ШОРТАН
БАЛЫҒЫНЫҢ (Esox lucius) БИОЛОГИЯСЫ
Жакенова Ж.Ж.,Арыстанов
Е.А.
Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстанда
шортан балығы тұщы су қоймаларында мекендеп ,барлық
жерде кездеседі.Солтүстік Каспий мен Арал теңізінде
өзендердің теңізге
құяр жеріндегі жағалық аймақтарда
таралған.Солтүстік Қазақстанда балықтың
бұл түрі Есіл, Тобыл өзендерінде және олармен
мезгіл-мезгіл байланысып тұратын су қоймаларында , сонымен
қатар оқшауланған , бірақ кеуіп қалмайтын
Зеренді , Шортан ,Үлкен
және Кіші шабақты,
Айдабол, Имантау , Қопа
сияқты көлдерде тіршілік етеді.
Бұл
мақаланы жазу барысында біз Қазақстан су қоймаларында
жасайтын балықтардың жүйелік жағдайы, морфологиясы ,
биологиясы, таралуы, сан-мөлшері және шаруашылықтағы
маңызы жайындағы деректерді қамтитін ғылыми
еңбектерге [1,2,3,4,5]сілтеме жасадық.
Шортанның бас бөлімі ұзын, құйрық
жүзбеқанатын есептемегенде дененің 24-36 % құрайды, тұмсығы созылыңқы. Дененің
ең үлкен биіктігі 10-22,3% мөлшерінде. Дене ұзындығы 39-85 см ( орташа
шамасы 57,3 см ), толық дене массасы 0,8- 6,3 кг ( орташа шамасы 2,2 кг
).Аузы үлкен , өткір тістерімен жабдықталған . Астыңғы жақ
сүйектері шығыңқы. Жоғарғы
жақтың артқы бөлігі бос. Желбезек доғалары
бір-бірімен байламбаған
және желбезек аралықтарынан бос тұрады .Екі жағы
қабыршақтармен қапталған, ал желбезек
қақпағы тек
үстіңгі жағында .
Арқа жүзбеқанаты дененің кеінгі жағында
орналасада.Денесі ұршық тәріздес , сұр – жасыл , сұр – сары немесе сұр – қоңырқай
түсті; жоны қаралау ,
бүйірлері мен құрсақ бөлігі ақшылтым болып
келеді.Бүйірлерінде қаралау келген дақтар болады, кейде олар
көлденең сызықтар
бойымен орналасады. Сыңар желбезектерінде қара дақтар болады.
Шортан баяу ағатын суларды және суы
таза көлдерді таңдайды.Қатты ағыстан қашады .
Қышқылды суда тіршілік ете алады (рН 4,8 – ге дейін).. Су
қоймаларында саны аз болады, себебі,ондағы су
деңгейінің ауытқуы, жаздағы судың жоғары температурасы мен макрофиттердің аздығы болуы мүмкін. Қазақстанда Еділ,Орал , Сырдарияның төменгі ағысы , Ырғыз
,Торғай, Ертістің жоғарғы бассейінде саны көп болады. Су
өсімдіктерінің араларында,маңайында жеке дара болып мекен
етеді. Ұзақ миграция жасамайды. Ол маусымдық
сипатқа ие: көктемде – уылдырық шашу , күзде –
қоретік миграция . Екеуі де локальді үйірлердің таралу
шекараларында өтеді. Өзендердегі шортан судың жайылып
ағатан аймақтарын
таңдайды . Ірі
суқоймаларда көбінесе жағажайға жақын орналасады
да , көктемде судың жылуынуымен
тереңге кетеді . Қыста
белсенді тіршілік кейпін
жалғастырады. Бұқтырма су қоймасы пайда болғанға дейін шортан
балығы Қара Естіс
өзені, Зайсан көлі,Ертіс өзенінің бастауынан
Обьқа дейінгі аймақтарда мекендеген. Көпшілігі Қара Ертіс дельтасында және Зайсан
көлінің Қилы
шығанағында болды. Су қоймасының толуының
алғашқы жылдарында шортан
балығы Қара Ертістің
гидроузельге дейінгі барлық аймағында кездескен. Бірақ
1963 жылдан бастап су қоймасының макрофиттері аз терең қабаттарынан
балықтар Зайсан көлінің шағын суларына қарай
ығыса бастады.
Шортан полициклді
және бір мезгілде уылдырық
шашу қабілетіне ие балық.Қазақстанның су
қоймаларында 2-4 жылда
жыныстық жағынан жетіледі, аталықтары аналықтарына
қарағанда бір жыл
ертерек жетіледі. Бұқтырма
бөгенінде аталықтарының бір бөлігі ( 30 % ) алғашқы уылдырық
шашуды 1 жасында жасайды. Көп
бөлігі дене ұзындығы
23 см- ден артық
болғанда екінші , үшінші
жылдарда жетіледі. Ал аналықтар
уылдырық шашуды 2-4 жасында
жасайды, осы кезде олардың
дене ұзындығы 32, 5
см және дене салмағы 330 г. болады.Шортанның уылдырық шашу миграциялары наурыз- мамыр айларында мұз айдынының еруіне байланысты
болады. Уылдырық шашуды ең алдымен ересек, ірі дарақтар
бастайды.Ал , ең соңында, алғаш рет дами бастаған
шортандар шығады.Оған дәлел олардың орташа ұзындықтары
болады.Шортандардың уылдырық шашуы бір мезетте болады.Бірақ
жұмыртқа жасушасының босауы бірден болмайды. Ол,
уылдырықтың каудаль бөлігінен краниальді бөлігіне
дейін, сатылап дамуына байланысты болуы мүмкін. Уылдырық шашу
мезгілінде каудаль бөлігі уылдырықтан бос, ал краниальді
бөлігіндегі уылдырық ІҮ даму кезеңінде болған
дарақтар кездеседі.Бұл, уылдырық шашу кезіндегі судың
тез арадағы салқындауымен байланысты.Уылдырық шашудың
барысы мен оның тиімділігі су температурасы мен көктемдегі су
тасуға байланысты. Ең қолайсыз жағдай су
деңгейінің ауытқуы болады. Төменгі, бірақ
тұрақты судың деңгейінде өсімталдық
жоғары болады. Уылдырық шашу мөлшеріне су температурасының
тәуліктік ауытқуы әсер етеді. Шортандардың абсолютті
өсімталдығы әр түрлі су қоймаларында әр
алуан болады.Дене массасы 450 гр.дарада , 6 мың уылдырық
және 9,5 кг аналықта 270,6
мың уылдырық бола алады. Дене көлемінің және
жасының ұлғаюымен
бірге балықтардың өсімталдығы артады.Мысалы, 36-40
сантиметрлі балықта 16,6 мың уылдырық,46-50 см -43,7
мың, 56-60 см – 79,7 мың
уылдырық. Төрт
жылдықтардың (3+) өсімталдығы 22,8 мың уылдырық, бесжылдықтардың (4+)
28,2мың уылдырығы болады. Алғаш рет уылдырық шашатын
балықтардың дене ұзындығы 35-50 см, дене массасы 0,5-
1,5 кг болады.2-3 жылдық даралардың абсолютті өнімділігі 15-20 мың уылдырықты
жасайды.Екінші рет уылдырық шашқандардың
өсімталдығы екі есе артады.Аналық үйірдің негізін
дене ұзындығы 50-60 см болатын дарақтар жасайды.Олардың
өсімталдығы 30-35 мың уылдырық.
Өсімталдықтың арақатынасы дене массасының 1
килограмына 12-81 , жиірек 20-45 уылдырықты құрайды.Бұл
шортанның денесінің ұзындығына және жасына
байланысты болады.Жетілген уылдырықтың диаметрі 2,1-3 немесе 2,19-
2,25 мм. Түсі ақшылтым сары. Шортанның
уылдырығының диаметрі мен өсімталдығының
коэффициенті балықтың бойымен бірге өседі.Дене
ұзындығы 80 см мен салмағы 6 кг-ға жеткен балықтардың жетілу
коэффициентінің орташа шамасы 6,3- 15,4 болады. ІҮ
кезеңіндегі шортан уылдырығының диаметрі 1,8 -2,9 мм.
Жұмыртқа жасушаларының салмағы дене салмағына
пропорционалді болады да , салмақтың 15 пайызын
құрайды.Жаңа шашылған уылдырық
жабысқақ болады да,
алғашқы күндері өсімдіктерге бекініп дамиды. Содан соң ,
жабысқақтық жойылады да , уылдырық су түбіне
түсіп, жүзеді. Қазақстанның су
қоймаларындағы шортан балығының жас дарақтары мен
уылдырығы аз зерттелген. Уылдырық су температурасы 9-12
болғанда 10-12 күн аралығында дамиды. Уылдырықтан
шыққан дернәсілдің
ұзындығы 6,2 мм, салмағы 9 мг болады.Дернәсілдер
эндогенді қоректену кезінде су өсімдіктеріне бекінеді ,8-10
тәуліктен кейін , 12-13 мм-лік
дернәсілдер аралас қоректенуге көшеді.
Уылдырықтан шыққан дернәсілдерге 15 күн
толған соң,олардың ұзындығы15 мм-ге жетіп, саруыз
қапшығы сорылып кетеді де ,шортан экзогенді қоректенуге
өтеді. Аралас қоректену кезінде жас дарақтар
жағажайдағы шағын үйірлерге жиналады.Сырттай
қоректенуге көшкеннен кейін, шортан жекелей тіршілік етеді. Шортан кәдімгі жыртқыш
балық. Саруыз қапшығы сорылып кеткен соң қысқа мерзім ішінде
төмендегілермен
қоректенеді: хирономид дернәсілдері,біркүндіктер,сүліктер
т.б. Дене ұзындығы 2 см шамасында жас балықтарды да
жұта алады. 5 см ұзындығына жеткеннен кейін толығымен
балық (І) қоректі жыртқышқа айналады. Қорегін су
өсімдіктерінің арасында аңдып, шапшаң
ұстайды.Қоректің түрін талғамайды . Тіршілік ортасындағы саны
жағынан мол қол жетімді түрлерімен қоректенеді. Сондықтан ,
неғұрлым ихтиофауна бай болса , соғұрлым
шортанның қорегі мол болады және керісінше .
Қазақстанның
су қоймаларында шортанның
қорегіне кіретін
балықтардың 36 түрі бар , бірақ негізілерінде торта( барлық
түрлер) ,елец , қызылқанат , аққайран , ақмарқа , табан , мөңке
( 2 түрі ) , сазан , алабұға , таутан пен шортан .
Қоректің мөлшері жыртқыштың өсуімен пара –
пар болады , ал максимальді қорек ұзындығы шортан денесінің 40-60 пайызын құрайды.
Қоректің орташа ұзындығы 5-15 см болады.
Қарындағы қорек саны олардың дене мөлшеріне
және аулану жиілігіне байланысты болады.
Қарынның орташа сыйымдылығы 10 шабақтан , 19
шабаққа дейін болады .
Шортан
балығына каннибализм құбылысы тән болады . Каннибализм
қоректенудің қолайлы жағдайында да болады , ал
қорек жетіспеген кезде тірі қалудың маңызды факторы
болады . Сондықтан балықтардың жастары біркелкі болады.
Шортанның
қорегінде басқа да ағзалар
да болады , олар , креветкалар
, бокоплав , шегіртке дернәсілі .
Соңғылары , 1,5 – 3
см мөлшерінде бір асқазанда 80 дана бола алады
. Кейде шортанның
асқазанында бақа ,кесіртке
, тышқан , көртышқандар кездеседі . [3]
Шортан
шабақтарының қоректенуінде
мамыр – маусым айларында
зоопланктон маңызды орын алады. 5 см-лік шабақтарда
зоопланктонның кездесу жиілігі мен массалық үлесі 70 пен 12,4
% шамасында болады. Шабақ
өскен сайын зоопланктон мөлшері кемиді , ал 10 см – ге жеткенде мүлдем қоректен
шығарылады .
Сеголеткалардың
жиі қоректенетіні хирономид пен біркүндіктердің
дернәсілдері болады. Кейде қоңыз бен шекірткелер
дернәсілдері болады. Олигохеттер
дене ұзындығы 2-4
см-лік сеголеткаларда кездесті. Нематодтар , сүліктер ,
бокоплавтар өте сирек кездескен
және қоректенуде маңызы жоқ .
Балықтың
дернәсілдері 1,8 см-лік ұзындықтағы шортанда кездеседі.
Шортан еті құнарсыз , майлылығы 2-3 % ғана , диетикалық тағам болады. Күйлілігі
жоғары емес , Фультон бойынша орташа коэффициенті 1 маңайында .
Жасы
ұлғайған сайын күйлілігі төмендейді.
Күйлілігі су қоймаларындағы гидрологиялық
жағдайларымен де байланысты
болады . Фультон бойынша көрсеткіштері
көктемде – 1,07 , жазда – 1,01 ,
күзде – 0 ,94 , қыста – 0,89. Күйліліктің жыныстық айырмашылықтары
байқалмаған.
Шортан өте шапшаң
өседі. Өмірінің алғашқы жылдарында
ұзынына бойлап өседі ,
жынысы жетілгеннен кейін дене массасы
арта бастайды.
Көлдердегі
шабақтардың мамыр – шілде айындағы ұзындығы 6,4 см ,күзде
сеголеткалардың орташа
ұзындығы 19,6 см-ге жетеді . Сонымен бірге ұзынынан бойлап
өсуінде үлкен ауытқулар болады , оның себебі
қорекке байланысты болады . Қыркүйек айларында әр-
түрлі су қоймаларында сеголеткалардың дене тұрқы 11-33 см
аралығында болады , яғни 22 см орташа шамасында. Локальді үйірлердегі
дарақтардың дене
тұрқының
әркелкі болуы жоғарғы жастағы топтарға да
тиесілі болады және тек
қана қорекпен қамтамасыз етілуіне байланысты емес , сонымен
бірге бұл құбылыс күйліліктің термиялық
жағдайымен байланысты. Жас балықтардың қарқынды
өсуі су қоймалардағы қолайлы жағдайлармен
байланысты болады.Өсудің жоғарғы қарқыны
судың терең қабаттарында
байқалады , ондағы жаздағы су температурасы 10 м тереңдікте
15 -20 С дейін көтеріледі . 22 – 26 С температурада
жағалаудағы
балықтардың өсуі
баяу болады. [4]
Шортан
кәсіптік маңызы бар балық. Өткен ғасырдың
40- жылдары ол Арал теңізінде ауланған балықтың 3%-ын
құрады(негізінен Сырдарияның төменгі
ағысындағы көлдерден).Ауланған балықтың
басым көпшілігі 3-4 жастағы
даралар болған [1]. Оның аулану динамикасы бірінші кезекте гидрологиялық
жағдайлармен тікелей байланысты. Сырдариядағы Шардары бөгені
мен Қазалы гидроузелі іске қосылғанша шортанның аулану
көрсеткіші 1956 – 1965 жылдары 178 ден 531 т – ға дейін жеткен. Бұдан
кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 48 – 90 т – ға дейін
төмендеген.
Ал Шығыс өңірге келетін
болсақ, өткен ғасырдың 30 жылдары Ертістің
жоғарғы ағысындағы су қоймаларында шортан жалпы
ауланған балықтың 25 – 50 % ға әрең жеткен.
Бұқтырма
бөгені іске қосылған соң, шортанның үлесі
ауланған балықтардың 1/3 бөлігіне тең болған.
Кейінгі жылдары бөгендегі су деңгейінің жиі – жиі
өзгеріп тұруы, үлкен даралардың шектен тыс көп
аулануы, сонымен қатар шортан – көксерке ихтиофаунасын
қалыптастыру үшін жас даралардың алынуы бұл су
қоймадағы шортанның сан – мөлшерінің бірден
азайып кетуіне әкелді [5]. Нәтижеде шортан өзінің
кәсіптік маңызын жоғалтты.
Балық
шаруашылығы үшін шортан тек қана биологиялық мелиоратор
болып қоймай, кәсіптік балық аулаудың тиімді нысаны.
Оның екі жастағы даралары үлкен тауарлық
құндылыққа ие. Сонымен қатар ол – қолдан
өршіту және жерсіндіру нысаны да болып есептеледі. Бұл
жыртқыштың су қоймаларындағы қорының шектен
тыс өсуі, ірі даралар санының көбеюі балық
өнімділігін төмендететін болғандықтан, кәсіптік
балық аулауда оның сан – мөлшері реттеліп отырылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Никольский Г.В. Рыбы Аральского моря – Бюлл. МОИП.Нов.
сер отдел зоол., вып.л (ХVV).
М., 1940. 216 с.
2.
Митрафанов В.П., Дукравец Г.М., Песереди Н.Е. и др. Рыбы
Казахстана – Алма – Ата: Наука, 1986. Т.1. – 272 с.
3.
Пивнев И.А. Некоторые данные о морфологии и биологии щуки
из бассейна реки Чу. – Тезисы докл. ІХ науч. конф. Кирг. гос. ун – та, 1960, с.
47 – 50
4.
Вакулко Л.П. Некоторые черты температурного режима
Бухтарминского водохранилища. – в кн.: Ихтиология и гидробиология. Душанбе,
1969, с. 6 – 19.
5.
Солонинова Л.Н. Состояние сырьевых запасов щуки в
Бухтарминском водохранилище. – в кн.: Водоемы Сибири и перспективы их рыбохоз.
Использования. Томск, 1973, с. 112 – 114.