Медициналық колледж студенттеріне биологиялық жүйені құрастырудың мәні мен маңызы

 

Медициналық колледж студенттеріне биологиялық жүйені құрастырудың өзектілігі қазақстандық білім беру жүйесінің қазіргі кезде модернизациялау кезеңінде және биологиялық жүйені құрастырудың заманауи әлемнің қоғамдық өмірінде маңызды болғанына тікелей байланысты. Әлемде болып жатқан радикалды өзгерістер білім беруге қоғамдық талаптардың өзгеруіне және оларды қанағаттандыру қажеттілігіне әкеледі. Бұл инновациялық үдерістердің жүзеге асырылуына септігін тигізеді [1].

Медициналық колледждегі білім беру үдерісінің тәжірибесіне саралаудан тыс деңгейлік саралауды ендіру қадамдары оқытудың педагогикалық тиімділігінің көтерілуіне алып келмегендігі мәлім. Бұл оқытудың деңгейлік саралануы білім алушының оқу мүмкіндігі туралы антропологиялық екі жақты ойлауға сүйенуімен байланысты. Сонымен қатар саралаудың мынадай кемшіліктері де бар, мысалы саралау жүйесінде білім алушылар қоршаған ортаны тұтас күйінде қабылдай алмайды (оның түрлі қырларының интеграциясын, яғни оқу барысында білімді меңгеру өзінің міндеті деп түсінеді). Сондықтан білім алушыларды биологиялық жүйе құрастыру табысты жүзеге асу үшін тек қана саралау ғана емес, интеграциялық – жүйенің жеке элементтерінің немесе  оның  бірыңғай  мақсаттарға жету үдерісіндегі өзара тәуелділік орын алуы тиіс. Захарова Г.Б. оқу барысындағы саралауды оқыту мазмұнының вариативтілігіне, әдістері мен интенсивтілігіне сай байланыстырады.

Вариативтілік – бұл білім алушылардың өзгермелі білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес бейінді таңдау үшін білім беру бағдарламалары немесе жеке білім беру қызмет түрлерін ұсынатын және құрайтын білім беру жүйесінің сапасы.

Медициналық колледждің білім алушыларын биологиялық жүйе құрастыру арылы оқытудың тағы бір маңызды қағидасы оның дамушы, іс-әрекеттік сипаты болып табылады. Ол білім беру мазмұнының практикалық бағытталуы мен оны меңгеру әдістерінің белсенділігінен құралады. Бұл қағиданы жүзеге асырудың көмегімен оқытудың әлеуметтенген бағытына және түлектерді ары қарайғы еңбек қызметіне дайындық жүзеге асырылады.

Осылайша, медициналық колледж студенттеріне биологиялық жүйе құрастыруды жүзеге асыру үдерісінде тұлғалық-бағдарланған білімді жүзеге асыру үшін шынайы алғышарттар жасалынады. Оқу үдерісі оған дәлел болады: оқу барысындағы барлық аспектілерді – мақсат, міндет, мазмұн, әдіс пен формалар таңдау, нәтижені бағалау білім алушылар үшін айқын болады.

Тұтастық қағидасы бізді Болашақ мамандардың білім алушыларды биологиялық жүйе құрастыруға даярлығының құрылымында жүйе құрайтын байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуге бағыттайды, сонымен бірге ненің тұрақты, ненің тұрақсыз шама екенін, ненің басты, ненің екінші сатыдағы құбылыс екенін ашып алуға итермелейді. Бұл қағида Болашақ мамандардың білім алушыларды биологиялық жүйе құрастыруға даярлығын бүтін жүйе ретінде қалыптастыруда жекелеген компоненттердің қосатын үлесін анықтауды талап етеді. Мотивациялық өлшемде Болашақ мамандардың білім алушыларды биологиялық жүйе құрастыруға даярлығын қалыптастыру инновациялық іс-әрекеттерінің нәтижелілігіне өз әсерін тигізетін субъективті мінездемесінің қалыптасуынан көрінеді. Бұл компоненттің басты сипаттамасына биологиялық жүйе құрастыру жүйесінің болашақ маманның педагогикалық бағыттылығы жатады. Оны біз берілген инновациялық іс-әрекеттерді жасауға ұмтылдыратын құндылықтардың, басты мотивтердің, қызығушылықтардың, сұраныстардың бейімділіктердің жүйесі деп түсінеміз.

Болашақ мамандардың басым бөлігінде биологиялық жүйе құрастыруды жүзеге асыру үшін «Ағза мүшелерінің морфологиясы» элективті курсын оқытудың оң динамикасы эксперименттік тәрізді бақылау тобында да белгіленді. Алайда кәсіби даярлық компоненттерінің барынша жоғары деңгейге өзгеру көлемі айтарлықтай жоғары емес.

Біз болашақта мұндай өзгерістер елеулі жоғары болатындығын және бұл аталған санаттағы биологиялық жүйе құрастыруды жүзеге асыру үшін «Ағза мүшелерінің морфологиясы» элективті курсын оқытуды жүзеге асыру үшін мейлінше жоғары деңгейге өтетіндігін болжаймыз.

Эксперименттік және бақылау топтарындағы тәжірибенің барлық кезеңдерінде биологиялық жүйе құрастыру барысындағы қиындықтарын анықтауға көбірек назар аударуымызбен түсіндіреміз.

Анықталған қиындықтар бізге келесідей мүмкіндіктер берді:

1) жаңалықтарды меңгерудің жеке нүктесін құру есебінен эксперименттік топтың әрбір болашақ маманның даярлығын қалыптастыру үдерісін уақытылы түзетуге;

2)     Болашақ мамандардың тікелей оқу орындарында, олардың биологиялық жүйе құрастыруды жүзеге асыру бойынша инновациялық іс-әрекетіне тьюторлық қолдау көрсетуді іске асыруға;

3)      биологиялық жүйе құрастыруды жүзеге асыру бойынша инновациялық іс-әрекетте айқындалған қиындықтарды жоюға қатысты жеке нұсқауларды құруда болашақ мамандарға жәрдем беруге. Эксперименттік топ студенттердің теориялық даярлығын және тәжірибелік іс-әрекетін біріктіру олардың  инновациялық іс-әрекетте шығармашылық жауапты шешімдер қабылдауын, биологиялық жүйе құрастыруды жүзеге асыру іс-әрекетінде өзін-өзі бақылау қабілетінің оң динамикасына қол жеткізуге жетеледі.

Жалпы медициналық колледж студенттеріне биологиялық жүйе құрастырудың ұйымдастырушы-іс-әрекеттік компонентін қарқынды қалыптастыру олардың кәсіби іс-әрекетінің нәтижесінде орын алатындығы туралы қорытынды жасауға болады.

Біз эксперименттік және бақылау топтарында биологиялық жүйе құрастыру деңгейлеріне қатысты бағалаулардың сәйкестігінің және айырмашылығының нақтылығын анықтау кезінде Х2 («х-квадраты) біртекті статистикалық өлшемді қолдандық.

Біз  студенттердің даярлығын өлшеуді реттік тәртіппен жүргіздік, бұл статистикалық өлшемді таңдаумен шарттандырылған. Біз қалыптастырушы тәжірибе басталғанға дейін эксперименттік және бақылау топтарында студенттерге биологиялық жүйе құрастыру үшін элективті курс оқытудың статистикалық маңызы бар айырмашылық орын алуын немесе тапшылығын белгілеу үшін келесідей статистикалық ғылыми жорамалды қалыптастырдық:

Н0 (нөлдік жорамал) - қалыптастырушы тәжірибе басталғанға дейін эксперименттік және бақылау топтарында студенттерге биологиялық жүйе құрастыру үшін  жүргізілген элективті курстың статистикалық маңызы бар айырмашылық жоқ.

Н1 (балама жорамал) - қалыптастырушы тәжірибе басталғанға дейін эксперименттік және бақылау топтарында студенттерге биологиялық жүйе құрастыру үшін  жүргізілген элективті курстың статистикалық маңызы бар айырмашылық бар.

Кесте 1 - Тәжірибелік ізденіс жұмысының барысында студенттерге биологиялық жүйе құрастыру үшін элективті курс оқытудың динамикасы

 

Бастапқы

өлешмедер

Деңгейлер

ЭТ = 35 адам

БТ = 37 адам

Тәжірибенің

басталуы

Тәжірибенің аяқталуы

Тәжірибенің

басталуы

Тәжірибенің

аяқталуы

Көлемі

%

Көлемі

%

Көлемі

%

Көлемі

%

Мотивациял

ық

Б

12

36,8

4

8,8

14

39,5

10

28,3

Р

17

51

19

54,7

17

46

20

55,4

Э

3

6,5

5

14,6

4

12

3

8

Қ

3

5,7

7

21,9

2

2,5

4

8,3

Ғылыми-

теориялық

Б

11

32,2

2

6,1

14

38

3

10,7

Р

17

51,2

18

51,6

12

33,7

16

45,8

Э

3

8,5

4

12

6

17

8

22

Қ

4

8,1

11

30,3

3

11,3

8

21,5

Іс-әрекеттік

Б

10

29,1

2

4,6

16

44,4

9

24,9

Р

11

30

10

30,9

8

24,3

11

30,3

Э

11

32,1

13

38,4

10

29,4

13

39

Қ

3

8,8

10

26,1

3

1,9

4

5,8

 

(Б – бейімделу деңгей,  Р– репродуктивтік деңгей, Э эвристикалық деңгей,

Қ – құзыреттілік деңгей, ЭТ – эксперименттік топ, БТ –бақылау тобы).

 

Тәжірибенің нәтижелерін талдау жалпы педагогикалық білім беру жүйесінде Болашақ мамандардың білім алушыларды биологиялық жүйе құрастыруға даярлығын қалыптастыру тиімділігін зерттеу кезінде қалыптастырылған ұйымдық-педагогикалық шарттарды және өңделген тұжырымдамалық модельдерді жүзеге асырумен қамтамасыз етілгені жөнінде қорытынды жасауға болады.

Сонымен қатар, Болашақ мамандардың білім алушыларды биологиялық жүйе құрастыруға даярлығын қалыптастырудың күрделі мәселелерін шешу осы аталған диссертациялық зерттеудің аясымен шектелмейтіндігін атап өткен жөн. Биологиялық жүйе құрастыруды жүзеге асыру үшін медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің даярлығын қалыптастыру үдерісін теориялық тұрғыда негіздеу және тәжірибелік-эксперименттік зерделеу; биологиялық жүйе құрастыру жүйесіндегі педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру үдерісінің теориялық және әдістемелік бағыт-бағдарларын өңдеу тәрізді мәселелер келешекте зерттеуді қажет етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. //Егеменді Қазақстан.– 2004.–3 б.

2.     Әбдікәрімұлы  Б.,  Мәлібекова  М.С.  Білім  берудегі  педагогикалық технологиялар // Ізденіс. – 2003. - №4. – Б.200-203.

3.     Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса: Методические основы. – М.: Просвещение, 1982. –192 с.

4.     Ермаков Д.С. Профильное обучение: проблемы и перспективы//Народное образование, 2004. - №7. - С.101-107.

5.     Каспржак А.Г. Элективные курсы – ответ на запросы ученика и учителя, семьи и государства. – Директор школы. –2006.– №1. – С. 7-11