Мусадилова Г.С., Мусаева А.Я., Әскербек А.Д.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС СЕБЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ
АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ
Қоғам
дамуының қазіргі кезеңінде
жасөспірімдерге қамқорлық жасау барлық
азаматтардың, мемлекеттік органдардың және
қоғамдық ұйымдардың конституциялық міндеті
ретінде қарастырылады.
Ежелгі
ғалымдар айтқандай, балаларды дұрыс тәрбиелеуге
бүкіл халықтың
жағдайы байланысты. Егер де қылмыстылық –
жамандық болса, кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығы он есе көбейтілген жамандық болады деген
сөздердің жаны бар.
Жеке
адам теориясын жасауда отандық психологияда тұңғыш рет
қатынастар проблемасын күн тәртібіне қоюшы және
қатнастар жүйесінің өмірінде әлеуметтік
жағдайларына тәуелділігін нақтылы көрсетіп берген орыс
психологы А.Ф. Лазурский еңбектерінің маңызы зор.
Қылмыстық психологияның зерттеу аумағы бойынша, тек
күштеу арқылы, сонымен қатар абайсызда жасалған
қылмыс және оны жасаған қылмыскерде қаралады.
Әртүрлі ғылым, құқық
бұзылушылыққа әр жағынан, әртүрлі әдіспен
қарайды. В.Н. Кудрявцев мысалы; «Құқық
бұзушылықтың нақты структурасы, әртүрлі
көзқараспен анықталады».
А.Р.
Ратинов «Қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің
оқуға ынтасы болмайды, нәтижесінде мектеп, ұжым,
оқу орны оған қарсы болады. Егер балаалардың
кәсіби оқу процесінде танымдық уәждеме ұстанса,
ал қиын балалар бұл процессте мәжбүрлеуге тап болады.
Бұл оқуда үлгерімі
нашар жасөспірімнің ұжымы мен ара қатнасын одан
әрі шиеленістіреді» дейді.
Атақты
орыс психологы О.Д. Ситковскидің «Жасөспірімімнің
мінез-құлығына ықпал етуші ретінде эндокрийді
жүйесінің жетілуін айтуға болады,
көңіл-күйдің өзгеріп отыруы,
мінез-құлықтағы байсалдылықтың
жоқтығы, қақтығыстар оның
қоршаған адамдармен қатнасын күрделендіре түседі-
деп атап айтқан.
Азаматтардың
құқыққа қарсы тәртібін
түсіндіруде тұлғаның қалыптасу сипатына
қоғамның дамуындағы қайшылықтар,
әлеуметтік жағдайлардың әсерін тану шешуші болып
табылады.
Саяси,
экономикалық, идеологиялық, мәдени-тәрбиелік,
демографиялық. әлеуметтік- психологиялық сипаттағы
үрдістер мен құбыластар адам тәртібіне әсер
етеді, оның
тәртібінің сипаты мен мәнін анықтайды. Аталған
үрдістер, қоғамдағы өмір жағдайларын
неғұрлым жалпы нысанда анықтай отырып, балалар мен
жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу бойынша, олардың жеке
тұлғасын қалыптастыру бойынша қызметке ерекшеліктер
береді, азаматтардың отбасы мен қоғамдағы
тұлғааралық қатынасының сипатына мәнді түрде әсер етеді.
Белгілі бір жағдайларда олар ауру мен
өлім деңгейінің өсуі, ажырасу,
айналадағыларға қатігез қаару, өзін өзі
өлтіру, маскүнемдік, жезөкшелік,
есірткіқұмарлық сияқты теріс құбылыстарды
да тудырады, олар теріс, соның ішінде, қылмыстық
тәртіпті де негіздейтін әлеуметтік факторлар кешеніне кіреді.
Нарықтық
экономикаға жаңадан көшу кезеңінде
Қазақстанда балардың дамуы мен тәрбиесіне,
денсаулығын қорғауға қалдық принципі
бойынша көңіл бөліну орын алып келген. Мемлекет тарапынан
бірқатар шаралар қолдануға қарамастан, бұл
салалардағы балалардың жағдайы дұрысталмады. Балалар
мектепке дейінгі және медициналық мекемелерді бюджетік
қаржыландыру көлемдері азайған,
жалпы білім беру мекемелерінің саны азайып жатыр. Экономикадағы
дағдарыс қызмет көрсету отбасыларға көрсетілетін
көмектерді азайтуға алып келді. Балалар мүдделері бойынша
клубтарға, спорт секцияларын бара алмайды, себебі ол көбінесе
ақылы негізде қызмет атақарады. Нәтижесінде, олардың
бос уақыты жиі криминалдық нысандарға ие болады.
Балалар
мен жеткіншектердің ауруы өсіп жатыр.Тек қана 14 пайызы
ғана абсолютті сау болады екен, ал 35 пайызының тұрақты
аурулары бар. Ол кәмелетке толмағандардың кәсіпті
таңдау, дербес және тұрмыстық орналасу
мүмкіндіктеріне нұқсан келтіреді, психикалық аурулар
мен құқыққа қарсы тәртіпке алып
келеді.
Алдында келтірілген сәтсіздіктер
сияқты олар да кәмелетке толмағандардың өмір
сүру мен дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттің
шарасыздығының куәсі болып табылады.
Криминологтар аталған
үрдістердің криминогендік сипатын жеткілікті түрде
талдады. Олар балалар мен
жеткіншектердің өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін
сәтсіз жағдайларды, азаматтардың отбасындағы және
одан тыс тұлғаааралық даулардың пайда болуын тудырады
және кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығына әсер етеді.
Қылмыстарды
жасаудың негізгі себептеріне келесілер жатады:
- кәмелетке
толмағандардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмау,
- отбасындағы
сәтсіздік,
- мектептегі
кәмелетке толмағандардың жеткілікссіз
құқықтық тәрбиесі,
- кәмелетке
толмағандарды қылмыстық әрекетте тартатын ересек
тұлғалардың
әрекеттері.
Сонымен
қатар криминологтар келесі себептерді де көрсетеді:
- халықтың
материалдық қамтамасыз етілуі және әлеуметтік
мәртебесі бойынша елеулі бөлінуі;
- еңбекке
ақы төлеу және ақшалай және өзге де
материалдық игіліктерді тұтыну қағидаларының
бүлінуі ( құралдар бойынша өмір сүре алмау,
еңбекке ақы төлеудегі төменгі деңгей);
- қоғам
өміріндегі олардың нақты позицияларын айқындайтын
халықтың жекелеген топтарының оқуының,
тәрбиеленуінің, еңбек етуінің сипаты мен
мазмұнындағы ерекшеліктер ;
- тұлғааралық
қатынастардағы қатігездікпен қатар жүретін
ата-аналарды және тұлға тәрбиесіне жауапты өзге
де тұлғаларды қосқандағы халықтың
жекелеген топтарының ішімдікке құмарлықпен,
жүйке-психикалық және өзге де тұрақты
ауруларымен ауруы;
- балалар мен жеткіншектердің дербестікке субъективтік талпынуы мен
әлеуметтену институттары қолданатын, олардың объективтік
шектерін тарытатын шараларының арасындағы қайшылықтар;
- азаматтардың
рухани және материалдық қажеттіліктері мен оларды нақты
жүзеге асыру мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздіктер;
- құқықтық
мәдениеттің төменгі деңгейі, халықтың
жекелеген топтарының әлеуметтік және
құқықтық санасының аутқулары;
- дәстүрлі
тәрбиелік және профилактикалық қызметтерді бұл
саладағы жеткілікті кәсіби деңгейі жоқ
тұлғалармен жүзеге асырылуы;
- құқықбұзушыларды түзету мен
қайта тәрбиелеу үшін мамандандырылған
қоғамның өмір сүру саласының кадрлық
және қорлық қамтамасыз етуінің жеткіліксіздігі.
Мәселен,
Жамбыл облысының құқық қорғау
органдары аумақтағы
кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
өсуіне әсер ететін себепті мән жағдайларды кешенді
зерттеу жүргізілген. Осы талдау
нәтижесінде қылмыстық
жауапкершілікке тартылған кәселетке толмағандардың 45
пайзы сәтсіз отбасыларынан шыққандығы, ал 48 пайызы аз
қамтамасыз етілген отбасылардан шыққандығы
анықталды. Ұқсас жағдай түгелімен республика
бойынша қалыптасқан.
Жоғарыда
көрсетілген және өзге әлеуметтік үрдістер мен
құбылыстардың балалар мен жеткіншектердің
тәртібіне, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға
қатысты ересектер тәртібіне әсер ету ерекшеліктері оң
және сол әсер етуінің жақын айналасы арқылы
көрініс танытады.
Криминологияда
кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы
себептерінің детерминациясын жалпы түрде “тәрбиелеу шығыстары” деп атау орын алған. Ол
қорытынды құрамды болып табылады. Ол кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығына әсер ететін
себептер мен жағдайларды микроорта мен тұлға
әрекеттестігінің теріс жақтарын айқындау жағынан
қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда ол қоғамда
жалпы жүріп жатқан әлеуметтік үрдістердің
әсерін жоққа шығармайды ғана емес, сонымен
қатар оларды детальды талдау негіздерін көрсетеді.
Кәмелетке
толмағандардың қылмыстық тәртібін тудыратын
себептік кешендегі неғұрлым
кең таралған “тәрбиелеу шығыстары” ішінен зерттеушілер әдетт келесілерді
бөліп көрсетеді:
- кәмелетке
толмағандардың оқытылуы, тәрбиеленуі, түзетілуі
мен қайта тәрбиеленуі үшін жауапты әлеуметті
институттар қызметіндегі кемшіліктер мен қиындықтардың
криминогендік әсері (тәрбиелік сәер етудің
антипедагогикалық әдістері мен нысандарын тұрақты
пайдалану; тәрбиелік және профилактикалық жұмыстарды
кәмелетке толмағандардың жастық және
психилогиялық ерекшеліктерін ескерместен жүргізу);
- микроортаның
теріс жағдайларының
кримногендік әсері (қылмыстық және өзге де
қоғамға қарсы әрекеттерге тартуды қоса
алғанда, моральдық деңгейлері төмен түскен
тұлғалардың тараптарынан балалар мен жеткіншектерге тұрақты және мақсатты
теріс әсері);
- қатігездіктің,
ұсқынсыздықтың пайда болуымен сипатталаттын өмір
мен тәрбие жағдайлары;
- кәмелетке
толмағандар тұлғасының
теріс жолға баруының тұрақты әлеуметтік
негіздемелері.
Олардың
барлығы бүгінгі күні де
криминалдық мәнін сақтайды. Алайда елдегі жалпы
экономикалық жағдайдың нашарлауы кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығын негіздейтін себептік
кешенде бірқатар өзгерістер болуына алып келді.
Әлеуметтік
және экономикалық сипаттағы теріс үрдістер алдымен
әлеуметтік институт ретіндегі отбасының жағдайын
әлсіретті. Дәл осы ата-аналық отбасының әлсіреуі кәмелетке толмағандардың
қылмыстарының өсуіне елеулі әсер етті.
Кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығына әсер ететін
себептер мен жағдайларды зерттей отырып, криминологтар шынайы материалдар
негізінде кәмелетке толмағандардың
құқыққа қарсы тәртібін тудыратын
неғұрлым криминогендік фактор ретінде сәтсіз ата-аналық
отбасы болып табылады.
Дәл сол қылмыс жасауға
мүмкіндік алған тұлғаны неғұрлым тез
қалыптастырады.
Тәжірибеде
нақты қандай факторлар жеткіншек тұлғасына әсер
еткендігі, яғни жеткіншек өмірі жағдайын бұзылуына
себеп болғандығын анықтау қиындық тудырады.
Статистика
көрсеткендей, жеке жаман қатынастар, ұрыс керістер,
бұзақылық ниеттер негізіндегі зорлық қылмыстар
тұрмыстық салада жиі жасалады.
Ондай тұрмыс себептері- материалдық қиындықтар,
бос уақытын қызықсыз өткізу, төменгі мәдени
деңгей болады. Дегенмен статистиканың өзі отбасылық
қатынастардың бүлінуі ата-анасының екеуінің де
немесе біреуінің маскүнемдігі себептерінен болатындығын
жоққа шығармайды.
Кәмелетке
толмағандардың өмір сүруінің
отбасылық-тұрмыстық саласының өмір
қалпының бүлінуі тек
қана кәмелетке толмағандар қылмыстарының
қайталануының ғана емес, сонымен қатар қылмыстылықтың
түгелдей себебі болады. Ешкімге отбасыда жеткіншек түсінісушілікке
ие болмайтындығы, отбасы әр кезде жеткіншектің жан жақты дамуына әсер
етпейтіндігі құпия емес. Отбасыдағы қалыпты тәрбие
тұрмыстық сипаттағы бірқатар факторларға
тәуелді болады (материалдық жағдай, мәдени
деңгей, құндылықты бағыттары,
дәстүрлер).
Тұрмыстық сала- әлеуметтік бақылау қиын қол жеткізетін салалардың
бірі болады.
Е.
Қайыржанов отбасын
әлеуметтенудің алғашқы және маңызды институты ретінде анықтай отырып,
жеткіншек тұлғасының қалыптасуында ол институт
маңызы зор дейді. Оның айтуынша, отбасы тұлғаның
адамгершілікті қалыптасуына үлкен әсер етеді, яғни
эмоционалдық қабылдау, сезімталдық, жанашырлық, рухани
әлем сияқты қасиеттерге отбасы үлкен әсер етеді,
ол ата-анысымен қарым-қатынастар нәтижесінде алынады. Е.
Қайыржанов айтуынша, әлеуметтену институты ретіндегі
отбасының бірқатар ерекшеліктері бар:
- тұлғаның
қалыптасуынынң белгілі бір кезеңіндегі әлеуметтену институтының
біріншісі болады;
- кез келген
өзгеге қарағанда
отбасылық тәрбие неғұрлым сезімтал болады, ол
баланың отбасыға жақындығын негіздейді,
- отбасы
баланың әлеуметтік өмірге біртіндеп және
жан-жақты енгізуіне жақсы
мүмкіндіктерге ие.
Ары
қарай Е. Қайыржанов отбасылық тұрмыстық
саланың құлдырауына себеп болып табылатын объективтік
факторларды келтіреді. Оларға келесілер жатады:
- отбасындағы
материалдық қиындықтар,
- балаларға
қадағалауды әлсірететін ата-аналардың
жоғарғы жұмыс бастылығы,
- толық емес
отбасы,
- ата-
аналардың төменгі білім деңгейі, педагогикалық
білімдердің жоқтығы,
- отбасы
институтының өзіндегі өзгерістерге негізделген
отбасындағы даулы жағдай.
Біздің
ойымызша, оларға келесілерді қосуға болады:
- ата-аналардың
жүйелі түрде ішімдікке салынуы,
- отбасындағы
тұтынушылық бағыттану.
- отбасындағы
баларға қатысты да, өзара да зорлық,
- ата-анасының
соттылығы,
- ата-анасының
бірі бірнеше рет сотталған отбасы.
Отбасылық
тұрмыстық саланың бүлінуінің келтірілген
объективтік факторлары сәйкес шарттар кезінде кәмелетке толмағандардың
қоғамға қарсы өмір сипатының
қалыптасуын әсер етеді.
Алайда
аталған факторлардың болуы жеткіншек тәрбиесіне
әрқашан теріс әсер етпейді, мысалы, толық емес
отбасының болуы міндетті түрде баланың қылмыскер болып
өсуіне шарт болмайды. Аталған факторлардың орын алу тек
қана кәмелетке толмағандардың қоғамға
қарсы көзқарастарының қалыптасуының
тәукекелін ғана жоғарылатады.
Кәмелетке
толмағандар қылмыстық жолға тұратын келесі себеп
ретінде қаңғыбастықты жатқызуға болады.
Әртүрлі себептер бойынша үйлерінен кете отырып, оларға
өмір сүру құралдарысыз қалады, сондықтан
қылмыстық жолға тұрады.
Қазіргі
уақытта спорттық секциялар, мүдделер бойынша кружоктар
қызметі қысқарды. Себебі ол кәмелетке
толмағандардың бос уақытын біршама ұйымдастырады. Ал
қазір жеткіншектер өздеріне өздері берілген, бос уақыты
ешнәрсемен толмаған, ол өз кезегінде олардың өмір
сүру кейпіне әсерін тигізеді.
Әдебиет:
1.
Бегалиев К. Меры борьбы с преступностью
несовершеннолетних и молодежи// Фемида, 2004, №1
2.
Кайржанов
Е.. Причинность в криминологии. А, Өркениет,2002,
3.
Мұратов Е.. Жасөспірім
жаза баспасын десек./ Заң және заман,№2, 2003,
4.
Нарикбаев М.. Праововая охрана детства в Республике Казахстан- А,
Дәуір, 1996, с.225-226