Райкулова
А.Ө.,
Жанболатова Г.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,
Қазақстан
КІШІ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
МАҢЫЗЫ
Кіші мектеп
жасындағы
оқушыларда
зейіннің
қалыптасуы мен оның
ерекшеліктерін оқу маңыздылығы дәл
осы жаста зейін және т.б. таным процестерінің жаңа сапада қалыптасуымен анықталады. Зейін - барлық психикалық
процестердің
динамикалық
көрсеткіші. Сондықтан да зейінді танымдық
іс-әрекеттің
табысты негізі ретінде
қарастыруға болады.
Зейіннің адам өміріне маңызы зор ол
кез-келген
іс-әрекетті
орындаудың
қажетті шарты.
Сондықтан да зейін
біздің барлық
психикалық процестерімізді толыққанды ереді, тек
зейін ғана
қоршаған ортаны қабылдауға мүмкіндік береді.
Барлық зейін- тек
табысты іс-әрекет
шарты емес. Сонымен қатар
зейін адамның әлеуметтік бағытталуын көрсетеді. Яғни бұдан
зейіннің мектепте кіші
оқушылардың
бейімделуінің жемісті шарты екенін айту тиіс. Зейін мәселесі адам
өміріндегі
маңыздылығына
орай ғылыми психологияда ең қиын және
басты болып табылады.
Мұғалім өзінің айтатын және көрсететін
оқу материалын нәтижелі меңгеруі үшін, жақсы
шоғырлануын камтамасыз ету үшін оқушыларға «Назар
аударыңыздар!» сөзімен қатынас жасайды. Қазіргі
таңда баланың білімдітерең қабылдауы бала зейінін
аудара отырып, шоғырландыруда. Оқушыларға зейінді болуды
үйрету арқылы ғана мұғалім оқу және
тәрбие жұмыстарында жетістікке жете алады.
Зейін - кез келген іс-әрекетті орындаудағы маңызды шарт.
Ал мұғалімнің міндеті - сабақ процесін
оқушылардың ынтасын оятып, қызығушылығын
тудыратындай дәрежеде ұйымдастыру болып табылады. Сондықтан мұғалімдерге
оқушылардың зейінін дамытатын практикалық кеңестер мсн
нұсқауларды алып қана қоймай зейіннің
түрлері, қасиеттері, оқушылардың жасына сай ерекшелігі,
шоғырланудың психологиялық және физиологиялық
табиғаты туралы мағлұматтарды түсінулеріне тура келеді.
Оқу үрдісіне қойылатын қазіргі заман талаптары
және мектептердегі жаңа бағдарламалар
мұғалімдердің алдына оқушылардың ғылым
негізін игеру жетістігіне ғана емес, сондай-ақ балалардың
жан-жақты дамып, алған білімдерін іске қолдана білуге
үйрету міндеттерін артады. Мұның барлығы оқу
жұмысының белсендендірілуін, соған сай, оқу
іс-әрекетінде оқушылар зейінінің шоғарылауын талап етеді.
Мектептің алдына қойған міндеттерін орындау
мұғалімнен оқушылардың, жас және жекелік
ерекшелігі (соның ішінде, зейін қасиеттері) туралы терең
психологиялық білімдерді қажет етеді.
Әр адам өз зейінін қаншалықты жақсы
меңгере алса, ереже бойынша, соншалықты еңбекте, оқуда
және қоғамдық әрекетке көрінетін
жұмысқа қабілеттілік және белсенділік секілді
жағымды белгілермен ерекшеленетіндігін ұмытпауымыз керек. Сондыктан
мектептегі оқушылардың зейіні мен зейінділігін тәрбиелеу
олардың болашақта тәуелсіз Қазақстанымыздың
күшті және белсенді, білімді азаматтары болуына көмектеседі.
Яғни, оқу іс-әрекетінде оқушылар зейінін тәрбиелеу
олардың жеке бастарының, психикалық сапаларының
қалыптасуын білдіреді.
Мәселе
бойынша әдебиеттер қатары балалардың мектепке
бейімделуі мен олардың
зейінінің қалыптасуы
тығыз өзара байланысты және өзара
шарттас екенін білуге мүмкіндік берді. Дегенмен осы
екі жақты мәселені жіктеуге көптеген шешілмеген
сұрақтар бар.
Олардың қатарына бейімделу
деңгейінің кіші мектеп
оқушыларының зейінінің негізгі
қасиеттер деңгейіне және
мұғалімнің
зейінді дұрыс ұйымдастыру қабілетінде
тәуелді болуын қарастыру жатады. Яғни
бұл
мұғалім
тарапынан болатын зейіннің дамуын
ұйымдастыру
жүйесі зейіннің негізгі қасиеттердің дамуына
және
тұлға мене топтардың құрылымдарының
компоненттеріне зор
әсерін
тигізіп,оқушылардың
мектепке бейімделуге
қабілеттендіреді.
Бізді
қоршаған заттар мен
құбылыстар
сезім мүшелері арқылы миға
әсер етеді.
Мұның бәрі сыртқы дүниенің
санада бейнеленуін көрсетеді.Бірақ мұндай бейнелеулер түрлі
жағдайда түрлі өтеді. Сыртқы жағдайды әртүрлі
қабылдау зейінге байланысты. Көбінесе оны
нақты бір затқа
немесе құбылысқа сананың бағыттылығы
немесе жоғырлануы деп
атайды. Бағыттылық
ұғымы басқа заттардан
немес
құбылыстардан
жаңаларды
таңдаумен
түсіндіріледі. Шоғырлану
көптеген
ғалымдардың
пайымдауынша берілген нақты
нәрсеге немесе іс-әрекет түріне
қатысты емес құбылыстардан арылу. Осыдан мынадай
қорытынды шығады,
Зейін- адам санасының
белгілі бір нысанаға бағытталып оның айқын
бейнеленуін
қамтамасыз ету. Яғни зейін
айналадағы
нысаналардың ішінен керектісін
бөліп алып, соған психикалық әрекетті
тұрақтата алу.
Адамға тән әрекеттің кез-келген
түрінде зейін орын
алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын.
Зейін - барлық интеллектуалды
функцияларды өткізетін және интеллектуалды іс-әрекеттің
нәтижелі болуын қатамасыз ететін, өзгермейтін
психикалық процесс. Көп жағдайда зейіннің даму
деңгейі мектептегі баланың жетістіктерін анықтауда
көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балада еріксіз зейін басым болады, бала
зейінін дұрыс бағыттай алмай,өзінің ішкі әсеріне
жиі бағынады. Бұл бір нәрсеге көңіл
ұзақ аудармаудан, іс-әрекетте жинақтала алмаудан пайда
болады.
Мектепке қадам басар шақта балада
біртіндеп ерікті зейін қалыптасады. Ерікті зейіннің дамуы
жауапкершіліктің дамуымен тығыз байланысты, олар кез-келген
тапсырманың (қызық, сонымен бірге қызық емес)
орындалуын мұқият қадағалайды. Зейіннің әр
түрлі қасиеттері: шоғырлануы, көлемі, бөлінуі мен
қайта қосылуы, тұрақтылығы-белгілі бір
мөлшерде бір-біріне тәуелсіз. Зейіннің әр түрлі
қасиеттерінің бұзылуы оқудағы әр
түрлі қиындықтарға да себепші болады. Алайда,
зейіннің барлық мүмкін болатын мінездемелерін қамти
отырып,балалар зейіннің туындауы мен толықтыру жағдайын
жоғарылататын жаттығу өткізу қажет. Ерікті
зейіннің психологиялық мазмұны іс-әрекетке ерікті
түрде күш салу мақсатын қоюмен байланысты.
Зейіннің дамуында эмоциялық факторлардың дамуы мен ойлау
процесінің ролі айқын көрсетіледі.Оқу үрдісіне
қойылатын қазіргі заман талаптары және мектептердегі жаңа
бағдарламалар мұғалімдердің алдына
оқушылардың ғылым негізін игеру жетістігіне ғана емес,
сондай-ақ балалардың жан-жақты дамып, алған білімдерін
іске қолдана білуге үйрету міндеттерін тартады. Мұның
барлығы оқу жұмысының белсендірілуін, соған сай,
оқу іс-әрекетінде оқушылар зейінінің жоғарылауын
талап етеді. Мектеп оқушылар зейінін
оқу-тәрбие процестерінің (үрдістерінің)
талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып, дамытатын
негізгі мекеме болса,
мұғалім – зейінді дамытушы тұлға.
Оқу іс-әрекетінде таным
үрдістері маңызды рөл атқарады, оқытудың
нәтижелілігі оқушылардың психикалық
үрдістерінің (түйсігі, қабылдау т.б.) дұрыс
ұйымдастырылуымен тығыз байланысты. Солардың ішінде
зейіннің орны ерекше, өйткені ол психикалық
процестердің қызметінің қалыпты деңгейде болуына
көмектеседі және педагогикалық үрдістің
нәтижелі болуына жетелейді. Зейін
мәселесін оқу іс-әрекетіне қатысты талдауда тек
психологиялық ғана емес, психологиялық-педагогикалық
тұсын атап өту де орынды. Мұнда білім беру
заңындағы оқыту сатылары жүйесіне байланысты
оқушылардың жас ерекшелігін ескереміз. Мектептің қойған
міндеттерін орындау мұғалімнен оқушылардың жекелік
ерекшелігі (соның ішінде, зейін қасиеттері) туралы терең
психологиялық білімдерді қажет етеді. Сондықтан
мұғалімдерге оқушылардың дамытатын практикалық
кеңестер мен нұсқауларды алып қана қоймай зейіннің
түрлері, қасиеттері, оқушылардың жасына сай ерекшелігі,
шоғырланудың психологиялық және физиологиялық
табиғаты туралы мағлұматтарды түсінулеріне тура келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Волков
В. С. Психологическое развитие и формирование личности школьника. – М., 1988.
2.
Немов
Р. С. Психология: В 2 тт. – М., Просвещение, 1995.
3.
Ә. Алдамұратов «Жалпы педагогия» А-1996ж . 56-59 б.
4.
С.М.
Жақыпов, Ф.Бизақова «Білім
беру жүйесінде қолданылатын психодиогностикалық тестер» Тараз – 2006ж. 23-25 б.