері» атты рөлдік ойын, мұнда студенттерге жағдаяттар таратылады.1) ұяң әрі ұялшақ, 2) үстем немесе сөзшең, 3) даукес немесе жанжал, 4) сайқымазақ немесе көңіл бөлуші. Студенттер ойланады. Ойлану арқылы сұрақтар туындатады. Менің де байқағаным өз сабағымда студенттер сыни тұрғыдан ойлауда студенттердің тіл байлығы дамығанын және басқаның пікірін тыңдауға, өз ойын басқаға  жеткізе  алатындығы болып табылады. Зерттеуге алған нашар оқитын студент алдыңғы сабақтарға қарағанда ашылған, ойын жинақтап, түсіндіре алатынын байқадым. Топпен талқылап, саралап, ойын жинақтап, қорытынды шығару керек.  Студенттің  ойы жинақы, сөйлеуге дағдыланған, топпен жұмыс істеуі жақсы деңгейге қойылғанын байқадым.Сабақ нәтижелі болды, ең алғаш сабақтарыма қарағанда студент біршама жүйеленді, олардың ойлары ұшқыр, кей сәттерде мені де таңқалдырып та жатты. Мысалы ретінде: «Ұғым» жаттығуын  ойнау арқылы шашылған сөздерді тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі, сұраққа жауап беру  үшін ойланады, шашылған сөздерді жинау арқылы анықтамаларды құрастырады. Студенттің танымдық ізденімпаздығы қалыптасып, мәселелерді терең талдауға үйренді, шығармашылық ой- өрісі артты, ұжымдық ой-пікірлері жетіліп, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренді, мұғалім мен студенттің қарым- қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артты, студент өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді, білімін жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға, тұжырым жасап қорытындылауға үйренді. Сабақ негізгі үш құрылымын сақтаудан тұрады: ой қозғау, мағынаны ажырату, ой толғаныс. Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы – студентке тапсырманы орындауға  уақыт белгілеуі, сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет.Ойды қозғату, ояту, миға шабуыл арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің  мақсаты –  студенттің белсенділігін арттыру. Студент өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Студент  бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинайды.Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде студент жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Студенттер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Студент өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда  студент  бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту модуль негізінде менің  студенттер арасында: бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды, өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір-біріне құрметпен қарауға, өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға,  өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға, достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге, белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

 

Әдебиет:

1.Тренерге  арналған нұсқаулық, Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБББҰ, 2015 ж. 122 бет

2.«Оқыту ізденіс ретінде, ізденіс ретінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» С.Мирсеиітова Қарағанды, 2011ж 155бет