Маханова А.Н., Сырғабаева А.Т.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Біздің  елімізде   балаларға  мектеп  жасына  дейінгі  қоғамдық  тәрбие  берудің  ықпалы  ұдайы  өрісін  кеңейтіп  келеді. Балабақшалар  халық  ағарту  жүйесіндегі  алғашқы  буын  ғана емес , оларға  басқа  да оқу – тәрбие  мекемелерімен  қатар  біздің  қоғамдық  құрылысымызға  сай  келетін  баланың  жеке басын, оның  әлеументтік  бағдарларын  қалыптастыру  жауапкершілігі  де  жүктелген .

Қоғамның   құрамдас  бір  бөлігі – адам.  Ол  қоғамда  өмірге  келеді , ғұмыр   кешеді , дамуды  және оның  жетістіктері  мен өркениет  жемісін  пайдаланады.

           Бүгін  құштар  болған  нәрсесін  ертең  ұмытып  кетуі   ғажап  емес. Үлкендердің  астарлап  сөйлегенін   балалар  түсіне  бермейді.  Жас  бала  өзін  қызықтырмаған  істі  зорлап  орындай  алмайды.   Баланың  қолынан  келмейтіні  көп.   Бірақ  біз  тек    сәбидің   әлі  де  қолынан  келмейтініне ,   әлі  де  істей  алмайтынына  ғана  көңіл  аударар  болсақ ,  онда  біз  ересектерге  тән  жаңа  қасиеттердің , сапалардың  қайдан  пайда  болатынын  ешқашан  түсінбек  едік. Сондықтан  баланың  бойында  не  бар,  ол не  істей  алады ,  жасы  өскен  сайын  ол  қалай  өзгеріп, нені  үйреніп   келеді  дегенді  анықтау  әлдеқайда  маңызды.

Баланың  дамуы  үлкендерді  үнемі   таңдандырады  әрі  қуанышқа  бөлейді.Ол   бүгін  кешегісіне,  ал  ертең  бүгінгісіне   ұқсамайды .    Балдырғанның  психикалық   даму   заңдылықтарын  түсіну, балалардың  эмоциялық   және  ақыл –ой  ерекшеліктерін, сондай- ақ  олардың  бейімділігі  мен  ынтасы  білуі  балабақшадағы   оқу – тәрбие  жұмысын  ойдағыдай  жүргізудің  маңызды  шарты  болып  табылады.  Психологияны   білу   тәрбиешіге, мұғалімге   баламен   дұрыс  қарым –қатынас  жасай  білуге,  дұрыс  байланыс  орнатуға, олардың  дамуын  басқаруға  көмектеседі. 

Бала  тәрбиесінің  негізі – отбасынан  басталады.  Отбасындағы  әлеуметтік  топ -  баланың  өмір  мектебі, ол   ата-ана   баланың  өмірлік  ұстазы  және  тәрбиешісі.  Белгілі  чех  педагогы  Ян  Амос  Коменский  бала  туғаннан  бастап, алты  жасқа  дейін   тәлім –тәрбиені   «аналар  мектебінде »  алады  деген  болатын.[1]

 Мектеп  жасына  дейінгі  кезең – баланың  адамдар  арасындағы  қарым –қатынасты  танып  білетін  кезі.  5-6 жаста  бала  өте  сезімтал  келеді.  5-6 жастағы  бала  басқа  адамдардың,  көркем  шығармадағы   кейіпкерлердің , құрдастарының  қимыл  әрекетіне,  баға  беруге  даярлана  бастайды.  Бала  адамдар  дүниесінде, адамдар  қатынастары  дүниесінде  өмірге  келіп   тіршілік  етеді.

        Даму – жеке  тұлғаның  қоғамдық  - тарихи  тәжірибені  игеру  процесі.  Адам  мен  жануарлардың  психикасы  үздіксіз  даму  үстінде  болады.  Алайда  жануарлар  дүниесі  мен  адамның  даму  процестірінің  сипаты   мен  мазмұны   сапа   жағынан  ерекшеленеді.  Адам  мен  жануарлардың   психикалық  функциялары   шығуы  жағынан  да  құрылымы  жағынан  да   теңесе  алмайды.  Жануарлар  психикасы   дамуының   басты  механизмі  - биологиялық  бекінген   тәжірибиенің  тұқым  қуалап  берілуі.  Соның  негізінде   жануардың   сыртқы  ортаға   дара  икемделуі  өріс  алады.  Адамның  психикалық  функцияларының  ерекшелігі   сол  олар   баланың   қоғамдық  тарихи  тәжірибені  игеру  процесі  үстінде  дамып  отырады.   Бала  адамдар  қарым –қатынастары  дүниесінде   өмірге  келіп,  тіршілік  етеді. 

          Баланың  дамуы  - дегеніміз  осы  тәжірибені   игеру  процесі  болып  табылады.   Бұл  процесс  үлкендер  жағынан  үздіксіз  басшылық  болған  жағдайда,  яғни  оқыту  мен  тәрбиеде  жүзеге  асады.  Адамның  жоғары  формалардағы  психикалық  іс - әрекеті  жанама  сипатта  болады. Адамдар  ежелден - ақ  еңбек  әрекеті  мен  оқыту  процесінде   белгілі  бір  мәліметтерді  жеткізу  және  сақтау  құралы  ретінде   ерекше  заттарды  шартты  бейнелеулерде, белгілерді  пайдаланған . Белгілер  мен  сөз  адамдардың  іс- әрекеті  мен  оларды  оқыту  процесін  дәнекерлейді.  Демек , бұл  құралдардың  пайда  болуы,  дамуы,  соның  ішінде  мәдениеттің  де  дамуы   алдымен    психикасының  тарихи  даму  процесін  анықтайды.  Бала адамзат  тарихында  қалыптасқан  тәжірибені   игереді.  Баланың  ойлауы  ,  есі,  қабылдауы ,  тілді  меңгеруі ,  іс- әрекеттің  белгілі  бір  тәсілдерін ,  білімді  т.б.  игерумен  сабақтас. . [4]

       Адамзат  тарихында  іс- әрекетті  жүзеге  асыру  құралдары  ғана  дамып  қоймай, осы  құралдарды, қоғамдық  тәжірибені  кейінгі  ұрпаққа  жеткізудің   ерекше  жолы  да қалыптасып,  дамып  күрделене  түсті.  Атап өткеніміздей  адам   психикасы  дамуының  негізгі  ерекшеліктерін  биологиялық  заңдармен, жетілу, тұқым  қуалау  заңдарымен  түсіндіру  теориясы  тұрғысынан  алғанда  қате  болып  табылады  және  практикада   үлкен  қиындықтарға  әкеліп  соқтырады , өйткені   бұл   жерде   педагогқа   көпе –көрнеу  пассивті  роль  бөлінеді.  Адамның  психикалық  іс- әрекеті - өте  күрделі  құрылым.  Оның  ерекшеліктері   алдымен  баланың   тіршілігі мен  тәрбиесімен  сабақтас.  Сөздік   логикалық   ес,  ұғынымды   ойлау , заттық  қабылдау  және  адамға  тән   басқа  да   жоғары  психикалық   функциялар  биологиялық   тұқым  қуалаушылық  жолмен  қалыптасып берілмейді.   Бұл  олардың  тарихи  даму   процесінде  өзгерістерге   ұшырап   жетіле  түсуіне  мүмкіндік  береді. Адамның  психикалық  дамуының  әлеументтік   сабақтастығын  түсіну,  даму  процесін  тек  білім  мен   дағдыларды   жай  жинақтауға  әкеліп  саюға  болады  дегенді  білдірмейді.  Адамның  психикалық  дамуының  әлеументтік  табиғатын  ескеру   бұл  процесстің  күрделілігі  мен  сан  қырлылығын   түсінуге  мүмкіндік  береді,  өйткені  осылай  қарастырғанда   ғана  даму қайсыбір  жекеленген  функциялардың   жетілуі  немесе  сан  жағынан  көбеюі  түрінде  емес , адамның  бүтіндей  дамуы,  яғни  жеке  адамның  дамуы   ретінде  көрінеді.   . [3]

           Адамның  өмірінде   қалыптасатын  күрделі  психикалық  іс -әрекеті   (ойлау  мен  сөйлеу)  мен  неғұрлым  қарапайым  табиғи  функцияларын  (мысалы  , қозу  мен   тежелу  проестерінің   арақатынасы мен  ерекшеліктері) ажырата білу  керек .  Психикалық  іс- әрекет  өзіне  басқа  да   көптеген   компоннеттермен   қоса  осынау  қарапайым  түсініктермен  функцияларды   да  қамтиды.  Мәселен, адамның  музыкалық  қабілеттері  мен  жоғары  дыбыс  айырғыштығының,  математмкалық  оцлауы  мен  кеңістік   анализі  мен  синтезі  функциялары  арасындағы   байланыс  белгілі.   Әдетте  нышандар  деп  аталатын  қарапайым,  табиғи   қасиеттер   адамның   сыртқы   жағдайлар  әсерімен  қалыптасатын   күрделірек  іс -әрекеттердің  құрамына  кіреді.    Белгілі  бір  жағдайда   қарапайым  функциялар   жөнді   жетілмеген   немесе   бұзылған  кезде  өздерінен  жоғары  орналасқан  неғұрлым  күрделі   психикалық   іс- әрекетті  де  айқындай  бастайды .  Мысалы,  ми  қабығының   желке  самай  бөлігіне  зақым  келгенде   қарапайым  кеңістік   синтезі  бұзылады   да  мұның   өзі  есептей  білуге  зиянын  тигізеді.  Қалыпты   даму  жағдайында  белгілі  бір   нышандар  осы  қарапйым   функцияларға  жатпайтын,  сондықтан   оларға   тікелей   тәуелді  емес  психикалық   іс - әрекет  дамуы  шарттардың  бірі  ғана  болып  табылады. Тіпті  қарапайым   функциялардың  өзі  де  арнайы  ұйымдастырылған  әсердің  ықпалымен  дамыйтындығы   дәлденіп  отыр.   Мәселен, психологтар  жоғары  естігіштікті  қалыптастыру  жолдарын  тапты.  Күрделі   психикалық  іс- әрекет пен  қарапайым   функциялар   арасында  жылжымалы,  жанама қарым –қатынастар болатындығын   мидың  шектелген  бөлімдеріне   зақым  келген   науқастармен   жүргізілген  орнын  толтыру – қалпына  келтіру   жұмыстарының  нәтижесінде   күрделі   психикалық  іс - әрекет  құрылымын   қайта  құрудың   өте  бай   тәжірибесін   дәлелдейді. Дамудың  психолгиялық  және  физиологиялық   ерекшеліктерінің  бұл  қатынасы   да  бір   мағыналы  болмай, өзі  баланың   жеке  басының   құрылымы мен  оның  даму  процесінің   күрделі  жүйесіне   еніп  және  көбінесе   солармен   анықталып  отырады. Дамсу  процесінің  негізгі   мазмұны  мен  механизмдері  көптеген   жағдайлардың   жиынтығымен  анықталады.   Даму   процесінде  білімдер  мен   іс әрекет   тәсілдерінің  өзгерісі, күрделенуі   ғана   болып  қоймайды.[5]

         Баланың  психикалық   дамуы   оның  жеке  басының  тұтас  өзгерісін,  яғни   жеке   адамның  жалпы  қасиеттерінің   дамуын  да  қамтиды.   Даму  процесінде  балалардың   психикалық   іс - әрекетінің   түрлі   қыры  өзгереді , сан  алуан   әрекеттерді   барған   сайын  көбірек   орындау  ісерлігі   тәсілдері  жинақталып, өзгеруі болып  өтеді,  білімі  мен  ұғымы  өзгереді,  жаңа   мотивтері  мен   қызығулары  қалыптасады.  Солай  бола  тұрса да   осы   барлық  өзгерістер   арасынан   неғұрлым   жалпы   да   анықтаушы   өзгерістерді   бөліп  алуға  болады   екен.  Оларға  : 1)  баланың  жеке  басының  бағдарының   жалпы  қасиеттері  2) оның  іс - әрекетінің   психологиялық  құрылымының   ерекшеліктері   және  3)   сана  механизмдерінің   даму  дәрежесі  жатады. 

        Бала   ойлауы  дамуының  осынау  алуан  түрлі  дәрежесі  ұғымдарды  салыстыру  түріндегі   тапсырманы  орындағанда  байқалады.  Баланың  санасы   мен  ойлауының   даму  дәрежесі   неғұрлым  жоғары  болса,  онда   пайдаланатын  және  игеретін   ұғымдарды   да  соғұрлым  көптеген   бай  белгілермен   және  күрделілікпен  сипатталады.

   Балалардың  психикалық  дамуы  көптеген  жағдайларға  байланысты. Міне  біздің  алдымызда   мектеп  жасына  дейінгі  бала тұр . Ол  түсініксіздеу  етіп   бірнеше  сөздерді   ғана  айта  алады , қолына  берген  ойыншықты  аузына  апарады , қарындашпен   қағаз  бетіне  әлдене  сызықтар  сызады.  Міне  осы  шарттарды  анықтау – психологияның  маңызды   міндеті.  Бала  организімінің  құрылымы мен  атқаратын  қызметін  өзінің   ата-бабсынан   мұраланады .  Туғаннан - ақ  оның  адамға тән  күрделі  психикалық  іс -әрекет органы  болуға  қабілетті  миы , адамзаттық  нерв  жүйесі  болады. Демек, адамзат  болмаса  адамның   психикалық  қасиеттерінің  де  пайда  болуы  мүмкін  емес. Адам  болу  үшін  белгілі  мидың  құрылысы да,  белгілі  өмір  сүру  жағдайы да,  тәрбие де  қажетті. Адамдардың  әр  ұрпағы  өзінің  тәжірибесін, өзінің  білімін, іскерлігін, психикалық  қасиеттерін   өз  еңбегі  арқылы  көрсетеді.  Баланың табиғи  қасиеті,  психикалық  қасиеттер  тудырмай – ақ  оның  жасалуына   қажетті  шарттар  құрайды.  Бұл  қасиеттер  өздері  әлеументтік   мұраның  арқасында   пайда  болады.  Мысалы :  адамның  маңызды  психикалық   қасиеттерінің  бірі  сөздің   дыбысын  айыруға  және   білуге  мүмкіндік  беретін   сөзді   есту  болып  табылады.  Балада   туған  бойда  ересек  адамға   тән  қасиеттері  мінез – құлық түрі  болмайды.  Дегенмен мінез – құлықтың   кейбір  қарапайым  формалары – шартсыз  рефлекстер  - оған   туа  бітеді  де , олар  баланың   аман  өсіп  жетілуі , одан  ары  дамуы  үшін  де  қажет.

             Әрбір  жас  шағы  психикалық  дамудың  ерекше   сапалы  кезеңі  болып  табылады  және  бала дамуының  осы  кезеңіндегі  оның  жеке басының  өзіндік   құрылымының    жиынтығы    құрастыратын     өзгерістермен  сипатталады. Л.С. Выготский  жас  шағы  дамудың   белгілі  бір  дәуірі  немесе  сатысы , дамудың  белгілі , біршама  тұйық  кезеңі  деп  қарады. [6]

        Балалардың  психикалық  дамуы  бір  қалыпты   болмайды , бала психикалық бейненің  қандай  да  бір  негізгі белгілірін  ұзақ  уақыт  бойы сақтағанда  дамудың  біршама  баяу, бірте –бірте өзгеретін  кезеңдері  және  ескі  психикалық  белгілердің  пайда  болуымен  байланысты , кейде   баланы  неғұрлым  тез, секірмелі  түрде   адам   танымастай  өзгертіп  жіберетін  өзгерістер  кезеңі   байқалады.  Осы  секірмелі  түрдегі  өтуді   даму  дағдарысы  деп  атайды .      Жеке  адамның  жалпы  қасиеттерінің , мысалы, бағдарының  ұйымщылдығының , еріктілігінің   қалыптасуы мен  дамуы да  ерекше  жағдайларды  да  талап  етеді.   Балалар  өз  іс -әрекетін  ұиымдастыру  жолдарын   игеруі  тиіс.  Олар   іс -әрекеттің  жоспарлау ,  даярлау,  орындау , бақылау  және  бағалау  деген  кезеңдерін  ажырата  білуге  үйренеді.   Мақсаттылықты  қалыптастыру  - баланың  жеке  басын  жан – жақты  қамтитын  күрделі   процесс.  Бір  жағынан  балаларды орындайтын  жекеленген  іс  әрекеттерін  мақсатпен,  болашақ  жеміспен  , іс - әрекеттің   қажетті  нәтижесімен  ұштастыра  білуге,  мақсаттарын  міндеттердің  өзгеруіне   қарай  іс -әрекеттерді  ауыстыра,  қайта  құра  білуге  үйрету  қажет. Екінші  жағынан  балалардан  белгілі  нәтижеге  жетуді  іс- әрекетті  аяғына  дейін  жеткізуді  берілген  талаптарды  ескеруді   ғана  талап  етіп  қоймай , алынған  нәтижені  бала үшін  ерекше  бөліп  қарап ,  көзделген  мақсат,   міндет   тұрғысынан    оны   талап  етіп қоймай , алынған  нәтижені  бала үшін  ерекше  бөліп  қарап,  көзделген  мақсат ,  міндет тұрғысынан  оны  талдап ,  тәуір нәтижеге  жеткен  балаларды   атап өту  қажет. Мұның  өзінде  бағалау  бала  түсінігінше  формальды – міндетті  сипатта  болмай , оның  осы  іс әрекеттегі  жетістіктерін   талдаумен  байланысты  болуы  тиіс.

    Бағыттылықты қалыптастыру  шарттары  осы іс -әрекет орындаумен  байланысты  баланың  жеке  басына   баға  беру  арқылы  қол  жетеді.

Сонымен,  баланың   даму  процесін  оның  қайсыбір  жағынан өзгеруімен  сипаттауға  болмайды,  өйткені  бұл  күрделі  әрі  көп  жақты  процесс.  Демек, психологиялық  дамудың  алуан  жақтарын  қамтамасыз  ететін  педагогикалық  шарттар  да  сан  түрлі. 

 

Әдебиет:

1. Даумов Н. Адамдықтың түп қазығы. Ұлағат. Алматы. 2003 ж.

2.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, 2005 ж.

3. Ахметова Г.К. Педагогика ғылымының мақсаты мен міндеттері.

4. Педагогикалық және психология сөздігі. –А., Мектеп, 2002 ж.

5. Қалиев С. Жеке тұлға және оның ерекшелігі. Ұлағат. Алматы. 2000 ж. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы. 2004 ж.