Маханова А.Н., Шаңғыт Т.А.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ТҰЛҒА ДАМУЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ КОНФЛИКТІНІҢ АЛДЫН
АЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Отбасы бүкіл
ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы
болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен
мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің,
жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Онда бала алғашқы рет өмір
жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан
отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің
негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие
жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі
жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы
түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте
нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді [1].
Отбасы
тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір
бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған
дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың
қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың
еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының,
ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық
үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық
шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу;
отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс
үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске
алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын
үйлестіру.
Отбасында басты
мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру. Бұған баланың күн
ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй
еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын
ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық
уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі
мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған.
Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан
ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі
– ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің
жоғары болуы.
Балалардың отбасындағы
тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік
институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы
өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін
тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық
қатынастар, өзара үйлесімділік, тұрмыстық
өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы
қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра
алмайды.
Отбасы -
қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан
түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді
әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да
әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір
сүру жағдайына қарай құрылып, оның
дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын
жаңа сипатта көрініс береді. Отбасын әлеуметтану
ғылымында былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз – тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері –
бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық
қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын
қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске
асыру» [2, 24б.]. Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол
шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық
құндылықтар қалыптастырады және
әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының
жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы
қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік топ.
Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі
отбасының рөлін айқындап алайық. Әдебиеттерде
көрсеткендей, “Отбасы–жанұя, үй деген сөздің
синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір
сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы [3]. Бір
оттың басында өмір сүруге дайындық физиологиялық
және психологиялық тұрғыдан негіздеуді қажет
ететіндігі сөзсіз. Ер адам мен әйел адамның сезімдерінен
туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну негізінде
отбасылық өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру
процесі жүзеге асады.
Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай
анықтама берілген: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі
адамның арасындағы некеге құрылған негізгі
әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары
(ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының негізгі
функцияларының қатарына мыналар кіреді: өмірге бала әкелу,
оны тәрбиелеп, өсіру, ең бастысы ерлі-зайыптылар
жыныстық қарым-қатынас қажеттілігін және
эмоциялық сезімдерін және басқа ішкі және сыртқы
(әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын
өтеу [4,5].
Көптеген зерттеулерде
отбасына деген жағымды қатынас таныту балалық шақтан
қаланады деп тұжырымдалады. Балалық шақта адамгершілік
қасиет ата-ананың балаға қатынасына және
олардың өз басына деген қатынасына тәуелді болып келеді.
Балалық шақ онтогенезде даму барысында адам өмірінің
маңызды кезеңі. Тұлғаның балалық
шағының өту жағдайына байланысты, яғни оның
санасы мен жүрегіне қоршаған әлемнің әсер
етуіне қарай бүгінгі нәрестенің ертеңгі болмысы
қалыптасады. Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ерекше
мән беріп, «он үште- отау иесі» деген. Ерте кезде қазақ
отбасыларында қыз баланы 3-5 жастан анасы қасына алып,
үйдің жұмысына араластырса, ұл балаларды
аңшылық, мал бағу сияқты түздің тірлігіне
араластырған. Осы орайда, қазіргі өмір тіршілігіміз
мүлде басқа сипатта. Сондықтан отбасында әке мен
ананың қарым-қатынасы тұлғаның болашақтағы
отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі болып табылады. Ал,
қазіргі таңдағы ересек азаматтардың өзі
отбасылық жауапкершілік пен міндеттерді дұрыс түсінбеуінен
қаншама шаңырақ шайқалып жатқаны белгілі.
Ата-ананың махаббаты–адамның жан
және тән саулығының, рухани байлығының
және берекесінің сапа көрсеткіштері мен қайнар
көзі болып табылады. Дәл осыдан ата-ананың бірінші және
негізгі міндеті баланың көзқарасында оны жақсы
көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру болып табылады.
Қандай жағдай, қандай күйде болсын балада ата-ана
сүйспеншілігінен еш күмән болмауы тиіс. Ұрпағына
қай жас кезеңінде болмасын әрқашан мейіріммен, ілтипатпен
және ізгілікпен қарау–ата-ананың табиғи да ең
керекті міндеттерінің бірі.Ата-ана сүйіспеншілігіне сенімділікті
ерекшелеу бала тұлғасында кейбір жағдайларға байланысты
қажеттілік тудыратындығы белгілі. Қазіргі таңда
өсе келе бала ата-анасынан бөлек кететін жағдайлар сирек
кездестіріп жүрміз. Бұл жағдайда баланың ең
жақын адамдарымен эмоциялық байланыстары үзіліп, психологиялық,
ішкі жан дүниелік жағынан алшақтайды. Қазіргі
таңдағы зерттеулерге сүйене отырып, психологтар жеткіншектік
кезеңдегі маскүнемдік пен нашақорлықтың астарында
көбіне ұрпағын сүймейтін ата-аналар жатқанын
дәлелдеген. Нарық жағдайында, материалды құндылықтар
басым болып тұрған уақытта отбасылық тәрбиеге
негізгі психологиялық талап – махаббат болып табылады. Яғни, баланы
сүйіп және күнделікті соны жетекшілікке алып қоймай,
сонымен бірге баланың өзі қандай қиындықтар мен
қақтығыстар, жанжалдар туындатып отырса да, тіпті ол
өзара қарым-қатынаста болмасын, мейірімін, олардың
оған деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек
осы жағдайда ғана адамның ішкі әлемі дұрыс
қалыптасып, сүйспеншілік негізінде ғана адамгершілік
құлықтық іс-әрекет жасалады, ал
сүйіспеншілікке тек сүйіспеншілік ғана үйретуі
сөзсіз.
Қоғамдағы
түбегейлі бетбұрыстарға орай, отбасылық
қарым-қатынас сипатында, оған деген көзқарас
жаңа сипатта көрініс беріп жүр.
Ғылыми-экономикалық даму жағдайында ата-ана өз
сезімдеріне, жүрегінің үніне, өз баласының
қабілеттеріне сенімділікпен арқа сүйеуі керек. Осы орайда,
ата-ана тәрбиенің қандай жүйесін ұстануына тек
өзі ғана шешім жасауы тиіс. Бұл жағдайда баланың
жараланғыш нәзік жүрегі үшін оның отбасында
сүйікті екенін сезіну, ата-анасы үшін қымбат екенін
ұғыну болып табылады.
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей,
өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы
отбасының маңызды рөлі оның бала дамуындағы
әсерін және қайталанбастығымен, даралығымен
және жақындығымен анықталады. Шын мәнісінде
ата-анадан жақсы баланы ешкім біле алмайды. Жоғарыда атап
өткендей біз жастарды отбасылық өмірге психологиялық
дайындауда балалық кезеңдегі отбасы ішілік
қарым-қатынасқа тікелей байланысты жағдайларды сипаттап
отырмыз.
Әйгілі ғалым С.И.Голод зерттеулерінде, қазіргі кездегі
жастар, махаббат сезімін жоғары бағаласада, көп
жағдайда жақсы көретін адамдардан болашақ жұбайы
ретінде көрмейді. Отбасы құруда денсаулық жағдайы
соңғы орын алмайды. Денсаулық сақтау адамның рухани
мәдениетін дамытуда, отбасы ішілік қатынастарды күшейтуде,
айналадағы адамдармен достық және жоғары өнегелі
қарым-қатынасты қолдауды және жанұялық
өмірді кездесетін психоэмоционалды қиындықтарды жеңуді
үлкен үлес қосады.
Жастар отбасын,
құрғанда, әрине материалды және
тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген
зерттеулер бойынша, материалды ауқаттылық және
тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы
тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасылық
өмірге мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы
құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл
сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасыға
жауапкершілік сезімі, балаларды туу мен тәрбиелеуге дайындықты
көрсетеді.
Отбасын
құруға психологиялық дайындық бұл – жеке
адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната
білу, отбасы өміріне және қоршаған ортаға бірдей
немесе ұқсас көзқарас, отбасында сау рухани –
психологиялық ахуалды орната білу қабілеті,
мінез-құлықтың және сезімдердің
тұрақтылығы, дамыған ерік қасиеттері.
Болашық ерлі-зайыптылар өскен ортаның атмосферасы, құрылудағы отбасының
дамуына елеулі әсерін тигіеді, ол не сәтті не көптеген
қйыншылықтармен кездесіп мүлде күйзеліске ұшырауы
мүмкін.
Әдебиет:
1. Назарбаев Н.Ә.
Қазақстан халқына жолдауы
«Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»Астана,2006 ж.
2. Елеусізова С.А.
Қарым-қатынас психологиясы – А, 1985.
3. Ковалев С.В. Психология
современной семьи – М, 1988
4. Широкова Г.А. Практикум для детского
психолога-Ростов-на-Дону, 2004.
5. Рогов
Е.И. Настолная книга
практического психолога.- М, 2003
6. Анцупов А.Я., Шипилов А.И.
Конфликтология.- М ЮНИТИ, 1999.
7. Шнейдер Л.Б. Психология
семейных отношений – М, 2000.
8. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М, 2005.